Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

каз яз ргр №2

.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
1.6 Mб
Скачать

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы

Қазақ тілі 2

2 Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: «Пернетақта»

Орындаған:

БАУ-11-6 тобының

студенті Уразмурзин А.К.

Тексерген:

оқытушы

Қасымжанова Б. С.

Алматы 2012

Мазмұны

Даму тарихы.......................................................................................................................3

Өткізгішті пернетақта Delux DLK-1100 + DLK-100......................................................4

Техникалық сипаттамалары..............................................................................................5

Жарнама..............................................................................................................................6

Жарнама қателер................................................................................................................6

Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................................9

Даму тарихы

Пернетақта - компьютерге мәліметтер мен командаларды енгізуге арналған құрылғы. Ол пернелерден тұрады, оның көмегімен сандық және мәтіндік ақпараттарды немесе түрлі командаларды енгізуге болады. Пернені басқанда, осыған сәйкес жазылған символ немесе басқа амал орындалады. Қазіргі кезде көптеген компьютердің пернетақталары 101 пернеден, бірнеше жарық индикатордан тұрады. Олар перненің жұмыс режімдері туралы хабар беріп отырады. Пернетақтада мыналар бар: а) жазба машиналарының стандартты цифлары бар пернелер, латын және орыс әріптері мен тыныс белгілері; ә) кішкене цифрлық пернетақта; б) редакциялайтын пернелер; в) меңзерді басқару пернесі; г) қызметтік пернелер; ғ) арнаулы пернелер. Әріптік-цифрлық пернелер негізінде операциялық жүйелердің командалары мен мәтіндерін енгізу үшін пайдаланылады. Кіші цифрлық пернетақталар негізгі пернетақталардағы цифрларды қайталайды және ол сандық мәліметтерді енгізу үшін ыңғайлы. Редакциялайтын пернелер мен меңзерді басқару пернелері экранға шыққан ақпараттармен жұмыс істеу үшін пайдаланылады. Қызметтік пернелер есептеу жүйесінің түрлі міндеттерін немесе жеке программаларды басқаруға арналған. Арнаулы пернелер компьютерлерді басқару және пернетақта режімдерін орындау үшін қажет.

Пернетақта - түрлі операцияларды басқару және мәліметтерді енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын белгілі бір тәртіппен орналасқан пернелер жиынтығы. Компьютердің пернетақтасы — үлгіқалыпты қосқыш орны бар және жүйелік тақшамен байланысқан тізбекті интерфейсі бар біркелкіленген құрылғы. Оларда 83 (84), 101 (102), 104 (105) немесе 122 перне болады. Пернетақтада бірнеше түрлі пернелер бар. Оларды мынадай санаттар бойынша жіктеуге болады:

Әріптік-цифрлық пернетақта : бұлар әріптер мен сандар пернелері. Тыныс белгі пернелері: бұлар қос нүкте (:), нүктелі үтір (;), сұрақ белгісі (?), дәйекше (') және тырнақшалар (") сияқты пернелер. Арнайы пернелер: оларға, мысалы, жүгіргі пернелер, Control пернелері мен қызметтік пернелер (F1–F12) жатады. Бұл пернелер қолданылу мақсатына байланысты әр түрлі іс-қимыл жасайды. Мысалы, мәтін өңдегіште ENTER пернесін басқаннан кейін жаңа жол басталады, ал іздеу жүйесінде ол қажетті мәтін енгізілгеннен кейін іздеу үрдісін белсендіреді.

Қызметтік пернелер – бұл белгілі бір тапсырмалар орындауға арналған арнайы пернелер. Олар былайша белгіленеді: F1, F2, F3 және F12 пернесіне дейін. Бұл пернелердің мақсаты бағдарламаға байланысты болады. Мысалы, F5 пернесі әдетте бейнебетте көрсетілетін деректерді жаңарту қызметін атқарады.

