Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
23.09.2019
Размер:
350.21 Кб
Скачать

Кіріспе

Қазіргі таңда басқару орындарында кең көлемде жиналған ақпаратты қолдану ең негізгі қиыншылықтардың бірі болып табылады .

Масштабына және жүйеленген механизмі мен түрлі ақпарат көздеріне жедел түрде қол жеткізу мүмкіндігі болмауына байланысты басшылар басқаруды қиын түрде іске асыруға мәжбүр.

Осы заманғы ғылыми еңбектерде шешім қабылдаудың шаруашылық субьектілерінің дамуына рөлі мен орны туралы толыққанды және қысқа түсініктері берілген .

Шешім қабылдаудың толыққанды түсінігінде басқарудың барлық процесстеріне теңестіру болып табылады .

Қысқа түсінікте , бірінші кезекте формальді-математикалық бағыт еңбектеріне жүгінеміз, шешім қабылдау көптеген басқада нұсқалардың арасынан ең дұрыс шешімді таңдау ретінде түсіндіріледі .

Толыққанды түсінік шешім қабылдау және оның орындалуын қамтиды,оған қоса олардың іске асырылу нәтижелерін бақылау және анализінде .

Шешiмдердiң нұсқаларының өздігінен пайда болмайтын қысқа түсiнікті талдауда ескеру керек.Басқарушылық шешімдерді қабылдау барысы тек шешімді қабылдау ғана емес, оған дайындық , оның іске асырылуы үшін қажетті элементтерді анықтауды қамтиды.

Шешім қабылдау барысын кешенді және жүйелі зерттеудегі атап өтетін жайт оның болжаумен теңестірілетіні . «Болжаудың мақсаты-шешім қабылдауға қолайлы жағдай жасау т.б. басқарудың мүмкін обьективті -минималды аймағын анықтау, әрқайсысына болашақта болуы мүмкін басқарушылық шешімдерінің сан түрлі жағдайларда орындалуының салдарының мүмкіндіктерінің шекарасын сызу.

Стратегиялық жоспарлау- әрбір ұйымның мақсатты таңдап және оған жету жолдарын қамтитын басқарудың түрін айтамыз. Стратегиялық жоспарлау басқарушылық шешімдердің тиімділігін қамтамасыз ететін басқарудың негізі болып табылады .

Стратегиялық басқарушылық шешімдердің өзгешелік белгілері :

а) менеджер (ШҚТ) немесе менеджерлер тобы жеке басының мұқтаждығы үшін емес нақты ұйымның қиыншылықтарын шешу мақсатында шешім қабылдайды.

б ) менеджер бағытты қара басына қатысты ғана емес , ұйым және ұйым қызметкерлеріне қатысты таңдайды.Оның қабылдаған шешімі көптеген тұлғалардың тағдырына әсері мол.

в) әдеттегідей, шешім қабылдау бір тұлғалардың қолында болса , шешімді іске асырумен басқа адамдар айналысады .

г) Ұйымды басқару ісінде шешім қабылдау- кәсіпқой дайындықты қажет ететін ең қиын,жауапты іс болып табылады .

Шешім қабылдау ісіндегі ғылыми-техникалық прогресс басқару ісіне компьютерлік технологияларды енгізумен ,соған орай шешім қабылдауды қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникативтік үрдістердің түп тамырымен өзгеруіне байланысты. Басқару органдары және де тікелей жетекшілер мен мамандарға келетін ақпарат көлемінің ұлғаюы,шешілетін мәселенің қиындауы,өзара тығыз байланысты факторларды есептеу қажеттілігі және тез арада өзгеріп отыратын жағдайлар автоматтандырылған ақпараттық технологияларды және де есептеуіш құрылғыны шешім қабылдау үрдісінде қолдануды талап етеді.

Соған байланысты жаңа есептеу жүйесі пайда болды, яғни шешім қабылдауды қолдау жүйелері.(ШҚҚЖ)

Шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің негізгі мақсаты басшылыққа жедел және стратегиялық шешімдерді қабылдау үшін өзекті және маңызды ақпаратты жеткізу болып табылады .

Шешім қабылдауды қолдау жүйелеріне және соған байланысты қазіргі заманғы ақпараттық технологияларға ( мәліметтер қоры, мәліметтерді аналитикалық өңдеу және т.б) соңғы уақыт көп назар аударылуда .

Ақпараттық технологиялардың бүгінгі күнгі жетістігі саралау жүйелерінің және шешім қабылдауды қолдауды бірегей мәліметтер қоры арқылы жүргізуді айтуға мүмкіндік береді .

Сондықтан қазіргі таңдағы космос саласының ақпараттық жүйелерінің дамуындағы негізгі мәселелерінің бірі бірегей нормативті – анықтамалық ақпарат негізінде біріңғай салалық мәліметтер қорын дамыту табылады. Ол өз кезегінде саланың жекелеген ақпараттарының басын қосып шешім қабылдау барысын жеңілдетеді .

Ғарыш саласына біріңғай мәліметтер қоры негізінде автоматтандырылған шешім қабылдауды қолдау жүйелерін жасау және есептеме соған қоса деректі түрдегі ақпаратқа жедел және сапалы түрде қол жеткізу механизмдерін әзірлеу жұмыс барысын жеңілдетіп қабылданатын шешімнің сапасын арттырады .

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты ғарыш саласында стратегиялық жоспарлау және басқарудағы автоматтандырылған шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің құрастыру тұжырымдамасын жасау болып табылады .

Алдағы қойылған мақсатқа жету үшін келесі жұмыстар орындалған :

- ғарыш саласын стратегиялық жоспарлау және басқару мәселелерінің ерекшеліктері талданды .

- ғарыш саласын стратегиялық жоспарлау және басқару мәселелерінің жиынтығы анықталды.

- ғарыш саласын стратегиялық жоспарлау және басқару мәселелерінің тәсілдері мен шешу жолдары сараланды .

- ғарыш саласында стратегиялық жоспарлау және басқарудағы автоматтандырылған шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің жасау қағидаттарымен амал-тәсілдері талданды .

Основанием и исходными данными для данной работы является договор № У-36 от 19 ноября 2007 года по проведению исследований по теме «Развитие системы информационных коммуникаций и технологий в целях повышения эффективности управления космической отраслью Республики Казахстан» по разделу «Разработка принципов создания автоматизированной системы поддержки принятия решений по стратегическому планированию и управлению космической отраслью» с АО «Центр инжиниринга и трансферта технологий», выполняемых в рамках Программы "Развитие инфраструктуры комплекса "Байконур" на 2007-2009 годы", утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 2006 года № 954.

  1. Ғарыш саласын стратегиялық жоспарлау және басқару ерекшеліктерінің сараптамасы.

    1. Стратегиялық жоспарлау мен басқарудың мақсаттары мен міндеттері.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей ғарыш саласының дамуы оның келешегін бірнеше жылға алдыға анықтайтын стратегиясыз аса тиімсіз .Бұл ретте ғарыш саласының даму стратегиясы жалпы мемлекеттің даму стратегиясына тікелей үйлесу керек .

Әлемнің алып ғарыш мемлекеттері ғарыш саласының дамуы ұзақ мерзімді даму стратегиясын жүзеге асыруда аса зор мән , экономиканың дамуында , мемлекеттің қауіпсіздгін қамтамасыз етуде, ғылым мен техниканың дамуында үлесі алуан, соған орай ғарыш саласының дамуын біріңғай мемлекеттің даму стратегиясының өте маңызды құрамды бөлігі ретінде қарастырады .

Экономиканың жаңа өсу шарттарында негізгі өндіріс факторлары мен өнеркәсіп технологиялары ғаламдық экономикаға ықпалдасушы мемлекеттерге қол жетімді зат болуда. Ұлттық экономикалар мен ұлтаралық корпорациялардың бәсеклестігінің артықшылық тірегі тиімді ғаламдық басқару және байланыс жүйелері болып табылады.

Соған байланысты ғарыш саласының дамуын ғылыми-дәлелді стратегия негізінде жасау керектігі және жоспарлау мен басқарудың қазіргі заманғы әдістері арқылы іске асыру керектігі айқын екені білінді.

Стратегия дегенінің мәні ғарыш саласының ұзақ мерзімді дамуын іске асыру мақсатында орындалатын ғылыми негізделген бағдарламаны айтады .

Стратегияны жүзеге асыру барысын екі үлкен топқа бөлуге болады :

а) Стратегиялық жоспарлау барысы – стратегиялар жиынтығын жасау , базалық стратегиядан бастап функционалдық стратегиямен аяқтаймыз және де жекелеген жобалар.

б) Стратегиялық басқару барысы – жекелеген стратегияны уақыт бойынша іске асыру , жаңа жайттардың пайда болуына байланысты стратегияны қайта тұжырымдау.

Стратегиялық жоспарлаудың іске асырылу барысы нысандандырылған тәртіп, кестесі бар кезеңдер , әдістемелер, орындалу техникасы көмегімен жүзеге асырылады .

Стратегиялық жоспарлау жүйесі мынадай үлгідегі шешімдердің қабылдануын қамтамасыз етеді :

Стратегиялық жоспарлау барысы төмендегідей кезеңдерді қамтиды:

- Мекеменің мақсаттарын тұжырымдау ;

- Дәл қазір іске асырылып жатқан мақсаттар мен стратегияларды теңдестіру .

  • Алдыға қойылған мақсаттарға жету мүмкіндіктерін сараптау.

  • Қолда бар ресурстарды теңестіруге мүмкіндік беретін , екінші жағынан ресурстардың артықшылығы мен кемшілігін анықтауға мүмкіндік беретін ресурс сараптамасын жасау.

  • Стратегиялық жағымды оқиғалар мен қауіп-қатерді теңестіру .

  • Стратегияның керекті өзгеру аймағы мен көлемін анықтау .

  • Стратегиялық шешімді қабылдау .

  • Стратегияны нығайту .

  • Стратегияның іске асырылуын қадағалау.

Стратегиялық басқарудың негізгі зерттеу бұйымы:

  • Стратегия мен стратегиялық даму мақсатына тікелей қатысты мәселе ;

  • Ұйымның стратегиясы мен стратегиялық дамуына керекті, бірақ қазіргі таңда жоқ немесе қажетті көлемде табылмайтын элементке қатысты қиыншылықтарды шешу.

  • Сыртқы факторларға байланысты басқарылмайтын қиыншылықтар .

Стратегиялық басқару жүйесі қарастырады:

  • Әрбір стратегиялық мақсатқа байланысты басшылық орталықтарын құру.

  • Өндірістік бөлімдер мен олардың басшыларын стратегиялық мақсаттарды орындауына қарай бағалау және ынталандыру .

Стратегия басқару келесі бес функцияда көрінеді :

  • стратегияны жоспарлау ;

  • стратегиялық басқаруды орындауды ұйымдастыру ;

  • стратегиялық мақсаттарды іске асыру әрекеттерін қадағалау ;

Стратегияны жоспарлау болжау , зерттеме және қаржыландыру сияқты қосалқы әрекеттерді қамтиды. Болжау стратегиялық жоспардың негізі мен түбі болып саналады.Ол болашақ қауіп – қатер мен даму мүмкіндігін болжау мақсатында сыртқы және ішкі факторларды терең талдауға негізделеді. Қадағалау стратегиялық жоспардың іске асырылу барысын үздіксіз бақылудан тұрады. Оның мақсаты тез арада төніп тұрған қауіпті анықтау , қателерді табу және қабылданған стратегиядан шеткерімдерді табу болып табылады.

