Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по АФКХ для вет.rtf
Скачиваний:
1863
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30 Mб
Скачать

2 Аралық бақылауға дайындық сұрақтары

1. Аналитика химияның негізгі әдістері. Сапалық және сандық талдау. Тұндыру әдісі. Титриметриялық және гравиметриялық талдау. Алкалиметрия, ацидометрия. Перманганатометрия және йодометрия. Комплексонометрия. Индикаторлар түрлері. Титрлеу ережелері.

2. Коллоидтық химия негіздері. Дисперстік фаза және орта. Жүйелердің дисперстені дәрежесі. Дисперстік жүйелердің жіктелуі және олардың ерекшеліктері.

3. Жеке дисперстік жүйелердің түзілуі және қасиеттері: эмульсиялар, суспензиялар, көбіктер, аэрозольдер, пенопласттар, үнтақтар.

4. Коллоидтық жүйелер. Олардың алу әдістері. Оларды тазалау әдістері.

5. Коллоидтық бөлшектердің құрылысы. Олардың зарядын анықтау тәсілдері.

6. Коллоидтық жүйелердің оптикалы, электрлік қаситтері. Фарадей-Тиндаль эффектісі. Электроосмос, электрофарез.

7. Коллоидтық жүйелердің түрақтылығы және оны арттыру жолдары. Кинетикалық және агрегаттық тұрақтылықтары. Коагуляция және седиментация құбылыстары. Шульце-Гарди ережесі.

8. Жоғары молекулалық қосылыстар және олардың ерекше қасиеттері. Олигомерлер. ЖМҚ құрылысы, мономер, полимерлену саны. Алу әдістері – полимеризация және поликонденсация. Табиғи және жасанды полимерлер. Полимердің еріткіштерде еруі және ісінуі.

9. ЖМҚ ерітінділері және олардың ерекше қасиеттері. ЖМҚ ерітінділерінің тұрақтылығы. Тұзсыздандыру процесі. Ақуыздың денатурациясы.

2 Аралық бақылаудың нұсқасы

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Физика және химия кафедрасы

Аналитикалық., физикалық және коллоидтық химия пәні

2 аралық бақылау

5В120100, 5В120200 мамандықтары үшін

Нұсқа – 1

1) Коллоиды жүйенің барлық қасиеттерін айғақтайтын, өздігінен іс-әрекет жасай алатын коллоидты заттардың ең кіші бөлігі:

А) Молекула В) Ион С) Мицелла D) Атом Е) Гранула

2) Егер бір зат екінші бір заттың (ортаның) ішінде ұсақ бөлшектер түрінде таралатын болса, ол жүені не деп атаймыз?

А) коллодты B) шынайы

C) ірі дисперсті D) суспензия E) дисперсті

3) Дисперстік ортада бөлшектердің қозғалысында адсорбциялық және диффузиялық қабат шекарасында пайда болатын потенциалдардағы секірулерінің атауы:

А) Ионның адсорбциялық потенциалы

В) Тамшылау потенциалы

С) Дзета потенциал

D) Доннан потенциалы

Е) Фазаның салыстырмалы көлем тереңдігінің потенциалы

4) Коллоидты бөлшектердің дисперстік дәрежесі:

А)10 -3-10-7м В) 10-8 м -109 м С) 10-7 м -10-9 м

D) 10-3 м Е) 10-10 м

5) Қос немесе еселі байланыстарын үзіліп, төменгі молекулалы заттардың қосылу нәтижесінде жоғары молекулалы заттардың түзілуі:

А) Конденсация B) Дисперстік С) Полимеризация

D) Седиментация Е) Поликонденсацией

6) Еріткіш молекуласының ЖМҚ ортасына енуі және соған байланысты оның салмағы мен көлемінің арту үрдісі:

А) Тұндыру В) Еру С) Ісіну D) Дисперстену Е) Ағындылық

7) { m(Fe(OH)3 nFe (n-3x)Cl } 3xCl мицелла грануласының заряды:

А) –2 В) –3 С) +3 D) 0 Е) +2

8) Коллоидты бөлшектердің дисперсті орта молекулаларын өзіне қатты тарту қасиеті:

А) Лиофобтылық В) Лиофильділік С) Дисперстілік D) Бөлшектену Е) Тұрақтылық

9) Табиғи полимер:

А) крахмал В) майлар С) лавсан D) хлорофил Е) шайыр

10) Бөлшектердің сулы қабаттарының бір бірімен қосылып кетуі..........

А) ассоциация В) диссоциация С) коацервация

D) денатурация Е) полиассоциация

11. Концентрациясы және титрі белгілі ерітінді дегеніміз:

А) Титрленген В) Стандартталған С) Дайындалған

D) Анықталған Е) Фиксанал

12. Неге 1-ші аналитикалық топтағы катиондардың топ реагенті жоқ?

А) Олар басқа заттармен әрекеттеспейді

В) Олардың қосылыстары суда мүлдем ерімейді

С) Олардың қосылыстары иондарға диссоциацияланбайды

D) Олардың тұздары суда ериді

Е) Олардың оксидтері суда ериді

13. реакция теңдеуі бойынша хром гидроксидінің эквиваленттік массасын анықтаңыз (г/моль):

А) 51,2 B) 34,3 C) 103 D) 25,75 E) 121,5

14. Көлемі 500 мл өлшеуіш колбада 1,535 г калий перманганаты ерітілді. Калий перманганаты ерітіндісінің сілтілік ортадағы реакциясы үшін нормальдік концентрациясы тең (моль/л):

А) 0,0194 B) 0,0471 C) 0,0583 D) 0,0095 E) 0,0950

15. Фенолфталеин қай ортаның индикаторы болып табылады?

А) қышқылдық В) сілтілік С) бейтарап

D) су ортасын Е) еш қайсын

16. Алкалиметрияда қолданатын титрант ерітінділері:

А) HCl, NH4OH В) NH4OH, NaOH С) NaOH, KOH

D) HCl, H2SO4 E) KOH, KCl

17. Ұзын мойында сақиналы белгісі бар, концентрациясы өте дәл ерітінділерді дайындау үшін қолданылатын шыны ыдысы

А) бюретка

В) өлшеуіш пипетка

С) тегіс түпті конус тәріздес колба

D) цилиндр

E) тегіс түпті дөңгелек өлшеуіш колба

18. Титр 0,00491г/мл фосфор қышқылы ерітіндісінің нормальдік концентрациясы тең (моль/л):

А) 0,15 В) 0,30 С) 0,01 D) 0,01 E) 0,20

19. 20мл калий карбонаты ерітіндісін титрлеуіне орташа шамамен 45,5мл 0,1Н күкірт қышқылының ерітіндісі жұмсалды. Калий карбонатының нормальділігін есептеңіз (моль/л):

А) 4,39 B) 0,2275 C) 0,033 D) 1,005 Е) 0,0521

20. Реакцияның аналитикалық өзгерісі (сигналы) дегеніміз

А) химиялық реакцияның белгілері

В) химиялық реакцияның өту барысында көзге көрінетін сыртқы өзгеріс

С) химиялық реакцияның өту барысында тұнбаның түзілуі

D) химиялық реакцияның өту барысында газдың бөлінуі

E) химиялық реакцияның өту барысында ерітіндінің бояуының өзгеруі