Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

13 Сурет. Аяқ қол буындарын бүгу арқылы қанды тоқтату

Күйдіргі және бұрау қою арқылы қанды тоқтату. Көк тамырдан және ұсақ тамырлардан қан аққан кезде әдетте қатты тазартылған таңғышты қолданады, зақымдалған жерді қатты байлап тастайды, аяққолды көтеріп қояды.

Барлық жағдайларда дененің сыртқы жағынан қан аққан кезде дене мүшелеріне қан тоқтататын күйдіргіні, басқа қатты таңғыш орау арқылы қанды уақытша тоқтатуға болады.

Қ ан тоқтататын күйдіргі ені (1,5-2 см) жалпақ, иілмелі резина кесіндісі. Оның бір шетіне ілгек, екінші шетіне ілмегі бар жүзікше бекітілген (14 сурет).

14 сурет. Күре тамырдан аққан қанды 15 сурет. Күре тамырдан аққан

күйдіргі қойып тоқтату қанды бұрау қойып тоқтату

Қан тоқтататын күйдіргі және бұрау қою тәртібі.

. Күйдіргі аяққолдың кезкелген жеріне қойылуы мүмкін.

. Күйдіргі қоярдан бұрын оның астына жаралының киімін төсейді немесе бинттің бірнеше қабатын орайды.

3. Күйдіргіні салар алдында тартады, сонан кейін тартуды әлсіретпей аяққолға салады, бұл жағдайда күйдіргі қабатының әрбір орамын алдын ала салады.

4. Қысудың жеткіліктілігін бақылау күре тамырдың сезімтал жерлерінде тамыр соғысының жоғалуы және қанның тоқтауы болып табылады. "әлсіз қойылған күйдіргі қан ағуын күшейту мүмкін, ал қатты тартылған күйдіргі жүйкені зақымдау мүмкін.

5. Күйдіргі жазда 2 сағаттан артық, ал суық уақытта 0,5-1 сағаттан артық қоймайды, әйтпесе күйдіргі қойылған жердің жоғары жағындағы аяққолдың жансыздануы мүмкін.

6. Суық уақытта күйдіргі қойылған аяққол жылытылуға тиіс (мақта, жылытқы қойылады).

7. Күйдіргі қою уақыты қағаз парағында көрсетілуге тиіс, ал қағаздың өзі күйдіргінің астына қойылуы немесе аурудың киіміндегі көрмек жерлері түйреуішпен бекітілуі қажет. Күйдіргі қойған жаралы төтенше жағдай аймағынан бірінші кезекте әкетілуі тиіс.

Күйдіргі қою кезіндегі қателер: айғақтың жоқтығы, яғни оны көк тамыр мен ұсақ тамырлардан қан аққан кезде қою, жарадан ашық дененің ашық жеріне қою, әлсіз немесе шеттен тыс қатты тарту, күйдіргінің ұшын бос бекіту.

Күйдіргінің үстіне таңғыш, орамал қоюға болмайды. Күйдіргі көзге түсетіндей болып жатуға тиіс.

Күйдіргі ретінде шалбар белбеуін де пайдалануға болады, оны қос ілмек түрінде аяққолға кигізіп тартады.

Күйдіргі болмаған жағдайда тамырдан қанның ағуын бұрау қою арқылы немесе аяққолды қатты бүгіп, осы күйде ұстай тұру жолымен тоқтатуға болады. Бұрау үшін арқан, ширатылған орамал, мата кесіндісі пайдаланылуы мүмкін (15 сурет).

Дөрекі қатты заттар жүйені тез зақымдауы мүмкін. Бұрау үшін қолданылған затты қажетті деңгейінде байлайды. Жасалынған ілмекке таяқ өткізеді және оны айналдыра отыра ілмекті қан толық тоқтағанға дейін бұрайды, одан соң таяқты аяққолға мықтап байлап тастайды (16 сурет).

16 Сурет. Қолға бұрау қойып қанды тоқтату 17 сурет. Ақолдың жабық сынығы,

реті баяқтың ашық және жабық сынығы

Бұрау қою сайсүйекті сырқырататын рәсім, сондықтан түйіннің астына қандай болсын бір зат қою керек. Күйдіргі қою кезінде байқалатын барлық қателер, қауіп пен асқыну бұрауға қатысты.