Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekologia_ekzamen_posl_var.docx
Скачиваний:
58
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
171.7 Кб
Скачать
  1. Демэкология және синэкология нені зерттейді?

Экология нақты зерттеу объектісі мен зерттеу ортасына қарай жіктеледі. Адам, жануарлар, өсімдіктер және микроағзалар экологиясы деп бөлінсе, өз тарапында бұл экологиялық бағыттарды жеке түр ретінде немесе бірлестік ретінде қарастырып, оларға әсер заңдылықтарын  космоста, суда, ауада немесе басқа да бір орталарда зерттеулер жүргізу арқылы алуға болады.Тірі ағзалар тропикалдық, қалыпты және полярлық аумақтарда, сонымен қатар табиғи, жасанды, антропогендік (адам жасаған)  немесе өзгертілген орталарда тіршілік етеді, тағы ескеретін жай осы орталардың сипатына да (таза немесе таза еместігіне) олардың тіршілігінің тәуелділігі. Осы күнгі экология мыналарға:

-          зерттеу объектісінің өлшеміне байланысты: аутоэкология, демэкология, синэкология, ландшафттық экологиясы, мегаэкологияға;

-          зерттеу затына байланысты: микроағзалар экологиясы, грибтер экологиясы, өсімдіктер экологиясы, жануарлар экологиясы, адам экологиясы, ауылшаруашылық экология, өндірістік экология, жалпы экология;

-          тіршілік ортасы мен құрамы бойынша:  жер экологиясы, таза су қоймалары, теңіз экологиясы, Қиыр шеткі солтүстік экологиясы, таулар экологиясы,  химиялық экологияға;

-          затты зерттеу бойынша: талдамалық, динамикалыққа;

-          уақыт факторы бойынша: тарихи және дамушы болып бөлінді.

Популяциялар экологиясы – демэкология.Демэкология түрдің жекелеген өкілдерінің құрылымы мен динамикасын зерттейді.«Популяция» терминін ғылымға алғаш 1903 ж. В.Иогансен енгізді.

Экологияда популяция дегеніміз – бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және бір территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы.С.С.Шварцтың берген анықтамасы бойынша популяция – бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы. Қауымдастықтар экологиясы – синэкология.Өзара байланысқан және бірдей жағдайда тіршілік ететін өсімдіктердің, жануарлардың, жәндіктердің ұйымдасқан тобы биоценоз деп аталады (биоценоз - ортақ өмір).  Биоценоз ағзадан да жоғары сатыда орналасқан тіршілік етудің ұйымдық түрі. Ал ортақ тіршілік ортасы уақыт пен кеңістікте фауна мен флорасын өзгертпей, жануарлардың белгілі бір топтарымен сипатталынады. Биоценоз мыналардан құралады: фитоценоз (өсімдіктер), зооценоз (жануарлар), микробоценоз (микроағзалар). Бұл биоценоздың дәл бір шекарасы жоқ, олар кеңістікте бір біріне үзіліссіз өтіп те кетеді.

Қауымдастықтардың қосылу заңдылықтары мен олардың ортақ өмір сүруін зерттейтін экология бөлімі синэкология немесе биоценология деп аталады.

14 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

  1. Литосфераға анықтама бер

Литосфера — жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның кқалыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]