Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Типовая программа по Истории Казахстана.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
05.12.2018
Размер:
426.5 Кб
Скачать

4. Блок. Қазіргі замандағы Қазақстан

1917 Жылғы Қазан революциясы және Қазакстанда Кеңес өкіметінін орнауы.

Кеңес өкіметінің негізгі идеясы мен принциптерін түсііндіру.

Студенттердің назарын жалпыұлттық идеяға ұласқан тәуелсіздік идеясының қазақ қоғамының әр түрлі топтарын біріктірген сипатына көңіл аудару.

Студенттердің логикалық ойлау, құжат материалдарды тиімді пайдалану дағдыларын жетілдіру.

Азаттық күреске басшылық еткен тарихи қайраткерлерге байланысты студенттердің өз пікірлерін қалыптастыруға баулу.

Уақытша үкіметтің саясатына қарсы халықтың наразылығының күшеюі. Революциялық қозғалыстың өрістеуі. 1917 ж. күзінде елдегі революциялық дағдарыс. Қарулы көтеріліс туралы В.И. Лениннің пікірі.

1917 ж. Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. Кеңес үкіметінің елде социалистік экономика мен мәдениет негіздерін құру жөніндегі алғашқы шаралары, оның ерекшеліктері.

Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан. Азамат соғысы-халық трагедиясы (1918-1920 жж.). Қарсы тұру кезеңіндегі саяси партиялар мен қозғалыстар. Ақтар және қызылдар терроры. Екі жақтың әскери қимылдары. Майдандардың құрылуы. Большевиктердің «әскери коммунизм» саясаты. «Алаш» - партиясының бір бөлігінің большевиктер жағына өтуі.

Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитетінің құрылуы. (1919ж. шілде). Қазақ кеңестік автономиясын құрудағы оның қызметі. Большевиктердің Алаш-Орданы жоюы. Контрреволюциялық күштердің жеңілуі. Қазақстан жерін ақ гвардияшылардан азат ету. Қазақстанда РКП(б) облыстық бюросының құрылуы. Азаматтық қарсыласудың қорытындысы: нәтижелер, халық тағдырына тигізген зардаптары.

Большевиктердің қоғамды социалистік жолмен қайта құру және ұлттық-мемлекеттік саясат бойынша жүргізген шаралары. 1920 ж. 26 тамыздағы Кеңес үкіметінің «Қырғыз (Қазақ) Социалистік Кеңес Республикасын құру жөніндегі» Декреті. Қаз.АКСР Кеңестерінің құрылтай съезі, 1920 ж. 4-12 қазан. Орынбор – Қазақ АКСР-нің тұңғыш астанасы (1920-1925 жж.).

1917 жылдың басында Ресейдің революциялық жаңа толқыны көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда да сезілді. Өлке халқының арасында революциялық өрлеудің өрістеуіне бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Қазақстан жеріне айдалған Австрия-Венгрия мен Германия соғыс тұтқындары да елеулі әсер етті. 1917 жылы олардың жалпы саны 41285 әскери адамды құрады. Бұлардың басым көпшілігі Омбы, Ақмола, Павлодар, Семей уездерінде орналасты.

1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктер тұтқынға алынды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуніктері, әсерлер, меньшевиктер және ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Vақытша үкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшылар, шаруа және солдат депутаттарының кеңестері құрылды.

Қазақстанда кеңестер 1917 жылы наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т. б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының кеңестерімен қатар сәуір-мамыр айларында шаруа депутаттарының кеңестері құрылды. Ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Ә. Бөкейханов, Жетісу облысында М. Тынышбаев, Түркістанда М. Шоқаев, т. б. саяси қызметі.

Республиканың ауыл шаруашылығын қайта құру негізінде жүргізілген ұжымдастыру саясасатының зардаптары мен нәтижелерін түсіндіру. Орыстық үктемдіктің бұрынғыдан да қатыгез сипат алған Кеңес жүйесіне тоқталу. Индустрияландыру саясатының жетістіктері мен зардаптарының мәнін ашу.

Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық шаруашылық кенеттен тоқтап, оның үлкен дағдарысқа ұшырау себебін түсіндіру.