Стратегиялық шешімдердің өзіндік кейбір ерекшеліктері бар , мысалы :

- инновациялық сипат

- перспективалы мақсаттар және мүмкiндiктердің бағытталғандығы.

- бағаның жекелiгi.

- қайтымсыздық және биiк тәуекел дәрежесi.

1.2 Стратегиялық жоспарлау мен ғарыш саласын басқарудың ерекшеліктері

Ғарыш саласының тиімді дамуының жолын таңдау әрбір ғарыштық мемлекеттің қазіргі кездегі мәселесі болып табылады.

. Ғарыш саласын дамытудың жаңа моделінің негізгі қағидалары ғарыштық жобалардың мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, ғылыми технологиялық және қорғаныс жағынан дамуына негізделеді.

Қазіргі уақытта ғарыштық жобалардың наразылық деңгейі мен тиімділігі олардың соңғы өнімі арқылы өлшенуі керек.

Қазіргі заманғы ғарыш саласы стратегиялық дамуында келесідей қағидалар мен шарттарды орындайды:

- Ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарды көздейтін жоспарлардың жүйелі түрде дамуы

- Ғарыштық аппараттар жүйелері мен жердегі ғарыштық инфрақұрылымның кластерлі жинақ дамуы

- Ғарыштық технологиялар мен ғараыш саласының экономикалық тиімділігінің дамуын ынтландыру;

- Ғылыми зерттеуледің, өңдеу, ғарыштық техниканы өндіру мен сынаудың біртұтас жүйесін құрудың қажеттілігі

Ғарыш саласының негізгі мақсаттары төмендегідей:

- ғарыш кеңістігін зерттеу және біздің ол туралы білімімізді кеңейту;

- ғарышты бейбіт мақсатта қолдану;

- мемлекеттің экономикалық дамуын және ғылыми техникалық және әлеуметтік дамуын қанағаттандыру;

- мемлекеттік мүдде мен оның қорғаныс қабілетін қорғау.

Ғарыш саласының мақсаттарына тағы келеслерді жатқызуға болады:

- ұзақ мерзімге арналған тұрақты даму қағидасы;

- ғарыш саласының дамуы мемлекеттің дамуына қызмет етуі керек;

- техникалық прогресстің ынталандырушы ролімен түсіндірілетін ғарыш саласының әлеуметтік және экономикалық тиімділігін үдемелі жоғарлату қағидасы ;

- техникалық прогрес пен экономикалық мақсаттардың рационалды үйлесімін қамтамасыз ететін тиімді жолдарын іздестіру;

- перспективалық және ағымдағы мақсаттардың үйлесімін көздейтін біртұтас жоспарлау қағидасы.

Әр түрлі деңгейдегі жүйелік үйлесімін қамтамасыз етуінің мысалдары төмендегідей:

1) Соңғы өнімді алуға мүмкіндік беретін ғарыштық және жердегі технологияның үйлесімі – бұл бөлек ғарыш жүйесінің деңгейі болып табылады. Атап айтқанда, жердің ғарыштық дистанциондық зондтау жүйесі өзіне спутникті құру мен іске қосу, комплекстің жердегі басқарылуын және ақпарат алмасуды қамтамасыз ету керек.

2) Бірнеше ғарыштық жүйелер деңгейі –біртекті есептер мен қосымшаларды шешетін әртүрлі ғарыштық жүйелердің үйлесімі. Атап айтқанда, транспорттық инфрақұрылымның ұлттық мониторинг жүйесін құрады. Ол өз кезегінде навигациялық жүйе мен ақпараттық-навигациялық алаңның интеграциясына әсерін тигізеді.

3) Ұлттық ғарыштық саланың деңгейі – увязка разнородных сегментов космической отрасли с целью создания и развития собственной космической индустрии өзіндік ғарыштық индустрияны қалыптастыру мақсатында ғарыштық саланың әртектес сегметтерінің үйлесімі. Ол өз кезегінде өзіндік ғарыштық жүйенің өз бетімізше құрып, жоспарлауымызға мүмкіндік береді.

