- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі с.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
- •Пәннің оқу-әдісемелік кешені
- •«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәннің оқу-әдісемелік кешені
- •Мазмұны
- •І. Уақытша типтік оқу бағдарламасы
- •Іі. Студенттерге арналған бағдарлама
- •1. Пән туралы мәліметтер
- •Оқу уақытын бөлу
- •3. Постреквизиттер
- •4. Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •5. Дәріс сабағының тізбегі
- •7. Практикалық сабағының тізбегі
- •9. Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •10. Курстың саясаты:
- •III. Пәннің оқу-әдістемелік қамтуы
- •IV. Пәннің тапсырмасын тапсыру графигі
- •V. Глоссарий
- •VI. Дәріс конспектілері
- •«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты және мазмұны.
- •Маманды дайындауда курстық негізгі есептері.
- •1. Қазақстан Республикасының Азаматтық қopғaныc және төтенше жағдай саласындағы заңдарының рөлi мен маңызы
- •1.1 Қазақстан Республикасының «Табиғи және тexнoгeндiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңы
- •1.2 Қазақстан Республикасының «Авариялық -құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы» заңы
- •Негiзгi ұғымдар:
- •1.3 Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» заңы
- •Heгізгi ұғымдар:
- •1.4 Қазақстан Респу6ликасының «Өрт қаyiпсiздiгi туралы» заңы
- •Heгiзгi ұғымдар:
- •1.5 Қазақстан Республикасының «Халықтың радиациялық қаyiпсiздiгi туралы» заңы
- •Негiзгi ұғымдар:
- •1.6 «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының заңы
- •1.7 «Қаyiптi өндipicтiк объектiлердегi өнepкәciптiк қаyiпсiздiк туралы»Қазақстан Республикасының заңы
- •1.8 «Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңы
- •Негiзгi ұғымдар:
- •1.9 «Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Респу6ликасының 3аңы
- •Негiзгi ұғымдар мен терминдер
- •4. Тқ қамтамасыз еткенде ұйымдастыру және теориялық негіздері.
- •Тж жөнiндегi қр орталық атқарушы органның өкiлеттiгi
- •Төтенше жағдайлар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •1. Жоғары оқу орындарының Азаматтық корғанысын ұйымдастыру.
- •2. Шаруашылық объектiсi Азаматтық корғанысының ұйымдық құрылымы.
- •3. Ақ құрамалары, оның мақсаты мен құрылу тәртібі.
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •1. Төтенше жағдайлардың жіктелуі және пайда болу себептері.
- •Табиғаттағы тосын жағдай.
- •Адамның табиғаттағы өзiнөзi ұстауының кейбiр тәртiптерi.
- •2. Өндірістік авариялар мен апаттардың сипаттамасы.
- •3. Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі
- •4. Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары.
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •1. Ядролық қарудың жарылыс ошағы.
- •2. Адамға радиацияның әсері.
- •3. Халықты радиациядан қорғау шаралары.
- •Иондаушы сәулеленудiң негiзгi сипаты.
- •4. Халықты қaтты әсер eтeтiн улы заттардан қорғау шаралары.
- •5. Халықты қәуз бен р3-дан қорғау.
- •7. Химиялық қару. Биологиялық қapy.
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •Радиоактивтілік, табиғи радиоактивтілік.
- •Аумақтық радиоактивті ластануы.
- •Адамға сәуле алудың қаупі.
- •Хайуанаттардағы сәулелену ауруы.
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •1. Радионуклидтер мен ауылшаруашылық өсімдіктері азық-түлік пен судың ластануы.
- •2. Қатты әсер ететін улы заттар мен улағыш заттар негізгі түрлерінің сипаттамасы.
- •3. Қатты әсер ететін улы заттар.
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •1. Радиациялық зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық көмек, ішінара санитарлық тазалау жүргізу тәртібі.
- •3. Улағыш заттардың жіктелісі.
- •4. Организмнің әртүрлі уз топтарымен зақымдану белгілері.
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •Машықтану сабақтар
- •Радиациялық барлау приборлары.
- •2. Дозиметрлік бақылау приборлары.
- •5 Сурет. Ид-1 өлшегіш дозасының жиынтығы
- •Химиялық барлау приборлары.
- •6 Сурет. Әскери химиялық барлау приборы (әхбп)
- •Халықты радиациядан қорғау шаралары.
