- •5В011100 – информатика (білім б.); 5в070300 – ақпараттық жүйелер 5в070400 – есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;
- •4. Оқу пәнінің пререквизиттені мен постреквизиттері (деректемелері):
- •5. Пәннің сипаттамасы
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •7. Білімді бағалау
- •1 Сабақ
- •Мамандыққа қатысты сөздер және сөз тіркестерімен жұмыс істеңіздер.
- •Мәтінді оқыңыздар.
- •Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •«Ақпараттық технологиялардың дамуы» тақырыбында өз пікіріңізді жазыңыз.
- •2 Сабақ Сандар тарихынан. Сан есім, оның түрлері.
- •1. Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.
- •Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •3. Мына сандарды рим цифрларымен жазыңыз.
- •4. Қанатты сөздерді сөздiктi пайдалана отырып аударып, мағынасын түсіндіріңіздер.
- •3 Сабақ Киелі сандар туралы ұғымдар. Сан есімді обьектінің берілуі.
- •Сөздердің синонимдерін жазыңыздар.
- •Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Мәтіннен өзіңізге таныс емес сөз, сөз тіркестері, тұрақты тіркестерді дәптеріңізге теріп жазыңыз. Сөздіктерді пайдалана отырып олардың мағынасына назар аударыңыз.
- •4 Сабақ
- •Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •3. Бөлшек сандарға мысал келтіріп сөйлем құрастырыңыздар.
- •4. Жауаптарға сәйкес сұрақ қойыңыздар.
- •5. Сөздердің синонимдік қатарын жазыңыздар.
- •6. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
- •5 Сабақ
- •Термин сөздермен жұмыс істеңіздер.
- •Мәтінді оқыңыздар.
- •Жоғарыдағы берілген термин сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңыздар.
- •Мына ақпараттарға назар аударыңыздар.
- •Алғашқы компьютерлер, эем-нің пайда болуы туралы өздеріңіз білетін ақпараттарыңызды жазыңыздар.
- •Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
- •12. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •13. Сұрақтарға сүйене отырып, мәтінді әңгімелеңіз.
- •6 Сабақ
- •Термин сөздермен жұмыс істеңіздер.
- •Мәтінді оқыңыздар.
- •7 Сабақ
- •Сөз тіркестерімен жұмыс істеңіздер.
- •Мәтінді оқып, сұрақтар дайындаңыздар.
- •Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •Мәтін мазмұнына сәйкес білетін ақпараттарыңызды әңгімелеңіздер.
- •5.Мәтінді оқыңыздар.
- •8 Сабақ
- •Сұрақтарды топпен талқылаңыздар.
- •Мәтінді оқыңыздар.
- •Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.
- •Мәтінді оқып, сөздік жұмысын жүргізіңіздер.
- •Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар.
- •Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •Мәтінді оқып , сұрақтар дайындаңыздар.
- •Әлемдегі қайырымдылық акцияларына қатысушы бизнесмендер, магнаттар туралы ақпараттар дайындаңыздар.
- •«Еңбек етсең ерінбей...» тақырыбына шағын эссе жазыңыздар.
- •10 Сабақ
- •Сұрақтарды талқылаңыздар.
- •Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен әңгімелеңіздер.
- •Мына сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
- •Стив Джобс, Билл Гейтс тағы басқа да өнертапқыштардың еңбектерін салыстырыңыздар. Олар қоғамға қандай пайда әкелді? Пікірлеріңізді жазыңыздар.
- •Біздің жастарымыздың арасында да техникамен тыныстайтын алтынбастар жетерлік. Осы салада қызығушылық танытып жүрген білімпаз жастар туралы ой бөлісіңіздер.
- •11 Сабақ
- •Мәтінді оқып, талқылаңыздар. Сұрақтар дайындаңыздар.
- •Ғаламтор желісі, оның пайдалы жақтары, зияны бар ма, сол жайында пікірлесіңіздер.
- •Өзіңіз ғаламтор желісін пайдаланасыз ба? Не үшін? Пікіріңізді жазыңыз.
- •Берілген сөйлемдерді қарсылықты мәнді жалғаулықтарды пайдалана отырып, біріктіріңіздер.
- •5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •13 Сабақ
- •Мәтінді оқыңыз. Пікірлесіңіздер.
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •3.Сөйлемдерді оқыңыз. Асты сызылған сөздерге назар аударыңыз. Бұл сөйлемдер қандай мағына беріп тұр?
- •4.Сұрақтарға болымсыздық есімдігі мен үстеуді пайдаланып, жауап беріңіз.
- •14 Сабақ
- •Мәтінді оқыңыздар. Сұрақтар қойыңыздар.
- •Мәтінге ат қойыңыздар.
