- •1.2 Стратегиялық жоспарлау мен ғарыш саласын басқарудың ерекшеліктері
- •2 Ғарыш саласын басқару және стратегиялық жоспарлаудың негіздемесі мен мәселелері
- •2.1 Стратегиялық жоспарлау мәселелері
- •2.2 Жобаларды басқару мәселелері
- •4.2 Шешім қабылдауды қолдаудың автоматты жүйесінің құрылу принциптері
- •5 Кесте - mis және dss ерекшеліктері
- •6 Кесте - Интеллектуалды және ақпаратты-анықтамалық шққж салыстыру
- •1) Ұсыныстар өндірілуінің жабдығы
- •2) Мәліметтер дайындығының жабдығы
- •4.3.2 Шққж-дағы мәліметтеді талдау мен сақтау технологиясы
2 Ғарыш саласын басқару және стратегиялық жоспарлаудың негіздемесі мен мәселелері
Ғарыш саласының тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін инвестициядан басқа басқарудың жаңа технологиясы қажет.
Ұзақ мерзімді ғарыш саласын дамуын қамтамасыз ететін басқару технологиясы ретінде жобалық қаржыландырудың мақсатты әдісін айта аламыз. Жобалық қаржыландыру өзара үйлесімді екі үдерісті қамтиды: жобаларды дайындау және оларды жүзеге асыруға бағытталған стратегиялық жоспарлау мен жобаларды басқару. Бұл әдіс үлкен корпорациялардың басқаруында қолданылып қазіргі кездегі басқарушылық ғылымның бір жетістігі болып табылады.
Жобалық басқарушылық қағидасы негізіндегі басқарудың мақсаты ішкі ресурстарды тарту мен жұмылдыру арқылы ғарыш саласының мүмкіндігінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету. Стратегия таңдау, мақсаттарды мен механизмдерді айқындау әкімшіліктің (мемлекеттік өкілеттігі бар басқару ұйым – Ұлттық ғарыш агенттігінң) мәселесі болып табылады. Бұл амал ғарыш саласының басқару жүйесіндегі шешім қабылдау мен орындаудың дайындық үдерісінің бөлінгенін байқатады.
Жобалық қаржыландырудың айқындаушы компоненті болып алға қойған мақсаттарға жету, яғни жобалардың жүзеге асуы болып табылады. Жобалар келесідей негіздемелер бойынша құрылады:
ғарыш саласының стратегиялық жоспары;
ағымдағы жағдайға анализ және осал жақтарды анықтау;
ағымдағы жобалардың жүзеге асуын бағалау.
Ұзақ мерзімді жобалар мен программаларды құру және жүзеге асыру кезінде жобалық қаржыландыруға көшу келесідей мүмкіндіктерге жол ашады:
бюджеттің негізделмеген жаратылуын жоятын шараларды құру;
қосымша қаржыландыру көздерін тарту;
мүмкін болатын тәуекелдерді төмендету;
басқару жүйесінің сыртқы және ішкі орталардың өзгерісіне бейімделуін қамтамасыз ету.
Ғарыш саласын басқарудың қағидаларына қарай жобалық қаржыландыру қарастырады:
ғылыми техникалық потенциалды жобаның ресурсы ретінде пайдаланып оны нығайту;
белгілі бір жобалар немесе ортақ стратегиялық жоспар негізінде ғарыш саласындағы мекемелерді үйлестіру және дамыту;
жобаның менеджерін тағайындау, яғни жобаны басқаруға, оның құрылуынан толық іске асуына дейін жауап беретін жауапты тұлғаны тағайындау, ;
жобаны құрастырушы мен орындаушының жауапкершілігінің шегін орнату және жобаның тиімділігі мен технико-экономикалық негіздемесінің есебін тіркеу;
түрлі қаржыландыру көздерін бағдарлау, яғни жобаның қаржылық мөлдірлігі арқылы бюджеттің, шағын бизнеске деген инвестициялық қызығушылығын және қарыз көздерін бағдарлау.
2.1 Стратегиялық жоспарлау мәселелері
Жобалық қаржыландырудың негізгі құрамдас бөліктерінің бірі стратегиялық жоспарлау болып табылады.
Стратегиялық жоспарлаудың өзегі болып ғарыш саласындағы мүмкін перспективалар мен даму мақсаттарын ұштастыратын ашық анализ болып табылады. Бұл стратегиялық жоспарлауды жоспарлау жүйесінен даму бағыты бойынша айырып тұратын белгі.
Стратегиялық жоспарлаудың үдерісі үздіксіз болып табылады және ол өзара үш тығыз байланысты іс әрекеттен тұрады:
- мақсатты тұжырымдау;
- перспективаны саралау, талдау;
- мақсатқа жету механизмін құрастыру.
Мақсатты тұжырымдау ғарыш саласының мақсатты дамуын нысандау, рәсімдеу үдерісі болып табылады. Таңдап алынған мақсаттар дәл, өлшенетін, уақытқа негізделген болу керек және ғарыш саласының даму бағытын айқындап тұру керек.
Мақсаттарды айқындайтын негіз ретінде заңды, мемлекеттің стратегиялық дамуын және ағымдағы жағдайдың сараптамасының қорытындысын атап өтеміз. Мақсаттар мемлекеттің мүддесі мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бағдарланған.
Стратегиялық жоспарлаудағы мақсатты тұжырымдау перспективаны саралау мен мақсатқа жету үшін механизм құрумен тығыз байланысы арқылы ерекшеленеді. Бұл өз кезегінде қол жетпес және орындалмас мақсаттарды сұрыптауға мүмкіндік береді. Егер стратегиялық жоспарлаудың шарттарын орындасақ алға қойылған мақсаттарға қол жеткіземіз.
Перспективаны саралау, талдау ғарыш саласының даму перспективасын айқындайтын маңызды технико-экономикалық көрсеткіштерді болжамдау үдерісі болып табылады. Болжамдаудың нәтижесі дамудың мүмкін жолдары мен оған сәйкес көрсеткіштер арқылы көрініс табады.
Қазіргі кездегі басқару жүйелерінде болжамдау ағымдағы бағыттар мен басқару механизмдері арқылы жүзеге асырылады, яғни бағыт бойынша болжамдау. Cтратегиялық жоспарлаудағы бағдарлау дәстүрлі бағдарлауға қарағанда ғарыш саласының даму бағытына әсер ете алатын сыртқы іс әрекеттерді болжауды қамтиды.. Сондықтан саралаудың сапасы бағыттың тереңдігіне, қауптерге және де өзге факторлар: әлеуметтік, саяси, экономикалық, халықаралық және өзге де сыртқы факторларға байланысты..
Мақсатқа жету механизмін құрастыру. Мақсатқа жету механизмін құрастыру деңгейінде осы механизм ізделініп және олардың мекемеде жүзеге асырған кездегі мүмкіндігі сараланады..
Құрастырылған механизмдер экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық жағынан әдістер жиынтығының тиімді жағын қарастырады. Аталған механизмдер шешім қабылдау үшін ережелер жиынтығынан, яғни сапалы түрде мінез құлықты ұсыну ретінде көрініс табады..
Стратегиялық жоспарлаудың қорытындылары
Стратегиялық жоспарлаудың негізгі қорытындылары болып төмендегілерді атаймыз:
- ғарыш саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жобалар мен программалардың өзара үйлесімді жиыны;
- әкімшіліктің алға қойған мақсаттарына жетуі және шешім қабылдау үшін қолданатын шарттар жиыны түріндегі стратегиялық іс әрекеті;
- ғарыш саласының даму жоспары мен потенциалды көтеру.