- •Иондаушы сәулеленудiң негiзгi сипаты.
- •Зақымдану ошағындағы радиациялық ахуалды бағалау.
- •Зақымдану ошағындағы химиялық ахуалды бағалау.
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •1. Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістері.
- •2. Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаудың негізгі принциптері.
- •1. Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу;
- •2. Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзкарас.
- •3. Қорғаныс әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас (инженерлік шаралар, көшіру шаралары, радиация мен химиядан қорғау шаралары, медициналық шаралар, өрттен қорғау шаралары).
- •4. Қр Қарулы Күштерімен тығыз байланыста қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу.
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •1. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары.
- •2. Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі.
- •3. Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі.
- •4. Көшіру және қоныстандыру. Көшіру және қоныстандырудың принциптері және көшіру әдістері.
- •5. Көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері.
- •6. Көшіру шараларын жоспарлау.
- •7. Материалдық құндылықтарды көшіру тәртібі.
- •8. Көшіру шараларын жүргізу.
- •9. Қоныстандыру мен көшіруді қамсыздандыру.
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •1. Тыныс алу органдарын қорғау құралдары.
- •Кесте 2 - Газқағардың алдыңғы бөлігін қиыстыру тәртібі
- •Балалар газқағарлары.
- •2 Сурет. Гп-4у газқағары:
- •Қосымша патрондар
- •Оқшаулағыш газқағарлар
- •Өнеркәсіптік газқағарлар.
- •Кесте 3 - Өнеркәсіптік газқағарларының жіктелісі
- •2. Тыныс алу органдарын құрайтын қарапайым құралдары.
- •3 Сурет. Р-2 респираторы:
- •4 Сурет. Шаңнан қорғайтын мата маскасы птм а
- •3. Теріні қорғау құралдары.
- •12. Сурет. Л жеңіл қорғаныс костюмі
- •13. Сурет. Оп жалпы әскери қорғағыш жиынтығы
- •4. Теріні қорғаудың қарапайым құралдары.
- •5. Жеке қорғаныстық медициналық құралдары.
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •1. Суды, азық-түлікті, жем мен су көздерін төтенше жағдайда қорғау және залалсыздандыру. Су мен азық-түлік тағамдарын үй жағдайында қорғау.
- •Су көздерін, су ұстағыш скважиналарды, құдықтарды, бұлақтарды, суғару және сумен жабдықтау су көздерін қорғау.
- •Су құбырларын қорғау.
- •Шахталық құдықтарды қорғау.
- •Бұлақтарды қорғау.
- •2. Малға арналған жемді қоймада және дала жағдайында сақтау.
- •4. Малды ветеринарлық тазалау.
- •7 Сурет. Жер сілкінісінен кейінгі құлаған жерлерді тазалау
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлері.
- •2. Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар.
- •Әсері күшті улы заттар (әкуз).
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •Халықты жер сiлкiнiсi қаyпiнен және ол болған уақытта қopғay.
- •2. Сейсмика жағрафиясы, аса күштi жер сiлкiнiсi.
- •Жер сiлкiнiсiн болжау. Жер сiлкiнiсi болған жағдайда адам өмірін сақтay мен шығынды азайту шаралары.
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •1. Жарақаттану және сәтсіз оқиға болғанда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Жарақат кезіндегі организмнің жалпы реакциясы.
- •Талықсу.
- •Коллапс.
- •Естен тану.
- •2. Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Жарақат.
- •8 Сурет. Жараға бинтпен таңғыш қою
- •9 Сурет. Қанның күре тамырдан ағуы 10 сурет. Қанның көк тамырдан ағуы
- •11 Сурет. Күре тамырдан қысатын дағдылы жерлер
- •12 Сурет. Күре тамырды саусақпен қысу
- •13 Сурет. Аяқ қол буындарын бүгу арқылы қанды тоқтату
- •16 Сурет. Қолға бұрау қойып қанды тоқтату 17 сурет. Ақолдың жабық сынығы,
- •Сүйектің сынуы, буынның шығуы, дененің сыдырылуы, тілінуі және сіңірдің созылу
- •18 Сурет. Зардап шегушіні шинамен тасымалдау кезінде басын тиянақтау
- •19 Сурет. Білек сүйегі сынған кезде шина қою
- •20 Сурет. Сан мен сирақ сынған кезде иммобилизациялау сынықтары болады
- •Күйіктер
- •22 Сурет. Саусақтың үшінің күюі 1,2 және 3,4 дәрежелер
- •Оқиға орнында алғашқы көмек көрсету тәртібі.
