Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты по каз.яз.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
78.73 Кб
Скачать

Билет № 24

1. Ағаш оймыштау / ою - кәделік ағаштың бетін ұңғитын, оятын аспаптардың көмегімен ағашты кертіп, қырнап, ұңғып, өрнекті бедер салу тәсілі. Ағаш шеберлері сүргілеу, өңдеу, майдалау, тесу, қашау, үңғуырлау және т.б. жолдармен ойып, оймыштап бедерлеген. Оймыштауда ағаштың сүрегі мен жылдық сақиналарының бағыты ескеріледі: егер оймыштау бағыты ағаш талшықтарымен бір бағытта болса ұзын сүрек түседі.

[өңдеу]

Ағаш оймыштаудың түрлері

Оның бірі үш қырлы ою. Ағаш бетінде бірдей көлбеулікте, тігінен ойылады. Өрнектің нобайы белгіленгеннен кейін алдымен қырларының тұсынан тігінен кертіп тіледі де, өрнектің сыртқы контурының аралығы көлбеулей қырналады. Бұл тәсілмен кесеқап, сандық беттерін безендіруде коп қолданылады.

[өңдеу]

Ағаш оймыштаудың кең тараған түрі

Жазық бедерлі ою құрылымы күрделі болып келеді. Ағаш бетіне өрнек нобайы салынып, имекбас қашаумен ойылады да, өрнектердің аралығы фонға дейін қашаумен алынып тегістелінеді. Қиып салынған оймыштау тәсілінде ағаштың әр жерінен бәрбімен тесіп пышқымен аралап алады. Ондайды саптыаяқтың сабы, төсағаш, сандық, жүкаяқтың жақтауларынан көруге болады. Көбінесе кебеже, сандық пен абдыра беттерін екі көлбеу жақты оймыштау тәсілімен безендіреді. Ондайда өрнектің контурынан фонға, сонан кейін керісінше көлбеулеп ояды да қырын тегістейді. Бедер анық тереңірек шығады. Ағашты көркем өңдеу оймыштау тәсілдерінің бірнеше түрі қатар қолданылады. Әртүрлі әдістердің астасуы көркем форманы жандандыра отырып, композицияны байытады.

2. Сөздердің орын тәртібі орыс. порядок слов — сөйлем мүшелерінің сөйлемде орналасу реті. Қазақ тіліндегі Сөздердің орын тәртібі типологиялық тұрғыда оның жалғамалы құрылымдық көрсеткіштерінің бірі. Сөздердің орын тәртібінің сөйлемнің жасалуында зор мәні бар. Оның тұрақты және жылжымалы типтері бар. Мысалы: орын тәртібі тұрақты болатындарға жалғаусыз қабыса байланысатың сөйлем мүшелерін, орын тәртібі жылжымалы болатындарға жалғаулар арқылы қиыса, менгеріле байланысатын сөйлем мүшелерін жатқызуға болады. Сөздердің орын тәртібі синтаксистік байланыстардың басты түрінің бірі ретінде сөйлемдегі сөздердің қызметін анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы ереже бойынша баяндауыш сөйлемнің соңында, бастауыш одан бұрын, анықтауыш анықтайтын сөзінен, толықтауыш пен пысықтауыш өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты сөйлем мүшелерінің қалыпты орнынан жылжып отыруы заңды құбылыс болып табылады.

