Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты по каз.яз.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
78.73 Кб
Скачать

Билет № 13

1. Жоспарлы. экономика кезеңі (1920 жылдың аяғы - 1990 жылдың басы). Жоспарлы экономиканың іргетасын мемлекеттік меншік пен шаруашылық кызметті жоспарлау кұрады. Оның дамуы орталықтан түсетін мемлекеттік жоспарларға байланысты болды. Олар нені, қай жерде және қанша мөлшерде өндіру қажет екендігін анықтап беріп отырды. Баға қоюды, өнімді таратып бөлуді үкімет жүзеге асырды. Сол себепті жоспарлы экономиканы әміршілдік-таратушы экономика деп те атайды.

Жоспарлы экономика кезеңінде ел экономикалық артта қалушылық қыспағынан құтылды. Дамыған индустриалды-аграрлық экономика құрылды. Мұнда шешуші рөл атқарған индустрияландыру мен тың игеру болды. Қазақстаң өнімнің көптеген түрлері бойынша КСРО-да алдыңғы орындардан көрінді. Бидайдың әрбір жетінші тоннасын Қазақстан егістіктері өндірді.

Бірақ жоспарлы экономиканың айтарлықтай кемшіліктері де болды.

Экономика дамуының негізгі бөлігін кәсіпорындарды көптеп салу құрады. Көбінесе пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеуге күш салынды. Осының нәтижесінде шикізаттық бағыт ұлғайып, экологиялық мөселелер пайда болды. Экономикаға қажетті отын, металл орасан көп мөлшерде өндірілді. Ал халық тұтынатын тауар шығару төмен деңгейде қалды. Шаруашылық адамдардан гөрі өзіне көбірек жұмыс істеді. Өндірісті қайта кұру кәсіпорындардың жоспарды орындауына кедергісін тигізді. Бұның өзі тозығы жеткен құрал-жабдықтарды ауыстырып, ғылыми-техникалық революция нәтижелерін меңгеруді баяулатты. Жоспарлы экономиканың нарыктық экономикадан артта қалуы анық байқалды.

1980 жылы екінші жартысында оның қарқыны одан әрі нашарлай түсті. Кеңестер Одағы үлкен тоқырауға ұшырады, бұл оның тарауына әкелді. 1991 жылы 16 желтоқсанында Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігін жариялады. Шаруашылық қалыптасуының жаңа кезеңі басталды.

2. Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз.

Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не? деген сұрауларға жауап береді.

Билет № 14

1. Надо с доски в фойе написать. В интернете нет.

2. Сөйлем деп бір шама ойды білдіретін бір сөзді я бірнеше сөз тіркесін атаймыз.[1]

Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады.

Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті болып үшке бөлінеді

Билет № 15

1. Бейнелеу өнері (ағылш. фігұратіве арт, франц. арт фігұратіф, нем. білдендр Кұнст) — дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда Бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады

2. Адам қартайса да, көңіл қартаймайды

[даже если человек состарится, душа остается молодой].

Чем заниматься чепухой, занялся бы чем-нибудь серьезным:

Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар,

[кто в альчики играл – пропал, кто в мяч играл – устал,)

Бәрiнен де қой бағып, көтен жеген озар.

(а кто баранов пас и мясо ел, тот всех их обогнал]

Они в полной моей власти:

Жұмсам – жұдырығымда, ашсам – алақанымда.

[сожму – в кулаке, разожму – на ладони].

Это же не надолго, можно и потерпеть :

Бір жылға қоян терісі де шыдайды

[один год и заячья шкурка выдержит].

Надо начинать, по ходу исправим:

Көш жүре түзелер.

[караван по ходу выровняется].

Вроде бы и не богачи, а смотри, сколько всего собралось:

Кедей болсаң көшіп көр

[счит аешь себя бедняком – попробуй переехать].

Я же тебе поручил, почему ты перепоручил?

Ит итті жұмсайды, ит құйрығын жұмсайды

[собака собачку посылает, собачка хвост свой посылает]

Мало получил, все никак не успокоится:

Жығылған күреске тоймас

[поверженный жаждет борьбы]

Только сейчас понял какая была хорошая вещь, но поздно:

Жоғалған пышақтың сабы алтын

[у утерянного ножа ручка золотая]

Өлген сиыр сүтті болады. [павшая корова бывает удойной]