- •23 Сурет. Тері жамылғыларының тұтастығын бұзбай
- •1,2Дәрежелі күйік кезінде көмек көрсету Үсік шалу.
- •Күннің өтуі және ыстық тию.
- •Улы заттармен улану.
- •Электр тоғымен жарақаттану.
- •Суға бату, тұншығу және иіс тию.
- •Зардап шеккендерді тасымалдау және жараға
- •26 Сурет. Жеке таңғыш пакеті
- •27 Сурет. Кеуде клеткасы жараланғанда зақымданушыны тасымалдау
- •Кеуде клеткалары мен ішті бинтпен орау.
- •32 Сурет. Кеудеге спиральды және масақ 33 сурет. Иық буынына таңғыш қою
- •Қолға және дененің төменгі жағына таңғыш қою тәртібі.
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •VIII. Тест сұрақтары
- •«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
- •010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62а
2. Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар.
Ви-икс-газдары. Олар аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның иісі болмайды. Суықта қатпайды. Суда баяу ериді – 5, ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді.
Ашық жатқан су көздерін /көл, өзен/ өте ұзақ уақыт бойы – 6 айға дейін зақымдандырады. Адамның терісіне, тыныс жолдары, киіміне сіңу арқылы уландырады.
Жазды күні бір жерде 7-15 тәулік бойы, ал қысты күні 2-3 айға дейін сақталып улайды.
Зарин – бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен тұйық су көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне тез сіңіп кетеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәулікке сақталады.
Осы тәріздес улағыш заттың бірі – Зоман. Ол да теріге өтіп, тыныс алу органдарын улайды. Организмге сіңіп алғаннан кейін орталық нерв жүйесіне зардабын тигізеді. Өлтіргіш қуаты бар кезінде адам жүректің сал болып ісінуінен өледі.
Қорғаныс жолы: теріні қорғау құралдарын және противогаз пайдалану, панаханаларға, арнайы баспаналарға жасырыну.
Улы заттардың барлығын химиялық байқау құралдары арқылы анықтайды.
Теріні күйдіріп, іріңдететін улағыш заттардың бірі – Иприт.
Ол сарымсақтың иісі бар сарғыш немесе қара қошқыл түсті сұйық зат. Органикалық еріткіштерге жақсы ериді. Әр түрлі лакты бояу жағылған заттарға, резинаға, саңылаулы материалдарға, адамның терісіне оп-оңай сіңіп кетеді. Адам терісі 2-3 сағатта қызарады да, жараға айналып 20-30 тәулік бойы жазылмайтын жара пайда болады.
Адам Иприттің буымен демалғанда бірнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра бастайды да, тез арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, адам тұншығып өледі.
Қорғаныс құралдары: противогаз, тері қорғау құрал-жабдықтары және арнайы баспаналар.
Синиль қышқылы. Бұл тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез буға айналып ұшып кетеді. Қату температурасы – 140С, адам синиль қышқылы тараған ауаны жұтқаннан уланады.
Қорғаныс жолы: противогаз, арнайы баспаналар пайдалану.
Синиль қышқылы химиялық құралдар арқылы анықталады.
Тұншықтырғыш улы зат (газ) – фосген.
Бұл түссіз газ түрінде болады, ауадан 3,5 есе ауыр. Шіріген шөптің иісі шығады. Буланған кезде адамды уландырады. Тегіс жерде 30-50 мин, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа сақталады. Адамды тыныс алу органдары арқылы зақымдайды. Мұнымен уланған адамға қолдан тыныс алдыруға болмайды. Бұл газдан қорғану жолы противогазбен баспананы пайдалану.
Әсері күшті улы заттар (әкуз).
ӘКУЗ – шаруашылық мақсатта қолданылатын зат, оларды қалай болса сақтау немесе төгілуі адамдардың жаппай улануына алып келуі мүмкін.
ӘКУЗ – жабық ыдыста қысыммен сақталады, ыдыс қирағаннан кейін қысым атмосфера қысымына дейін төмендейді.
