Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

Негізгі әдебиеттер.

1. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ТЖ АҚ курстары.

2. ҚР Төтенше жағдайлары туралы заңы, Алматы,  ж

3. ҚР Азаматтық қорғаныс туралы заңы. Алматы,  ж.

4. ТЖ және АҚ Респуликалық курстары. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. 1 және 2 кітап. Алматы, 2003.

5. Арпабеков С. Өмір тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2004.

6. Абдыров А.М., Кезенбаева С.А. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінен оқу әдістемелік кешен. Астана, 2004.

7. Суровцев А.А., Мельников Е.Н. мемлекеттік тілге аударған Жүнісбаев Н.А. Тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2003.

8. Әлімбеков Е. Азаматтық қорғаныс-бүкіл халықтық іс. Алматы,1986.

9. Габдуллина М.Х., Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е. Өмір тірішілік қауіпсіздігі және экология негіздері бойынша тест сұрақтары. Астана, 2006.

10. Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е., Мұстафин Ж.Ж. Тіршілік қауіпісіздігі пәні бойынша ЖОО оқитын студенттерге арналған әдістемелік нұсқау. Астана, 2005.

11. Акимов Н.И., Ильин В.Г. ГО на объектах с/х производства. .

12. Николаев Н.С. ГО на объектах АПК  М.  90.

13. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности Курс лекций.

Алматы. .

14. Белов В.С. Безопасность жизнедеятельности. М. .

Қосымша әдебиеттер.

1. Журнал Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық -әдістемелік жинақтары.

2. Әлімбеков Е., Малгазин С. Азаматтық қорғаныс терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.

3. Информационнометодический сборник материалов по ЧС и ГО.

Выпуски , АЧС РК.

4. Егоров П.Т. и др. Гражданская оборона, 1997.

5. Наставление по организации и ведению ГО в районе сельском и на с/х объектах народного хозяйства, 1977.

6. Краткие методические рекомендации по курсу ГО. - Алматы, 1995.

7. Информационно-методическое издание для преподавателей. Основы безопасности жизнедеятельности, - М., 2002. [kgl]

[gl] №4 САБАҚ. Тақырып: Жеке қорғаныс құралдары. [:]

Сабақ мақсаты: Тыныс алу органдарын, көзді және тері жамылғыларын УЗ-дан, ҚӘУЗ буынан, ауру тудырғыш микробтардан қорғайтын жеке қорғаныс құралдармен танысу.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Тыныс алу органдарын қорғау құралдары.

2. Тыныс алу органдарын құрайтын қарапайым құралдары.

3. Теріні қорғау құралдары.

4. Теріні қорғаудың қарапайым құралдары.

5. Жеке қорғаныстық медициналық құралдары.

Жеке қорғаныс құралдары тыныс алу органдарын, көзді және тері жамылғыларын УЗ-дан, ҚӘУЗ буынан, тамшыларынан және аэрозольдерден, сондай-ақ радиоактивті шаңның, ауру тудырғыш микробтар мен токсиндердің түсуінен қорғайды. Олар тыныс алу органдарын қорғау және теріні қорғау құралдары болып бөлінеді.

1. Тыныс алу органдарын қорғау құралдары.

Бұған: газқағарлар, респираторлар, мақта-мата таңғыштары мен шаңнан қорғайтын маскалар, сондай-ақ оқшаулағыш газқағарлары жатады.

Сүзгілік газқағарлардың жұмыс істеу принциптері.

Ластанған ауаны жұтқан кезде ол сүзгіш-жұтқыш қорапқа түседі, сонда тазаланған соң үстіңгі бөліктің астына және тыныс алу органына түседі, ауамен қорапшаны айнала өтіп үстіңгі бөліктен үрленген кезде сыртқа шығады.

Бумен газды жұту адсорбция, хемосорбция және катализ арқылы, ал түтін мен туманды (аэрозольді) жұту, сүзу арқылы жүргізеді.

Адсорбция –адсорбент деп аталатын қатты дененің үстіндегі газ бен буды жұту. Сүзгілік газ қағарларда активтелген (ағаш) көмір адсорбент болып табылады.

Хемосорбция – УЗ, ҚӘУЗ-дің олардың өңдеу процесінде активтелген көмірге жағылатын химиялық белсенді заттармен ықпалдасуы есебінен жұтылуы.

Катализ- катализатор деп аталатын заттардың ықпалымен химиялық реакциялар жылдамдығының өзгерісі. Катализатор ретінде мыс, күміс және хром тотығы пайдаланылады.

