Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gaziz ot4et.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
28.09.2019
Размер:
144.4 Кб
Скачать

4. Драйверлер орнату

Барлық компьюьердебсол компьютердің құрылғылары жұмыс жасау үшін арнайы өзінің драйверлері болады. Мен сол драйверлерін керек компьютерлерге орнатып,дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз еттім.

4.1 Антивирустық программаларды орнату

Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық (вирусқа қарсы) программалар деп аталады.

Детектор-программалар белгілі вирустардың бірімен зақымдалған файлдарды табады, мұндай программалар жеке түрде сирек кездеседі.

Фагтар немесе доктор-программалар, сондай-ақ вакцина-программалар вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды «емдейді» де, яғни программаны вируспен зақымдалғанға дейінгі қалпына келтіре отырып, файлдардан вирус программасының тәнін жояды. Фагтар өз жұмысының басында вирустарды жедел жадтан іздейді, оларды жояды, тек содан кейін файлдарды «емдеуге» кіріседі. Фагтардың ішінде полифагтар, яғни вирустардың көп мөлшерін жоятын доктор-программалары ерекше. Ең кең таралған полифагтар Aidstest жасаушысы – д. Лозинский, Scan, Norton AntiVirus және Doctor Web жасаушысы – И. Данилов программалары болып табылады.

Ревизор-программалар вирустардан қорғайтын құралдардың ең сенімдісі. Ревизор программалардың алғашқы қалпын, яғни компьютердің вируспен зақымдалмаған кезін есте сақтайды, содан кейін оқтын-оқтын ағымдағы жағдайды алғашқы жағдаймен салыстырып отырады. Егер өзгеріс табылса, онда дисплейдің экравизор-программасы кең таралған бұл программаны барлық оқу орындарындағы компьютерлерге орнату ұсынылған. Ол тек вирустардың активтілігін ғана емес, кейбір оқушылардың зиян3ды әрекеттерін де (оқытушылардың тиісуіне болмайтын файлдар мен қапшықтарды жылжытуын, өшіруін, жазуын) бақылауға мүмкіндік береді.

Фильтр-программалар немесе «күзетшілер» - ұдайы компьютер жадында болатын шағын резидентті программалар. Олар компьютердің операцияларын бақылайды және компьютер жұмысының барысында вирустарға тән күмәнді әрекеттерді табады.Қандай да бір программа осындай әрекеттерді орындамақшы болғанда, «күезтші» хабарлама жібереді, ал пайдаланушы тиісті операцияны орындауға рұқсат береді немесе тыйым салады. Пайдаланушылар, әдетте күзетшіні қолданбайды, өйткені әрдайым берлетін ескерту жұмысқа кедергі келтіреді. Фильтр-программалар вирусты көбеймей тұрып, оның өмірінің ең алғашқы сатысында табуға мүмкіндік береді, бірақ олар файлдар мен дисктерді «емдемейді», сондықтан вирустарды жою үшін фагтарды қолдану қажет болады.

Вирустардан қорғайтын программалық құралдардан басқа винчестердің белгілі бөлімдерін сенімді қорғауды қамтамасызданатын тағы арнайы қосымша құрылғылар болады. Мұндай құрылғыға Ю. Фомин жасаған Sheriff платасы мысал болып табылады.

5. Internet- пен қатынас құру.

Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат (құжат), аурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файылды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.

Мұндай мақсат үшін файлды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе қолданылады (File Transfer Protocol –FTP) Практикада ҒТР немесе ftp термені жиі ұшырасады. Каталогтар немесе почталық хабарда «файылды алу үшін компьютерге ftp жеткізу» деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файылды алу үшін ҒТР жүйесі қолданылатыны білдіреді. ҒТР арқылы қызымет ететін арнаулы программа бар желіге қосылған компьютер ҒТР-сервер деп аталады. Көптеген ҒТР-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез келген адам одан администратор рұқсатымен әр түрлі мәлметтер ала алады. Бұл тәсіл анонимдік ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды белгісіз (аноним) болып қала береді. Көбінесе пароль ретінде әркім өз пояталық адресін енгізеді. Ал кей кезде мәлметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру атауын (Nameid) және немесе паролін (password) білу қажет болады.

ҒТР- серверінің мәлметтерімен қатынас құру үшін әркім стандартты кіру сұхбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы ықтимал:

Open ftp.relecom.su nameid password -FTP- серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:

Open ҒТР-сервермен қатынас құру сұранысы;

ftp.relecom.su -ҒТР –серверінің қажетті информатциямен толықтырылған аты;

nameid- пайдаланушының кіру аты немесе anonimus;

password- сұраушы адамның паролі немесе оның почталық адресі;

Паролді немесе өз атын енгізбегенде, ҒТР- сервер тек шектеуге командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда;

Help сервер командалары бойынша анықтама беру;

Quit – сеансты аяқтау.