ӘКУЗ – қайнайды (қайнау температурасы + 200С) және атмосфераға газ немесе бу түрінде бөлінеді. Олар үлкен қашықтыққа таралады. Сондықтан химиялық қауіпті объектіге жақын тұратын халық онда қандай ӘКУЗ – дың пайдаланылатындығын білуге тиіс. Химиялық зақымдау ошағының көлемі, оның адам терісіне тамшы сұйық түсуі және бумен демалу нәтижесінде болуы мүмкін.
Химиялық қауіпті объектідегі апат туралы дабыл жарияланғанда немесе қоршаған ортада улы заттар қауіп туғызғанда төмендегі іс-қимылды істеу қажет:
- улы заттардың тарағандығы жөнінде хабар келген соң тез арада противогаз және сол сияқты жеке қорғану құралдарын пайдалану керек;
- жақын жердегі панаханаға немесе арнайы жасырынатын орынға, ал олар жоқ болса, жақсы қымталған үй-жайға жасырынады;
Зақымдалған аумақпен жүрген кезде мына тәртіптерді мүлтіксіз сақтау қажет:
- жүгірмей және шаңдатпай тез жүгіру;
- төтенше жағдай ұйымдарының өкілінің бұйрығына дейін қорғаныс құралдарын шешпеу керек, жыраларды, шұңқырларды, батпақтарды, тонельдерді және улы зат жинақталып қалатын басқа да орындарды айналып өту;
- зардап шеккендерге, балаларға қажетті көмек көрсету.
ӘКУЗ төгілген кезде көрсетілетін немесе істелінетін іс-әркеттер
Хлор – төгілген кезде (ол ауадан ауыр) ең биік орындарды көтерілу қажет:
а) егер сіз төменгі қабаттағы пәтерде болсаңыз, жоғарғы қабатқа көтеріліңіз;
ә) егер сіз көшеде (далада) болсаңыз, биіктеу жерге шығыңыз.
Аммиак төгілген кезде (ол ауадан жеңіл) тез буланып жоғары көтеріледі, яғни төмен жерлерді таңдау қажет (жертөле).
Химиялық зақымдау туралы дабылды естіген бойда жеке қорғаныс құралын тез киіп, өзіңіз тұрған ғимаратты қымтаңыз:
- есік пен терезені жақсылап қымтаңыз;
- ондағы саңылауды шүберекпен, жапсырғышпен, пленкамен немесе ылғал қағазбен жабыңыз.
Егер дабыл сізді көшеде келе жатқан кезде берілсе, ықтимал зақымдану аумағыннан шығып, желге қарсы жүріңіз.
Тыныс органдарын қорғау үшін, тыныс органдарын аммиактан, метилхлоридтен және винилхлоридтен және басқа улы заттардан 30-100 минут бойы қорғайтын противогаз кию керек.
Аммиак сумен жақсы жайылады (суланған мақта-дәкі таңғышы көмектеседі).
Егер противогаз жоқ болса, тыныс органдарын қорғау үшін сумен немесе ауыз суының 2% (хлор төгілген кезде) және лимон (бор) қышқылының 5% (аммиак төгілген кезде) ерітіндісімен шайылған кез келген матаны пайдаланыңыз.
Тыныс органдарын хлордан қорғау үшін өзіңіздің немесе балаңыздың сұйық дәретімен шайылған мата таңғышын пайдаланыңыз.
Халықты ӘКУЗ-мен ықтимал зақымдану аумағынан көшуі негізінен улы бұлт жақындағанға дейін жүргізіледі.
Улы зат төгілген орынға аммиак суын, әк тұнбасын, кальциленген соданың ерітіндісін немесе 60-80% және одан артық концентрациядағы каустикті құяды (шамамен 2 л. ерітіндегі 1 кг хлор) суды немесе ерітіндіні ыдырату үшін су шашыратқыш өрт машиналарын, жылжымалы автожанармай станциаларын, сондай-ақ химиялық қауіпті объектідегі гидрант немесе арнайы жүйе қолданылады.
Аммиак көп төгілсе, жайлыған сұйықты топырақпен қоршайды, ал төгілген жерді әлсіз қышқыл ерітіндісін себеді, сумен шаяды.
