Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты по каз.яз.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
78.73 Кб
Скачать

Билет № 7

1. Көне түркі жазба ескерткіштері, түркі руникалық жазба ескерткіштері – 7–9 ғ-лардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады. Қазақстан жерінде Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де көне түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл облысы) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы облысы) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында (Оңтүстік Қазақстан облысы) ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың (Шығыс Қазақстан облысы) бірін А.Н.Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды. К. т. ж. е-нің тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар – Томсен, Радлов, П.М.Мелиоранский, В.Банг, Г.И.Рамстед, А.Габэн, С.Е.Малов, В.М.Насилов, И.А.Батманов, А.Н.Кононов, Дж.Клоусон, Т.Текин, т.б.

2.Тұрлаусыз мүшелер - сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің айналасына топтасып, семантикалық жағынан кеңейтіп, толықтыратын мүшелер.

Тұрлаусыз мүшелерді тіл білімінде үш топқа бөліп қарау қалыптасқан:

анықтауыш;

толықтауыш;

пысықтауыш.

Осылайша жіктеуде олардың тұрлаулы мүшелерге мағыналық қатынасы негізге алынады. Дегенмен, олардың қай сөз табынан болған мүшемен қатысы да ескеріледі. Мысалы, Ол шебер сөйледі. Ермек шебер ойыншы. Мұндағы шебер сөзі бірінші сөйлемде пысықтауыш, екінші сөйлемде анықтауыш қызметінде жұмсалып тұр. Толықтауыш пен пысықтауыш көбіне баяндауышпен, ал анықтауыш көбіне бастауышпен және субстантивтенген басқа мүшелермен байланысты болады десек те, тұрлаусыз мүшелер туралы мәселелер сөздердің тіркесуімен байланыста қаралғанда ғана шешімін табады.

Билет № 8

1. Эйнштейн Альберт (14 наурыз 1879, Германия, Ульм қаласы – 18 сәуір 1955, ақш, Нью-Джерси штаты, Принстон) –физик-теоретик, қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі.

Альберт Эйнштейн — теориялық физиканың негіз қалаушылардың бірі, 1921 жылғы Нобель сыйлығының иегері, атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры, КСРО Ғылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі.

Эйнштейннің басты еңбегі — ”Салыстырмалылық теориясы”. Бұдан бөлек 300-ден астам ғылыми еңбектердің, тарих, ғылымдар философиясы және публицистика саласындағы 150-дей кітап, мақалалардың авторы ретінде де танымал. Ол бірнеше түбегейлі физикалық теорияларды жасады:

Арнайы салыстырмалылық теориясы (1905).

Жылу сыйымдылығының және фотоэффект кванттық теориясы

Бозе Эйнштейн кванттық статистика.

Броун қозғалысының статистикалық теориясы, флуктуациялардың теориясына негізін салған.

2. Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз.

Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.

Билет № 9

1.не нашла.

2. Пысықтауыш деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз.

Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?

Билет № 10

1. Қазақ тілі қазақ халқының жан сезімін және рухани байлығын ғасырдан-ғасырға жалғастырып келе жатыр. Ал ол сезім мен байлыққа қол жеткізіп, кенелу қазақтың тіл мәдениетін толық меңгеру арқылы ғана мүмкін болмақ. Сонымен қатар тіл дегеніміз – ұлттық болмыс пен психология аясындағы ең сезімтал әрі нәзік сала. Олай болса, мемлекеттік тіл тағдыры қазақ ұлтының да тағдыры екені баршаға аян.

Тіл – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл – ұлттың тірегі. Тіл – өз халқымыздың рухани байлығы, өткені мен болашағы. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ұлт болғың келсе, бесігіңді түзе» деуі тегін айта салған сөз емес. Ол біздің тіл биіктігімізді, ұлттық бейнемізді сақтап қана қоймай, оны дамыта беруге арнаған көрегендік сөзі деп түсінгеніміз жөн. Тіл – тазалықтың, пәктіктің, имандылықтың жаршысы. Тіл – тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда тіл туралы оңды қоғамдық көзқарас қалыптасып отыр. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды. Көпұлтты мемлекетте қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуін қамтамасыз ету – өте күрделі мәселе. Осы тұста мемлекеттік тіл саясаты дұрыс бағытта жүргізіліп келе жатқанын баса айтуға тиіспіз.

2. Атаулы сөйлем — жай сөйлемнің түрі. Ойға қатысты бір ғана атауыш сөзден немесе сөз тіркесінен арнаулы интонациясы арқылы логик. ыңғайда құралып, баяндау мазмұны мәтінге қатысты айқындалатын бір құрамды сөйлем. А. с. мағынасы жағынан: а) заттың, құбылыстың, болмыстың ақиқаттығын бейнелей атап көрсетеді: Айдала. Көлдің биік қабағы... Күн батып барады (С. Мұқанов); ә) ақиқатты эмоциялы-сезімдік ыңғайда атап көрсетеді: Шіркіннің күлкісі!.. (Б. Майлин). А. с. зат есімнен, сонымен бірге заттанған сан есімнен (Екі. Нашар оқитындарға таңылар белгісі — осы), сын есімнен (Шыжыған ыстық. Күйіп тұр.), есімдіктен (Сол. Еркіннің дәл өзі.), есімше, қимыл есімдерінен де жасалады. Құрамы жағынан жалаң, жайылма, дара, күрделі болады: Үскірік. Аяз. Тұлданаған күн. Ауыл. Үй саны жиырма шақты (Б. Майлин). Оқымай кеткір! Көзі ашық қой, жөн сілтейді ғой десем, жаудың табанына салып бермек (Б. Майлин). А.с. көркем әдебиетте ойды ықшам да бейнелі етіп, кейіпкер мінезін аша түсу үшін қолданылады.Әдеб.: Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис, А., 1967; Әміров Р.С., Жай сөйлем синтаксисі, А., 1983; Аманжолов С., Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы,