Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ИС,ВТ,Инф 2 курс ксіби.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
456.7 Кб
Скачать

14 Сабақ

Әлеуметтік желілер. Модальдық мағынаның берілуі.

  1. Мәтінді оқыңыздар. Сұрақтар қойыңыздар.

Әлеуметтік желіні «әлеуметтік медиа» деп те атайды. Бұл – адамдардың бір-бірімен ғаламтор арқылы өзара байланысын қамтамасыз ететін интернет сайт(тар). Жалпыға ортақ сөзбен айтар болсақ, әлеуметтік желі дегеніміз бұл – адамдар мен олардың бір-бірімен қарым-қатынасы.

Өмірдегі таныс-біліс не үшін керек?. Әрине, селбесіп, араласып-құраласып өмір сүру үшін. «Адамның күні адаммен» деп те жатамыз. Шамасы, адам баласының табиғатында бар қасиет болса керек, біз өзгелермен сөйлесуді, бейтаныс адаммен танысқанды, белгілі бір тақырыпта пікір алмасуды, өз ойымызды айтуды, басымызға түскен қуаныш пен қайғыны хабарлағанды, үйге қонақ келгенде фото-альбомдарымызды көрсеткенді жақсы көреміз. Шынайы өмірде біз мұндай әрекетті тек реті келгенде ғана жасасақ, қазіргі ақпараттық технология, әсіресе ғаламтордың қарыштап дамыған заманында бұл оңайлана түсті. Өйткені, біздің ұғымымызда «әлеуметтік желі», яғни «адамдардың бір-бірімен виртуалды байланысы» деген түсінік пайда болды. Демек, сіз өзіңіздің дәл қазіргі көңіл-күйіңіз қандай екенін жұртқа айту үшін немесе кешегі түнде болған досыңыздың тойындағы суреттерді өзгелерге көрсету үшін һәм өзіңіз сүйіп тыңдайтын әншінің шығармашылығы туралы достарыңызбен, не өзіңіз секілді фанатпен сөйлесу үшін, тіпті қалаға көшіп кеткен сыныптасыңызбен сырласып-сөйлесу үшін келесі бір туған күн кешін не басқа бір жиынды күтіп отырмайсыз. Бірден Мой Мир әлеуметтік желісіне кіріп, жаңадан фото қосасыз, статусыңызды өзгертесіз, МайлРуАгенттегі сыныптасыңызбен сөйлесіп, соңғы хабарларды естисіз, сондай-ақ, өзіңіздің достарыңыздың туған күні келіп қалғанын, оның басқа біреумен танысқанын, атақты киноактердің қоғамдастығына мүше болғанын білесіз. Тиісінше, сіз де өзгелер секілді достарыңыздың санын көбейтіп, бұрынғы жұмыс орныңыздағы адамдарды тауып, олардың достарының ішінен бала кезіңіздегі досыңызды тауып, өз ортаңыздағы таныстық шеңберін кеңейте түсесіз. Осылайша, сіз әлеуметтік желінің мызғымас бір бөлігіне айналасыз. Тоқ етері, әлеуметтік желі адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы үшін керек.

  1. Мәтінге ат қойыңыздар.

Назар аударыңыз!

Модальдылық терминінің грамматикада екі мағынасы бар. Осы терминмен ортақ белгілері бар әр түрлі құбылыстарды атайды: модальдылық өзін сөйлемде яғни синтаксис деңгейінде көрсетеді. Сөйлеуші сөйлем құрғанда өзінің ақпаратқа, ақпараттың шындығына қатыстылығын хабарланатын сөйлемде білдіреді. Сөйлеуші тарапынан ақпарат шынайы яғни қазір болатын, болған, болашақта болатын болса, онда сөйлем ашық райда: осы шақта, келер шақта, өткен шақта беріледі.

Егер де ақпарат сөйлеуші тарапынан шынайы емес, яғни ол шындығында әлі болмаған, қазір де болмайтын, болашақта да болмайтын болса, онда сөйлем бұйрық райда, қалау райда құрылады. Модальдылық бірінші мағынасы бойынша объективтілік модальдылық деген атау алды.

Субъективті модальдылық.

Модальдылық терминінің екінші мағынасы сөйлеушінің айтатын сөйлеміне қатынасын білдіреді. Бұл үшін сөйлеуші модальді деп аталатын арнайы сөздерді пайдаланады.

Модаль сөздер тиістілікті, қажеттілікті, керек еместікті, мүмкіндікті, мүмкін еместікті, қалағандықты, қаламағандықты, рұқсатты, тыйым салғанды білдіреді.( модальные слова указывают, насколько достоверным является сообшение; представляется ли сообшаемая информация как желательная, возможная, или невозможная и т. д.)