Қазақ қоғамының экономикалық және рухани тоқырауы жайлы түсіндіру, ұлттық патриоттық тәрбие беру.

Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан шаруашылығының күйреуі. 1921ж. Аштық және оның зардаптарымен күрес. Жаңа экономикалық саясатқа (НЭП) көшу. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы. НЭП жылдарындағы Қазақстанның селолары мен ауылдары.Қосшы одағы. Кооперативтік қозғалысты нығайту, товар- ақша айналымдары. Өнеркәсіп пен транспортты қайтадан қалпына келтіру.

Өлкедегі қоғамдық- саяси өмір. Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлт – мемлекеттік шекараны ажырату (1924), оның тарихи маңызы. «Қазақ» деген тарихи атауды қалпына келтіру. Қырғыз Автономиялық Кеңестік республикасының атауын Қазақ деген атқа көшіру. Қазақстандағы кеңестік және мәдени құрылыстар.

Қазақстан партия ұйымының жетекшісі болып Ф.И.Голощекиннің тағайындалуы. «Кіші Октябрь» идеясы және оның мәні. Ф. Голощекиннің Алаш интеллигенция өкілдеріне шабуылы. Алаш қозғалысы жетекшілеріне қарсы жазалау шаралары. ХХ ғ. 20 жж. Аяғы – 30 жж. Басындағы сот процестері.

Кеңестердің «таптық» реформалары. 1926 ж. Шабындық- жайылым жерлерді қайта бөлу. 1928 ж. Ірі бай-феодалдардың мал-мүлкін тәркілеу. Қазақ ауылын кеңестендіру. Мемлекеттік аппараттарды жергіліктендіру. Қазақстанды жаңа әкімшілік-шаруашылық аудандарға бөлу. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын күштеп отырықшылыққа көшіру.

Кеңес үкіметінің жаппай ұжымдастыруды жүргізудегі саясаты: саяси және экономикалық мақсаттары. Жаңа экономикалық саясат жолымен дамуды болдырмауға тырысу. Жаппай ұйымдастыруды жүзеге асырудың тәсілі, түрі. Колхозға өз еріктерімен кіру принципінің бұзылуы. Кулактарды және байларды тап ретінде жоюға арналған мемлекеттік бағыт, жерге жеке меншікті жою және тәркілеу. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын қазақтарды отырықшылыққа ауыстыру. Отырықшыландыру саясатының экологиялық қажеттілігі. экономикалық тиім және әлеуметтік нәтижелігі. Колхоз құрылысына көшу. Машина - трактор стансалары. Қазақстан ауыл шаруашылығында ежелгі қалыптасқан құрылымның жойылуы және оның қасіреті. 1932-1933 жж. аштық. Халықтың жаппай қоныс аударуы. Шаруа-лардың ұжымдастыруға қарсы қозғалысы. Кеңес үкіметінің жазалау шаралары. Ұжымдастыру қасіреті. Қазақстан ауыл шаруашылығындағы жаңа колхоздық- совхоздық жүйесінің құрылуы. Қазақстандағы «индустрияландару» саясаты. Оның отаршылдық мәні.

Республиканың қоғамдық - саяси жағдайы (1930 жж.). Социализмнің сталиндік үлгісі және оның Қазақстанда жүзеге асырылуы. ҚСРО Конституциясының қабылдануы (1936ж.). Кеңес адамының құқықтары мен міндеттерінің шындығы мен формальды жақтары. Қазақ Кеңестік автономиялық республикасының Одақтық республикаға көшуі. 1937 ж. Қазақ республикасы Конститутциясының қабылдануы. Тоталитарлық жүйенің күшеюі. 1937-1938 жж. халықтың жаппай саяси репрессияға ұшырауы. Корейлер мен поляктарды Қазақстанға күштеп көшіру.

Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы Қазақ ССР-ның (1938-40 жж.) өндірістік потенциалы және ауыл шаруашылығы. 1921-1940 жж. Қазақстандағы кеңестік мәдени құрылыс.

Тарихымыздың ең жарқын беттерінің бірі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның атқарған рөлін сипаттау.

Тың эпопеясының жағымды жіне жағымсыз жақтарын ашып көрсету.

