Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekologia_ekzamen_posl_var.docx
Скачиваний:
58
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
171.7 Кб
Скачать
  1. Табиғи қорларды пайдаланудың мәселелері

Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ ұғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады.Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты.Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында мыңдаған  гектар жер топырақ, су және жел эрозияларына ұшырады. Алғашқы жылдары өнім біршама мол болғанымен, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш төмендеп кетті. Жыртылған жердің борпылдақ топырағы желдің әрекетінен құнарлы қабатын ұшырып әкетіп, сол жердің топырағы жел эрозиясына ұшырайды. Өйткені топырақтардың құрылымдық ерекшеліктері ескерілмеді.

  1. Демэкология (популяция экологиясы) дегеніміз не?

Демэкология - бір түрге жататын организмдер (особьтар) тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрыптіршілік ету ерекшеліктері, биологиялық қүрылымы (жас, жыныс, көбею, өлу, табиғаттағы саны, тығыздығы, таралуы, т.б.) табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтер қарастырылады.

10 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

  1. Биосфераның шекаралары және қабаттары

Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.[1] Биосфера- жердің тіршілік қабаты. Географиялық қабық-литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфераның өзара әрекеттесуі. Биосфераны ғылымға 1875ж Зюсс енгізді. 1926 жылы В.И. Вернадский алғаш рет биосфераның шекаралары туралы мәселені қарастырды. Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.Биосфераның бөлімдері:Тропосфера,Гидросфера,Литосфера,Ноосфера.Қазіргі тіршілік жер қабығының жоғары бөлігінде (литосфера), жердің атмосфералық төменгі қабатында (тропосфера) және жердің сулы қабатында (гидросфера) таралған.Литосферадағы тіршілікті +100°C -тан жоғары болатын 1,5 - 15 км деңгейдегі және тереңдіктегі жер асты сулары мен тау жыныстарының температурасы шектейді. Жер қабығының жынысынан бактерия табылған ең үлкен тереңдік - 4 км құрайды. Мұнай орындарындағы 2-2,5 км тереңдікте көп мөлшерде бактериялар табылған. Мұхиттағы тіршілік өте терең қабатқа дейін таралған және жер бетінен 10-11 км тереңдікте «мұхиттың түбінде» кезедеседі. Атмосферадағы тіршіліктің жоғары шекарасы – жоғары ультракүлгін радиациясының жер бетіне өтуіне кедергі жасайтын Озон қабаты. Озон қабаты жерден 22-25 км жоғарыда Күннің ультракүлгін сәулесінің көп бөлігін сіңіреді. Озонның қорғаныс қабатынан жоғары көтерілген барлық тірі организмдер жойылады. Бактерия мен саңырауқұлақ споралары 20-22 км биіктікте табылған, бірақ аэропланктондардың негізгі бөлігі —осы қабаттан 1-1,5 км қабатта кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]