- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі с.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
- •Пәннің оқу-әдісемелік кешені
- •«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәннің оқу-әдісемелік кешені
- •Мазмұны
- •І. Уақытша типтік оқу бағдарламасы
- •Іі. Студенттерге арналған бағдарлама
- •1. Пән туралы мәліметтер
- •Оқу уақытын бөлу
- •3. Постреквизиттер
- •4. Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •5. Дәріс сабағының тізбегі
- •7. Практикалық сабағының тізбегі
- •9. Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •10. Курстың саясаты:
- •III. Пәннің оқу-әдістемелік қамтуы
- •IV. Пәннің тапсырмасын тапсыру графигі
- •V. Глоссарий
- •VI. Дәріс конспектілері
- •«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты және мазмұны.
- •Маманды дайындауда курстық негізгі есептері.
- •1. Қазақстан Республикасының Азаматтық қopғaныc және төтенше жағдай саласындағы заңдарының рөлi мен маңызы
- •1.1 Қазақстан Республикасының «Табиғи және тexнoгeндiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңы
- •1.2 Қазақстан Республикасының «Авариялық -құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы» заңы
- •Негiзгi ұғымдар:
- •1.3 Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» заңы
- •Heгізгi ұғымдар:
- •1.4 Қазақстан Респу6ликасының «Өрт қаyiпсiздiгi туралы» заңы
- •Heгiзгi ұғымдар:
- •1.5 Қазақстан Республикасының «Халықтың радиациялық қаyiпсiздiгi туралы» заңы
- •Негiзгi ұғымдар:
- •1.6 «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының заңы
- •1.7 «Қаyiптi өндipicтiк объектiлердегi өнepкәciптiк қаyiпсiздiк туралы»Қазақстан Республикасының заңы
- •1.8 «Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңы
- •Негiзгi ұғымдар:
- •1.9 «Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Респу6ликасының 3аңы
- •Негiзгi ұғымдар мен терминдер
- •4. Тқ қамтамасыз еткенде ұйымдастыру және теориялық негіздері.
- •Тж жөнiндегi қр орталық атқарушы органның өкiлеттiгi
- •Төтенше жағдайлар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •1. Жоғары оқу орындарының Азаматтық корғанысын ұйымдастыру.
- •2. Шаруашылық объектiсi Азаматтық корғанысының ұйымдық құрылымы.
- •3. Ақ құрамалары, оның мақсаты мен құрылу тәртібі.
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •1. Төтенше жағдайлардың жіктелуі және пайда болу себептері.
- •Табиғаттағы тосын жағдай.
- •Адамның табиғаттағы өзiнөзi ұстауының кейбiр тәртiптерi.
- •2. Өндірістік авариялар мен апаттардың сипаттамасы.
- •3. Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі
- •4. Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары.
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •1. Ядролық қарудың жарылыс ошағы.
- •2. Адамға радиацияның әсері.
- •3. Халықты радиациядан қорғау шаралары.
- •Иондаушы сәулеленудiң негiзгi сипаты.
- •4. Халықты қaтты әсер eтeтiн улы заттардан қорғау шаралары.
- •5. Халықты қәуз бен р3-дан қорғау.
- •7. Химиялық қару. Биологиялық қapy.
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •Радиоактивтілік, табиғи радиоактивтілік.
- •Аумақтық радиоактивті ластануы.
- •Адамға сәуле алудың қаупі.
- •Хайуанаттардағы сәулелену ауруы.
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •1. Радионуклидтер мен ауылшаруашылық өсімдіктері азық-түлік пен судың ластануы.
- •2. Қатты әсер ететін улы заттар мен улағыш заттар негізгі түрлерінің сипаттамасы.
- •3. Қатты әсер ететін улы заттар.
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •1. Радиациялық зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық көмек, ішінара санитарлық тазалау жүргізу тәртібі.
- •3. Улағыш заттардың жіктелісі.
- •4. Организмнің әртүрлі уз топтарымен зақымдану белгілері.
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •Машықтану сабақтар
- •Радиациялық барлау приборлары.
- •2. Дозиметрлік бақылау приборлары.
- •5 Сурет. Ид-1 өлшегіш дозасының жиынтығы
- •Химиялық барлау приборлары.
- •6 Сурет. Әскери химиялық барлау приборы (әхбп)
- •Халықты радиациядан қорғау шаралары.
- •Иондаушы сәулеленудiң негiзгi сипаты.
- •Зақымдану ошағындағы радиациялық ахуалды бағалау.
- •Зақымдану ошағындағы химиялық ахуалды бағалау.
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •1. Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістері.
- •2. Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаудың негізгі принциптері.
- •1. Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу;
- •2. Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзкарас.
- •3. Қорғаныс әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас (инженерлік шаралар, көшіру шаралары, радиация мен химиядан қорғау шаралары, медициналық шаралар, өрттен қорғау шаралары).
- •4. Қр Қарулы Күштерімен тығыз байланыста қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу.
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •1. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары.
- •2. Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі.
- •3. Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі.
- •4. Көшіру және қоныстандыру. Көшіру және қоныстандырудың принциптері және көшіру әдістері.
- •5. Көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері.
- •6. Көшіру шараларын жоспарлау.
- •7. Материалдық құндылықтарды көшіру тәртібі.
- •8. Көшіру шараларын жүргізу.
- •9. Қоныстандыру мен көшіруді қамсыздандыру.
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •1. Тыныс алу органдарын қорғау құралдары.
- •Кесте 2 - Газқағардың алдыңғы бөлігін қиыстыру тәртібі
- •Балалар газқағарлары.
- •2 Сурет. Гп-4у газқағары:
- •Қосымша патрондар
- •Оқшаулағыш газқағарлар
- •Өнеркәсіптік газқағарлар.
- •Кесте 3 - Өнеркәсіптік газқағарларының жіктелісі
- •2. Тыныс алу органдарын құрайтын қарапайым құралдары.
- •3 Сурет. Р-2 респираторы:
- •4 Сурет. Шаңнан қорғайтын мата маскасы птм а
- •3. Теріні қорғау құралдары.
- •12. Сурет. Л жеңіл қорғаныс костюмі
- •13. Сурет. Оп жалпы әскери қорғағыш жиынтығы
- •4. Теріні қорғаудың қарапайым құралдары.
- •5. Жеке қорғаныстық медициналық құралдары.
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •1. Суды, азық-түлікті, жем мен су көздерін төтенше жағдайда қорғау және залалсыздандыру. Су мен азық-түлік тағамдарын үй жағдайында қорғау.
- •Су көздерін, су ұстағыш скважиналарды, құдықтарды, бұлақтарды, суғару және сумен жабдықтау су көздерін қорғау.
- •Су құбырларын қорғау.
- •Шахталық құдықтарды қорғау.
- •Бұлақтарды қорғау.
- •2. Малға арналған жемді қоймада және дала жағдайында сақтау.
- •4. Малды ветеринарлық тазалау.
- •7 Сурет. Жер сілкінісінен кейінгі құлаған жерлерді тазалау
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлері.
- •2. Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар.
- •Әсері күшті улы заттар (әкуз).
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •Халықты жер сiлкiнiсi қаyпiнен және ол болған уақытта қopғay.
- •2. Сейсмика жағрафиясы, аса күштi жер сiлкiнiсi.
- •Жер сiлкiнiсiн болжау. Жер сiлкiнiсi болған жағдайда адам өмірін сақтay мен шығынды азайту шаралары.
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •1. Жарақаттану және сәтсіз оқиға болғанда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Жарақат кезіндегі организмнің жалпы реакциясы.
- •Талықсу.
- •Коллапс.
- •Естен тану.
- •2. Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Жарақат.
- •8 Сурет. Жараға бинтпен таңғыш қою
- •9 Сурет. Қанның күре тамырдан ағуы 10 сурет. Қанның көк тамырдан ағуы
- •11 Сурет. Күре тамырдан қысатын дағдылы жерлер
- •12 Сурет. Күре тамырды саусақпен қысу
- •13 Сурет. Аяқ қол буындарын бүгу арқылы қанды тоқтату
- •16 Сурет. Қолға бұрау қойып қанды тоқтату 17 сурет. Ақолдың жабық сынығы,
- •Сүйектің сынуы, буынның шығуы, дененің сыдырылуы, тілінуі және сіңірдің созылу
- •18 Сурет. Зардап шегушіні шинамен тасымалдау кезінде басын тиянақтау
- •19 Сурет. Білек сүйегі сынған кезде шина қою
- •20 Сурет. Сан мен сирақ сынған кезде иммобилизациялау сынықтары болады
- •Күйіктер
- •22 Сурет. Саусақтың үшінің күюі 1,2 және 3,4 дәрежелер
- •Оқиға орнында алғашқы көмек көрсету тәртібі.
- •23 Сурет. Тері жамылғыларының тұтастығын бұзбай
- •1,2Дәрежелі күйік кезінде көмек көрсету Үсік шалу.
- •Күннің өтуі және ыстық тию.
- •Улы заттармен улану.
- •Электр тоғымен жарақаттану.
- •Суға бату, тұншығу және иіс тию.
- •Зардап шеккендерді тасымалдау және жараға
- •26 Сурет. Жеке таңғыш пакеті
- •27 Сурет. Кеуде клеткасы жараланғанда зақымданушыны тасымалдау
- •Кеуде клеткалары мен ішті бинтпен орау.
- •32 Сурет. Кеудеге спиральды және масақ 33 сурет. Иық буынына таңғыш қою
- •Қолға және дененің төменгі жағына таңғыш қою тәртібі.
- •Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер.
- •VIII. Тест сұрақтары
- •«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
- •010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62а
7. Материалдық құндылықтарды көшіру тәртібі.
Қауіпсіз аймаққа әкетілуге тиіс материалдық кұндылық тізбесін ҚР үкіметі, облыстық, қалалық әкімдер, министрліктер мен ведомстовлар анықтайды. Қалалардан бірінші кезектегі мыналар әкетуге тиіс: қауіпсіз аймаққа қоныстандырылатын халықты жабдықтауға арналған азық-түлік, дәрі-дәрмек өнеркәсіптік товарлары, сондай-ақ мұражай мен банк құндылықтары, архив материалдары, айырықша қондырғылар. Материалдық кұндылықтарды көшіру бойынша шараларды өтінім негізінде көлік органдары жоспарлайды. Жүк тасымалының көлемі көлік, арту, жұмыс күші, механизация құралы мүмкіндігін ескере отырып күн бойынша анықталады.
Мүмкіндігінше жүктерді алып кету халықты тасымалдаумен қатар, ал мүмкіндік жоқ болса ол аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Халықты көшіру мен қоныстандыру басталысымен халық көшірілген қалалардан әкелінген жүктерді жөнелту ұйымдастырылады. Жөнелту үшін жабдықтау, көлік және жергілікті атқару органдары өкілдері қатарынан жедел топ құрылады. Маңызды материалдық кұндылықтарды әкету үшін үкімет шешімімен әуе көлігі пайдаланылуы мүмкін.
8. Көшіру шараларын жүргізу.
Көшіру органдары халықты қоныстандыру мен көшіруді ҚР үкіметі арнайы өкімін алғаннан кейін ұйымдастырып жүргізеді.
Тікелей көшіру шараларын жүргізумен ұйымдардың АҚ бастықтары мен штабтары, КМК басқарушылары, қалаларда (аудандарда) құрылатын көшіру комиссияларының басшылығы айналысады.
