Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

Табиғаттағы тосын жағдай.

Табиғаттағы тосын жағдай  бұл адамның қоршаған ортамен қарымқатынасы нәтижесiнде және оның өмiрiне, денсаулығы мен мүлiгiне қауiп төнгенде болуы мүмкiн жағдай.

Мысалы, ықтимал жарақаттар, өсiмдiктер мен хайуанаттардың уымен улану, табиғиошақтық ауруларға шалдығу, тау ауруы, күн өту және дененiң суынуы, улы хайуанаттар мен жәндiктердiң шағуы, жұқпалы аурулар.

Экологиялық тосын жағдайларға белгiлi жайттарда ерекше маңызға ие болатын тосын оқиғалар жатады (суық, ыстық, аштық, шөлдеу, шаршау, экоулану, тән ауруы). Олардың жағымсыз әсер ету деңгейi ерекшелiгi соншалықты аурудың асқынуына, сiресiп қалушылыққа алып келедi.

Тосын жағдайдың дамуына немесе пайда болуына әсер ететiн табиғи орта факторлары: температура және ауаның ылғалдығы, күн радиациясы, жауыншашын, атмосфераның барометрлiк қысым деңгейi, жел, дауыл. Бұған сондайақ жер бедерi, су көздерi, флора мен фауна, жер магнит өрiсiнiң ауытқуы жатады.

Қорғаныс қызметiн қамтамасыз ететiн табиғат аясындағы тосын жағдайларды адамның қалыпты тiршiлiгiне ықпал ететiн факторлар: киiм, авариялық жабдық, дабыл мен байланысқа арналған қондырғы, тамақ пен су қоры, авариялық жүзу құралдары, әр түрлi мақсатқа пайдаланылатын қолда бар заттар.

Материалдық жағдайға (жабдықтау, авариялық құралдардың болуы) және климаттық  географиялық жағдайлардың ерекшелiгiне байланысты нақты бiр жағдайдың әр түрлi салдары болуы мүмкiн. Мысалы, ұшақтың шөлге амалсыз қонуы, орманды жерге қонғаннан гөрi едәуiр күрделiлеу болып келедi. Тосындылық деңгейi, әдеттегiдей, тiрi қалу мүмкiндiгiн белгiлейтiн өмiр уақытының факторына ықпал етедi.

Қиын жағдайдағы iсәрекеттерге әрдайым дайын болу керек. Алғырлық сенiмдiлiктi тудырады. Сенiмдiлiк кез келген тосын жағдайдан алып шығады. Кез келген адам өзi күтпеген үлкен iсәрекеттердi жасайды. Тек не iстеу керектiгiн ғана бiлу керек. Қайғылы жәйт әркiмнiң басына туады. Оны күту  еш шарасыз қаза болу деген сөз. Оған дайындалу  тiрi қалу деген сөз! Тығырықтан шығуды үйрену керек. Тосын жағдайдан тiрi қалудың мысалына Дефоның романындағы Робинзон Крузоны келтiруге болады. Кәсiби саяхатшылардың сансыз армиясына «жабайы» демалыс ауесқойларын жатқызуға болады. Белсендi демалыстың альпинизм, суға шомылу, тауға шығу, шаңғы тебу, жаяу жүру, спелеологиялық туризм, желкен спорты сияқты экзотикалық түрлерi қарыштап дамыды.

Қабiлетсiздiктен бақытсыздыққа дейiн бiрақ қадам екендiгi белгiлi. Адамдар жеуге болатын өсiмдiктер мен құстардың арасында аштан өледi. Тұрпайы тұрақ жасауға ойы жетпей, қатып қалады, судан екi қадам жерде шөл қыспағынан жан тәсiлiм етедi. Амалсыздан жалғыздықта қалған адам ең алдымен тек өзi ғана екенiң, тамақ пен тұрақ табу және адамдарға оралу керектiгiн ұғуына тиiс. Алғашқыда медициналық көмек көрсетiледi, бұдан кейiн байланыс жасауға әрекет жасалады, баспана ұйымдастырылады, су мен тамақ әкелiнедi, адамдарға шығатын жолды бағдарлап, iздеу басталады.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан апаттар мен қирауларды айтады.

Оның түрлері:

- өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыттарда, шахталарда және т.с.с);

- көлік жүйесіндегі апаттар;

- түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орындарында, мұнай, газ құбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т.с.с).

Себептері: Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, құрылыс, тау-кен байлығын өндіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске еңгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бұндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатқа әкеліп соғу қауіпі де туындап отырады. Кей жерлерде жаңа техниканы және технологияны, материалдарды пайдалану ережелері сақталмайды, қауіпсіздік шаралары орындалмайды. Міне, осы сияқты қателіктердің салдарынан апаттың болу қауіпі туындайды.

Апаттың тағы бір себептері – улы, тез тұтанғыш, жарылғыш заттарды сақтау, тасымалдау ережелердің сақталу-сақталмауы, олармен жұмыс істеудегі қателіктерге жол берілуі жатады.

Апаттың болуы, адамдардың еңбек тәртібін сақтамаушылығына, жұмыс істеуші адамдардың салақтығына, олардың тиісті дәрежеде білімінің жетіспеушілігіне, техниканы және оның қауіпсіздік сақтау ережелерін жете меңгермегендігіне көп байланысты.

Апаттың тағы бір өте қауіптілігі – күшті улы заттардың ауаға тарап кетуі. Осындай өрттен шыққан қалың түтіндегі улы заттар ауаға көтерілі де жерге жайылып қонады. Әсіресе полиэтилен, полистирол тұрпаттас материалдардың жануы адам, жан-жануар, құстар және т.б. өміріне өте қауіпті.

Өрт пен жарылыстардың салдары оның жою факторларымен байланысты.

1. Өрттің негізгі жою факторлары мыналар: от заттарға тікелей және алыстан қызуы арқылы әсер етеді. Нәтижесінде отта қалған заттар, объектілер, ғимараттар және оның құрылымы толық немесе жартылай жанып кетуі мүмкін. Ал өте жоғары температураның әсерінен материалдар, металдан жасалған тіреулер, балкалар, құрал-жабдықтар, технологиялық қондырғылар, бұйымдар және техникалар балқып, жанып істен шығады әрі өзінің қасиетін жоғалтады. Адамдар, жан-жануарлар зардап шегеді.

2. Жарылыстың қырып-жою факторлары мыналар:

- ядролық бомбаның, жарылғыш заттардың, сұйық отынның, газдың жарылыстарынан туындайтын соққы ауа толқыны;

- жарылыстардан жарықшақтардың, сынықтардың пайда болуы әрі оның үлкен аймақты қамтып, үлкен зардап әкелуі.

Жарылыстардан қирау, объектілердің жойылуы, адамдардың және жан-жануарлардың өлімі, жарақаттануы сияқты зардаптары болады. Жарылыстың нәтижесінде үлкен өрттер пайда болуы мүмкін. Неғұрылым жарылыстың қуаты күшті.