Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

2. Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі.

Қорғаныс ғимараттарын толтыруға, онда адамдарды орналастыруға және өзін-өзі ұстау тәртібін қамсыздандыруға басшылықты панаханаға қызмет көрсететін топтың, (буынның) жеке құрамы осы қорғаныс ғимаратының коменданты болып табылатын командир жүргізеді.

Қорғаныс ғимаратына келген адамдарда жеке қорғаныс құралдары (газқағар, респиратор, мақта-мата таңғышы), екі тәулікке жететін азық-түлік қоры, ауыз су қоры, тазалық бұйымдары, ең қажетті жеке заттар мен құжаттар болуға тиіс. Панахананы толтыру ұйымдасқан түрде жедел жүргізіледі.

Панаханаға бірінші кезекте балалар мен қарттар жіберіледі, балалар мен ата-аналар жеке бөлмеде немесе олар үшін арнайы бөлінген жерге орналасады.

Паналаушылар комендант пен қызмет көрсету тобының (буынның) жеке құрамының өкімін мүлтіксіз орындауға, ғимараттағы тәртіпті сақтауға тиіс.

Қорғаныс ғимаратындағы демалыс әрбір адамның жатып тыныстауы үшін кезекпен ұйымдастырылады.

Қажетсіз ғимарат ішінде жүруге, шулауға, темекі тартуға рұқсатсыз керосин шамын, май шамды, электр жарығын инженерлік агрегаттар мен тораптарды қосу мен ажыратуға, панахана аспаптарын, мүлігімен жабдықтарын рұқсатсыз алуға белгіленген жерге тамақ қалдықтарын тастауға, коменданттың рұқсатынсыз азық-түлік пен ауыз суына тыйым салынады. Бірінші кезекте балалар мен қарт адамдар демалады. Онда сұхбаттар, дауыстап оқу, радио хабарларын тыңдау ұйымдастырылады.

РҚО-да жоғарыда келтірілген келіп-кету тәртібінен басқа кейбір қосымша тәртіптер сақталуға тиіс.

Панахана еденің ара-тұра сумен шайып, ал 2-3 тәуліктен соң РҚО-ның барлық жері мен ондағы заттарды ылғал шүберекпен сүрту қажет. Азық-түлік пен суды ластағыш заттар түспеу үшін жақсы жабылған ыдыста сақтайды.

Тамақ пен су ішу кезінде ғимарат желдеткіші тоқтауға тиіс. Тамақ ішер алдында қолды ылғал шүберекпен сүрткен жөн. Фильтрлі желдеткіш жүйесін ажырату және қайта қосу қажеттілік бойынша жүргізіледі. Қарсылас жақ химиялық қаруды қолданған жағдайда паналаушылар газқағарлары мен теріні қорғау құралдарын киеді.

Қорғаныс ғимаратынан шығу сырттағы жағдай мен түсетін әмірлер және дабылдар туралы паналаушыларға комендант хабарлағаннан кейін оның өкімі бойынша жүргізіледі.

Кіреберістер мен авариялық шығаберістер үйінді астында қалған жағдайда комендант АҚ құрамаларының көмегін күтпей, паналаушыларды жұмысқа тарта отыра оны тазалауды ұйымдастырады. Бірінші кезекте шығар есікті ашуға шара қолданылады, сол үшін оны тиегінен босатады. Жайпақ есікті сүйемен және сына арқылы ілгешегінен алады. Жайпақ есікке бұрғымен, кескішпен және арамен саңлау жасайды, бұдан кейін іштегі үйінді қиқымдарын жинап кіреберісті үйіндіден тазартуды одан ары жалғастырады. Бір уақытта авариялық шығаберістер үйіндіден тазартылады. Адамдарды қорғаныс ғимаратынан шығару мына тәртіппен жүргізіледі: әуелі төбеге бірнеше адам шығып өз бетімен көтеріле алмайтындарға көмектеседі, бұдан кейін зардап шеккендер, балалар адам шығып өз бетімен көтеріле алмайтындарға қарттар, ең соңында қалған барлық адам әкетіледі.