- •Тиістіліктің, керек, қажеттіліктің берілуі
- •15 Сабақ
- •Сұрақтарды талқылаңыздар.
- •Мәтінді оқыңыздар.
- •Мәтін мазмұнына сәйкес қосымша білетін ақпараттарыңызды айтыңыздар.
- •Сіз ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша білім алып жатырсыз? Болашақтағы жоспарыңыз қандай? Еліңіздің өркендеуіне немен үлес қосасыз? Пікіріңізді жазыңыз.
- •1 Семестрдегі аралық бақылау жұмысының тапсырмалары
- •20. Нұсқау: сөз тіркестерінің аудармасын көрсетіңіз.
Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.
Планшетті компьютерлер, «Macintosh» жобасы, компания өнімдері, Iphone ұялы телефондары, мультимедиялық ойнатқыш, мекеменің логотипі, бағдарламалық қамтамасыз ету.
Мәтінді оқып, сөздік жұмысын жүргізіңіздер.
1984 жылы Apple фирмасы өзінің алғашқы жаңа 32-разрядты Macintosh компьютерін ұсынады. Бұдан әрі компания осы компьютердің сериясын шығарумен айналысады. Macintosh компьютерлері фирмалық операциялық жүйемен жабдықталған Motorola процессорлары негізінде шығарылған. 1985 жылы АҚШ-тың Президенті Рональд Рейган техникалық үдерістің дамуына үлес қосқаны үшін Джобс пен Возняковты медальмен марапаттайды.
2001 жылы 23 қазанда Apple iPоd аудиоплейерін шығарады. Ол үлкен сұранысқа ие болып, портативті музыкалық плейердің нарығында көшбасшыға айналады. 2009 жылғы қыркүйек айында жүргізілген санақ бойынша 220 миллионнан астам iPоd сатылған. 2007 жылдың қаңтар айында фирма сенсорлы iPhоne смартфондарын ұсынып, 2010 жылы нарыққа iPаd планшетті компьютерін шығарады. Осы жаңа өнімдерді шығару арқасында
Apple өзінің қаржылық жағдайын біршама жақсартып алып, 2011 жылы әлемдегі нарықтық капитализация бойынша, ExxonMobil мұнай компаниясын басып озып, ең қымбат компанияға айналған.
Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар.
Берілген сөйлемдердің мазмұнын сын есімнің салыстырмалы шырай күрделі формасын пайдалана отырып айтыңдар.
Үлгі: Электронды микроскоп оптикалық микроскоптан қолайлы. – Электронды микроскоп оптикалық микроскопқа қарағанда қолайлырақ.
Мұнай отын ретінде көмірден үнемді және қуатты. Дәрігерлердің пікірінше, белсенді физикалық жаттығулар витаминдер мен дәрігерлерден тиімдірек. Шығыс Қазақстан өзінің табиғи жағдаймен басқа аймақтардан байырақ. Кавказ аудандары ұлттар құрамы бойынша басқа аймақтардан күрделірек.
Сұрақтарға жауап беріп көріңіз. Анықтама материалдарын пайдаланыңыз.
Кинофильмдердің қандай жанрларын артық көресіз? Детективтің комедиядан, мелодрамадан, фантастикалық фильмнен, реалистік фильмнен қандай айырмашылығы бар?
Анықтама материалдары: детективте - өткір сюжет (интрига); комедияда – көңілді, күлкілі ситуация, мелодрамада – кейіпкерлердің әр қилы тағдыры бар; фантастикалық фильмде – оқиғалар сенімсіз; триллерде – жағдаят пен кейіпкерлер қорқынышты, құпиялы, жұмбақ; реалистік фильмде – мазмұны өмірге жақын.
БОӨЖ тапсырмалары
Жақша ішіндегі салыстырмалы үстеулерді әр түрлі формасын пайдалана отырып берілген әрекеттерді салыстырыңыз.
Шашу және жинау (оңай, қиын) тәжірибе жасау және олардың нәтижесін қорытындылау (қызық, қиын). Ауызша емтихан тапсыру және жазбаша бақылау жұмысын жазу (жақсы, қиын). Оқыту және оқу (қызық, пайдалы, қиын, жеңіл). Демалыс үйінде демалу немесе рюкзакпен саяхаттау (қызық).
Оқыған материалдарыңзды пайдалана отырып, Microsoft пенApple компанияларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарына салыстыру жазыңыздар.
9 сабақ
Билл Гейтс. Себеп-салдарлық қатынастың берілуі.
Сұрақтарды талқылаңыздар.
Билл Гейтстің балалық шағы туралы не білесіздер?
Оның ата-анасы кімдер болған?
Билл мектепте қалай оқыған?
Б.Гейтске әлемдік даңқ әкелген не?
