Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekologia_ekzamen_posl_var.docx
Скачиваний:
58
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
171.7 Кб
Скачать
  1. Сарқылатын және сарқылмайтын ресурстар

Табиғи ресурстар - адамның өз мұқтажын қамтамасыз ету және көздеген мақсатына жету үшін пайдаланатын қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың, табиғи денелердің жиынтығы. Оларға ауа, күн, жел, су, жер, орман, табиғи құрылыс материалдары, пайдалы қазбалар және т.б. жатады. Табиғи ресурстардың бірінші белгісі - олардың түрі. Жалпы олар сарқылатын және сарқылмайтын болып 2 түрге бөлінеді:Сарқылатын ресурстар (орыс. Исчерпаемые ресурсы) — табиғи ортадан алынған сайын саркылатын ресурстар.Сарқылатын ресурстар қалпына келетін (таза ауа, түщы су, күнарлы топырақ, өсімдік, жануарлар әлемі) және қалпына келмейтін (минералдық) ресурстар (қазып алынатын отын, металдық минерал шикізаттар (темір,мыс, т.б.), бейметалдық минерал шикізаттар (саз,құм, фосфаттар, т.б.) болып бөлінеді. Бұлар табиғи процестердің нәтижесінде орны толмайтындықтан сарқылады (мыс, алюминий, т.б.)

Сарқылмайтын ресурстар (орыс. Неисчерпаемые ресурсы) — табиғи ресурстардың таусылмайтын бөлігі (күн энергиясы, жел, ағын су,теңіз толысуы). Сарқылмайтын ресурстарға кейде атмосфера мен гидросферами жатқызады. Бұлар антропогендік улы заттектермен едәуір ластанғанда сарқылатын ресурстарға айналады.

21 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

  1. Қауымдастықтар экологиясы – синэкология (биогеоценология) дегеніміз не?

Жалпы алғашқы қауымдастық — бұрын әлдебір себептерден тіршілік болмаған жерде қалыптасқан қауымдастық. Синэкология  - қауымдастық экологиясы. Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда  мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған,  тірі  организмдер жиынтығы. Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан  оны биогеноценологиялық экология деп те атайды. Қауымдастықтардың қосылу заңдылықтары мен олардың ортақ өмір сүруін зерттейтін экология бөлімі синэкология немесе биоценология деп аталады. Жалпылай біртекті жағдайларымен сипатталатын биоценоз биотоп деп аталады. Биоценоз бен биотоп бір-бірінен ажырамас ұғымдар. Принциптері:1.     Әртүрлілік принципі. Биотоптың  жағдайы шарттары алуан түрлі болған сайын биоценозда да түрлер көп болады.Мысалы, тропикалық орман - онда бір жерде бірдей өсімдікті де табу қиын, олардың түрлері де өте көп.2.    Жағдайлардың ауытқу принципі. Биотоп жағдайы қалыптыдан ауытқуы артқан сайын түрлер алуандығы азая береді, бірақ кейбір түрлер көбеюі мүмкін. Мысалы ластанған жерлерде ағзалардың алуандығы болмайды, бірақ бір түр көп болады және олар шектен тыс көбеюі мүмкін.3.     Ортаның жайлап өзгеру принципі. Орта жайлап өзгерсе және тұрақтылығы ұзақ уақыттық болса, соншалық биотоп бай және алуан түрлі.

  1. Тіршіліктің құрылымы

Адам баласын ежелден толғандырып келе жатқан өзекті мәселелердің бірі — тіршіліктің пайда болуы, оның түрлі геологиялық замандардағы тарихи даму заңдылықтары. "Тіршілік" ұғымы жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың жиынтығын және олар тіршілік ететін табиғи орта жағдайларын тұтасымен камтиды. Тіршіліктің мәні тірі ағзалардың өзінен кейін үнемі ұрпақ калдырып отыруымен айқындалады. Бұл кезде ұрпақтан-ұрпаққа генетикалық ақпараттар беріліп, азғалар әрі өзін-өзі реттеп, әрі ұрпақтары арқылы калпына келіп отырады. Сондықтан да тіршілік дегеніміз — тірі ағзалардың ұрпақ қалдыру аркылы өмір сүруінің ерекше сапалық көрінісі. "Тіршілік" ұғымына алғаш анықтаманы Ф.Энгельс берген. Оның анықтамасы бойынша, тіршілік дегеніміз — тірі ағзалардың коршаған ортамен тұрақты түрде зат алмасуына негізделген, нәруызды денелердің тіршілік ету тәсілі. Тіршіліктің құрылымдары: Молекулалық. Бұл — тіршілікке тән бастапқы ең қарапайым деңгей. Кез келген тірі ағза құрылысының қарапайымдылығына немесе күрделілігіне қарамай, оның бәрі де біркелкі молекулалық қосылыстардан тұрадыЖасушалық. Жер бетіндегі тірі ағзалардың көпшілігінің құрылымдық және қызметтік бірлігі—жасушадан тұрады. Жасушалық деңгейде оның құрамындағы жеке органоидтердің өзіне тән құрылысы болады және олар жасушада белгілі бір кызмет атқарады.Ұлпалық. Шығу тегі, құрылысы және аткаратын кызметі біркелкі жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығынан ұлпа түзіледі. Ұлпалық деңгей — тек көп жасушалы организмдерге тән қасиет.Биосфералық. Жер ғаламшарындағы барлық тірі организмдер мен олардың тіршілік ететін жалпы табиғи орта жағдайларының жиынтығы биосфералық деңгейді құрайды. Биосфералық деңгейде басты рөлді "тірі заттар", яғни жер бетіндегі барлық тірі азғалар атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]