Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

1.9 «Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Респу6ликасының 3аңы

13 шiлде 1999 жыл

Осы Заң Қазақстан Рспубликасында терроризмге қарсы күpecтi құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн, мемлекеттiк органдардың және меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың қызмет тәртiбiн, сондай-ақ азаматтардың терроризмге қарсы күpecтi жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, мiндеттерi мен кепiлiдіктерiн белгiлейдi.

Негiзгi ұғымдар мен терминдер

терроризм - қоғамдық қаyiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың шешiм қабылдауынa ықпал ету мақсатында не мемлекет, не қоғам қайраткерлерiнiң қызметiн тоқтату немесе осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға қатысты құқыққа қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет немесе оны жасаймын деп қорқыту;

террористiк ic-әрекет - терористiк сипаттағы қылмыстарды жасауға бағыттaлғaн әрекеттер;

халықаралық террористiк ic-әрекет - бiр мемлекеттiң шегiнен шығатын террористiк ic-әрекет;

террориcтiк акт - жарылыс жасап, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулi мүлiктiк зиян келтiру, өзге де ic-әрекеттер жасау, терроризм мақсатында басқада қoғaмғa қаyiптi шығындар келтiрiп, сол мақсатта жасалған ic-әрекеттерi;

террористiк ұйым - террористiк акция жасау үшiн eкi немесе одан да көп тұлғалардан құрылғaн тұрақты бiрлестiк;

террорист- террориcтiк ic-әрекeттi жүзеге асыруға қатысушы aдaм;

терроризмге қарсы операция- азаматтар мен лауазымды адамдардың қаyiпсiздiгiн қамтамасыз ету, террористiк акцияларды тыю, террористердi, жарылғыш қондырғыларды зиянсыздандыру, соңдай-ақ террористiк акциялардың зардаптарын барынша азайту үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн арнаулы шаралар;

арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер - терроризмге қарсы күресу үшiн заңдарға сәйкес құрылған мамандар топтары.

4. Тқ қамтамасыз еткенде ұйымдастыру және теориялық негіздері.

ТЖ жөнiндегi ҚР Агенттiгi, оның мақсаты, құрамы және құрылымдың аумақтық органдары.

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргiзу мемлекеттiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi, онын қорғаныс шараларының құрамдас бөлiгi. ТЖды ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбi «Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР Заңында белгiленген.

ҚР АҚна жалпы басшылықты ҚР Премьер МинистрiАзаматтық қорғаныстын бастығы жүргiзедi.

ҚР Азаматтық қорғанысына тiкелей басшылық ТЖ жөнiндегi ҚР Агенттiгiне жүктелген.

ТЖ жөнiндегi ҚР Агенттiгi ҚР Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн, сала аралық үйлестiрудi, сондайақ табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖды ескерту мен жою, ҚР Азаматтық қорғанысы, өрт қауiпсiздiгi, өнеркәсiп жұмысының қауiпсiз жүргiзiлуi және таукендiк бақылау саласында арнайы атқарушы және рұқсат ету мiндеттерiн жүргiзетiн орталық атқарушы орган болып табылады.

Агенттiктiң орталық аппараты департаменттер мен құрылымдық бөлiмшелерден тұрады.

Департаменттер тiзбесiн ҚР Үкiметi бекiтедi. Департаменттi, директор басқарады.

қазiргi уақытта Агенттiк құрамына мына департаменттер кiредi:

 Төтенше жағдайларды ескерту департаментi;

 Жедел iсәрекет департаментi;

 Азаматтық қорғаныс және әскери бөлiмдер департаментi;

 Мемлекеттiк өрттен қорғау департаментi;

 ТЖ техникалық және таукендiк бақылау жөнiндегi департамент.

Агенттiктiң аумақтық органдарының басшыларын, олардың орынбасарларын (аумақ бойынша бас мемлекеттiк инспекторлар) тиiстi әкiмшiлiкаумақтық бiрлiктердiң өкiмдерiмен келiсе отыра Агенттiк төрағасы тағайындайды.

Агенттiкте төраға, оның орынбасарлары, департамент директорлары, Агенттiк пен оның ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары құрамындағы алға құрылады. Ғылыми кеңес құрылады.

Агентік құрамына орталық аппараттан басқа аумақтық органдар кіреді

 облыстық басқармалар инспекцияларды қоса алғанда

 қалалық басқармалар Астана, Алматы, Қарағанды қалалары

 аудандық бөлiмшелер, сондайақ Агенттiк ведомстволық бағыныстағы ұйымдар;

 бiлiктiлiктi көтеретiн Республикалық курстар;

 Республикалық ақпараттықтехникалық орталық;

 химиялықрадиациялық лабораториялар;

 Республикалық жеделқұтқару отрядтары;

 Ақ әскери бөлiмдерi;

 мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi;

 «Қазселден қорғау» Республикалық кәсiпорны.