Мына сөздердің синонимдік қатарын жазыңыздар.
Сәби, ұйғару, пәндерден ақсау, құрбан, жанжал, қожайын, бәсекелесуге қабілетті, қиқар.
Мәтінді оқып, абзац бойынша жоспар құрып, әңгімелеңіздер.
Гейтс 1955 жылдың 28 қазанында Сиэтлда (Вашингтон штаты) корпоративті адвокат Уильям Генри Гейтс ІІ және United Way ұлттық кеңесінің мүшесі Мэри Максвелл Гейтс отбасында дүниеге келген. Оның әкесінің айтуынша: «Сәби болған кезінде-ақ, Билл өз бесігін өзі тербетуші еді». Ата-анасы оны жергілікті жеке меншік мектепке беруді ұйғарды. Гейтс грамматика, азаматтық тану және оның өзі еш қажетсіз деп санаған басқа да пәндерден ақсайтын, алайда математика пәнінен ең жоғары баға алушы еді. Өмір бойы Билл өз «менін» бекіту мен тәуелсіздігі үшін күресті. Бұл күрестің ең бірінші құрбандары оның ата-анасы болды.
Биллдің анасы –Мэри, мектептің мұғалімі, қатал мінезді әйел болатын. Ол өзінің қиқар ұлына өз бөлмесін жината алмаған соң, оны жертөлеге көшірді. Осыған ашуланған ұлы жанжалға дайын тұр еді. Билл бұл кезде алтыншы сыныпта оқитын. Ұлының бүлігіне алаңдаған ата-анасы психиатрдың көмегіне жүгінді. Психиатр бірнеше сеанстан соң былай деді: «Ұлдарыңызбен айқастан сіздер жеңілесіздер. Оны тіпті ұрып-соғудың өзі көмектеспейді. Тіпті онымен дауласудың өзі мағынасыз және үмітсіз». Гейтстің әке-шешесі саналы адамдар болғандықтан, бұл кеңеске құлақ түрді.
Жылдар өтті, американдық бизнестің көптеген алыптары «онымен бәсекелесудің» не екенін білді. Бірақ ең бастысы әлемдегі ең бай адам компьютер дәуірінің символына айналды. Мектептің өзінде-ақ 13 жасар Билл Гейтс және оның айрылмас досы Пол Аллен алғаш рет компьютерлік терминалды және ол үшін екі бағдарлама жасады. Дәл сол кезде мектеп қабырғасында жүріп-ақ Пол Аллен Гейтстің алдын орап, барлық істі өз қолына алмақшы болды. Бірақ көп ұзамай-ақ Пол бағдарламалар кодын жасауда оған шаршауды білмейтін Биллдің қажет екеніне көз жеткізді. Сөйтіп Пол оны шақырды. Билл оның шақыруына келісті, бірақ бір шартым бар: мен қожайын боламын», - деді. Гарвард университетінің дипломының орнына дүниеге «Microsoft» компаниясы келді.
Жаңа компания жаңа ғана сәнге айналып келе жатқан жеке компьютерлер үшін бағдарламалық құралдар жасай бастады. «Microsoftтың» дүниеге келуі туралы аңыз былай дейді: Аллен 1974 жылы Гарвардтағы Гейтске келе жатып, жолда газет дүңгіршігінен журнал сатып алмақшы болады. «Танымал электроника» журналының мұқабасында Altair-8080 суреті жарияланған, ал оның үстінде ірі шрифтпен «Коммерциялық модельдермен бәсекелесуге қабілетті, әлемдегі ең бірінші компьютер» деп жазылған. Екі дос олардың алдында қандай көкжиектің ашылғанын бірден түсінді. Олар «үй» компьютерлерінің нарығы сәлден кейін құлпырып, миллиондаған адамдарға бағдарламалық құрал қажет болатынын түсінді. Бірнеше күннен соң Билл Altair өндірушісі – MITS компаниясына хабарласып, Алленмен бірлесіп Altair-де қолданыла алатын Basic бағдарламалау тілінің нұсқасын жасағанын айтты. Гейтс өтірік айтты. Сол кезде достар кодтың бір жолын да жазған жоқ болатын, тіпті оларда оның чипі де болған жоқ. MITS бұл туралы білмей, Гейтстің ұсынысына қызығушылық танытты. Осылайша достар Basic бойынша қауырт жұмысқа кірісті. Бір жарым айдан соң бағдарлама дайын болды. Аллен оны MITS-ке апарды. Сол кезде ол алғаш рет Altair-ді ұстап көрді. Таңғажайып керемет болды – достардың бағдарламасы іске қосылды! Келісімшарт жасалды. «Бағдарламалық құрал нарығы туындады!» - деп айғайлап жіберді Гейтс.