Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

3. Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі.

Қорғаныс ғимаратын пайдалануға даярлықта ұстау мен оны дұрыс пайдалануға бақылауды панахана мен жасырыну орындарын ұйымдастыру қызметі, ал оларды күту мен пайдалануды осы ғимаратқа қызмет көрсететін топ (буын) жүргізеді. Буын командирі (ол қорғаныс ғимаратының командиры) ғимаратқа қызмет көрсететін инженерлік-техникалық қызметшілерден тағайындалады.

Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезінде бөлмелерді белгіленген мерзімде қорғаныс ғимараттары режиміне көшіруді қамтамасыз ететін барлық талаптар орындалуға және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарына адам келуге қажетті жағдайлар сақталуға тиіс.

Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезінде жалпы, сондай-ақ оны жекелеген бөліктерінің – кіреберістер мен авариялық шығаберістердің және қорғалған-қымталған есіктердің, баулықтардын және жарылыстардан қорғайтын қондырғылардың, бүкіл қорғаныс ғимаратының, инженерлік-техникалық қондырғылардың қорғаныс қабілетінің сақталуы, қымталуы мен суды өткізбеушілігі және оны кез келген уақытта соғыс уақытындағы режимде пайдалануға көшіру мүмкіндігі қамсыздандырылуға тиіс. Қорғаныс ғимараттарының қондырғыларын бөлшектеуге, бөлмелерді өзгертуге, қоршағыш құрылғыларға саңылау мен ойық істеуге және қорғаныс қабілеті мен қымталудың өзгеде бұзылуына тиым салынады.

Қорғаныс ғимаратында мына құжаттар болуға тиіс: АҚ хабарының дабылдары, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану тәртібі, кіреберіс-шығаберіс, су алатын нүктелер, санитарлық тіректер көрсеткіштері, қорғаныс ғимаратының күтіп-ұстау тәртібі мен жабдықтау табелі, панахана паспорты, ажырату қондырғыларын көрсеткімен ішкі және сыртқы инженерлік тораптар жоспары, қорғаныс ғимараттың жәй-күйін тексеру журналы, желдеткіш-сүзгіш және өзге инженерлік жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар, приборларды пайдалану тәртібі. Сонымен қатар АҚ және ТЖ лауазымды тұлғаларының, емдеу мекемелерімен өрт командарымен, телефон мен мекен жайының тізімдері жасырынатындардың өзін-өзі ұстау тәртібі көрнекі жерге ілінуге тиіс.

Қорғаныс ғимараттарының жәй-күйі бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдаланатын кәсіпорын (мекеме) басшысы белгілеген тәртіппен жүргізілетін жыл сайынғы және арнайы (кезектен тыс) қадағалауларда тексеріледі.

Қорғаныс ғимаратының кіреберісіне кедергі жасауға болмайды. Қала (аудан) ТЖ және АҚ басқару органдарының келісімсіз кіреберістерге, шығаберістерге және сыртқы ауа келетін қоңдырғыларға жақын учаскелерге құрылыс салуға тиым салынады.

Қорғалған-қымталған есіктер бейбіт уақытта ғимарат пайдаланған кезде ашық болуы және онай жабылатын ілгешектерде тұруға тиіс.

Есік ойықтарын жабу үшін кәдімгі есіктер қойылуға тиіс.

Қорғаныс ғимаратының бөлмелері құрғақ болуға қажет.

Температура қысқы уақытта бейбіт уақытта бөлмелерді пайдалану талаптарына сәйкес ұсталуға тиіс. Бөлмелерді есікті ашық және таза желдету режимі бойынша сүзгілік желдету қоңдырғысын қысқа мерзімді жұмысы үшін қоса отырып ұдайы ауасын тазартып отыру қажет.

Қорғаныс ғимаратының инженерлік-техникалық қоңдырғылары пайдалану үшін ақаусыз күйде күтілуге тиіс. Оны бейбіт уақытта пайдалануға рұқсат етіледі (сүзгіш-жұтқыштар мен регенеративті қоңдырғыларды қоспағанда).

Ауыз суының авариялық қорының ыдыстарында екі тәуліктің бойында су толық айырбасталуға тиіс. Авариялық қысымсыз ыдыста таза күйінде болуға және панахана режиміне көшкен кезде сумен толтырылуға тиіс.

