Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

1. Жоғары оқу орындарының Азаматтық корғанысын ұйымдастыру.

ЖОО Азаматтық қорғанысының бастығы  ректор, ол Азаматтық қорғаныстың ұйымдастырылуы мен жай  күйiне, оның күштерi мен құралдарының құтқару және өзге шұғыл жұмыстарды жүргізуге тұрақты даярлығына, сондайақ профессороқытушы құрамының, студенттер мен қызметкерлердің тосын жағдайлардағы ісәрекетке икемділігі үшін жеке жауап береді.

ЖОО Азаматтық қорғанысының бастығының бұйрығымен АҚ штабы және АҚ мен ТЖ қажетті қызметтері құрылады. АҚ мен ТЖ қызметтерi қызметтерiне басшылықты ЖОО ректоры басшы құрам қатарынан тағайындаған бастықтар жүргiзедi. Олар өз мiндеттерiн негiзгi мiндеттерiмен қоса атқарады. Көшiру комиссиясының төрағасы болып проректорлардың бiрi тағайындалады.

АҚ мен ТЖ мiндеттерiн оқу орнының мүддесiне орай шешу үшiн АҚ құрамалары құрылады. ЖООда тұрақты құрам мен студенттерден құтқару командасы (тобы), санитарлық жасақтар мен тiректер, радиациялықхимиялық бақылау нүктелерi, қоғамдық тәртiп сақтау командасы, панаханалар мен жасырынатын орындарды күтiп ұстайтын топ құрылуы мүмкiн.

2. Шаруашылық объектiсi Азаматтық корғанысының ұйымдық құрылымы.

Азаматтық корғанысты ұйымдастырудағы жүйеде негiзгi буын болып табылатын шаруашылық объектiлерi маңызды орын алады. Шаруашылық объектiлерiнде АҚ барлық шараларының негiзi қаланады, мұнда соғыс уақытында жұмысшылар мен қызметшiлердi қорғау, объектiлер жұмысының тұрақтылығын қамсыздандыру, құтқару және өзгеде шұғыл жұмыстарды жүргiзуге күштердi даярлау жөнiндегi негiзгi кешендi шаралар жүргiзiледi.

Шаруашылық объектiлерiнде Азаматтық корғанысты ұйымдастырудың принциптi схемасы суретте көрсетiлген.

Шаруашылық объектiлерiнде Азаматтық корғанысты ұйымдастырудың принциптi схемасы.

АҚ штабы

АҚ бастығы

ТЖ және АҚ қызметтерi

ҚҰРЫЛЫМДАРДАҒЫ

негiзгi қамсыздандырушылар

барлау

байланыс

авариялық

техникалық

құтқару

қоғамдық тәртiптi сақтау

инженерлiк

Медици-налық

МТҚ

хабарландыру мен байланыс

арнайы АҚО

өртке қарсы

хайуанаттар мен

өсiмдiктердi қорғау

РҚ және ХЗҚ

басқа да керектiлер

Негiзгi қамтамасыз етушi құрамалар шаруашылық объектілерінде Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жай жүйі үшін Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапкершілікті оның бірінші бастығы көтереді, ол объект Азаматтық қорғанысының бастығы болып табылады.

АҚ шараларын өткізу жөніндегі оның бұйрықтары мен өкімдері барлық лауазымды тұлғалар үшін міндетті.

Объект Азаматтық қорғанысы бастығының жанынан АҚ мәселесі бойынша объектідегі бүкіл практикалық қызметті ұйымдастыратын АҚ-штабы – АҚ бастығының басқару органы құрылады. Ол объектінің көлемі мен маңыздылығына байланысты АҚ штаттық қызметкерлерінен және негізгі міндеттерінен босатылмаған лауазымды тұлғалар есебінен жасақталады. Штаб өз жұмысын объект АҚ бастығының шешімдері негізде ұйымдастырып жүргізеді.

АҚ-штабының бастығы объект АҚ бастығының орынбасары болып табылады. Оған АҚ бастығының атынан объектідегі АҚ мәселесі бойынша бұйрық пен өкім шығару құқығы беріледі.

Шаруашылық объектілерінде АҚ мен ТЖ хабарлау және байланыс, авариялық-техникалық, инженерлік, медициналық, өрттен қорғау, қоғамдық тәртіп сақтау және басқа қызметтері құрылуы мүмкін. Ауылшаруашылығы өндірісі объектілерінде бұлардан басқа ауылшаруашылығы хайуанаттары мен өсімдіктерін қорғау қызметі құрылады. Қызметтердің мақсаты – құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін қажетті күш пен құралдарды даярлау және осы күштердің аталған жұмысты орындауына басшылық ету.