Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

2. Қатты әсер ететін улы заттар мен улағыш заттар негізгі түрлерінің сипаттамасы.

Өнеркәсіптің дамуы технологиялық процестерге әртүрлі химиялық өнімдердің барған сайын көбірек қолданылуын қажет етіп отыр. Бұл оларды өндіру және үлкен көлемде тасымалдануын қажет етеді.

Бейбіт уақытта авариялар болуы мүмкін, ал соғыс қимылдары кезінде қарсылас жақ өнеркәсіп объектілері мен көлік құралдарын әдейі қиратып, соның салдарынан химиялық өнімдер шығуы (төгілуі) ықтимал. Олардың көпшілігі улы болғандықтан адамдарға айтарлықтай қатер төндіреді.

Алайда, аса қауіпті объектілердің қирауы (авария) кезінде олардың шығуы (төгілуі) нәтижесінде химиялық заттардың барлығы бірдей үлкен залал келтіре алмайды. Тыныс алу органдары мен тері ұлпалары арқылы әсер еткен уақыттағы жоғары улылық, өндіріс көлемінің ірілігі, тұтыну, сақтау және тасымалдау сондай-ақ шыққан (төгілген) кезде негізгі зақымдағыш күйге (бу немесе аэрозоль) оңай өту қабілеті сияқты белгілі бір қасиеттері үйлескен кездегі химиялық қосылыстардың бір бөлігі адамдардың жаппай зақымдауына себеп бола алады.

Қазіргі уақытта белгілі бірнеше оңдаған мың химиялық заттардың арасынан тек жүзден астам ғана қоршаған ортаға шыққан (төгілген) кезде адамдардың жаппай зақымдалуын тудыруға қабілетті, төтенше қауіпті санатына жатқызуға болады.

Бейбіт уақытта химиялық қауіпті авариялардың пайда болу қауіпінің арта түсуі және соғыс қимылдары барысындағы бүліншіліктер, олардың ықтимал ауыр салдары халық үшін олардың қауіптілігін бағалаудың маңызын арттырады. Тек химиялық қауіпті объектілердің қирауының (авариялардың) салдарынан дер кезінде және дұрыс бағалау негізінде ғана адамдарды қорғаудың қажетті шаралары мен ҚӘУЗ-бен зақымдану аймағында іс-әрекет жасау, ал қажет болса олардың шығу (төгілу) салдарын жоюды жүргізу үшін дәлелді шешім өз уақытында қабылдануы мүмкін.

Салдарды болжау үшін қажетті ақпарат келтірілген ҚӘУЗ тізбесінде бірнеше атау келтіріледі. Олар акрилонитрил, амил, аммиак, азот қышқылы, гептил, гидразин, диоксин, дихлорэтан, көміртегі тотығы, этилен тотығы, күкірттің қос тотығы, күкіртті көміртегі, тетраэтилқорғасын, фосген, фторлы сутегі, хлор, хлорпикрин, цианды сутегі.

3. Қатты әсер ететін улы заттар.

ҚӘУЗ – бұл өнеркәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын, объектілердегі қираушылық (авариялар) жағдайында атомосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен іргелес елді мекендегі халықты жаппай зақымдануға қабілетті улы химиялық қосылыстар.

ҚӘУЗ-дің адамдарға әсері өнеркәсіп өндірісі, сақтау мен тасымалдау, сондай-ақ соғыс уақытында жаудың химия (мұнайхимиясы) мұнай өңдеу, тоқыма, қағаз және өнеркәсіптің өзге салаларын, объектілерін, қоймалар, қуатты тоңазытқыштарды және су тазалау ғимараттарын, сондай-ақ осы салалар мен объектілерде қызмет көрсететін көлік құралдарын қасақана қирату барысында туындайтын авариялық жағдайда ғана ықтимал.

Бұл заттар өздерінің қасиеттері бойынша әртүрлі болып келеді. Барлық ҚӘУЗ-ді мынадай топтарға бөлуге болады:

а) тұншықтырғыштық әсері басым заттар;

б) жалпы улылық әсері басым заттар;

в) тұншықтырғыштық және жалпы улылық әсері бар заттар;

г) өсіп-өнуге, жүйке түрткісін өткізуге және беруге әсер ететін заттар (нейротропты улар);

д) тұншықтырғыштық және нейротроптық әсері бар заттар;

е) метаболдық улар;

ж) заттардың алмасуын бұзатын заттар.

Тұншықтырғыштық әсері басым заттарға улы қосылыстар (хлор, фосген, хлорпикрин және басқалар) жатады, олар үшін организмге әсер ететін басты объекті тыныс алу жолдары болып табылады. Зақымданудың бүкіл процесі шартты түрде 4 кезеңге бөлінеді: затпен байланыс кезеңі, жасырын кезең, өкпенің уланудан қабыну кезеңі және асқыну кезеңі. Әр кезеңнің созымдылығы ҚӘУЗ-дің улылық ерекшелегімен және экспозициялық дозаның көлемінің анықталады. Көбірек жинақталған бір қатар заттардың буының әсері кезінде терінің ашық жерлерінің, кілегейлі жоғары тыныс алу жолдары мен өкпенің химиялық күйігінен туындаған тосын жағдайдан адам қаза болуы мүмкін.

Жалпы улылық әсері басым заттарға энергетикалық алмасудың күрт бұзылуын тудыруға қабілетті, ауыр жағдайларда зақымданушының қаза болу себебі болып табылатын қосылыстар (көміртегі тотығы, цианды сутегі және басқалар) жатады.