Билет № 25

1. Киіз Басу– дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері. Оған жүн талшықтарының бір-бірімен ұйыса байланысатын қасиеті негізге алынған. Қазіргі заманғы шұға басу, байпақ жасау, фетр (қалпақтық биязы киіз) басу процестері де Киіз Басу дәстүрлі технологиясымен бірдей. Жүн – ұйысуға бейім бірден-бір талшық. Ол ылғал мен темп-ра әсерінен және механиклық әрекет нәтижесінде ширайды да, жасалып жатқан бұйымның көлемі кішірейіп, тығыздығы артады: шұға 30 – 35%, киіз бен байпақ 80%-дай шуиды. Киіз Басудағы ең жоғары тығыздық 0,55 г/см3 (байпақтың табаны 0,42 г/см3), тығыздығын бұдан әрі арттырса, жүн талшықтары үзіліп, материал ыдырай бастайды. Киіз Басу ісімен қазақ халқы өте ертеден таныс. Ғасырлар бойы көшпелі өмірге ыңғайлы тұрмыстық бұйымдардың бірқатарын киізден жасап келгендіктен, Киіз Басу технологиясын әбден меңгеріп, өнер дәрежесіне көтерген. Дәстүрлі қазақ қоғамында Киіз Басу ісі маусымдық сипатта болған. Ол қойды қырқудан басталады да (күзде), қырқылған күзем жүннің барлығын өңдеп болғанға дейін созылады. Жүні таза болу үшін, қойды қырқар алдында 3 – 4 рет ағынды суға тоғытады. Алдымен жүн жасалатын бұйымдарға ыңғайланып, ақ, қара түстерге бөлініп жиналады да, оны ешкі терісінен жасалған тулаққа салып, сабаумен сабайды. Жүн сабалып болған соң, басылатын киіздің көлеміне қарай, шиді жаяды да, оның үстіне жүнді салып, шабақтайды. Осыдан кейін бет тартылады, яғни киіздің оң жағына арналған неғұрлым таза, әдемі жүнді сол қолмен уыстап алып, әлгі шабақталған жүннің үстіне салып отырып, оң қолдың қырымен басып қалып, үзіп қалдырады. Үзілген жүн бірімен-бірі жалғаса, біртегіс болып төселе береді. Бұл істі бұрыннан бет тартып машықтанған, жүн тартудың шебері деп танылған бір адам ғана орындайды. Себебі, екі-үш адам орындаса, жүн ала-құла тартылады да киіз біркелкі шықпайды. Содан кейін қайнап тұрған ыстық суды шелекпен әкеліп, сүзгімен немесе шөміштің сырт жағымен шашыратып шидің бір жақ шетінен бастап себелеп құяды. Жоғарыдан шашырап құйылған су өз салмағымен жүнді басып, шабақталған жүн мен тартылған жүнді біріне-бірін қосып жабыстырады. Ыстық су жүннің талшықтарын буландырып жібітеді де, оның өзара кірігіп, тез киізденуіне жағдай жасайды. Су себіле басталысымен қатар отырған 3 – 4 әйел басылып жатқан жүнді сыртындағы шимен қабаттай шиыршықтап, жинап отырады. Шиді ширатып орап жинаған сайын әлсін-әлсін ыстық су құйылады. Түгел жиналған шидің сыртынан жіппен шандып, жұмырлап байлайды да, ортан белінен бір жерінен немесе екі жерінен арқанды өткізіп алып домалатады, екі басын тұйықтап бос салып қояды. Бүктеліп әзір жатқан шидің өн бойын бойлай 10 – 12 адам қатар жүріп келе жатып, шиге ораулы киізді аяқтарымен теуіп отырады. Бұларға қарама-қарсы бір адам – “қой бастар” киізді алға қарай (өзіне қарай) домалата сүйрейді. Бұдан кейін шидің шандуларын шешіп, шиыршықталған киізді жазып босатады. Киіздің асты-үстін ауыстырып отырып, 3 – 4 рет шиыршықтап, бүктейді де, екі басын түйістіріп шұжыққа ұқсатып көктеп алып, тағы да ыстық су құйып сығымдап, үстін күпімен, тонмен жылылап жауып тастап булайды. Ыстық буымен балбырап жатқан киізді мөлшерлі уақыт өткен соң шешіп алып, қайыра ширатып, тағы да жіппен шандып байлайды. Қатарласа отырған киізшілер шидің үстінде көлденең жатқан киізді өздеріне қарай жұла тартып алып, тізесіне соғады, білегімен ұрып басады. Білектеліп болған киізді ұзыннан екі қабаттап бүктеп, оның екі басын бір-біріне түйістіре шуда жіппен көктейді. Киіз басушылар киізді ақ шидің үстіне салып, айнала отырады. Қусырылған киіздің әр жерінен қамти ұстап, оңды-солды қарпиды. Қарпылған киіздің шет-шеті жиналып тегістеледі де, екі жақ бетіндегі кірікпей қалған бос қылшықтары түседі. Білектеу мен қарпудан кейін кірігіп, ширай түскен киіз біраз қуырылғандай болып көлемі шағындалады. Енді оны ұзынынан шығара созғылай есіп шиыршықтайды да, әуелі бір жақ шетін жұмарлай білектеп есе отырып, екінші басына жеткізеді. Одан кейін екінші басын тағы да соза білектей отырып бірінші басына дейін апарады. Сонда киіз молығып, созыла түседі. Киізді білектегенде және ұзындағанда оның екі жақ басына жуан ағаш, жинаулы ши сияқты нәрселерден тиянақ қойып отырады. Сонда киіздің ұзына бойының екі жақ шеті олпы-солпы болмай, тегістеліп шығады. Дайын болған киізді арналған мақсатына қарай өре киіз, кесек киіз, текемет киіз, сырмақ киіз, талдырма, сатымсақ киіз, қозы жүнді киіз деп бірнеше түрге бөліп айтады. Қазіргі заманғы Киіз Басу жұмыстары механикаландырылған. Киіз өндірісінде жүн арнаулы машиналармен көпсітіліп, майланып, араластырылады да, тарақтап түту машинасымен түтіледі. Түтілген жүн жасалатын бұйым пішіміне сай тартылып, талдыру машиналарында дірілдеткіш, қызған тақталар көмегімен талдырылады, күкірт қышқылының ертіндісі сіңіріледі. Сөйтіп басу машинасына жіберіледі. Мұнда ол білектеуден өтіп нығыздалады, соның нәтижесінде бұйымның көлемі қажетті мөлшерге дейін кішірейеді. Білектеу бірнеше рет қайталанады. Әр білектелген сайын бұйым кергіш машиналармен түзетіліп отырады. Соңынан байпақ пен қалпақтарды қалыпқа кигізіп, ал киізді булы кептіргіштерге жайып кептіреді. Киіз Басу – әрлеу, түгін қырқып тазалау, престеу, кесу т.б. жұмыстармен аяқталады. Шұға өндірісіндегі Киіз Басу тек өңдеу процесінің бірі боп саналады.