Көшіру оны хабарлағаннан кейін қысқа мерзімде өткізіледі. Бұл шараларды өткізуге өндірістік және шаруашылық шұғыл тасымалдардан бос қоғамдық көліктің барлық түрлері (теміржол, автокөлік, су және де авиациялық), сондай-ақ жеке меншік көлік пайдаланылады. Көшіруге жататын тұрғындардың бір бөлігі жаяу шығарылуы мүмкін.
Көшіруді өткізу туралы өкімді алған сәтте, АҚ бастықтары және қалалық (аудандық) ТЖ басқарма органдары АҚ қызметтерімен және көшіру комиссияларымен бірлесіп, әзірленген жоспарларға сәйкес кәсіпорындардың және мекемелердің, оқу орындардың, КМК және т.б. басшыларына, ал олар өз кезегінде жұмысшылар мен қызметшілерге, олардың отбасыларына және қалған тұрғындарға жиналу-көшіру пунктіне жету уақыты туралы хабарлайды. Халықты хабарландыру үшін әртүрлі хабарлағыштар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары – радио, теледидар, баспасөз және т.б. қолданылады.
ПИК басшылары жұмыс істемейтін халықты хабарлау мен жинауды ұйымдастырады. Жалғыз бастылар мен басқаның көмегіне мұқтажды көшіру органдарына жеткізеді.
Әскери басшылық ықпалдастық жоспарына сәйкес көшіру шараларын қамсыздандыру үшін көлік бөледі, көпірлер мен өткелдерді пайдалануды нақтылайды, ахуалдың өзгерісі туралы хабарлайды және қажет жағдайда ТЖ бойынша басқару органдары мен көшіру органдарына жоспарға өзгеріс туралы ұсыныс береді. Ол қоғамдық тәртіпті, коменданттық қызметті, қозғалысты реттеу мен бағытты барлауды ұйымдастыру мен іске асыруға көмек көрсетеді. Кеткен әскерлердің бос орны мен әскери калашықтар мен әскерлер қалдырған мүлік халықты қоныстандыруға және оны тіршілік көзімен қамсыздандыруға бөледі.
Министрліктер, ведомстволар АҚ бастықтары өз орталық аппараттары қызметшілерін отбасы мүшелермен көшіруді ұйымдастырады, сонымен қатар министрлікке бағынысты ведомстволар мен объектілер жұмысшылары мен қызметшілерін және отбасы мүшелерін көшіру барысына бақылау жасайды.
Көшіру-жинау пункттерінің бастықтары пункттерді дайындыққа келтіреді, жеке құрамның міндеттерін нақтылайды, отырғызу пункттерінің бастықтарымен және бекітілген ұйымдармен байланыс жасайды және жаяу саптардың шығу, көлікті беру мен жөнелту уақыты өзгерген жағдайда, халықты жөнелту кестесін нақтылайды; келуші халықты қабылдау мен тіркеуді, оларды жаяу маршруттардың бастапқы пункттеріне мен көлікке отырғызу пункттеріне жөнелтуді ұйымдастыралы. Орналастырылатын және көшірілетін халық көшіру жинау пунктіне белгіленген уақыты өз бетінше келіп жетеді.
Жаяу тәсілмен көшіру маршруттарының бастықтары басқару топтарымен бірге және Азаматтық қорғаныстың қоғамдық тәртіпті қорғау қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, маршруттар бойынша жаяу саптардың ұйымдасқан қозғалысын қамтамасыз етеді; маршруттарға барлауды және солардын ізімен келе жатқан халыққа хабарлауды ұйымдастырдаы.
Көшіру кезінде өзіңізбен бірге ала жүретін ең қажетті құжаттар: куәлік (паспорт), әскери билет, еңбек кітапшасы немесе зейнеткер куәлігі, оқу орнын бітіргендігі туралы диплом (аттестат), неке және балалардың туы туралы куәлік пен ақша.