Пароль мен атау дұрыс болс, қатынас құру құқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:

Cd католог аты – катологты ауыстыру:

Cd.. жоғары деңгейден катологқа қайту;

Get файл аты ҒТР – серверден файл алу;

Binary – екілік файлдарды жіберу алу режиміне ауысу (типтері exe, com, arj), rar. tar, zip және т.б.)

Dir – ағымдағы католог файлдары тізімін беру.

ҒТР – сервермен байланысу сеанысында пайдалануға болатын камондалар жиынтығын Help командасы арқылы алуға болады.

ҒТР – серверден файлдар алу кезіндегі әдеттегі командалар жиынтығынан мысал келтірейік.

Cd pub – барлық ҒТР – серверін пайдаланушыларға ашық РАВ катологын (директорын) пайдалану:

Dir – сол католог файлдар тізімін беру:

Get 03ndex txt – ҒТР – серверден аты көрсетілген мәтіндік файлды алу:

Binary – екілік файлдарды өңдеуге өту:

Get far 140. zip ҒТР – серверден екілік файл алу:

Quit ҒТР – серверден ажырау (байланысты үзу).

Осы мысалдан командалық интерфеистің қолайсыз екені көрініп тұр. Ал егер әр түрлі катологтардан файлдар алу керек болса және олар ішкі деңгейлерде орналасса, олардың аттары да ұзақ 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы жұмыс өнімділігін онша болмайтынына көз жеткіземіз.

Netscape Navigator және Internet Explorer тәрізді ыңғайды графикалық интерфеисі бар браузерлердің шығуына «тышқан» тетігінің батырмасын басуға ғана тірелгенін айтуға болады.

Браузерді іске қосу үшін жұмыс столынан немесе есептер тақтасының Internet Explorer пиктограммасын табу қажет. Соған курсорды алып барып, тышқанның негізгі батырмасын екі рет шерту керек.

Internet Explorer - ді Іске қосар алдында желімен алыстан қатынас құру программасы іске кіріседі, ол пробайдер серверімен сіздің компьютеріңізді байланыстырады.

Мұндайда үш терезеге мәліметтер енгізілуі тиіс. Сіздің желідегі аты – жөніңіз және пароль (Бұлар сізге провайдер-компания арқылы интернетке қвосылып тізімге тіркелген кезде бекітіледі), оған қоса провайдер серверімен байланыстыратын олардың телефон номері. Сіздің сеанс алдындағы ең соңғы әрекетіңіз «байланыс орнату» (установить связь) батырмасын басу болып табылады. Осы сәттерде сіздің экраныңызға алыстағы компьютермен қатынас құрған программаның бірнеше терезелері шығады. Сеанс кезінде кез-келген сәтте «Болдырмау» (Отмена) батырмасын басу арқылы байланысты үзуге болады.

Егер барлық әрекеттер дұрыс орныдалса, экранға Internet Explorer терезесі шығады. Одан әрі жұмыс істеу барысында сізге аспаптар тақтасында бірнеше батырмалар мен меню жолдарын пайдалану керек болды. Оларды қарастырып өтейік. Батырмалар астындағы жазулар олардың қызметін көрсетеді, бірақ қай кезде оларды басу керектігі онша түсінікті бола бермейді. Ал сеанс кезінде орнатылған сәттен бастап, ол біткенше уақытқа ақы төленеді.

Алдымен «адрес» өрісін қарастырайық, бұл өрісте ҒТР адресі былай теріледі: ftp://ftp.relecom.su

Адрес терілген соң, «Enter» пернесі басылады. Осы сәттен бастап сеанс соңына дейін пернелер қажет болмайды, өйткені барлық әрекеттер тышқанмен орындалады.

Адрес енгізілген сәттен бастап, Internet терезесінің жоғарыға оң жақ бұрышындағы жер шарының бейнесі көрсетілген сурет қозғалып айнала бастайды. Қозғалып тұрған сурет бейнесінің Internet Explorer эмблемасына айналуы ҒТР серверіне байланыстың толық орнатылып тікелей қатынас басталғанын мәлімдейді.

Құрал-саймандар тақтасындағы «Тоқта» (стоп) батырмасын кез-келген кезде басып қалып, ҒТР-сервермен өз компьютеріңіздің байланысын тоқтатуға болады. Егер сеанс кезінде бірінші парақмәтін алған болсаңыз, «Алға» және «Артқа» батырмалары сол мәтін бойынша жылжу мүмкіндігін береді. «Таңкдамалы» (Избранное) батырмасы арқылы қабылданған парақтар өз бумаңызда сол күйінде сақтауға болады. Сонымен ҒТР-сервермен сеанс аяқталғаннан кейін ол мәтінрді аспай-саспай қарап шығуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]