- •5В011100 – информатика (білім б.); 5в070300 – ақпараттық жүйелер 5в070400 – есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;
- •4. Оқу пәнінің пререквизиттені мен постреквизиттері (деректемелері):
- •5. Пәннің сипаттамасы
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •7. Білімді бағалау
- •1 Сабақ
- •Мамандыққа қатысты сөздер және сөз тіркестерімен жұмыс істеңіздер.
- •Мәтінді оқыңыздар.
- •Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •«Ақпараттық технологиялардың дамуы» тақырыбында өз пікіріңізді жазыңыз.
- •2 Сабақ Сандар тарихынан. Сан есім, оның түрлері.
- •1. Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.
- •Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •3. Мына сандарды рим цифрларымен жазыңыз.
- •4. Қанатты сөздерді сөздiктi пайдалана отырып аударып, мағынасын түсіндіріңіздер.
- •3 Сабақ Киелі сандар туралы ұғымдар. Сан есімді обьектінің берілуі.
- •Сөздердің синонимдерін жазыңыздар.
- •Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Мәтіннен өзіңізге таныс емес сөз, сөз тіркестері, тұрақты тіркестерді дәптеріңізге теріп жазыңыз. Сөздіктерді пайдалана отырып олардың мағынасына назар аударыңыз.
- •4 Сабақ
- •Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •3. Бөлшек сандарға мысал келтіріп сөйлем құрастырыңыздар.
- •4. Жауаптарға сәйкес сұрақ қойыңыздар.
- •5. Сөздердің синонимдік қатарын жазыңыздар.
- •6. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
- •5 Сабақ
- •Термин сөздермен жұмыс істеңіздер.
- •Мәтінді оқыңыздар.
- •Жоғарыдағы берілген термин сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңыздар.
- •Мына ақпараттарға назар аударыңыздар.
- •Алғашқы компьютерлер, эем-нің пайда болуы туралы өздеріңіз білетін ақпараттарыңызды жазыңыздар.
- •Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
- •12. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •13. Сұрақтарға сүйене отырып, мәтінді әңгімелеңіз.
- •6 Сабақ
- •Термин сөздермен жұмыс істеңіздер.
- •Мәтінді оқыңыздар.
- •7 Сабақ
- •Сөз тіркестерімен жұмыс істеңіздер.
- •Мәтінді оқып, сұрақтар дайындаңыздар.
- •Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •Мәтін мазмұнына сәйкес білетін ақпараттарыңызды әңгімелеңіздер.
- •5.Мәтінді оқыңыздар.
- •8 Сабақ
- •Сұрақтарды топпен талқылаңыздар.
- •Мәтінді оқыңыздар.
- •Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.
- •Мәтінді оқып, сөздік жұмысын жүргізіңіздер.
- •Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар.
- •Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •Мәтінді оқып , сұрақтар дайындаңыздар.
- •Әлемдегі қайырымдылық акцияларына қатысушы бизнесмендер, магнаттар туралы ақпараттар дайындаңыздар.
- •«Еңбек етсең ерінбей...» тақырыбына шағын эссе жазыңыздар.
- •10 Сабақ
- •Сұрақтарды талқылаңыздар.
- •Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен әңгімелеңіздер.
- •Мына сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
- •Стив Джобс, Билл Гейтс тағы басқа да өнертапқыштардың еңбектерін салыстырыңыздар. Олар қоғамға қандай пайда әкелді? Пікірлеріңізді жазыңыздар.
- •Біздің жастарымыздың арасында да техникамен тыныстайтын алтынбастар жетерлік. Осы салада қызығушылық танытып жүрген білімпаз жастар туралы ой бөлісіңіздер.
- •11 Сабақ
- •Мәтінді оқып, талқылаңыздар. Сұрақтар дайындаңыздар.
- •Ғаламтор желісі, оның пайдалы жақтары, зияны бар ма, сол жайында пікірлесіңіздер.
- •Өзіңіз ғаламтор желісін пайдаланасыз ба? Не үшін? Пікіріңізді жазыңыз.
- •Берілген сөйлемдерді қарсылықты мәнді жалғаулықтарды пайдалана отырып, біріктіріңіздер.
- •5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •13 Сабақ
- •Мәтінді оқыңыз. Пікірлесіңіздер.
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •3.Сөйлемдерді оқыңыз. Асты сызылған сөздерге назар аударыңыз. Бұл сөйлемдер қандай мағына беріп тұр?
- •4.Сұрақтарға болымсыздық есімдігі мен үстеуді пайдаланып, жауап беріңіз.
- •14 Сабақ
- •Мәтінді оқыңыздар. Сұрақтар қойыңыздар.
- •Мәтінге ат қойыңыздар.
- •Тиістіліктің, керек, қажеттіліктің берілуі
- •15 Сабақ
- •Сұрақтарды талқылаңыздар.
- •Мәтінді оқыңыздар.
- •Мәтін мазмұнына сәйкес қосымша білетін ақпараттарыңызды айтыңыздар.
- •Сіз ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша білім алып жатырсыз? Болашақтағы жоспарыңыз қандай? Еліңіздің өркендеуіне немен үлес қосасыз? Пікіріңізді жазыңыз.
- •1 Семестрдегі аралық бақылау жұмысының тапсырмалары
- •20. Нұсқау: сөз тіркестерінің аудармасын көрсетіңіз.
13 Сабақ
Электрондық пошта. Болымсыздықтың берілуі.