Қазақстанның Кеңес Одағы құрамындағы алатын орнына мәліметтер арқылы талдау жасап, Республика басшылығының Қазақстанды дамыта түсуге ұмтылғанын көрсету.

Ядролық сынақ алаңдары, экологиялық дағдарыс жайлы мағлұмат беру.

Ұлы Отан соғысының басталуы және Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру. Соғыс жылдарында еңбекшілердің тылдағы ерлік еңбегі. Соғыс кезіндегі темір жол транспортының қызметі. Соғыс жылдарындағы ғылым мен мәдениет. Елді қорғау қорына қаржы жинау. Қазақстан еңбекшілерінің танк колонналары мен авиация эскадриаларын жасақтауға қатысуы. Әскери бөлімдерді шефке алу.

Қазақстанда жауынгерлік-әскери бөлімдердің құрылуы. Қазақстандықтардың Москва, Ленинград, Сталинград т.б. қалаларды қорғауға қатысуы. Қазақстан жауынгерлерінің майдандағы қаһарман ерліктері. Қазақстандықтардың партизандық қозғалысқа, Шығыс Европаны азат етуге және Берлинді алуға қатысуы. Совет Одағының Қазақстандық батырлары.

Соғыс жылдарында тоталитарлық режимнің күшеюі. Көптеген совет халықтарына саяси сеніміздік білдіру. Азат етілген аудандарда халық шаруашылығын қалпына келтірудегі республиканың көмегі.

Соғыстан кейінгі бейбіт құрлысқа көшу, оның қиыншылықтары мен қайшылықтары. Төртінші және бесінші бесжылдықтың міндеттері мен қортындылары. Өнеркәсіп өндірістерінің жаңа салаларының құрылуы. Жол қатынасы. Республика ауыл шаруашылығының артта қала бастауы, оның себептері.

Бейбіт өмірге көшу кезіндегі қоғамдағы саяси қарама-қайшылықтар. 50-жылдардың басында қатаң әкімшіл-әміршіл жүйенің орнауы. Елде И.Сталиннің жеке басына табынушылықтың күшеюі, оның Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне тигізген зардаптары. Соғыстан кейінгі кезеңде біржақты социалистік идеологияның белін алуы, оның қоғамдық ғылымдарға тигізген әсері. БК/б/П Орталық Комитетінің 1946-48 жж. «Звезда», «Ленинград» журналдар туралы және т.б. қаулылары. 1950ж. көрнекті тарихшы Е. Бекмахановтын ХIХ ғ. 20-40 жылдарындағы - «Қазахстан» - деген моногрофиясын айыптау. Қазақстанның аса көрнекті мәдениет, әдебиет, ғылым қайраткерлерін орынсыз саяси қудалау мен жазалау (Қ. Сәтбаев, М.Әуезов, А.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Б.Сүлейменов, Е. Исмаилов, жазушы Н.А. Домбровский және т.б.).

Ауыл шаруашылығының артта қалуы. Астықтың жетіспеуі. 1954 ж. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы. Партияның XX съезі. Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптау. Н.С.Хрущев және оның саясаты. «Жылымық» кезіндегі волюнтаризм мен субъективизмнің көрінісі. Демократиялық қайта құрулардын тиянаксыздығы. Елді баскаруда және оған жетекшілік етуде әкімшілік бұйрық беру әдістерінің өрістеуі. Теміртау оқиғасы.

ХХ ғ.50жж. екінші жартысында республика өнеркәсібі мен жол қатынасының дамуы. Қазақ темір жол бөлімінің құрылуы. Ауыл шаруашылығындағы жағдай. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің күнгей және көлеңкелі жақтары.

Елдің экономикасын басқаруда жана әдістерді іздестіру әрекеті. Космосты игерудің басталуы. Орталықтанған көлік жүйесін құру. Қазақстанда ірі өнеркәсіп тараптарының құрылуы. Республиканың экономикалық өндіргіш күштерінің дамуы. Ауыл шаруашылығындағы қиындықтар. Өндірісте қайта өңдеп шығаратын өнеркәсіп салаларының артта қалуы.