Дәрет жинауға арналған авариялық резервуарлар жабық болуға тиіс, оларды бейбіт уақытта пайдалануға рұқсат етілмейді. Бейбіт уақытта пайдалануға қажеттігі жоқ санитарлық тораптар жабық болуға және сүргіштелуге тиіс.

Бейбіт уақытта пайдаланылмайтын ДЭС тоқтатылады. Оларды тоқтату қорғаныс ғимаратын панахана режиміне көшіру кезінде жүргізіледі.

Панахана (РҚО) режимі бойынша пайдалануға қорғаныс ғимараттарын әзірлікке келтіру үшін мына іс-әрекеттер жүзге асырылады:

- қорғаныс ғимараттарының алдын тазалау, жазба-көрсеткіштерді және «Кіру» жарық дабылын қою;

- қорғаныс ғимараттарын панахана режимінде пайдалану кезінде пайдаланылмайтын мүлік пен материалдан босату, ғимараттарды нарлармен және орындықтармен жабдықтау;

- инженерлік-техникалық қондырғалардың тоқтатылуын жүргізу;

- қорғалған-қымталған есіктерден кәдімгі есіктерді, пандустарды және жеңіл экрандарды алу;

- қорғалған-қымталған есіктердің, олардың ілгешектерінің ақаусыздығын тексеру;

- технологиялық ойықтарды, барлық қорғау-қымтау қондырғыларын жабу (жүк люктері мен лифт шахталары, монтаждық ойықтар және т.б.);

- бейбіт уақытта панахана желдеткіші үшін пайдаланылмайтын желдеткіш жүйесінің ауа ұстағыш және сорғыш саңлауларын жабу және қымтау;

- авариялық шығаберістерін жәй күйін тексеру және қажет болса оларды тексеру;

- желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация, энергиямен жабдықтау және ажыратқыш қондырғылары жүйесінің ақаусыздығын тексеру;

- желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация, энергиямен жабдықтау және ажыратқыш қондырғылары жүйесінің ақаусыздығын тексеру;

- қорғаныс ғимараттарының қымталуын тексеру;

- бейбіт уақытында пайдаланылмайтын санитарлық тораптарын ашу;

- сыртқы су құбырына қорғаныс ғимаратының су құбырын жүйесін қосу, авариялық су қорын толтыру және ауыз суына арналған ыдысты қою;

- ғимараттың жарық жүйесін панахана режиміне қосу;

- дауыс шығарғыштар мен телефондарды орнату және қосу қажет жағдайда панахананың жабдықпен, аспаппен, прибормен жеке қорғаныс құралымен жабдықталуын тексеру;

- ғимаратты желдету;

- азық-түлік пен дәрі-дәрмек қорын жасау.

Қорғаныс ғимараттарының панахана режимінде пайдалану қызмет көрсету буынның басшылығымен жүргізіледі, ол халықты қабылдауға даярлықты, паналаушыларды дұрыс орналастыруды және олардың панаханаға келіп-кету тәртібін сақтауын, сондай-ақ ішкі қондырғылар мен байланыс құралдарының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

«Баршаңыздың назарыңызға» ескерту дабылы және іс-әрекет тәртібі туралы белгіленген ақпарат бойынша қызмет көрсету буының жеке құрамы панаханаға келіп жылыту жүйесін ажыратады, бүкіл бөлмелердегі жарықты қосады сүзгіш-желдеткіш қондырғыларды жұмысқа әзірлейді, авариялық шығаберістердің және сорғыш желдеткіш реттегіш оқшаулағышын жабады, келген адамдарды қабылдап орналастырады.

Қорғаныс ғимараты толып, панахананың қорғалған-қымталған есіктерінің жапқаннан кейін таза желдеткіш жүйесі бойынша оны ауамен толтырады.

УЗ қолданылғандығы туралы берілген ақпарат бойынша ауамен жабдықталған жүйесі бірден сүзгіш-желдеткіш режиміне қосылады.

Ядролық жарылыстан кейін сүзгіш-желдеткіш жүйесі бір сағатқа ажыратылады, толық оқшаулау режимі белгіленеді, ахуал анықталады және қалыптасқан ахуалға сәйкес режимге көшу жүргізіледі.

Сүзгіш – желдеткіш режиміне таза желдеткіш қосылардың алдында ауада УЗ бар-жоғы тексеріледі. Келген ауада УЗ іздері байқалған жағдайда сүзгіш-желдеткіш режимі сақталады.