Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Типовая программа по Истории Казахстана.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
05.12.2018
Размер:
426.5 Кб
Скачать

3. Блок. Жаңа замандағы Қазақстан

ХҮШ-Х1Х ғғ. Қазақстан Ресей империясыны кұрамында.

Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылу мақсатындағы әректін, бұл шешімге кіші жүз билері мен батырларының қарсылығын, оның екі бағытта пайда болуын түсіндіру. Кіші жүздің Ресей құрамына кіруін, патша үкіметінің отаршылдық саясатын көрсету.

XVIII ғасырдың қазақ –қытай қарым-қатынастарының бірде бейбіт, бірде щиеленісті сипатта болу себебін ашып көрсету.

Абылай ханның ірі мемлекет қайраткері,қолбасшы ретіндегі рөлін ашу.

Қазақ елін, оның тұтастығын сақтап қалуда күрескен батырлары мен қайраткерлердің тарихи кезең тұлғалары екендігін түсіндіру, үлгі тұтуға , қадірлеуге тәрбиелеу.

XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Кіші жүздегі ішкі саяси қайшылықтарын шиеленісуін, патша үкіметінің Нұралыны хан тағына ресми құжатпен бекітуінің қазақ халқының дербестігін жоюдың алғашқы қадамы екендігін көрсету.

Кіші жүзді басқарудың жаңа жобасының ұсынылуын,отаршылдыққа қарсы азаттық күресінің басталуын түсіндіру.

Орыс мемлекетінің Шығыстағы саясаты және Қазақ хандығымен дипломатиялық қарым - қатынасының дамуы. И. Бухгольдц пен Бекович - Черкасскийдің экспедициясы. Жоңғар шапқыншылығынан кейінгі Қазақ жүздерінің жағдайы. Әбілқайыр ханның Ресей патшалығымен дипломатиялық келіссөздері. Ресейге қосылу туралы Кіші жүз қазақтарының өтініші. А.И. Тевкелевтің елшілігі және Қазақстанның Ресейге қосыла бастауының заңдық актісі. Ресей империясы қол астына Кіші жүз және Орта жүздердің кіруі. И.К. Кириллов бастауындағы Орынбор экспедицияның ұйымдастырылуы мен әрекеті. 1740ж. үш жүз билеушілірінің Ресейге берген анттары. Қазақ-орыс экономикалық қатынастарының ұлғаюы. Сауда байланысы және оның орталығы. Қалалар мен бекіністер.

Ресейдің Қазақстандағы ықпалының беки түсуі. Қазақ жерлерінің Ресейге қосылу процесінің кеңеюі. Уәли хан (1781-1819). Орта жүздің дербестікті сақтап қалуға ұмтылуы. Патша үкіметінің Сібір және Орынбор қырғыздары туралы жарғысы. Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.

Оңтүстік Қазақстанды патша әскерлерінің жаулап алуы. 1839-40 жж. Хиуа жорығы. 1853 ж. Ақмешітті басып алу. Ресейдің Іле өлкесіне енуі. 1854ж. Верный бекінісінің орнауы. 1860ж. Ұзынағаштағы қоқандықтармен шайқасы Жетісудың Ресей құрамына қосылуы. 1864ж. Түркістан мен Шымкентті басып алуы. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы: зардаптары, бұл мәселеге жаңа кезеңдегі көзқарас пен тарихи баға.

Патша үкіметінің қазақ халқының саяси тәуелсіздігі мен ұлттық мемлкеттігін жоюдағы негізгі кезеңдер. Патшалық Ресейдің Қазақстандағы әскери-басып алушылық саясаты. Қазақ қоғамының әртүрлі топтарының отарлау саясатының күшеюіне көзқарасы. Қазақ халқының отарлауға қарсы қозғалысының идеологиясы мен философиясы. Ұлттық көтерілістер мен қозғалыстардың себептері, сипаты. Қозғаушы күштері, олардың түрлері мен кезеңдері.

1773-1775 жылдардағы Е.И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қазақтардың қатысуы. 1783-1797 жж. Кіші жүз хандығындағы батыр С.Датов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс. Нұралы ханды тақтан тайдыруы және Есім ханды өлтіруі. (1797ж.) Сырым батырдың өлімі. Көтерілістің жеңілуі.

