Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ИС,ВТ,Инф 2 курс ксіби.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
456.7 Кб
Скачать

10 Сабақ

Стивен Джобс. Шарт мәнді қатынастың берілуі.

  1. Сұрақтарды талқылаңыздар.

  1. Әлемдік қандай өнертапқыштарды білесіздер?

  2. Ол өнертапқыштар қандай еңбектерімен танымал?

  3. Стив Джобс кім?

  4. Тағы қандай ақпаратттық технология саласының майталмандарын білесіздер? Олар туралы пікірлесіңіздер.

  1. Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен әңгімелеңіздер.

Стивен Джобс американдық өнертапқыш және бизнес-магнат. Apple корпорациясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы болды. Ол 1955 жылы 24 ақпанда Калифорния штатындағы Маунтин-Вью қаласында туған. Стив Джобстың анасы Джоан Кэрол Шибле баласын өкіл ата-ана болған Пол және Клара Джобс отбасына тәрбиеленуге тапсырған болатын. Мектепте оқып жүргенде Джобс электроникаға қызығушылық танытты. Ол болашақ әріптесі, әрі серіктесі болатын Стив Вознякпен мектеп қабырғасында танысқан. 1976 жылы Стив Джобс досы Стив Вознякпен Apple компаниясын құрды. Компания өзі құрастырған компьютерлерді сатумен айналысты. Компанияның жаңа туындыларын негізінен С.Возняк дайындайтын, ал С.Джобс негізінен маркетолог қызметін атқарды. Екеуінің дайындаған алғашқы компьютерлері Apple 1 болды. Оның бағасы 666доллар 66 уент болды. Apple 1 және кейін шыққан Apple 2 құрастырушы жігіттерге үлкен абырой мен атақ әкелді. Компания IPO арқылы алғаш рет биржаға шыққан соң Стив Джобс мультимиллионер атанды. Apple компаниясы Гиннестің рекордтар кітабына енді. Осы кітапта С.Джобс жалақысы ең кішкентай атқарушы директор ретінде тіркелген. Оның жылдық жалақысы 1 долларды құрайтын. Атқарған жұмысына сыйақы ретінде Стив Джобс компания тарапынан бағасы 43,5 млн. доллар болатын Gulfstream реактивті ұшағын сыйға алды. Ұшаққа қатысты шығындардың барлығын компания өз жауапкершілігіне алды.

  1. Мына сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

Қызығушылық таныту, атқару, рекордтар кітабы, жылдық жалақы, сыйақы, шығын

  1. Стив Джобс, Билл Гейтс тағы басқа да өнертапқыштардың еңбектерін салыстырыңыздар. Олар қоғамға қандай пайда әкелді? Пікірлеріңізді жазыңыздар.

  1. Біздің жастарымыздың арасында да техникамен тыныстайтын алтынбастар жетерлік. Осы салада қызығушылық танытып жүрген білімпаз жастар туралы ой бөлісіңіздер.

  2. Сөйлемдерді оқыңыз. Шарт мәнді конструкцияға назар аударыңыз.

Егер суды 0° - дейін мұздатсақ, ол мұзға айналады. Егер біз дизельдік жағармаймен жұмыс істейтін көліктердің санын көбейтетін болсақ, қалада ауа қатты ластанады. Егер біз қоршаған ортаны қорғау бойынша дер кезінде шаралар қолданбасақ, онда қалада экологиялық жағдай төмендейтін болады. Егер біз суды 100°-қа дейін қыздырсақ, ол қайнайды. Егер біз аллюминийдің (Al) ұнтағын қыздырсақ, ол жана бастайды. Егер біз металды балқытсақ, ол өзінің формасын жоғалтады.

БОӨЖ тапсырмалары

  1. Мәтінді оқыңыз. Шарт мәнді құрылымды пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз. Мәтіндегі фактілерді өзіңізге таныс мысалдармен нақтылаңыз, дәлелдеңіз.

Адам қоғамда дамиды, өседі. Егер жаңа туылған баланы адамдар мекендемейтін аралға апарып тастасаңыз, егер ол тірі қалса, ол тамаша жүгіреді, секіреді, ағаштарға өрмелейді, өзіне тамақ таба алады, бірақ ол сөйлемейтін болады. Сөйлеуді ешкімнен үйренген жоқ, ешкіммен ол сөйлесе алмайды. Егер адам қоғамнан тыс қалса, ол адамша өмір сүруден, адамша ойлау, сөйлеуден қалады. Егер ол адамдарға қайта оралса, оның ойлау қабілеті пайда болады, ол сөйлей бастайды.

  1. Қазақ мақал-мәтелдерін оқыңыз, мағыналарын қалай түсіндіңіз, айтыңыз, түсіндіргенде егер сөзін пайдаланыңыз.

Көзің ауырса, қолыңды тый,

Ішің ауырса, аузыңды тый.

Досыңмен көп сөйлеспе – жолынан қалар,

Дұшпаныңмен көп сөйлеспе – сырыңды алар.

Бір тал кессең, он тал ек.

Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың. Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.

  1. Қандай жағдаяттарда берілген мақал-мәтелдерді пайдалануға болады?