Өткізгішті пернетақта Delux DLK-1100 + DLK-100

Қосымша DLK-100 сандық пернетақтасы бар Delux DLK-1100 аса жұқа шағын пернетақта. Пернетақтаның заманауи дизайны мен жалтыр беті бұл үлгіні үй немесе кеңсе үшін тартымды етеді. Стандарт пернетақтаны орналастыруға шынында да мүмкіндік жоқ жерде таптырмайды. Бұл үлгі ықшам компьютерлерде пайдаланылатын пернетақтаның бүкіл қызметін дәлме-дәл қайталайды. Сәйкесінше, «Fn» пернесін басып тұрып қолданылатын қызметтерді үйлестіретін пернелердің жиыны бар. Кірістірілген USB хаб екі USB құрылғыны қосуға және қосымша сандық пернетақтаны қуаттандыруға мүмкіндік береді.  

Қосымша сандық пернетақта есептеуіш қызметін атқарады, энергия үнемдеу қызметі бар кірістірілген литий-ионды аккумулятордың арқасында дербес қолдануға болады. Аккумулятордың қуаты бір жыл бойы күнделікті пайдалануға жеткілікті. Магнитті жақтауларының арқасынла кез келген жағынан кез келген сәтте пернетақтамен түйіседі.  Меншік USB кабель - «ұлудың» арқасында мүлдем жеке пайдалануға болады.

Пернетақтаның замануи дизайны мен пернелерінің пішінін «шоколад дестесімен» салыстыруға болады.

Орта Азиялық аймақ үшін арнайы әзірленген пернетақта жаймасының қарпі әдемі де тегіс, дәл лазердің көмегімен қондырылған және өшіп қалудан УК-жабынмен қорғалған. Үш түсті бояуда орындалған. Ағылшынша жаймасы – қара, орысша – қызыл, қазақша – көк түсті.

Техникалық сипаттамалары

Пернетақта: Өткізгішті қосылыс - USB; Пернелер саны: 87 стандарт; Бірлескен қызметті пернелер: 16 қызметтік; Рәміздердің түсі: Ағ .- Қара, Ор.- Қызыл, Қаз.- Көк; Ағ.- Ақ USB кабельдің ұзындығы: 150см; Басу күші: 53 ± 7 г; Жұмыс температурасы: 0~45 °C; Пернеге басу саны: 10 миллион; Өлшемі: 295мм (ұзындығы) x 125мм (ені) x 25мм (биіктігі); Үйлесімділігі Windows 98/Me/2000/XP/2003/2008/Vista/Win 7/ 32bit және 64bit; Сандық пернетақта - есептеуіш: Өткізгішті қосылыс - USB; Пернелер саны: 24 стандарт; Энергия үнемдеуіш режимі; Өздігінен сөну 6 минуттан соң; USB кабельдің ұзындығы: 75см; Басу күші: 53 ± 7 г; Жұмыс температурасы: 0~45 °C; Пернеге басу саны: 10 миллион; Өлшемі: 85мм (ұзындығы) x 125мм (ені) x 25мм (биіктігі); Үйлесімділігі Windows 98/Me/2000/XP/2003/2008/Vista/Win 7/ 32bit және 64bit; Өндіруші кепілдігі - 3 жыл.

Жарнама

Қолыныз шаршап кетті ма?

Пернетақтаныз сынып, сізді тындаудан бас тартты ма?

Солай болса, Delux пернетақтасын көрініз.

Әдемі және ыңғайлы, Delux қолданудан рахат ал!

Жарнама Қателер

Берілген нұсқада «шашты» сөзі қатемен жазылған.

Дұрыс нұсқасы – шашқа.

Берілген нұсқада «өсеру», «сәкестігін», «ауруын», «тістердең» сөздер қатемен жазылған.

Дұрыс нұсқасы – өсіру, сәйкестігін, ауыруын, тістердің

Берілген нұсқада «Тағамдар баршаның денсаулығы үшін»

Дұрыс нұсқасы – Баршаның денсаулығы үшін тағамдар

«Туристік» қатемен келіп отыр. Дұрысы – Туристтік.

«Столовая» орыс сөзі болып келеді. Қазақшаға аударғанда: Асхана.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Балапанов Е.Қ. Бөрібаев Б.Б. Дәулетқұлов А.Б. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ. Алматы, ЖТИ, 2004.

  2. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Электроника, радиотехника және байланыс / жалпы редакциясын басқарған п. ғ. д., профессор А.Қ.Құсайынов – Алматы: Республикалық мемлекеттік Рауан баспасы, 2000 – 240 бет.

  3. Қазақша-орысша сөздік. Х. Махмудов, Ғ. Мұсабаев.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]