Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать
  1. Маманды дайындауда курстық негізгі есептері.

Курстың негiзгi мақсаты  төмендегi мақсаттарды шешу үшiн қажеттi теориялық бiлiмдер, практикалық iс әрекеттер көлемiн студенттердiң игеруiне жәрдемдесу:

 еңбек қызметi мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасау

 адам мен оның өмiр сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеу және оны iске асыру

 техниканы, технологиялық процестер мен шаруашылық объектiлерiн қауiпсiздiк және экологиялық тәртiптерiне сәйкес пайдалану;

 шаруашылық объектiлерi мен техникалық жүйелердiң қалыпты жағдайы мен төтенше жағдайдағы жұмыс iстеу тұрақтылығы

 төтенше жағдай салдарын болжау және бағалау

 халықты, өндiрiс қызметкерлерiн, авария, апат, зiлзала салдарынан, сондайақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуынан қорғау жөнiндегi шешiмдердi және оларды жою жөнiндегi шараларды қабылдау.

 «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының көлемi гуманитарлық жоғары оқу орындары үшiн кемiнде  сағат, ал техникалық және ауылшаруашылық жоғары оқу орындары үшiн кемiнде  сағат болып белгiленген.

«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсы жоғары оқу орындарының жоғары курстарында оқытылады.

Курсты игеру барысында шәкiрт мынаны бiлуге тиiс:

 өмiр сүру ортасындағы адам қауiпсiздiгiнiң теориялық негiздерiн

 тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң құқықтық және нормативтiк техникалық негiздерiн

 жарақаттаушы, зiлзалды және зақымдағыш факторлардың адамға анатомиялықфизиологиялық салдарын;

 ТЖда шаруашылық объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн арттыратын жолдар мен әдiстердi;

 төтенше жағдайды болжау және оның салдарын жою әдiстерiн.

Шәкiрт:

 өндiрiстiк қызметтiң қауiпсiздiгi мен экологиялығын арттыру жөнiндегi шараларды әзiрлейдi;

 шаруашылық объектiлерiндегі өндiрiстiк қызметтiң тұрақтылығын арттыру жөнiндегi шараларды жоспарлау мен iске асыруды білуге тиіс;

 төтенше жағдайларда халық пен өндiрiстiк қызметкерлердi қорғау жөнiндегi шараларды жоспарлай алуды бiлуi қажет

 ТЖ салдарын жою кезiндегi құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысуға тиiс.

Студенттердiң «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының бағдарламасын бiлуiнiң төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс (АҚ) саласында барлық нысандағы шаруашылық объектiлерi мен ұйымдардың болашақ мамандарын даярлау iсiнде үлкен маңызы бар.

Тiршiлiк қауiпсiздiгi  адамның өмiр сүру ортасы мен, қауiпсiз қарымқатынасы мен, оны қорғауда, төтенше жағдайларда шаруашылық объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуiне, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондайақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешенi.

Азаматтық қорғаныс  бұл басқару органдарының мемлекеттiк жүйесi және бейбiт, соғыс уақытында халықты, шаруашылық объектiлерiн және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш жойқын) әсерiнен қорғау мақсатында өткiзiлетiн жалпы мемлекеттiк шаралардың жиыны.

Шаруашылық объектiлерi  өнеркәсiптiк, ауылшаруашылығы өндiрiсi мен қоғам қызметiнiң басқа салалары мүдделерiне пайдаланылатын ғимарат, қарапайым және басқа да құрылыстар.

Ұйым  бағдарламаны немесе мақсатты бiрлесiп iске асыратын және белгiленген тәртiптер мен нормалар негiзiнде iсәрекет ететiн адамдар ұжымы.

  1. Заң актілері.