Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты по каз.яз.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
78.73 Кб
Скачать

Билет № 26

1. жасалады. Ежелден халық арасына кең тараған. Кестенің алғашқы үлгілерін Пазырық және Ноин-ұлан (б.з.б. 5 ғ.) қорғандарынан табылған құрал-жабдықтардан (тұскиіз, тұскілем, киім-кешектер, жауынгерлердің сыртқы су қағарлары, шекпен, қамзол, желең) көруге болады. Кесте инемен, бізбен және кесте машинасымен тігіледі. Кейде Кестеге моншақ, інжу, маржан, т.б. асыл тастар тағылады. Кестені материалдың бетін түгел бастыра немесе гүл шоғырына ұқсатып та әшекейлейді. Бұйымды тұтастай бастыра әшекейлеу үшін шалыс, жатық, терме, жөрмеу тәсілін қолданады. Кестенің біз кесте, баспа жылтыр, тамбурлы кесте, албыр кесте (екі ізді), кенебе ине, т.б. түрлері белгілі. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген матаның бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді. Шым кесте – тігілетін матаның ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кесте. Әрәдік кестеде матаның әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады. Шым кесте тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле, т.б. көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек матаға төгіп қондырылады. Әрәдік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырылады. Геом. кескінді бейнелейтін Кесте жіп санап тігілсе, ирек өрнектер, әр түрлі суреттер алдын ала жүргізілген ізді қуалай тігіледі.

2. Сөздердің байланысу тәсілдері орыс. способы связи слов – сөйлемнің, сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің синтаксистік байланысқа түсу жолдары. Сөйлемдегі сөздердің синтаксистік байланысқа түсуінің екі түрлі жолы бар:

Аналитикалық тәсіл – сөйлемдегі сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі, интонация және шылаулар арқылы байланысуы.

Мысалы, Тамаша өмір, шаттық жыр, қала, дала, ой мен қыр (Жамбыл);

Синтетикалық тәсіл – сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы.

Мысалы, Жаздың көркі енеді жыл құсымен. Жайраңдасып жас күлер құрбысымен (Абай). Салаластық қатынастағы сөз тіркестері аналитикалық тәсілмен, сабақтастық қатынастағы сөз тіркестері әрі аналитикалық, әрі синтетикалық тәсілдермен байланысады.

Билет №27

1. Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген. Қазақ шапандары алдыңғы екі өңірі, артқы бой, екі жең және жағасын ойып пішіледі. Артқы бойдың екі жақ шеті алдыңғы өңірге қусырыларда оның екі жақ етегіне, бел мықынға жеткенше, екі үшкіл қойма қойылады. Оның етек жағы енді, бел жағы енсіз келеді (“шабу” деп атайды). Шапан жеңінің екі беті бір-ақ қиылады.

2. Жай сөйлем — бір не бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі — құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады. Құрылымы жағынан жай сөйлем бір сөзден де, екі не одан да көп сөзден де тұрады. Мысалы, “Жаз”. “Жаз келді”. “Жазда жеміс-жидек піседі”. Жай сөйлемдер қос сыңарлы болып та, жеке сыңарлы болып та келе береді. Жай сөйлем қос сыңарлы болғанда тұрлаулы мүшенің екеуі де қатынасады: “Студент оқып жүр”. “Марат — студент”. Қос сыңарлы жай сөйлемде сөз саны елеулі қызмет атқармайды, бастысы — сөйлемнің екі тұрлаулы мүшесінің неше сөзден құралғанына қарамастан, бір ғана тиянақты ойды білдіруі. Оның етістіктен ғана жасалған баяндауышқа аяқталуы міндетті емес. Есім баяндауышты да жай сөйлем бола береді. Жай сөйлем жеке сыңарлы болғанда, ол сөйлем не тек бастауыштан, не тек баяндауыштан тұрады: “Біздің ауыл”. “Қала көшесі”. “Таң атып келеді”. “Күн батып бара жатыр”. Семантикалық жағынан келгенде, жай сөйлем толық мағыналы сөздерден құралып, сөйлемнің мазмұнын айқындап тұруы керек.