2. Қыстырма сөз сөйлеушінің не жазушының айтылған ойға әртүрлі көзқарасын, сезімін білдіретін моральдық мәні бар сөздер. Қыстырма сөз бір сөзден де, бірнеше сөзден де тұратыны белгілі. Кей реттерде сөйлем түріндегі қыстырма сөз кездеседі. Бір қызықты жай - Абай поэзиясында да, прозасында да қыстырма сөз өте аз ұшырасады. Әдетте, мәдениетті сейлеу, жазу дәстүрінде қыстырма сөзді көп қолдана бермеген дедұрыс. Тілдің эстетикасын өте терең ұғынған және халық тілінің байлығын еркін игерген Абай Қыстырма сөзді орыңды-орынсыз көп пайдаланудың қисынсыздығын жақсы білген. Тағы бір қызық жай - Абай шығармаларында қыстырма сөз «біл» сөзінің қатысуымен жүмсалып отырады: «Кім біледі, Сен кәпір, Баяңдыдан сендің бе? Әлде айналып, кім білер, Боталы түйе секілді Қорадан шықпай өлдің бе», «Ақынды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын кердім», «Мен білемін, қайтейін. Мұндайасылтумайды», «...Әзіде білмей ме.Көп сейлеп созбайын». Әдеттегідей, А. туыңдыларындағы Қыстырма сөз айтылған ойына автордың сенімін, күдігін, жорамалын т.б. көзқарасын аңғартады

Қаратпа сөз — сөйлемде айтылған ойдың кімге арналғанын білдіру не оған басқаның назарын аудару мақсатында жұмсалатын сөз немесе сөз тіркесі. Қаратпа сөз, сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, ерекше әуенмен айтылады, сөйлеушінің көңіл күйін, модальдықты білдіреді. Қаратпа сөз болатындар: жалқы есімдер, туыстық атаулар, эмоционалдық мәнді сөздер, көркем әдебиетте жан-жануар, жер-су атаулары т.б. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір, не леп белгісі, ортасында келсе, екі жағынан үтір белгісі, соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады.

Мысалы: Балам, жөніңді айтшы, бізді көрсен сәлем бер деп әкең айтып па еді, жоқ өздігіңнен істедің бе?— деді. (М. Әуезов). Сөйлей бер, ақ домбырам, дүмбірлеген (Жамбыл). Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Қанатың қатты, мойның бос (Махамбет). Қаратпа сөздерді А. Байтұрсынұлы "Тіл — құралында" бұратана сөздердің қатарына жатқызған. (А. Байтұрсынов. Тіл тағылымы. 1992.286-6).