Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekologia_ekzamen_posl_var.docx
Скачиваний:
58
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
171.7 Кб
Скачать
  1. Атмосфералық ауаның қазіргі экологиялық жағдайы

Жер бетінен жақын космосқа дейінгі аралық атмосфера деп аталады және ол құрамы бойынша әртүрлі газдардан, су буынан, шаң-тозаңнан және ұсақ бөлшектерден – аэрозольдардан тұрады. Атмосфералық ауаның құрамы. Құрғақ ауаның құрамы оған кіретін газдардың бірлік көлемдегі қатынасы арқылы анықталады. Атмосферада әрқашан су буы болады, оның бірлік көлемдегі шамасы 0-ден 4%-ға дейінгі аралықта. Одан басқа, ауада әртүрлі қосымшалар да бар.Атмосфераның ластануы деп ауада әртүрлі газдар, қатты және сұйық бөлшектердің,  будың артық мөлшерде болуын айтады. Бұл зиянды заттар флора мен фаунаға кері әсерін тигізеді және адамзат пен тірі ағзалардың өмір сүру жағдайын нашарлатады. Атмосфераның ластануының негізгі көздері өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, әртүрлі қалдықтар мен автокөліктер.Атмосфераның ластану мәселесі дүние жүзі бойынша ең бір актуалды мәселе болып отыр. Антропогенді әсер ету экологиялық мәселенің басты себебі. Дегенмен атмосфера табиғи ортаның ең бір негізгі жүйесі болса , оның тазалығы адам денсаулығына аса қажетті жағдай ретінде есептеледі. Атмосфераның негiзгi ластануы түстi металлургия, жылу энергетикасы, қара металлургия, мұнай-газ кешенi кәсiпорындары мен көлiк шығарындыларымен байланысты. Атмосфералық ауаның ластануынан қатердiң нақтылығы халық денсаулығының нашарлауына да және қоршаған ортаның тозуына әсер етедi. Атмосфералық ауаның ластану проблемасы негiзiнен республика халқының жартысына жуығы өмiр сүретiн iрi қалалар мен өнеркәсiптiк агломераттарға тән. 

  1. Биогеоценоз дегеніміз не?

Биогеоценоз (bios-өмір, koinos-жалпы) – табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологы К.Мебиус (1877). Кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді. Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз, не одан тыс өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара жерлері қалыптасқан, тірі және өлі компоненттерінің жиынтығынан тұратын белгілі бір кешендер түзіледі. Белгілі бір дәрежеде біртекті жағдайлармен сипатталатын, ағзалардың белгілі бір бірлестігімен (биоценоз) қоныстандырылған кеңістік- биотоп (грек тілінен аударғанда topos – орын) деп аталады. Егер биотопты биоценоз өмір сүретін орын ретінде сипаттасақ, онда биоценозды белгілі бір нақты биотопқа тән, тарихи қалыптасқан ағзалар комплексі деп қарастыруға болады. Кез-келген биоценоз биотоппен бірігіп, одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе – биогеоценозды түзеді. «Биогеоценоз» ұғымын 1942 жылы В. Н. Сукачев ұсынған. В. Н. Сукачев (1880-1967) биогеоценозға мынадай анықтама берген – «жер бетінің белгілі бір бөлігінде табиғи жағдайлары біртекті (атмосфера, тау жыныстары, өсімдіктер, жануарлар әлемі, микроорганизмдер дүниесі, топырақ және гидрологиялық жағдайлар) бірлестік, ол өзін құрайтын компоненттердің өзара әсерлесу ерекшеліктерімен, белгілі бір зат және энергия алмасуымен, басқа да табиғат құбылыстарымен, ішкі қарама-қайшылықты біртұтастықпен сипатталатын, үнемі қозғалыста, дамуда болатын жиынтық. Сонымен, биогеоценоз- «био»-тірі ағзалар, «гео»- өлі табиғат (арнайы географиялық орта) тірі ағзалар мен олардың мекен ететін физикалық ортасымен бірге қауымдасқан жүйе.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]