Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gaziz ot4et.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
28.09.2019
Размер:
144.4 Кб
Скачать

6. Офистік программалармен жұмыс істеу

Office пакетінің құрамына келесілер кіреді:

MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операциялды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі. Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың оригинал – макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп , безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар , стильдер , жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар тілі , қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады.

7. Html

HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML ді көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML – мәтінді белгілеу тілі.

HTML құжаттарды көру үшін браузерларды қолданамыз. Браузер-программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Netscape Communicator, Microsoft Internet Explorer, Opera.

HTML тiлiнде колданылатын командаларды “тег” деп айтамыз. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз.

Жұпты тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады. Мысалы,

<html> тегтiң жұмысын ашады да келесi </html> тегi оны жабады. <title> ашылуы, </title> жабылуы.

Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi. Мысалы, <IMG> т.с.с.

Көрсетілген мысалдарды компьютерде көрү үшін мәтінді Блокнот программасына теріп, оны htm түрінде сақтаңыз. Файлды браузерде ашыңыз.

Құжаттың структурасы

HTML құжаттың негізгі структурасы төмендегідей:

<HTML>

<HEAD>

<TITLE>

</title>

</head>

<BODY>

</body>

</html>

HTML-тег атрибуттар тізімінен тұрады. Тег тексті үшбұрышты жақша ішінде жазылады. Мысалы:

<FONT face=аrial>Менің бірінші бетім</font> - бұл жерде <FONT> - тег, face – атрибут, arial – атрибуттың мәні.

Кез келген HTML құжат <HTML> тегімен басталып, </html> тегімен аяқталу керек. Бұл тегтер браузерға HTML құжатын көрсетеді. Құжат болса қарапайым ASCII кодындағы мәтіндік файл. <HTML>, </html> тегтер болмаса браузер программалары құжатты танымай қалуы мүмкін.

<HTML>, </html> тегтерінің ортасына құжат денесі келеді. Құжат екі бөлімнен тұрады: тақырып бөлімі <HEAD> тегімен басталынатын және <BODY> тегімен басталынатын негізгі бөлімнен.

Тақырып бөлімі міндетті емес, бірақ ол жерде браузерге қажетті көп ақпарат болуы мүмкін.

<TITLE>, </title> тегтерінің арасында құжаттың аты жазылады, сол сөз терезенің тақырып жолына шығады.

Мысалы:

<TITLE>Моя первая страница</title>

<HEAD> бөліміне тағы <META> тегтерді қолдануға болады, олар сайтты интернет желісінде тез табылу үшін пайдалынады.

<meta name="Language" content=" kz"> - сайт тілі

<meta name="Autor" content="Molutjan Arziev"> - сайт авторы

<meta name="Keywords" content="информатика, школа, учитель, компьютер, уйгур, поурочный план, математика"> - іздеу қызметіне арналған сөздер

<meta name="Generator" content="блокнот"> - қай программада жасалынды

<BODY> тегімен Web-беттің негізгі бөлімі басталады. Бұл бөлімге мәтін, графика, кесте, аудио және видео ақпараттар енгізіледі.

Қорытынды

Қорытындылай келе өндірістік практика кезінде “ALMA TECH” ұжымымен жақсы қарым қатынасқа түстім. Практика кезінде компьютерлерге барлық мүмкіншіліктерін орнаттым, соның ішінде операциялық жүйені қайта орнату, антивирустар орнату, HTML мен жұмыс жасадым және университетте алған білімімнің арқасында кейбір қызметкерлерге мәтіндік редакторлармен жұмыс барысындағы кейбір мүмкіндіктерді көрсетіп, құжаттарды теру, көркемдеу сияқты жұмыстар атқардым. Ұжымда жұмыс істей келе өзімді жақсы жағынан көрсетуге тырыстым, бар алған білімімді көрсетіп, білмейтінімді үйрендім. Өзімді жұмыскер тәрізді рухани жағынан да байыттым. Өз дарындылығымды ары қарай жетілдірдім десем де болады.Практикада өзімнің 2-жыл бойы алған білімнің дайындық қабілетін анықтадым,өз мамандығымның қазіргі кезде қаншалықты сұранысқа ие боп тұрғанын көрдім, мекемелерде қолданылатын ақпараттық жүйелерді қолдану процесіне катыстым, қоғамдық компьютердің жаңа шарттарында ақпараттың жасалуын, ақпараттың өндірістік технологиясын сатылы процесте зерттеу және түрлі тапсырмаларды компьютерлік техника көмегімен шешуді іске асырдым. Осы практина барысында өзімнің қандай маман болуым керек екенін түсіндім.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Венцель Е.С. Теория вероятностей. - М.: Наука, 1964. 

2. Feistel H. Cryptography and computer privacy. Scientific American, 1973. (//http://www.ssl.stu.neva.ru/psw/crypto.html).

3. Иванов М.А. Криптография. Криптографические методы защиты информации в компьютерных системах и сетях. “Кудиц–образ” Москва 2001. 4. Моделирование случайных величин: Метод. указ. к лабораторной работе №1  /Сост.: Д.А. Иванников, С.М. Кашаев, Л.В. Шерстнева; НГТУ. Н.Новгород, 2001.   4. Полов К.П. Функциональное моделирование радиотехнических устройств и систем на ЦВМ: Учеб. пособие / Горьков.политехн.ин-т. Горький, 1989.  5. Полляк Ю.Г. Вероятностное моделирование на электронных вычислительных машинах. - М.: Сов. радио, 1971

21

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]