Егер газ тәріздес аммиак төгілсе, онда су шашыратқыш, өрт машиналарының, жылжымалы автожанармай станциаларының сондай-ақ химиялық қауіпті объектідегі гидранттың көмегімен буды жұту үшін суды шашыратады.
Сақтанудың жолдарының бірі болып, мақта-мата таңғыштарын пайдалануға болады. Оларды дайындау жолдары үшін 50-100 см көлеміндегі дәке кесіндісінен жасайды. (Бастауыш сынып оқушыларына көлемі 80-40 см). Ортасы бойынша бір қалыпты қалыңдығы 20-30 см (15-20 см) 1-2 см мата қабатын жаяды. Дәке кесіндісінің бойымен екі жағынан да бүгіп, мақтаның үстіне қояды. Дәкенің ұшын екі байлау жұбы шығатындай етіп қияды.
Апаттың осы түрі болғанда адамдар қандай қимыл жасауы керек:
Химиялық қауіп немесе улы заттардың тарағаны туралы қалалық Азаматтық қорғаныс штабынан забар түседі. Хабарды естісімен, противогаз кию керек, ол болмаған жағдайда, жамылғы немесе басқа нәрселерді басқа жауып, тез арада жақын жердегі паналау орнына жетуге қам жасау керек. Егер үйде не жұмыста болсаңыз, сол жердің терезесін, есігін қолда бар нәрсемен тығындап, үйге улы зат немесе газ кірмейтіндей ету керек. Ескеретін жай улы газдар апаты болғанда үйдің төменгі және жерасты қабатын панамалауға тырысыңыз, себебі тараған улы заттар ауадан ауыр болса, төменге жиналады.
Төтенше жағдай соғыс қақтығысуларынан да болуы мүмкін.
Олардың әсерінен электр жүйелері, су, жылу құбырлары бұзылады. Өндіріс орындары жұмысын тоқтатады, адам шығыны болады, осыдан оларды құтқару қажеттігі келіп туады. Мұндай апаттың зардабын жою немесе бәсеңдету үшін Азаматтық қорғаныс күштерін іске қосуға тура келеді.
Төтенше жағдайдың зардабын жою мақсатында істелетін жұмыстар:
- Күнделікті жүріп жатқан жұмысты, оқуды, өндіріс заттарын өңдіруді халыққа түрлі қызмет (сауда, көлік жұмысы) көрсетуді тоқтатпау.
- Кенеттен болатын жұмыстардың сипатына, көлеміне қарай дереу шара қолданылуы керек.
- Байланыс жұмысын үзбеуге, тиісті мәліметті дер кезінде түсуін қамтамасыз еткен жөн.
- Апат болған ауданға барар жолдың ашылуына көңіл аудару қажет.
- Апаттың қоршаған ортаға тигізген зардабының сипатын және көлемін барлап, анықтау керек.
- Апат болған жағдайда адамдардың арасындағы қарым-қатынасы зерттеп, (қақтығысулар, үрейленушілік, ұрлық, тонау) қоғамдық тәртіпті сақтауға көңіл бөлі.
- Әр түрлі мекемелердің өзара қарым-қатынасын үзбеуін, байланыстарын ұйымдастыру.
- Жоғарыда айтылған жоспарларды қызметкерлерге алдын-ала ескертіп, таныстыру қажет.
Аммиакпен зақымдану ошағы – тұрақсыз, жылдам әсер етеді. Ошақтағы аммиактың агрегаттық күйі – газ, аэрозоль. Зақымдаушы мөлшері – 15 мг/мин/л, ең қауіпті мөлшері 100 мг/мин/л.
Аммиак – түссіз газ, ауа ылғалдылығымен қосылған кезде мүсәтір спиртін құрайды, оттегімен қосылған кезде жарылады.
Тыныс алу органдарын қорғау үшін өндірістік газқағарлар пайдаланылады. Газқағар жоқ болса, 5% лимон қышқылы ерітіндісімен шайылған мақта-мата дәкісі пайдаланылады. Ошақтағы агрегаттың күйі – газ тәріздес. Негізінен тыныс жолдары арқылы зақымдайды.
Алғашқы медициналық көмек – зақымдану ошағында өз-өзіне және өзара көмек тәртібімен жүргізіледі.
