Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekologia_ekzamen_posl_var.docx
Скачиваний:
58
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
171.7 Кб
Скачать
  1. Бейімделу (адаптация) дегеніміз не?

Бейімделу (лат. adapto) техникалық жүйенің сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты ол туралы ақпарат жинау және оны пайдалану арқылы өз қалып-күйлерін (жұмыс істеу алгоритмін, параметрін, құрылымын) өзгертуі; ағзалардың тарихи даму кезеңіндегі тіршілік ортасына бейімделуі.Бейімделу — организмдердің әрбір түрге тән белгілі шектері бар ортаның жағдайына бейімделу процесі.Түз жануарларының ашық әрі қүрғақ кеңістікті ортадағы тіршілікке эволюциялық бейімделуі тез жүгіруге, құрғақ шылық жағдайына, т.б. бейімделуі; Қиыр Солтүстікке және баска да экстремалды аймақтарға тұрақты қоныстану үшін көшіп барған адамның физиологиялық немесе онтогенетикалык бейімделуі ("әдеттенуі"). Бір ұрпақтың жеке физиологиялық бейімделуі фенотиптік бейімделу деп аталады да, бұл ұрпақтан урпаққа көше отырып генотиптік бейімделуге өтеді, ал сұрыпталу барысында — эволюциялық бейімделуге ауысады. Генотиптік және эволюциялық бейімделумен салыстырғанда физиологиялық бейімделу толық жетілмеген. Организмнің бастапқы жағдайға оралуы қайта бейімделу , деп аталады; ортаның өзгерістегі жағдайына ыңғайлануды дизадаптация дейді. Сонымен бірге жаңа әлеуметтік ортаға, мысалы, ауылдан қалаға келген мигранттардың бейімделуі — адамның әлеуметтік бейімделуі жеке қарастырылады.Бейімделу кез келген әлеуметтік жүйелердің (мысалы, отбасы тобы, іскерлік фирмасы, ұлттық мемлекет) өзінің тіршілік ету ортасына жауап беруі немесе, оны «басқаруы»;тұлғаның немесе әлеуметтік топтың қоғамдық ортаға икемделуі үрдісі, мұның нәтижесінде осы үрдіске қатысушы субъектілердің талаптары мен күтулері сәйкестендіріледі.

18 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

  1. Беоценоздағы ағзалардың қарым – қатынасы

Биоценоз — тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі орта өңірін мекендейтін жануарлардың,өсімдіктер мен микроорганизмдердің жиынтығы; Құрлықтың немесе судың белгілі бір бөлігін мекендейтін, сондай-ақ, өзара және тіршілік ортасының табиғат жағдайына бейімделген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер жиынтығы; тірі ағзалар бірлестігі.Биоценоздағы ағзалардың қарым қатынасы бір біріне әсер бейтарап, жайлы немесежайсыз болуы мүмкін, сонымен қатар осылардың комбинациялары да жатады. Ол комбинациялар мынадай: 1)Бейтараптылық – бір біріне ешқандай әсері жоқ;2) Бәсекелестік – азық, территория және орта үшін күрес. Бірдей түрлер осы факторлар үшін күресте бірге тіршілік ете алмайды, бір уақыт аралығында бір конкурент екіншісін ығыстырып шығады (Газе заңы);3) Мутуализм (симбиоз) – бір түр екіншісі арқылы ғана дамиды, тіршілік етеді, мысалы ара мен гүлдер;4)Комменсализм – бірінің тіршілігі екіншісіне пана және азық болады; мысалы акула мен оның үнемі қасында болатын күтуші балықтар;5)Аменсализм – бірінің екінші түрге еш пайдасыз, зиян алып келуі; масыла ағаш көлеңкесіндегі өсімдіктердің нашар өсуі;6) Паразитизм – біреу арқылы тіршілік ету;7)Жыртқыштық – ең кең тараған түр. Бірақ мұнсыз биосферада тіршілік гармониясы да болас еді.

  1. Гидросфераға анықтама бер

Гидросфера — Жердің су қабаты. Ол мұхит, теңіз, көл, өзен суларымен бірге жер асты суларын және мәңгі қар мен мұздық суларын да түгелдей қамтиды.Физикалық қасиеттері мен құрамына қарай олар үшке ажыратылады: 1) мұхиттық сулар (теңіздер мен мұхиттар); 2) құрлық сулары мен мұздықтар; 3) жер асты сулары (шекаралық сулар). Олар жер қыртысында орналаскан. Гидросфераның жалпы көлемі — 1,8 млрд. км3. Оның көпшілігі (1370 млн. км3) — мұхит сулары, ал жер асты суларының көлемі — 400 млн. км3. Бұл сулардьщ барлығы да табиғи ерітінділер болып саналады. Сондықтан да олардың әрқайсысы азды-көпті мөлшерде минералданған сулар түрінде кездеседі. Құрлык сулары көбінесе тұщы, ал мұхит пен теңіз сулары тұзды (35 г/л немесе 3,5%) болып келеді. Олардың тұрақтылыры еріген заттардың мөлшері мен шөгінді жыныстардын, аралығындағы динамикалық тепе-теңдіктің тұрақтылығын көрсетеді.Құрлық суларының көпшілігі атмосфералық сулар есебінен құралады. Олардың құрамында минералдық тұздар өте аз кездеседі. Материктік сулар мен мұхиттық суларда кездесетін тұздардың химиялық құрамы өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылады. Оларды құрайтын иондардың мөлшері бір-біріне кері пропорционал: мұхит суында — Nа+>М£2+>Са2+; С1->SО4-2>НСО3-; материк суында-— М£2+<nа<sО4-2<НСО3-.<="" p=""></nаБарлық сулар бір-бірімен өте тығыз байланыста болып, табиғи жағдайда үлкен айналымға бірдей қатысады. Күн энергиясы әсерінен сулар буланып бұлттар түзіледі. Олар жер шарының түкпір-түкпіріне таралып, атмосфералық сулар түрінде жер бетіне қайтып оралады. Олардың кейбір бөлігі қайтадан буланып ауа қаба-тына ұшып кетеді де, ал көпшілігі өзендер мен көлдерге, теңіздер мен мұхиттарға барып қосылады. Жаңбыр мен қар суларының белгілі бір мөлшері жердің топырақ қабатына сіңіп жер асты суларымен араласады. Кейінірек, әр түрлі бұлақтар түрінде жер бетіне шығып жатады. Олар ағын суларға қосылып, өзен суларын молайтады немесе буланып ауаға ұшып кетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]