Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekologia_ekzamen_posl_var.docx
Скачиваний:
58
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
171.7 Кб
Скачать
  1. Экология тұрақты даму пәні нені зерттейді?

Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология – биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, «Экология» терминін 1866 жылы ғылымға алғаш енгізген Э.Геккель. Экология термині гректің ойкос – үй, тұрақ, мекен және логос – ғылым деген сөзінен шыққан. Экология барлық тірі организмдерді, олардың тұратын мекен-жайын және сол тұрақты тұруға қолайлы ету үшін атқаратын міндетті зерттейді. Ең алғаш «экология» деген сөзді пайдаланған Генрих Дэвид Гюро. Экологияны ғылымға бірінші болып енгізген белгілі табиғат зерттушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Э.Геккель. 1869 жылы Э.Геккель экологияға мынандай анықтама берді: Экология табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің ортадағы басқа органикалық және органикалық емес заттардың арақатынасын зерттеу.Экологиялық мәселелерді зерттеуге үлес қосқан ғалымдар:Ф.Клементс (АҚШ), Ч.Элтон (Ұлыбритания), Х.Б.Одум (АҚШ) С.С.Шварц (бұрынғы Советтер Одағы), Р.Дажо (Франция)Қазіргі кезде көптеген ғалымдар келіскен анықтама мынау: Экология – қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру жағдайларын, олардың өзара қатынастарын, табиғи ортамен байланыстарын зерттейтін ғылым.Экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Экология ғылымының зертту нысаны – биологиялық және географиялық микро және макрожүйелер (түр, популяция, биоценоз, экожүйелер, т.б.)

7 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

  1. Демэкология (популяция экологиясы) дегеніміз не?

Дэмэкология – популяциялар экологиясы. Популяция ұғымы латын тілінен аударғанда populus- халық, тұрғындар деген мағынан білдіреді. Популяция дегеніміз бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және

мағынан білдіреді. үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы.Популяциялардың күйі мен тіршілігі популяцияның жалпы санына және олардың кеңістікте орналасуына байланысты болады.Популяцияны құрайтын даралардың кеңістікте таралуы әртүрлі болады.Ол даралардың қолайлы және қолайсыз физикалық жағдайларға немесе бәсекелестік қатынастарға жауабын көрсетеді.Даралар мен олардың топтарының таралуы кездейсоқ, бірқалыпты және топтық болып бөлінеді.Кездейсоқ таралу тек біртекті ортада немесе жиналуға қабілеті жоқ түрлерде байқалады.Бірқалыпты таралу табиғатта өте сирек кездеседі.Ол көбінесе әртүрлі даралар арасында бәсекелестікке байланысты болады.Топтық таралу – табиғатта жиі кездеседі.Топтардың өзі кездейсоқ немесе жиналып таралуы мүмкін. Популяцияларға өсу, даму, үнемі өзгеріп отыратын жағдайда тіршілігін сақтауға қабілеттілік тән. Яғни популяциялардың белгілі бір генетикалық және экологиялық сипаттамасы болады.Популяцияның сандық көрсеткіштері статикалық және динамикалық болып жіктеледі. Статикалық көрсеткіш - популяцияның қазіргі уақыттағы күйін сипаттайды, оған: популяцияның саны, тығыздығы және құрылымдық көрсеткіштер. Популяция саны – дегеніміз белгілі бір территориядағы жануарлар мен өсімдіктердің саны. Популяция тығыздығы – белгілі бір аудан бірлігіне келетін даралар санын айтады. Мысалы, бір шаршы километрге келетін адам саны, Қазақстанда бір шаршы километрге 5,5 адамнан келеді. Популяция құрылымы - Әрбір популяцияның өзіндік құрылымы бар: жастық (әржастағы түрлердің қатысы), жыныстық және кеңістіктік (аймақтық).Динамикалық көрсеткіштер белгілі бір уақыт аралығында популяцияда болатын өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштерді айтады. Оларға: өлім саны, туылу саны және популяцияның өсу жылдамдығы жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]