- көзді алюминий-калийдің 0,5% ертіндісімен немесе бор қышқылының 2% ертіндісімен жақсылап шаю;
- газқағар немесе 5% лимон қышқылы ерітіндісімен шайылған мақта-мата таңғышын кигізу;
- тамшы теріге тиген кезде оны сумен жақсылап шаю, ТЖ және АҚ органдары нұсқауы бойынша желге қарсы бағытта зақымдану ошағынан шығу;
Аммиак бумен зақымданушыны тыныштық күйде күту керек, көңіл-күйінің қандай екендігіне қарамастан жатқызып қойып алып кеткен жөн.
Азот қышқылымен және тотығымен зақымдану ошағы – жартылай берік, баяу әсер етеді, агрегаттық күйі – сұйық тамшы, аэрозоль, бу тәріздес. Зақымдаушы мөлшері – 1,5мг/мин/л, ең қауіпті мөлшері 7-8 мг/мин/л.
Тыныс алу органдарын қорғау үшін сүзгілік, өндірістік газқағарлар пайдаланылады. Газқағар жоқ болса мақта-мата таңғышы, орамал пайдаланылады (ас содасының 2%-тік ерітіндісімен шайылған).
Алғашқы медициналық көмек:
- көз бен бетті сумен жақсылап шаю;
- газқағар немесе 2% тамақ содасы ерітіндісімен шайылған мақта-мата таңғышын кигізу;
- терінің ашық жерлерінен азорт қышқылының тамшыларын сумен 10-15 минут бойы жақсылап шаю;
- зақымданушыны тыныштық күйде күту керек, көңіл – күйінің қандай екендігіне қарамастан жатқызып қойып алып кеткен жөн.
Бензинмен зақымдану ошағы – тұрақсыз, жылдам әсер етеді. Зақымдаудың улылық дозасы – 198мг/мин/л.
Бензин – бұл майлы (90-95%) және ароматты (5-10%) әртүрлі көміртегілердің қоспасы, ұшатын, жылдам тұтанатын сұйық.
Тыныс алу органдарын қорғау үшін сүзгілік, өндірістік газқағарлар пайдаланылады. Газқағар жоқ болса мақта-мата таңғыш, орамал пайдаланылады (ас содасының 2%-тік ерітіндісімен шайылған).
Алғашқы медициналық көмек:
- зақымданушыны таза ауаға шығарып жаға мен белбеуді босату;
- газқағар немесе 2% тамақ содасы ерітіндісімен шайылған мақта-мата таңғышын кигізу;
- теріде у тамшысы болса, оны сабын ертіндісімен шаю;
- есінен таңған жағдайда мүсәтір спиртін иіскету, тыныс алу тоқтаған кезде жасанда демалдыру;
- зақымданушыны зақымдану ауданынан алып кету.
Хлормен зақымдану ошағы – тұрақсыз, жылдам әсер етеді. Ошақтағы күйі газ тәріздес. Негізінен тыныс жолдары арқылы зақымдайды. Зақымдаушы мөлшері – 0,6 мг/мин/л, ең қауіпті мөлшері 6,0 мг/мин/л.
Хлор - өткір иісті газ, ауадан 2,5 есе ауыр.
Тыныс органдарын қорғау үшін сүзгіштік және өндірістік газқағарлар пайдаланылады. Газқағар жоқ болса мақта-мата таңғыш, орамал пайдаланылады (2% ерітіндісімен шайылған).
Алғашқы медициналық көмек:
- көзді сумен шаю;
- газқағар немесе 2% тамақ содасы ерітіндісімен шайылған мақта-мата таңғышын кигізу;
- терінің зақымданған жерлерін у тамшысы болса, сабын ерітіндісімен шаю;
- хлор буымен зақымданушыны зембілмен алып кетеді.
Көміртегі тотығымен зақымдану ошағы – тұрақсыз жылдам әсер етеді. Агрегаттық күйі – газ. Зақымдаудың улылық дозасы – 33 мг/мин/л; қазаға ұшырататын дозасы 136,5 мг/мин/л.
Зақымдану тек ингаляция жолымен өтеді, тұйықталған, нашар желденетін жерде газ жиналған уақытта зақымдану өте қауіпті. Зақымдану белгілері: бас ауырады, құлақ шулайды, жүрек айныйды, құстырады, бұлшық ет әлсірейді, ес ауады, дене құрысады, кіші дәрет тоқтамайды, тыныс алу орталығының құрысуынан адам қаза болу мүмкін. Көміртегі тотығы алуын тоқтатады. Ошақтағы зақымданушылардың көпшілігі ауыр және орта дәрежедегі улануға ұшырайды.
Тыныс алу органдарын қорғау үшін топкалипті патроны тар газқағар, өнеркәсіптік сүзгілік немесе оқшаулағыш газқағар пайдаланылады.
Алғашқы медициналық көмек:
- газқағар кигізу;
- тыныс алу көп нашарлаған кезде оттегіні денеге еңгізу;
- зақымданушыны зақымдану ауданынан тезірек алып кету.
Бақылау сұрақтары:
Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлері қандай?
Улы заттар жаппай қыру мақсатта қолданғанда олар қандай күйде болуы мүмкін?
Улы затпен зақымдаудың қандай ерекшеліктері бар?
Хлор адамның қандай органдарын зақымдайды?
Адамдардың хлордан зардап шеккенде қандай алғашқы көмек көрсетіледі?
Аммиак адамға қалай әсер етеді?
Аммиакпен зақымданған адамдарға алғашқы көмек қалай көрсетіледі?
Ви-икс-газдары дегеніміз не?
Ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық уландырғыш зат?
Зоман адамның организмін қалай зақымдайды?
Иприт уландырғыш зат қандай қасиетке ие және адамға қалай әсер етеді?
Синиль қышқылы дегеніміз не?
Фосген қандай улы зат?
Қоршаған ортада улы заттар қауіп туғызғанда қандай іс-әрекетті істеу қажет?
Апаттың немесе төтенше жағдайдың зардабын жою мақсатында істелетін жұмыстар?
Азот қышқылымен және тотығымен зақымдану ошағы және алғашқы медициналық көмек қандай?
Бензинмен зақымдану ошағы және алғашқы медициналық көмек қандай?
Көміртегі тотығымен зақымдану ошағы және алғашқы медициналық көмек қандай?
Тест сұрақтары:
1. Иприт және люизит улағыш заттардың қай тобына жатады?
А) теріні күлдіретіп әсер ететін УЗ
В) тұншықтырып әсер ететін УЗ
С) теріні күйдіріп әсер ететін УЗ
Д) жалпы уландырып әсер етуші УЗ
Е) қоздырғыш УЗ
2. Өте күшті әсер ететін улағыш заттар?
А) дефолианнтар, десиканттар
В) фосген, дифосген
С) саңырауқұлақтар, риккетсиялар
Д) хлор, аммиак
Е) гербициттер, арборицидтер
3. Бір сары сақинасы бар индикатор түтікті ашып, насосқа енгізіп, 60 рет ауа айдайды, түтікті насостан шығарып 1 мин.ұстап тұрады да, түтіктегі толтырғыштың түсін кассетаның эталонымен салыстырады. Аталған түтік қандай УЗ-ды анықтау үшін арналған?
А) теріні күлдіретіп әсер ететін УЗ
В) нерв жүйесін зақымдап әсер ететін УЗ
С) тұншықтырғыш УЗ
Д) жалпы уландырып әсер ететін УЗ
Е) тыныс алу жолдарын тітіркендіретін
4. Үш жасыл сақинасы индикатор түтіктері қанша УЗ-ды анықтауға арналған:
А) нерв жүйесі зақымдайтын УЗ
В) жалпы улап әсер ететін УЗ
С) көздің жасын шығарып әсер ететін УЗ
Д) тітіркендіргіш (қоздырғыш) УЗ
Е) теріні күйдіретін әсер етуші УЗ
5. Жалпы улап әсер ететін УЗ:
А) зарин, зоман
В) синия қышқылы, хлорцин
С) фосген, дифосген
Д) иприт, люизит
Г) адамсит, хлорпикрин
6. Көміртегі тотығымен зақымдану ошағының улылық дозасы ?
А) 33 мг/мин/л
В) 34 мг/мин/л
С) 35 мг/мин/л
Д) 37 мг/мин/л
Е) 36 мг/мин/л
7. Хлормен зақымдаушы мөлшері ?
А) 0,6 мг/мин/л
В) 0,8 мг/мин/л
С) 0,9 мг/мин/л
Д) 0,3 мг/мин/л
Е) 0,2 мг/мин/л