4) Технологиялық әртектес жүйелердің деңгейі –бір есеп пен қосымшаны шешу барысында технологиялық жағынан әртүрлі үйлесетін ғарыштық жүйе. Атап айтқанда, қазіргі кезде спутниктік және жердегі навигация жүйелерінің интеграцияларының арасында мәндес беталыс байқалады.

Ғарыштық саланың басқарылуын ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктеріне келесілерді жатқызуға болады: [2]:

  • техниканы құруда зерттеу конструкторлық жумыстан өндіріске дейінгі барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін олардың жиынтық мінез-құлқы;

  • зерттеулердің мақсатты бағытының үйлесімі, жалпы жүйелілік және түпкі мақсатқа жету үшін жасалатын жұмыстар

  • шетелдік нұсқалары жоқ немесе одан кем түспейтін тауарға жоғарғы ғылыми техникалық деңгеймен қамтамсыз етудің қажеттігі;

  • тұрақты өндірісітегі технологияны өзертудің басымдығы, бұл өз кезегінде негізгі өндірістік қорларды жаңарту және эксперименталды тәжірибелік базаны дамыту негізінде жүзеге асырылады ;

  • кейбір түрлері 20 жылдан аса жұмыс жасайтын техниканың толық өмірлік циклының едәуір ұзақтығы, ;

  • зерттеулер мен нұсқалардың кең спектрі және өндірістің көп номенклатуралығы мен диверсификациялығы;

  • элементтерінің тұрақты жаңартумен (зерттеу обьектілері, технология, кестелік және конструктивті шешімдер, ақпараттық лектер) пайда болатын өндірістің дамуының үлкен ауытқуы, ғылыми өндірістік құрылым мен басқаруды дамытатын сандық және сапалық көрсеткіштердің өзгеруі. Өнімді өндіру уақытының ауытқуы оның біркелкі тиелуі мен өндірістің потенциалын толық пайдалануына кері әсерін тигізеді;

  • Болашақтың техникасын жасауда қолданылатын шешімдерге әсерін тигізетін ең жаңа техникамен жумыс жасау барысындағы белгісіздіктің жоғары деңгейі. Сапалы жаңа өнімді жасау барысында оның негізгі құрамдас бөліктері (кестелік және конструкторлық шешімдер, физикалық қағидалар, технологиялар және т.б) жасалынады. Өнім белгіленген техникалық және экономикалық параметрлеріне жету үшін көп жағдайда жоғары ғылыми техникалық тәуекелге ұшырасады. Жүйенің жаңа компоненттерін жасауда ұшырасатын тәуекелдер нәтижесінде стратегия қалыптасады. Ол өз кезегінде альтернативалы компоненттердің варианттары мен ғылым мен техниканың тұрақты және өзгермелі облыстарында қалыптасады. Бұл стратегия түбінде ақталмайтын ресурстардың ысырабына алып келуі мүмкін;

  • интенсивті инвестициялық үдеріс - зерттеу мақсатына жету және жоғары деңгейдегі ғылыми техникалық өнімдерді шығару үшін маңызды фактор;

  • Жоғары білікті инженерлі-техникалық жумысшылар мен өндірістік персоналдың, оқымыстылардың ұжымдағы жоғары үлес салмағы.

Ғарыштық саланың тұрақты дамуы оның стратегиясының маңызды элементі болып табылады. Бірақ ол өз кезегінде келесі шаралар негізінде жүзеге асырылады:

- ғарыш саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік ғылыми техникалық перспективті саясатты құру;

- заңнамалық және нормативті құқықық базаның, өндірісті басқарудың әдістерінің жүйелі және оперативті дамуы;

- сапалы мемлекеттік қолдау механизмін құру, ғарыштық технология саласына инновацияларды енгізу мен тарату, сосын техникалық жаңарудың потенциялын жоғарылату үшін ынталандыру жүйесін құру;

- ғарыш саласындағы халықаралық халықаралық ынтымақтастықты дамыту.