Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по АФКХ для вет.rtf
Скачиваний:
1865
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30 Mб
Скачать

4 Тәжірибе. Буферлік жүйелер

Жұмыс мақсаты: ерітінділердің буферлік қасиеттерімен танысып, олардың буферлік сыйымдылығын анықтау

Құрал-жабдықтар: рН-метр, пробиркалар, көлемі 100мл колбалар, көлемі 25мл бюретка, сүзгіш

Реактивтер: 0,1н және 1н натрий гидроксиді, 1н тұз қышқылы, 0,1н сірке қышқылы, 0,1н натрий ацетаты ерітіндісі, индикатор метилен қызыл, ацеттаты буфер ерітіндісі.

Жұмыс барысы:

А Тәжірибесі. Буферлік жүйені даярлау.

Кестеде көрсетілгендей алты пробиркаға 0,1н сірке қышқылымен натрий ацетаты ерітінділерін құйыңыз:

Ерітінді

Пробиркалар №

1

2

3

4

5

6

0,1 н СН3СООН (мл)

4,5

4

2,5

1,5

1

0,5

0,1 н СН3СООNa (мл)

0,5

1

2,5

3,5

4

4,5

Есептелген рН мәні

Анықталған рН мәні

рН-метрмен анықталған

Сірке қышқылының Кдисс = 1,76*10-5, ал = 0,79 тең екенін біле отырып, сутек иондарының концентрациясын келесі формуламен есептейді:

+] =

Ерітіндінің рН мәні рН = - lg[Н+]

Пробикаларға ерітінділер құйылған соң, әр пробиркаға 2 тамшыдан универсал индикаторын тамызып, ерітінділердің рН мәндерін индикаторлық сынама бойынша және рН-метр арқылы анықтаңыз

Б Тәжірибесі. Буферлік әсер

Екі пробиркаға 1 мл ацетат буфер ерітіндісін құйыңыз. Бірінші пробиркаға 1 тамшы 1н тұз қышқылын, екіншісіне 1 тамшы 1н натрий гидроксидін қосыңыз. Ерітінділерді шыны таяқшамен араластырып, рН-метр арқылы олардың рН мәнін анықтап, қорытынды жасаңыз.

В Тәжірибесі. Буферлік әсердің жоғалуы.

4 пробиркаға 0,5 мл буфер ерітіндісінен құйып, біріншісіне – 1, екіншісіне – 2, үшіншісіне – 3, төртіншісіне – 4 тамшыдан тұз қышқылын қосыңыз. Әр ерітіндінің рН анықтаңыз. Алынған нәтижелер бойынша график сызыңыз (ерітінді рН-ның қышқыл концентрациясына тәуелділігі). Қышқыл концентрациясының орнына оның көлемін алуға болады. Қандай концентрацияда буферлік әсер жоғалады ?

Г Тәжірибесі. Буферлі ерітіндінің рН-на қышқылдың, сілтінің әсері.

Екі пробиркаға 5 мл ацетатты буфер ерітіндісінен құйып, оған 2 тамшы индикатор метил қызыл қосыңыз. Екінші пробиркаға 3-4 тамшы 0,1н натрий гидроксидін қосып, ерітінділердің түстерін салыстырыңыз.

Д Тәжірибесі. Буфелік ерітіндінің рН-на сұйылтудың әсері.

Пробиркаға 1 мл буфер ерітіндісін қосып, оның рН анықтаңыз. Ерітіндіні 25 есе сұйылтыңыз (25 мл су қосып). Алынған ерітіндінің рН анықтап, бастапқысымен салыстырыңыз. Алынған ерітіндіні тағы 10 есе сұылтып, рН мәнін анықтаңыз. Ерітінді рН өзгереді ме ?

Е Тәжірибесі. Ерітінділердің буферлік сыйымдылығын анықтау.

Колбаға рН=5 буфер ерітіндісінің 10 мл құйып, оған 3 тамшы метил қызыл индикаторын қосып, бюретка құйылған 0,1н натрий гидроксиді ерітіндісімен оны сары түске дейін (рН6,0) титрлейді. Ацетатты буфердің сыйымдылығын анықтайңыз

Буферлік сыйымдылық келесі формула бойынша анықталады:

В =

NNaOH – сілті нормальділігі, моль/л;

VNaOH – титрлеуге жұмсалған сілті көлемі, мл

Vерітінді – титрлеуге алынған буферлік ерітіндінің көлемі, мл