Тұншықтырғыштық және жалпы улылық әсері бар заттарға ингаляциялық әсер кезінде өкпені удан қабындыруға, ал сіңу кезінде энергетикалық алмасуды бұзуға қабілетті ҚӘУЗ-дің едәуір бөлігі жатады (амил, акрилонитрил, азот қышқылы мен азот тотығы, күкірттің қос тотығы, фторлы сутегі және басқалар) жатады. Осы топтың көптеген қосылыстарының күшті күйдіргіштік әсері бар, бұл өз кезегінде алғашқы көмекті көрсетуді қиындатады.

Нейтропты уларға жүйкені реттеу механизмі, сондай-ақ жүйке жүйесінің ұйыстыру күйін бұзатын заттар (тетраэтилқорғасын, күкіртті көміртегі, фосфорорганикалық қосылыстар және басқалар) жатады, осындай әрекеттің негізінде олардың синтез, сақтау, шығару, нейромедиаторлар синаптикалық қуысындағы белсенділікті төмендету процестеріне араласу нейромедиаторлар рецепторларымен ықпалдасу, қозған мембраналардың иондық арналарының өткізушілігін өзгерту қабілеті жатыр.

Тұншықтырғыштық және нейтроптық әсері бар заттарға ингаляциялық зақымдану кезінде өкпенің удан қабынуын тудыратын қосылыстар (аммиак, гептил, гидразин және басқалар) жатады, соның салдарынан жүйке жүйесі қатты зақымданады.

Метаболдық уларға организмдегі заттардың метаболизмнің нәзік процестеріне араласатын улы қосылыстар (этилен тотығы, дихлорэтан, және басқалар) жатады. Бұлармен улануға қатты қарсылықтың жоқтығымен сипатталады организм, әдеттегідей, біртіндеп дамиды және ауыр жағдайда бірнеше күннің бойында өліммен аяқталады.

Осы заттармен зақымданудың патологиялық процесіне көптеген органдар мен организмдер жүйесі, бірнеше кезекте орталық жүйке жүйесі, үлпершікті ағзалар, ал кейде қан жүйесі тартылады.

Заттардың алмасуын бұзатын заттарға галогенденген ароматты көмірсутегілердің тобына жататын улы қосылыстар (диоксин, полихлорланған бензофурандар және басқалар) жатады. Осы заттар өкпе, ас қорыту жолы мен тері ұлпалар арқылы әсер ете отыра, өте ұзаққа созылатын ауруды тудыруға қабілетті. Бұл жағдайда осы процеске іс жүзінде барлық органдар мен организм жүйелері тартылады. Осы заттардың әсерінің өзіндік ерекшеліктері заттың алмасуын бұзу болып табылады, бұл ақыр аяғында тіпті өлімге ұшыратуы мүмкін.

Бақылау сұрақтары:

  1. Радионуклидтермен ауылшаруашылық өсімдіктерін, азық-түлік пен суды ластану процесін қарастыру?

  2. Жартылай тазару мерзімі терминіне анықтама беру?

  3. Қатты әсер ететін улы заттар мен улағыш заттардың негізгі түрлерін қарастыру?

  4. Қатты әсер ететін улы заттарды қандай топтарға бөлуге болады?

  5. Заттардың алмасуын бұзатын заттарға не жатады?

Тест сұрақтары:

1. Тұншықтырғыш әсері басым заттарға қандай улы қосылыстар жатады?

А) Хлор, фосген, хлорпикрин

В) аммиак, хлор

С) фосфорорганикалық қосылыстар

Д) тераэтилтотығы, күкірт

Е) көміртегі, тетраэтил

2. Нейтроптар уларға, яғни жүйке жүйесінің күйін бұзатын заттар:

А) тетраэтилқорғасын, күкіртті көміртегі, фосфорорганикалық қосылыстар

В) қорғасын, күкірт, көміртегі

С) аммиак, күкірт, көміртегі

Д) күкіртті аммиак, диэтилен, күкірт

Е) органикалық және биохимиялық қосылыстар

3. Метаболдық уларға яғни организмнің нәзік процестеріне араласатын улы қосылыстар –

А) этилен тотығы, дихлорэтан және т.б.

В) аммиак, хлор және т.б.

С) көміртотығы, аммиак және т.б.

Д) күкірт, көміртегі және т.б.

Е) мыс, қорғасын

4. Заттардың алмасуын бұзатын заттар:

А) диоксин, полихлорланған бензофуран

В) тетраэтилқорғасын, күкіртті көміртегі, фосфорорганикалық қосылыстар

С) этилен тотығы, дихлорэтан және т.б.

Д) органикалық және биохимиялық қосылыстар

Е) күкіртті аммиак, диэтилен, күкірт

5. Иприт және люизит улағыш заттардың қай тобына жатады?

А) теріні күлдіретіп әсер ететін УЗ

В) тұншықтырып әсер ететін УЗ

С) теріні күйдіріп әсер ететін УЗ

Д) жалпы уландырып әсер етуші УЗ

Е) қоздырғыш УЗ

6. Өте күшті әсер ететін улағыш заттар?

А) дефолианттар, десиканттар

В) фосген, дифосген

С) саңырауқұлақтар, риккетсиялар

Д) хлор, аммиак

Е) гербициттер, арборицидтер