Түтін мен туманды (аэрозольді) сүзгілеу қаңылтырды құрайтын талшықты материалдан әзірленген түтіннен қорғайтын сүзгімен жүргізіледі.

Халықты қорғау үшін ГП-5 (ГП-5М) және ГП-7 (ГП-7В, ГП-7ВМ) газқағары қолданылады.

. Сурет. ГП газқағары

ашлеммаска б­газқағар қорабы в­пленкалы қорап г­дорба.

ГП-5 газқағары адамның тыныс алу органдарын, көзін және бетін радиоактивтік, улағыш қатты әсер ететін заттардан қорғауға арналған.

Ол сүзгілік-жұтқыш қорапшамен алдыңғы беттен (шлем-маска) тұрады. ГП-5М газқағарының жиынына сөйлесу қондырғысына арналған мембраналы қорапшасы бар шлем-маска кіреді.

Шлемнің қажетті өлшемін таңдау үшін 63 см дейінгі нөлдік өлшем алынады, 63,5-тен 65,5 см дейін-бірінші, 66-дан 68-ге дейін –екінші, 6 -8,5 –тен 70,5 см дейін – үшінші, 71 см бастап одан жоғары – төртінші. Өлшем масканың төменгі бөлігінде көрсетіледі. Маска резина ілгішінен жасалынады.

Шлем маскада жай шыныдан жалпақ көз әйнек істелінген. Шынымен бірге көзәйнек манжетіне серіппелі жүзікпен резиналық төсем жапсырылған.

Жұтқыш-сүзгіш (газдан қорғайтын) қорапша қаңылтырдан жасалынады, дөңгелек болып келеді, қорапша қақпағының, газ қағарының үстіңгі бөлігімен қосылу үшін арналған таңылған ауызы бар.

Қорапшаның астында дөңгелек саңылау орналасқан, ол арқылы жұтылған ауа түседі, сақтау кезінде резиналық тығын жабылады.

Металды қорапты тоздыруынан сақтау үшін сырлайды, ал ішіне қара лак жағады. Түтіннен қорғайтын сүзгімен және көмірмен (ауа ағыны бойынша) және катализатормен (шахтамен) жабдықталады.

Клапандық қорапша жұтылған және шыққан ауа ағынын бөлу үшін қызмет етеді. Онда бір жұту және екі үрлеу клапаны бар.

ГП-7 газқағары – ең соңғы, ең жаңа үлгілердің бірі.

Газқағардың алдыңғы бетін үш өлшеммен әзірлейді.

ГП-7-ні ГП-5-пен салыстырғанда пайдалану және физиологиялық көрсеткiштерi бойынша бiр қатар артықшылығы бар. Сүзгiлiк жұтқыш қорапша қарсылығының азаюы тыныс алуды жеңiлдетедi. Тәуелсiз обтюратор берiк қымталуды қамтамасыз етедi және сонымен қатар алдыңғы бетте газқағардың басқа қысымын азайтады. Тыныс алу қарсылығының және басқа қысымның төмендеуi газқағарды кию уақытын ұзартуға мүмкiндiк бередi. Оны 60-тан асқан қарт адамдар, сондай-ақ өкпесi мен жүректамыр сырқатына шалдыққан адамдар кие алады.

Газқағарда сөйлесу қондырқысының (мембрананың¸ болуы айтылған сөздiң анық жетуiн қамтамасыз етедi, байланыс құралдарын) радио, телефон¸ пайдалануды айтарлықтай жеңiлдетедi.

ГП-7 алдыңғы бөлігінің қажетті үлгілік өлшемін таңдау басты тікелей және көлбей қамти отыра өлшеу нәтижесінің негізінде өткізіледі. Көлбей қапсыру қас тоғасының алдынан, мұрын кеңсіргінің шетінен 2-3 см жоғары бүйірден және бастың ең шығыңқы нүктесінің артынан өтетін тұйық сызық бойынша басты өлшеумен анықталады. Тікелей қапсыру ұрт, иек, және төбе арқылы өтетін тұйық сызық бойынша басты өлшеумен анықталады. Өлшеу 5 мм дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді. Екі өлшемнің жиыны бойынша қажетті үлгілік өлшем маска өлшемі мен жастықша, аспа бауы тіректерінің (1) жағдайы белгіленеді. Бірінші цифрмен маңдай ілме бауының, екінші цифрмен самай ілме бауының, үшінші цифрмен ұрт ілме бауының нөмірі көрсетіледі.

Жастықша ілме бауының жағдайы газқағарды қиюластырған кезде белгіленеді.