Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gaziz ot4et.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
28.09.2019
Размер:
144.4 Кб
Скачать

2. Inernet желісінде жұмыс істеу

Inernet желісінде қандай да бір ақпаратты орналасқан орнын білмей тұрып табу қиын. Мұндай жағдайда миллиардтаған web – беттеріне қол жеткізуді оңайлатып қана қоймай, Сізге іздегеніңізді табуға мүмкіндік беретін түрлі қызметтерді ұсынатын ақпараттық – іздеу порталдары көмекке келеді.

Ақпараттық – іздеу порталдары кілттік сөздер не сөйлемдер бойынша іздеу үшін берілген конфугурациялар кездесетін қор көздерінің мекен-жайларын табуға мүмкіндік береді. Бұл порталдарда сіз сондай-ақ түрлі ақпартты: ауа райы мәліметтерін, соңғы жаңалықтарды, волюта бағандарын, сілтемелерді және т.б. таба аламыз.

Inernet – те алуан түрлі ақпараттық – іздеу порталдары бар. Недәуір кең тарағандары Google (www.google.com www.Google.kz) Yandex (www.uandex.ru) Rambler (www. rambler.ru).

Іздеу порталдарының бәрінде Іздеу батырмасы бар Кілттік сөздерді енгізуге арналған өріс, Жаңалықтар таспасы, Тақырыптар бойынша сайттар каталогы, Іздеу қызметі болады.

Әдетте ақпараттық – іздеу порталдарының бәрі ұқсас сұлба бойынша жұмыс істейді. Енгізу өрісіне кілттік сөздерді жазып, Іздеу батырмасын басамыз. Осыдан кейін сайттар тізімі іріктеліп, бейне бетке шығарылады.

Енгізу өрісінің астыңғы жағында беттерді іздеу нәтижесі көрінеді. Ол бейне бетке бөлшектеп шығарылады. Одан әрі қарай өту үшін Келесі батырмасын басамыз.

Табылған беттер ішінен таңдау жасау үшін «Табылған ішінен» деген құсбелгі көзін орнатамыз.

Осылайша іздеу аясын мейлінше шектей аламыз.

Интернет тек дүниежүзілік желі емес, оның жұмысы информациялық кеңістікке түрлі форматта қызмет көрсету. Қызмет информация алмасатын түрлі хаттамаларға негізделген. Олардың ең көп тарағаны 1990-жылдардан бастап шыға бастаған «Дүниежүзілік өрмек» World Wide Web (WWW). Көбінесе оны қысқа түрде Web (Веб) деп атайды. Веб – тің негізгі қызметі – қажетті информацияны іздеу, жинастыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететіні – мәліметтер, графиктер, фотосуреттер, Веб-беттер түрінде дайындалып сақталған электорндық құжаттар. Электрондық құжаттың кәдімгі құжаттан айырмашылығы – оның жазылу форматында. Интернетте электрондық құжат құру үшін HTML атаулы арнайы тіл пайдаланылады (Hyper Text Markup Language – гиппермәтіндік белгілеу тілі). Яғни Веб – беттер серверде ерекше HTML форматында сақталады. HTML –дің орындайтын жұмысы – құжат тақырыптары мен абзацтарды белгілеу, гиппермәтінге арнайы белгілер орнату.

3. Windows nt server ортасын қондыруды үйрену

Желілік ОЖ бағдарламалық жабдығы екі негізгі компоненттен тұрады: клиенттің БЖ және сервер.

Сервер арқылы желі администраторы қолданушы мен желіні басқарады. Оның мүмкіндігі:

  • Желі қолданушы тізіміне жаңа қолданушыларды қосу;

  • Желінің жеке қолданушыларына мүмкіндіктер беру және оларды алып тастау;

  • Қолданушы тізімінен белгілі бір қолданушыларды өшіру.

WINDOWS NT SERVER – ді қондыру

Қондыру бағдарламасы – бұл желілік ОЖ қондыру жұмысын орындайтын қосымша. Қондыру кезінде ол келесі мәліметтерді сұратады:

  • Желі сегментінің атауы (мысалы, домен аты немесе жұмысшы топ атауы);

  • Сервер атауы

WINDOWS NT SERVER қондыру кезінде желілік адаптер платасын және протокол тізімінен протокол, мысалы TCP/IP протоклын таңдау қажет.

WINDOWS NT үшін TCP/IP протоколы стандартты болып келеді, оны қогдыру үшін үш параметрлер қажет:

IP – адрес – екі бөліктен тұратын: желі идентификаторы және ID хост 32-биттік логикалық адрес. TCP/IP протоколы қондырылған әрбір компьютер ерекше ІР-адрестен тұруы қажет.

Қосымша желі маскасы (subnet mask) ІР-адрестің бөлігін белгілеу үшін қолданылады.

Шлюз – ІРпакеттерді өшірілген желіге жіберу үшін қолданылады. Егер ол көрсетілмесе, онда жергілікті желімен байланысы шектеулі болып табылады

Жаңарту

Егер операциялық жүйенің платформасы өзгермесе, жаңарту жасауға болады. Бұл кезде жүйенің сыртқы пішіні, қолданбалы программалар мен мәліметтер сақталады, тек ескі операциялық жүйенің файлдары жаңа операциялық жүйенің файлдарымен ауыстырылады.

Көпнұсқалы жүктеу

Бір компьютерде бірнеше операциялық жүйені орнатуға болады, мұнда көпнұсқалы жүктеу жүйесі пайда болады. Әрбір операциялық жүйе жеке бөлімде болады, оның әрқайсысының өзінің файлдары мен баптаулары болуы мүмкін. Жүктеу кезінде керек операциялық жүйені таңдау менюі ашылады.

Виртуалдау

Виртуалдау технологиясы көбіне серверлерде қолданылады. Ол бір аппараттық жабдықтаманың жиынтығында операциялық жүйенің бірнеше көшірмелерін іске қосуға мүмкіндік береді. Осыған орай бір физикалық ресурс бірнеше логикалық ресурс секілді жұмыс істеуі мүмкін.

Операциялық жүйені орнату алдында қатқыл диск бөлімдерінің құрылымын таңдап алу қажет. Мәліметтерді сақтау әдістерінің бірі қатқыл дискті бірнеше бөліктерге бөлуді қарастырады.

Практиканың алғашқы күндері Windows ортасының қателіктерін тауып, жүйелері зақымданған компьютерлерді анықтаумен өтті. Операциялық жүйелерді қалпына келтіру мақсатымен мен тек операциялық жүйелері зақымданған компьютерлерге ғана қайта орнату жұмыстарын жүргіздім.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]