Мәтінді оқыңыз. Пікірлесіңіздер.
Желілік байланыстың қазіргі кезде Электрондық пошта (E-mail) деген түрі кең қолданылуда. Мұнда əлемнің түкпір-түкпірімен электрондық хат арқылы байланысуға мүмкіндік бар. Электрондық пошта – компьютер арқылы қашықтықта орналасқан абоненттерге хат, түрлі басқа мəліметтер жіберу мен қабылдау бағдарламасы.
Электрондық пошта Интернеттің аса маңызды ақпаратты ресурсі болып табылады. Электрондық коммуникациялардың жаппай көпшілік құралы болуымен қоса, ол арқылы халықаралық компьютерлік екі ондықтан хабарлар қабылдауға не жіберуге болады. Электрондық пошта көп жағынан кәдімгі пошта қызметіне ұқсас. Хат-хабарларды пайдаланушы өз жұмыс орнында дайындай алады. Электрондық поштаның ең басты ерекшелігі – оның жылдамдығы. Бірақ оның көпшілік біле бермейтін басқа да ерекшеліктері бар. Электрондық поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы абоненттердің бір мезгілде болуы шарт емес. Оған қоса мұнда хабарламаның көшірмесі жазбаша түрде жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке беруге немесе ары қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Электрондық поштаның хаттан да басқа сурет, бейнелік мәлімет, дыбыс, бағдарлама т.б. ақпарат түрлерін де тасымалдай алатынын айту керек.
2. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Бүгіндері компьютерді пайдалана білу керек пе?
Не үшін компьютерді пайдалануға болады?
Сіз компьютерді қашаннан бастап пайдалана бастадыңыз?
Сіз компьютерді меңгердіңіз бе?
Сіз қазақша баса аласыз ба?
Сіз ана тіліңізде жылдам баса аласыз ба?
Торапта сіздің сүйікті сайттарыңыз бар ма? Бар болса, қандай сайттар?
Қазақша қандай сайттарды білесіз? Олар не ұсынады?
Қазақ тілін оқу үшін компьютерді пайдаланасыз ба?
Сіз электронды поштаны (e- mail) пайдаланасыз ба? Оны пайдаланатын болсаңыз, кімдермен хат жазысасыз?
3.Сөйлемдерді оқыңыз. Асты сызылған сөздерге назар аударыңыз. Бұл сөйлемдер қандай мағына беріп тұр?
Жексенбіде менің оқитын ештеңем болмады. Мен бәріне өзім кінәлімін, менің ешкімге өкпем жоқ. Ақылдасатын ешкім жоқ, шешімді өзімнің қабылдауыма тура келді. Залда орын болмады, отыратын жер жоқ. Сұрақ түсінікті, оған нақтырақ тоқталудың реті жоқ.
4.Сұрақтарға болымсыздық есімдігі мен үстеуді пайдаланып, жауап беріңіз.
Үлгі: Театрға бірге баратын адамыңыз бар ма? – Мен ешкіммен бара алмаймын.
Сізге көмектесетін адам бар ма? Хат жазысатын адамыңыз бар ма? Бүгін баратын жерлеріңіз бар ма? Мына сирек кездесетін кітапты қоятын жеріңіз бар ма? Ғылыми жетекшіңізден сұрайтын сұрақтарыңыз бар ма? Жексенбіде неге ешқайда бармадыңыз? Маңызды істер бойынша кіммен кеңесуге болады? Сіз неге менің адресімді ешкімнен сұрамадыңыз? Неге киноға жалғыз бардыңыз?
БОӨЖ тапсырмалары.
5.Сөйлемдерді болымсыздық есімдігі мен үстеулерді пайдалана отырып, аяқтаңыз, жақша ішіндегі етістіктерді болымсыздық мағынада пайдаланыңыз.
Кеше мен күні бойы демалдым, ... (істеу). Маған бәрі түсінікті болды ... (күмәндану). Ол бүгін бәрін істеуге тырысады ... (қалдыру). Жаз айларын мен Алматыда өткіздім ... (кету).
6.Болымды сөйлемдердің мазмұнын болымсызға өзгертіңіз.
Үлгі: Болған оқиғаны бәрі біледі. – Ешкім болған оқиғаны білмейді.
Сұраққа бәрі дұрыс жауап берді. Бәрі сырғанаққа кетті. Мен біздің әңгімеміз туралы бәріне айттым. Сен бәріне кінәлісіз. Келуші бәріне көңіл аударды. Досым бәріне қызығады.
7.Берілген сөйлемдердің мазмұнын болымсыздық есімдігін, етістігін жақша ішіндегі сөздерді пайдалана отырып, болымсыз сөйлеммен жазыңыздар.
Жиналысқа бәрі уақытында келді (кешігу). Бәрі концертке қатысуға келісім берді (бас тартты). Барлығы осы кездесу туралы есіне алды (ұмыту). Осы кеште бәрі көңілденді (іші пысу).
8.Берілген сөйлемдерді болымсыз сөйлемге өзгертіңіз.
Үлгі: Олардың бәрі менімен келісті. – Олардың ешқайсысы менімен келіспеді.
Біз бәріміз бұл әнді білеміз. Біздің топтың барлық студенттері бақылау жұмысын қатесіз жазды. Мектептегі дәстүрлі кеште мен барлық бұрынғы достарымды кездестірдім. Біз бәріміз емтиханға дайынбыз. Үзіліс кезінде студенттердің бәрі аудиториядан шығып кетті.