Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты по каз.яз.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
78.73 Кб
Скачать

Билет № 11

1. Қазақстан Жастар Одағы– қоғамдық ұйым. Жастардың мүдделерін қорғайтын дербес тәуелсіз қоғамдық бірлестік ретінде 1991 жылы 12 қазанда құрылған. Қазақстан жастар одағының басты мақсаты жастардың тұлғалық мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, интеллектуалдық әлуетті дамыту, жастардың жоғары мемлекеттік органдарда әлеуметтік, мәдени және экономикалық мүдделерін білдіру әрі қорғау болып табылады. Қазақстан жастар одағының негізгі міндеттері – әр түрлі білім беру бағдарламалары арқылы жастардың бастамаларын қолдау және жүзеге асыру, жастардың отаншылдық сезімін күшейту, жастарға экол. тәрбие беру, олардың демалыс уақытын ұйымдастыру. Қазақстан Жастар Одағының құрамында 14 облыс және Алматы қалалық комитеттері, ұжымдық мүшелер ретінде: Республикалық “Антиспид” жастар қоры, “Прокъюремент” ассоциациясы, т.б. кіреді.

2. Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем. Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) салалас; ә) сабақтас; б) аралас. Құрмалас сөйлемнің белгілері: 1) кем дегенде екі жай сөйлемнен (синтаксистік компоненттен) құралып, әр сөйлемінде предикаттық қатынас болады. Кей жағдайда бастауыш айтылмағанымен, баяндауыш арқылы білініп тұрады. Ал құрмалас құрамындағы жай сөйлемнің әрбірінде баяндауыштың болуы міндетті; 2) жай сөйлемдер белгілі бір тәсілдер — баяндауыш формалары және шылаулар арқылы байланысқа түседі; 3) негізгі компоненттер — жай сөйлемдер мағынасы жағынан логикалық байланыста болып, біртұтас күрделі ойды білдіреді. 4) Құрмалас сөйлем компоненттерін өзара байланыстыруда интонацияның да айрықша қызметі бар. Алғашқы компонент аяқталмаған, ұласпалы интонацияға ие болады да, соңғысы аяқталған тиянақты интонацияда келеді

Билет № 12

1. Тәуелсіздіктің болашағы жастарға байланысты деген жалаң ұран емес, олардың нақ осы шақтағы күнделікті қам-қарекетін, дүниеге деген көзқарасын сомдайтын ұстанымға айналуы шарт. Ашық болу, бірақ айналаға сын көзбен қарап үйрену, барлығын да саналы ұлтжандық, сезімтал отаншылдық сүзгісінен өткізе білу - жастарға парыз. Әр сәтте «оқыған-білгенімді Елімнің кәдесіне қалай жаратам» деген ой көкейде тұрса, жасампаздық өзі ақ бойға үйір болмайды ма?!

Елбасы бастаған аға ұрпақ өз заманының тетіктерін түгел қосып, әлемдік бәсекеде ешкімге дес бермей, алдыңғы елу елдің қатарына кіруге күш салып келеді. Соңғы бір жылдың ішіндегі табыстардың өзі-ақ бізді алға қарай айтарлықтай ілгерлеткеніне ешкім дау айта алмас. Европадағы Қауіпсіздік пен Ықпалдастық Ұйымындағы төрағалық пен Астанда өткен саммит қорытындылары, VII-қысқы Азия ойындары мен ондағы жеңісіміз, биылғы Ислам Конференциясы Ұйымындағы жетекшілік - осының барлығы да даңққұмарлықтан емес, Тәуелсіздікті нығайту мүддесінен шыққан кәдуілгі халықаралық саясат технологияларын (тәсілдерін) іске қосудың жетістіктері

2. Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені атаймыз

Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.