Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты по каз.яз.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
78.73 Кб
Скачать

Билет № 22

1. Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстет. болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Қазақ биі халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеуде. Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары, бақсы-балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан. Олар қобыз аспабымен бірге соқпалы муз. аспаптардың көмегімен де өздерінің бақсылық, балгерлік үрдістерін күшейтіп отырған. Қазақ биі өнері синкреттік түрде дамып, басқа өнер түрлерін насихаттау мен ақпараттық түрде бекіту және кейінгі ұрпаққа жеткізу барысында өзіндік маңызды рөл атқарды. Ежелгі билердің канондық түрлері бізге жетпеген.

2. Диалектизм — жергілікті диалектілер мен говорларға тән тіл ерекшеліктері. Диалектизм — көркем шығармаларда әдеби тіл нормасынан ауытқу түрінде орын алады.[1]

Диалектизмнің бірнеше түрі бар:

Фонетикалық диалектизмдер: әдеби ө орнына ү айтылуы (өгей — үгей), б орнына п (болат — полат), ш орнына ч (малшы — малчы), ж орнына й (бұл жақ — бұйақ, сол жак, — сойак,), сөз ортасында ғ сакталуы (шаңғарақ);

Грамматикалық диалектизмдер: көсемшенің әдеби -голы/-гелі тұлғасының -гайы/-гейі (баргайы, келгейі) аркылы, бұйрық райлы етістіктің көпше Ы жағы -лы/-лі арқылы жасалуы: біз баралы (барайық орнына), келелі (келейік орнына), көмектес септігінің -мынан, -бынан, -пынан қосымшалары арқылы айтылуы: атпынан, пойызбынақ;

Лексикалық диалектизмдер:

бойлай (унемі д. м.),

бейсаубет (бет алды),

жарын (келер жыл),

рабайда (анда-санда),

кун баю (кун бату),

таға (нағашы),

ашық-машық (топса),

Лексикалық Диалектизм өз ішінен бірнешеге бөлінеді:

Нағыз лексикалық Диалектизм әдеби варианттарымен мағыналас, бірақ дыбысталуы басқаша сөздер: әдеби сірінке — кәуірт, кеуірт, оттық, шақпақ түрінде айтылады. Лексика-семантикалық Диалектизм олардың ерекшелігі дыбысталуында емес, мағынасында: әдеби тәртіп — нусқау, әд. сым — шалбар мәнінде айтылады.

Этнографиялық Диалектизм белгілі бір жерге тән тұрмыс-салттық мәні барзаттар мен құбылыстарды білдіреді: жозы аласа дөнгелек үстел, әттік — қармақтың тілі, алақшын — пеш алдына шоқжаятын орын. Диалектизм көркем шығармаларда кейіпкерлер сөзінде қолданылып, шығарманын тілдік бояуын арттыру үшін қызмет етеді.

Билет № 23

1. Құрақтағы бояулар сыры

Қазақ қолөнерінің, оның ішінде құрақ бұйымдарының бояуы сан алуан. Халқымыздың ұғымында көгілдір түс-аспанның символы, қызыл түс – оттың, қанның, өмірдің, жасыл түс - өсімдіктің, көктемнің, бастаудың, ақ түс – биіктіктің, аспанилықтың, сары түс – даналықтың, білімнің белгісі. Сол себепті, қиықта бұл түстер бір-бірімен тығыз бірлікте тұрғанында ғарыштың, әлемнің бейнесін бедерлеп, буддистік мандаланың философиялық мағынасынан да артық мән-маңызға, құпия сырға толы екенін байқатады.

Қолөнердегі қазақ символы

Қазақ қолөнерінің қандай түрінде де ою-өрнектер пайдаланылады. Құрақтан жасалған бұйымдарда да олар өз орнын тауып жатады. Негізінен, қазақ символы көп қабатты. Ол басқа символдармен астасып, мағынасын байыта береді. Этнографтардың айтуынша, бұл жерде ұшбұрыштың және оған қиысатын барлық элементтердің мәні айрықша. Олардың түсіндіруінше, үшбұрыш магиясының мәні үш дүниені тұтастыра білуінде. Қазақтың дәстүрлі көзқарастары бойынша, үшбұрыш – су, жер, ауа – үш ғаламның белгісі болып саналатын балықты, оқты, құсты меңзейді. Егерде осы үшбұрыштың ішіне қошқар мүйіз оюы қиысса, ол отты бейнелейді. Жалпы, қазақтардың ұғымында ою-өрнек магиялық сипатта, ол барлық «кіріс» пен «шығысты», «жағал» мен «қиысуды» белгілейді...

2. Сөйлем – тілдің грамматикалық заңдылығы негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік, адамдардың қарым-қатынас жасауы үшін жұмсалатын тілдік категория. Сөйлем сөзден, сөз тіркесінен өзіндік коммуникативтік қасиетімен ерекшеленеді. Сөздер мен сөз тіркестері сөйлем құраудың материалы, оның құрамдас бөлшегі болып табылады. Сөйлем предикаттық қатынасты, модальдылықты, біршама аяқталған ойды білдіреді және оның айтылу интонациясы болады. Предикативтілік сөйлемнің барлығына тән, ал модальдылық әр сөйлемде түрліше көрініс табады, айтушының қатынасын білдіреді. Модальдылық лексикалық және грамматикалық тәсілдер арқылы жүзеге асады, объективті және субъективті болып бөлінеді. Ал интонация сөйлем мүшелеріне қатысты көрініс тауып, ішкі элементтерге сай құбылып отырады. Сөйлемнің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін білдіреді. Интонацияның құбылуына сөздердің орын тәртібі, демеуліктер, модаль сөздер, одағайлар, қыстырмалар, қаратпалар, т.б. себеп болады. Жақ категориясы да сөйллемнің негізгі арқауы саналады. Сөйлемнің құрамы, құрылысы, мағынасы әр түрлі келеді.

Синтаксистің нысаны ретінде сөйлем мен сөз тіркесі өзіндік белгілерімен ерекшеленсе де, кей жағдайда бастауыш пен баяндауыштың сандық, жақтық жағынан қиыса байланысуы оларға тән ортақ белгілерді танытады.

Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті; құрылысына қарай жай және құрмалас;

Баяндаудың шындыққа қатысы жағынан болымды және болымсыз;

Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жалаң және жайылма;

Баяндауыштарының қай сөз табына қатысты келуіне орай есімді және етістікті;

Бастауыштарының қатысына қарай жақты және жақсыз;

Субъект мәнінің ерекшелігі жағынан белгісіз жақты, жалпылама жақты;

Сондай-ақ сөйлем мүшелеріне жіктелмейтіндігі тұрғысынан атаулы болып бөлінеді. Бұл сияқты сөйлемдердің түрлері көп тілге ортақ болғанымен, олардың өздеріне тән синтаксистік ерекшеліктері бар.