Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по АФКХ для вет.rtf
Скачиваний:
1863
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30 Mб
Скачать

С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЗИКА ЖӘНЕ ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ

Муханбетова Назира Аманғазықызы

Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

(ветеринария бағыты бойынша мамандықтарына арналған)

Астана 2010 мазмұны

Кіріспе ..................................................................................................................... 3

Пәнді оқытудың әдістемелік кеңестері .................................................................4

Глоссарий ................................................................................................................ 5

Зертханалық жұмыстарды орындаудың әдістемелік нұсқаулары ……............10

Пән бойынша силлабус .........................................................................................15

Әдістемелік қамтамасыз етілу картасы................................ …………………...27

1 Бөлім. Физикалық химия

1.1 Химиялық термодинамика және кинетика …....................................28

1 Зертханалық жұмыс ......................................................................... 31

1.2 Ерітінділер ………………………………………………………....….35

2 Зертханалық жұмыс ..........................................................................38

1.3 Электролит ерітінділері........................................................................39

3 Зертханалық жұмыс ..........................................................................42

1.4 Судың иондық көбейтіндісі. Буферлік жүйелер ................................47

4 Зертханалық жұмыс .........................................................................51

1.5 Электрохимиялық процестер ..……………………..………..............54

5 Зертханалық жұмыс ........................................................................56

1.6 Фотохимиялық реакциялар .................................................................60

6 Зертханалық жұмыс..........................................................................60

1.7 Беттік құбылыстар. Сорбция процестері ..........................................62

7 Зертханалық жұмыс ........................................................................ 64

1.8 Хроматографиялық талдау …………………………………………..66

8 Зертханалық жұмыс………………………………………………………67

2 Бөлім. Аналитикалық химия

2.1 Аналитикалық химияның теориялық негіздері. Анализ әдістері …70

№ 9 Зертханалық жұмыс..........................................................................73

2.2 Сапалық талдау әдістері ......................................................................75

№ 10 Зертханалық жұмыс ........................................................................77

2.3 Гравиметриялық талдау .......................................................................79

№ 11 Зертханалық жұмыс.........................................................................81

2.4 Титриметриялық талдау әдістері ........................................................83

№ 12 Зертханалық жұмыс.........................................................................88

3 Бөлім. Коллоидтық химия

3.1 Коллоидтық жүйелер ........................................................................... 94

13 Зертханалық жұмыс ....................................................................... 96

3.2 Коллоидтық жүйелердің тұрақтылығы .............................................100

14 Зертханалық жұмыс .....................................................................101

3.3 Жоғары молекулалық қосылыстары, олардың ерітінділері ...........103

15 Зертханалық жұмыс.......................................................................107

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған есептер мен тапсырмалар ….....110

Аралық бақылауға дайындық сұрақтары...........................................................120

Емтиханға дайындық және тест сұрақтары ......................................................124

Реферат дайындау әдістемелік нұсқасы және тақырыптары ..........................146

Қосымша ...............................................................................................................148

Қолданған әдебиеттер тізімі ...............................................................................159

КІРІСПЕ

Аналитикалық, физикалық және коллоидты химия пәнінің курсы ауыл шаруашылық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми және кәсіби дайындығы үшін маңызы зор.

Сабақтардың барлық түрлеріне арналған аналитикалық, физикалық және коллоидты химия пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен кредиттік жүйе бойынша оқитын ветеринария бағытындағы мамандықтардың студенттеріне арналып, типтік бағдарламаға сәйкес жазылды. Берілген оқу құралының өзектілігі ретінде қазақ тілінде әдебиеттің жетіспеушілігін көрсетуге болады.

Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша сабақтар химиялық процестердің теориялық негіздерін терең оқытуды мақсат етеді. Тәжірибелік жұмыстарды орындау барысында студенттер кейбір құрал-жабдықтардың құрылысы және олармен жұмыс істеу ережелерімен танысады, өлшеудің көрсеткіштерін алады, қажетті шамаларды есептейді және өз бақылауларының негізінде тәуелділіктер мен заңдылықтарды анықтайды.

Құрастырылған оқу-әдістемелік кешен теория жүзінде берілген материалдар студенттерде сабақ үрдісінде бекітіліп, пысықталуы үшін, сонымен қатар олардың аудиториядан тыс өзіндік жұмыстарға бағыт беріп, мүмкіндік жасайтын күрделілігі әртүрлі деңгейдегі есептер және оларды шығару үшін қосымша кестелер ұсынылған.

Пәнді оқыту кезінде студенттердің практикалық есептерді шығару дағдылары мен эксперименттерді орындау іскерліктерін қалыптастыруға көңіл бөлінеді. Физикалық және коллоидты химия математикалық аппаратты кеңінен колданатындықтан, оның тақырыптары бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру және есептерді шығару, теориялық материалды тексеруі мен бекітудің, білімдерді берік меңгерудің негізгі шарты болып табылады.

Ұсынылатын оқу-әдістемелік кешен студенттердің физика-химиялық зерттеудің негізгі әдістерін меңгеруін мақсат етеді.