Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

3. Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі

Қарулы күштерді әлсірету үшін әр соғысушы жақ екінші жақтың ту сыртына соққы беруді мақсат етеді. Мұндай соққы беру мүмкіндігі 1914-1918-ші жылдары ұшақтардың пайда болуына байланысты, әуеден бомбылау мүмкіндігі туды. Сөйтіп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады.

Ал мұның өзі осы қалалардың ауадан шабуылына қарсы тұра алатындай дәрежеде болуын талап етті. Бұл жағдай әуе шабуылына қарсы тұратын әскери күштермен қатар, қираған өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге халықтың өзін көтеру қажеттігі туындады.

Азаматтық қорғаныс курсынын мақсаттары:

- әр қоғамда ең басты, бағалы болып келетін – адам. Сондықтан барлық қорғау шараларында адамдардың қауіпсіздігін ескеру – негізгі мақсат. Адамдарды қорғай білу – мемлекет үшін маңызды іс. Сондықтан халықты қорғау, адамдарды өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.

- халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.

Азаматтық қорғаныс міндеттері:

- халықты жаппай қыру қаруларының (ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу.

- төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету (барлық өнімдердің қажетті мөлшерде өндіре алу);

- зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу;

- апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу;

- зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету;

- төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу;

- өндіріс орындардағы апаттық көрші тұрған объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіру;

- адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу;

- территорияны, техниканы, киімді, тамақты улы, радиоактивті заттардын, бактериалардан қорғау.

Казіргі кезде ғылыми-техникалық прогрестің яғни завод, фабрикаларды энергия беру т.б. өндіріс орындарының (шаруашылық кешендерінің) адам өміріне келтіріп отырған пайдасы мен қатар зияны, зардабы аз емес.

Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдары:

1. Республикадағы Азаматтық қорғаныс штабы.

2. Облыстық, қалалық, аудандық штабтар

3. Министрліктер бойынша жергілікті жердегі мекемелерде АҚ штабтары немесе қызметкерлері.

4. Азаматтық қорғаныс ұйымдарының кезекшілік қызметкерлері мен байланыс орындары.

Азаматтық қорғаныстың күштеріне жататындар;

- азаматтық қорғаныс әскерлері;

- ауқымдық не министірліктерге бағынатын жасақшылар;

- арнайы жасақшылар.

Басқару орындары:

- Қазақ Республикасының Примьер-министрі;

- Республикалық Азаматтық қорғаныс штабы;

- төтенше жағдай жөніндегі комиссия;

- облыс әкімі;

- қала әкімі;

- аудан әкімі;

- әр мекемедегі бірінші бастық.

Әр мекеменің бірінші бастығы – Азаматтық қорғаныстың бастығы болып есептеледі. Оның бұйрықтары мен жарлықтарын осында жұмыс істейтін барлық адамдар орындауға міндетті. Мекеменің бірінші бастығы осы мекеменің төтенше жағдайдағы дайындығы үшін, құтқару жұмыстарының ұйымдасқан түрде жүргізілуіне, оған адамдарды дайындап, ұйымдастыруына жауап береді. ТЖ-дың зардабын жоюға, ұжым мүшелерін ұйымдастыруға мемлекет алдында бірден-бір жауапты адам.