60жж. Қазақстан өнеркәсібінің дамуы. Техникалық прогресс және 1962-1965жж. шаруашылық реформалар. Жумысшы табының өсуі, оның Қазақстан әлеуметтік құрылымындағы рөлі. Республика ауыл шаруашылағы. 1965ж. шаруашылық реформаның аяқталмай қалуы. Қазақстанда 8-бесжылдық жоспардың орындалуы.

Қазақтардың Қазақстан жерінен тыс жерлерге орналасу кезеңдеріне сипат беріп, осыған мәжбүр еткен тариха фактілерге тоқталу.

Қазақ Совет мәдениетінің қалыптасуына тоқталу. 1971-1985 жылдардағы республиканың қоғамдық дамуындағы қарама-қайшылықтың тереңдеу себебін түсіндіру. Қоғамның әлеуметтік-саяси өміріндегі, ғылым мен мәдениеттің дамуындағы тоқырауына тоқталу.

Қазақ ССР халық шаруашылығын дамытудың 1971-1985 жылдарға арналған үш бесжылдық жоспардың міндеттері. Территориялық-өндіріс кешендерінің құрылуы. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасын нығайту шаралары. Совхоздар мен колхоздарды жаңа техникамен қаруландыру, агроөндірістік кешендерінің құрылуы. Республика ауыл шаруашылығының машина жасау саласын дамыту шаралары. Орын алған кемшіліктер.

1971-1985 жылдардағы республиканың қоғамдық дамуындағы қарама-қайшылықтың тереңдеуі. Қоғамның әлеуметтік-саяси өміріндегі, ғылым мен мәдениеттің дамуындағы тоқырау. Тіл мәселесіндегі саясат. Қоғам дамуындағы дағдарыстың күшеюі, тежеу механизмінің қалыптасуы, оның себептері. Ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асырудағы партия және мемлекет басшыларының жіберген кемшіліктері.

XX ғ. 70-ші және 80-ші жж. бірінші жартысында Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағдайып көтеруде бірсыпыра істер атқарылды, республика жұмысшылары мен қызметшілерінің орташа айлық табысы едәуір өсуі.

1971 ж. колхозшылар үшін де жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленгендей зейнетақы белгілеу тәртібі енгізілуі. 1972-1974 жж. соғыс және еңбек мүгедектеріне айлық орташа зейнетақы 33 пайызға көбейтілді, ал 1975 ж. Отан соғысының мүгедектеріне қосымша жеңілдіктер енгізілуі.

80-ші жылдардың ортасындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Қазақстанның Кеңестер Одағы өнеркәсібі дамыған республикаларының шикізат көзіне айналуы. Орталықтың монополиялық билігі. Одақтың министрліктері мен ведомстволарының үстемдігі, басшылықтың шектен тыс орталықтандырылуы. Экологиялық дағдарыс. Арал тағдыры. «Невада-Семей» қозғалысы.

Елдегі мәдени процестер. Білім мен ғылым. Көркем әдебиет және өнер.

КОКП Орталық Комитетінің 1985 ж. Сәуір пленумы. Советтік қоғамды демократияландыруға бағыт. Әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымы. Қазақстан Компартиясының XVI съезі. Партиялық жетекші әдіс-тәсілдерін сынау. Г.В. Колбиннің бірінші хатшы болып сайлануы. Алматыдағы 1986 жылғы 16-18 желтоқсандағы оқиға, оның себептері мен салдары. Республика- да қоғамдық-саяси өмірдің жандануы.

Қазақ халқына Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және т.б. аса көрнекті зиялылар есімінің қайтарылуы. «Қазақ ССР-нің тілі» туралы заңның қабылдануы (1989 ж. қыркүйек).

Қазақстан экономикасындағы дағдарыс. Ақша құнының түсіп кетуі. Бағаның өсуі. 1989 ж. Қарағанды шахтерлерінің ереуілі. Жаңа өзен қаласындағы оқиға. Республика саяси және экономикалық өмірін тұрақтандыру шаралары. 1990 ж. Қазақ ССР-нің Жоғарғы Советіне сайлау. Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануы. Республикада жаңа саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың («Азат», «Желтоқсан») құрылуы. Көппартиялық жүйенің қалыптаса бастауы. 1990 ж. 25 қазандағы Қазақстанның егемендігі туралы декларация.