Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Типовая программа по Истории Казахстана.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
05.12.2018
Размер:
426.5 Кб
Скачать

5. Блок. Қазақстан - егемен тәуелсіз мемлекет

Тәуелсіз Қазақстан Республикалық басқару органдарының құрылымы мен қызметтерін білу, өзіміздің қандай мемлекетте өмір сүріп отырғанымызды, ол мем лекет өзінің алдына қандай мақсаттар мен міндеттер қойып отырғанын түсіндіру және дербес өмір сүруге әзірленіп жүрген жас ұрпақты мемлекеттік және қоғамдық өмірге белсене қатысатын саналы азамат, қайраткер етіп тәрбиелеу үшін Республикамыздың Заңдарын оқып үйренуге бейімдеу.

Ұлттық бірлік, ұлт болашағына қатысты мақсат мүдде туралы ой тудыру.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жағдайында мәдениет саласында болып жатқан өзгерістер, рухани салаларындағы жаңалықтар туралы оқушыларға мәлімет беру.

Жаңа Одақтық келісімді дайындау. КСРО-дағы 1991 жылғы тамыз төңкерісі. Коммунистік партиясы қызметінің тоқтатылуы. КСРО–ның таралуы. Тәуелсіз мемлекеттер Достастығының ( ТМД) құрылуы. 1991 ж. 16-шы желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» заң. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік белгілері мен Конституциясының қабылдануы.

Қазақстан мен ТМД республикаларының арасындағы саяси бағыттағы қарым - қатынасы. Тарихи жаңа жағдайда Қазақстан Республикасының Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбекстан және т.б. ТМД мемлекеттерімен экономикалық одақты нығайтуға бағытталған дәйекті істері. Тәуелсіз мемлекеттік нысандарының дамуы. Қазақстанды халықаралық аренада мойындауы. 1992 ж. наурызда Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болып қабылдануы. Қазақстанда 90-шы жылдардың басындағы экономикалық дағдарыстың тереңдеуі. Бағаның жіберілуі және оның ауыртпалықтары. Экономикалық жағдайдың нашарлануы. Республика тұрғындары тұрмысының ауырлауы. Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениеттің дамуындағы келеңсіз құбылыстар. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастардың өзіндік ерекшеліктері және оны шешу жолдары.

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру, оның шикі заттық бағытын өзгертуге, қорғаныс өндіріс орындарын бейбіт құрылысқа және республиканың әртүрлі аудандарындағы экологиялық жағдайды түзетуге бағытталған шаралары. «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының өрістеуі, зерттеу институтын құру. Алғашқы қазақ – космонавт.

Қазақстанның ішкі саяси дамуы. 1993 ж. Конституция. Республика Жоғарғы Кеңесін тарату. Президент Н.Ә. Назарбаевтың уәкілділігін ұзарту жөніндегі референдум. 1995 ж. Конституцияны қабылдау. Екі палаталық парламентті сайлау. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформалар. Орталықты Ақмола қаласына көшіру.

Қазақстанның қәзіргі кезеңдегі мәдениеті. Жаңа экономикалық жағдайда интеллектуалдық (зиялылық) потенциалды сақтау және дамыту проблемалары. Тіл саясаты. Қазақстан халықтар Ассамблеясы және ұлттық мәдени орталықтарының қызметі. Қазақстан XXI ғасыр табалдырығында. Қазақстан-2030 Бағдарламасы. Жаңа экономикалық жүйені қалыптастыру жолындағы қиындықтар мен қайшылықтар. Оны жоюдағы жүргізіліп жатқан шаралар. Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығын тойлау.

Қазақстандағы әлеуметтік экономикалық қатынастардың қазіргі жағдайы. Республиканың халықаралық саяси және экономикалық қатынастар жүйесіндегі байланыстардың кеңеюі.