Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

Өнеркәсіптік газқағарлар.

Химиялық қауіпті объектілер қызметкерлерін қорғау үшін өнеркәсіпті газқағарлар жасалынады. Олар сүзгілік газқағарлар сияқты тыныс алу органы, көз бен бетті зақымданудан сақтайды. Олардың қолданылу аясы тар, адамды тек нақты жағдайларда ғана зиянды заттардан қорғайды. Сондықтан да олардың сүзгілік қорапшасы жұтқыштар құрамы бойынша қатаң мамандандырылған және ауадағы улы затты немесе зиянды қоспаны тазартады. Өнеркәсіптік газқағарлардың сүзгілік қорапшаларының осы маркаға сай өз мақсаты және бояуы бар.

Кесте 3 - Өнеркәсіптік газқағарларының жіктелісі

Қорапшаның түрі

Қорапшаның түсі

Қандай заттардан қорғайды

А

қоңыр

Фосфорлы және хлорлы органикалық улы химикаттардан, органикалық қосылыстар буынан (бензин, керосин, ацетон, бензол, күкіртті көміртегі, тетраэтилқорғасын, толуол, ксиллол, спирт, эфир)

Б

сары

Фосфорлы және хлорлы органикалық улы химикатттардан, қышқыл газ бен булардан (хлор, күкүртті газ, синил қышқылы, азот тотығы, фосген, хлорлы сутегі)

В

қара

Сынап буынан этилмеркурхлорид негізінде органикалық улы химикаттардан

Г

Бір жағы

қара, бір жағы сары

Мышьякты және фосфорлы сутегінен

Д

қара

Аммиактан, күкіртті сутегінен және оның қоспасынан

Е

қорғаныс

Органикалық заттар буынан, мышьякты және фосфорлы сутегінен

Ж

қызыл

Аммиактың, органикалық қосылыстар буының, күкіртті сутегінің, мышьякты және форсфорлы сутегінің шағын мөлшері бар көміртегі тотығынан

З

сұр

Көміртегі тотығынан

Соңғы шыққан өнеркәсіптік газқағарларға ПФМ-1, ППФ-95М, ПФМ-3П, ППФМ-97, ППФ-95, ППФ-87 жатады.

2. Тыныс алу органдарын құрайтын қарапайым құралдары.

Тыныс алу органдарын құрайтын қарапайым құралдары ретінде қарапайым мақта-мата дәкісін және шаңнан қорғайтын мақта-мата маскасын (ПТМ) пайдалануға болады.

Тыныс алу органдарын радиоактивті шаңнан, зиянды газдан, будан және аэрозоль қоспасынан қорғаудың қарапайым құралы ретінде респираторлар қолданылады.

3 Сурет. Р-2 респираторы:

а – жалпы көрінісі, б – в «қолданылатын жағдайы»:

1-корпус; 2-демалу клапаны; 3-дем шығару клапаны;

4-мұрын қысқышы; 5-басты байлағыш.

Респиратор жүзікті полиэтиленді пакетте сақталады.

Р-2 респираторы үш өлшемде шығарылады.

Р-23 респиратордан басқа өнеркәсіптік газқағарлар (ПР-5, ПРБ-5, ШБ-1, У-2К, РУ-60, Ф-62М, ПРШ-2-59, РПА-1, ЛУР-ГП, РПГ-67 және т.б.) кеңінен пайдаланылады.

ПТМ-1 шаңнан қорғайтын мата маска.

Корпусы матаның 4-5 қабатынан тұрады. Үстіңгі қабаты үшін штапель, миткаль, тоғыма, бязь, ішкі қабаттар үшін фланель, бомазей, мақта-мата немесе жүн мата жарамды. Масканың бекіткіші жұқа материалының бір қабатынан жасалынады. Тігісі бойынша маска корпусымен бекіткіші жасалады, ұзындығы 1,8-1,5 см жоғарғы және көлденең резинасын даярлайды масканы тігеді. Көзді қорғау үшін маска ойығына шыны, плексиглаз немесе целлулоид қойылады.