Заттар мен азық-түлік мөлшері оны алып жүретін адамға шақ болуға тиіс. Көлік құралдармен көшіру кезінде бірге алып жүретін мүлік пен азық-түліктің жалпы салмағы әрбір адам үшін 50 кг-дан аспауға тиіс.
Жаяу көшірілетіндердің колонналары, әдеттегідей, жиналу-көшіру нүктелерінің қасында құрылады. Жүруді жақсы ұйымдастыру мақсатында колонналарды цехтарға және басқа өндірістік бөлімшелерге бөлу ұсынылады. Колонналар басына тәжірибелі және беделді басшылар қойылады. Халықты жаяу шығару жолдар, сондай-ақ бағыттар және колонна жолдары бойынша жүргізіледі. Жаяу колонналардың бағыты ықтимал қирау аумағынан шығу мақсатымен әдетте бір тәуліктікте өтетін ара қашықтыққа жоспарланады.
Жаяу колонналары 500-1000 адамға дейін жасақталады. Колонналардың қозғалыс жылдамдығы 4-5 км/сағат, колонналардың ара қашықтығы 500 м дейін болып жоспарланады. Тәуліктік жүру мөлшері 30-40 км.
Дамылдау созымдылығы былайша белгіленеді: шағын үзіліс 30-45 мин, үлкен үзіліс 2-4 сағат. Шағын үзілістер қозғалыстың әрбір 2-2,5 сағатынан кейін, ал үлкен үзілістер тәуліктік жолдың екінші жартысының басында белгіленеді. Дамылдау кезінде колонна (топ) құрамы тексеріледі дәрігерлік көмек көрсетіледі, үлкен үзілісте ыстық тамақ беріледі.
Марш кезінде белгіленген тәртіпті сақтау қажет. Колоннаны оның бастығының рұқсатынсыз тастауға болмайды. Көңіл-күйін нашар сезінсе, дәрігерге көрінгені жөн. Медициналық қызмет тексерілген көзден су ішуге болмайды.
Колоннаға бөгде адамдар қосылса, бұл туралы колонна бастығына хабарлау қажет.
Түнде жүріп келе жатқанда, әсіресе соқпақтармен арта келе колонна жолымен өткенде жатқандарға жолдағы кедергілер туралы айтып, қасындағылардың қалып қоймауын және дамылдау кезінде қалғып кетпеуін қадағалау қажет.
Ыстық уақыттағы марш кезінде күн тимеу үшін бас киімді шешпей бірінің артынан бірі тасалай жүріп, су үшін режимін қатаң сақтау қажет, дамылдау орындарында мүмкіндігінше көлеңкелі жерге отыруға тырысу керек.
Қыстағы аязды және желді ауа райында бірі-бірінің үсіп қалмауын қатаң қадағалау жөн. Дамылдау орындарында қарға жатуға болмайды.
Көлікте отырғанда белгілен тәртіп пен ережені қатаң сақтап. АҚ мен ТЖ жөніндегі органдар өкілінің вагон, кеме немесе автомашина жетекшілерінің нұсқауын орындау қажет және олардың рұқсатынсыз одан түсуге болмайды.
ЖКП-ке келген халық тіркеуден өседі, елді мекендерге бөлінеді. Балалар, мүгедектер, қарттар, сондай-ақ дүние-мүлік жергілікті көлікпен жеткізіледі.
Көшірілгендер мен қоныстанғандарды орналастыру үшін қауіпсіз аймақтағы демалыс үйлері, санаторийлер, туристік және спорттық базалар, қоғамдық ғимараттар, сондай-ақ, саяжай мен бау-бақша жайлары, өзге де тұрақтар пайдаланылады. Халықты орналастыруға қолайлы жағдай жасау үшін тұрғын үй қорын дамыту, сауда мен қоғамдық тамақтандыру нүктелерін салу, су көздерін даярлау жөніндегі шаралар жүргізіледі.