Жетісу, Оңтүстік Қазақстан және Кіші жүздің бір бөлігі халқының Қоқан және Хиуа феодалдарының езгісіне түсуі. Қазақтардың Орта Азия хандықтары мен патшаның отарлау саясатына қарсы азаттық күресі. Қаратай сұлтан, Арынғазы ханның (1816-1821жж.) ағаман Жоламан Тленшиннің (1822-1824жж.) қозғалыстары. Ұлы жүз қазақтарының Қоқанға қарсы көтерілісі (1821ж.). Көтерілісшілерге қарсы патша, Қоқан және Хиуа әскерлерінің жазалаушы жорықтары. 1812ж. Отан соғысына қазақтардың қатысуы.

Бөкей Ордасындағы отарлық және феодалдық қанаудың күшеюі. Бөкей Ордасындағы жер мәселесінің шиеленісуі. Бөкей (Ішкі) ордасындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов басшылығымен болған көтеріліс (1836-1838жж.). Көтерілістің басталу себептері. Қозғаушы күштері, сипаты, көтерілістің кезеңдері. Хан Ордасын қоршау. Көтерілістің ерекшеліктері. Тастөбе жанындағы және Ақбұлақ шайқастары. Исатайдың қаза табуы. Көтерілістің жеңілуі және оның тарихи маңызы.

Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалысының басталу себептері, алдына қойған мақсаты және негізгі кезеңдері. 1838 ж. әскери қимылдардың өрістеуі. Кенесары Қасымұлының патша әкімшілігі атына жазған бірнеше өтініштері мен хаттары. Кенесары жасақтарының патша әскерлерімен қарулы қақтығыстары. Ақмола бекінісі үшін шайқас. Көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты және ерекшеліктері. Кіші жүз бен Орта жүз күштерін біріктіру. 1841 жылы Кенесарының хан болып сайлануы. Қазақ хандығын қалпына келтіру. Хандықтың саяси-әкімшілік басқару құрылымы. Қоқан хандығымен соғыс. 1843-1844 жж. соғыс қимылдары. Патша өкіметімен жүргізген келіссөздер.

Қазақ даласында Ресейдің жаңа әскери қамал-қорғандарының салынуы. Көтерілісшілер жасақтарының Ұлы жүз жеріне ауысуы. Ресей мемлекетінің Түркістан жерін басып алуына қарсы Кенесарының қазақтар мен қырғыздарды біріктіру әрекеті. Бұл саясаттың сәтсіздік пен аяқталуы және қырғыз манаптарымен шайқастар. Кенесарының өлімі. Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азттық қозғалысының тарихи маңызы.

Ұлы жүз қазақтарының Қоқан хандығының үстемдігіне қарсы күресі (1853 ж.). Жанқожа Нұрмұхамадұлы бастаған Сыр қазақтарының Ресейдің отарлау саясатына қарсы күресі. Көтерілістің сәтсіздікпен аяқталуы және оның себептері.

Патша өкіметінің Кіші және Орта жүзге жүргізген отаршылық саясаты.

1867-1868 жж. әкімшілік, сот және рухани істерді басқару туралы реформаның отаршылық мәнін және оның 1868-70- жылдардағы Орал, Торғай, Маңғыстау көтерілісінің басты себебі болғанын түсіндіру.

XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметке даярлықпен келіп, саяси күш ретінде белсенді әрекет еткенін, оған түрткі болған жағдайларды ашып көрсету.

Алаш партиясына, қазақ зиялыларының бағдарламаларына талдау жасап, оның сол уақыттағы ең озық бағдарлама екендігі туралы түсінік беру. Алаш партиясының құрылуы мен құрамына назар аудару.

1867-1868 жылдардағы әкімшілік басқару реформалары. Өлкеде генерал-губернаторлықтардың бекуі. Патша үкіметі аграрлық саясатының отаршылдық бағыты. Ресейдің орталық губернияларынан шаруалар қоныстануының күшеюі. Отырықшылықты-мал шаруашылығы және отырықшылықты-егіншілік сияқты жаңа түрлерінің құрылуы.

XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың енуі. Қазақтардың мал шаруашылығын капиталистік қатынастарға бейімдеу. Егін шаруашылығының дамуы, қолөнер кәсібі. Қазақстан қалалары. Өндірістік өнеркәсібінің өсуі. Тау-кен өнеркәсібі. Көмір, тұз өндіру. Балық кәсіпшілігі. Темір жол құрылысы. Жұмысшы табының қалыптасуы.

Қауымдық жерлерді тартып алу және орталық басқару жүйесін нығайту. Көшпелі шаруашылықтың жікке бөлінуі. Жұмысшы табы қалыптасуының қарқыны және оның санының өсуі. Кедейленген қазақтардың табыс іздеп әртүрлі кәсіптік және таукен өндірісіне баруы. Шет ел капиталының Қазақ еліне әкелінуі. Ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеу-май жасау, тері илеу, ұн тарту және т.б. Солтүстік Батыс және Шығыс Қазақстан шикізат өндірудің негізгі орталықтары. Химия өнеркәсібі (Шымкент). Өлкеде банк бөлімшелері мен несиеге беру мекемелері бөлімшелерінің ашылуы. Сауданың тиімді көзі-мал шаруашылығы. Жәрменкелер.

Қазақстан Ресей өнеркәсіп саудасы мен шикізатының қайнар көзі. Патша үкіметінің отарлау саясатының сипаты. Жетісуға ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы. Халықтардың өсуіне байланысы қалалар мен ауылдарда жаңа үлгідегі оқу орындардың, мәдени-ағарту қоғамдардың, мекемелердің ашылуы және олардың елдің табиғи байлықтарын тезірек игеруіне ықпалы.

XIX және XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан мәдениеті. Қазақ әдебиеті. Махамбет Өтемісов. Жазу және ағарту. Қазақстанды орыс ғалымдарының зерттей бастауы. Музыка өнері. XIX ғасырдың 2-ші жартысындағы Қазақстан мәдениеті. Орыс ғылымы Қазақстанда. Ғылыми қоғамдардың пайда болуы. Ағартушы -ғалым Ш. Уәлиханов. XX ғасырдың 2-ші жартысында Қазақстанда оқу ағартудың дамуы. Ы. Алтынсарин. Қазақстанда әдебиеттің дамуы. Қазақ халқының әдебиетіндегі А. Құнанбаевтың алатын тарихи орны. Халық композиторларының музыкалық творчествосы. XX ғ. басындағы Қазақстанның мәдениеті. Қазақ әдебиеті, музыкасы мен мәдениеті. Қазақ тілінде басылып шыққан алғашқы газеттер мен журналадар. Қазақстанның Ресей және басқа да Орта Азия елдерімен мәдени байланыстары.

Ресейдің империализмге көшуімен байланысты, оның отары Қазақстанның капитализмнің жоғарғы сатысына аяқ басуы. XXғ. басындағы Ресей империясының дағдарысы. Өлкеде капитализмнің одан әрі дамуы. Шет ел капитылының енуі. Банк және кредит. Ұлтаралық және әлеуметтік қатынастардың шиеленісуі.

Ресейдің 1905-1907 жж. революция кезіндегі Қазақстан. Патша үкіметіне қарсы еңбекшілердің революциялық күресінің күшеюі. Теміржол жұмысшыларының ереуілдері. Успен руднигіндегі “Орыс - қазақ” жұмысшы одағы. Шаруалар қозғалысы. Қозғалыстың ұлт-азаттық сипаты. Қазақстандағы революциялық қозғалыстың ерекшеліктері. Өлкеде революциялық қозғалыстың басылуы.

1907-1910жж. Столыпиндық аграрлық реформа. Қоныстанушы аудандарда қоныстануды басқару органдарының құрылуы. Қазақтардан жаппай жерді тартып алудың өрістеуі. Өлкеде отарлаушы орыс-құлақтар шаруашылықтарының өсуі. Ұлттық отаршыл қанаудың күшеюі.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстандағы халық бұқарасы жағдайының нашарлауы. Жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп жетілуі. 1916ж. 25 маусымдағы Орта-Азия мен Қазақстандағы бұратаналарды реквизициялау туралы жарлық, оның халыққа қарсы бағытталғандығының мәні. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс. Көтерілістің сипаты және қозғаушы күштері. Қазақ интеллигенция өкілдерінің позициясы. Қазақ халқының империалистік соғысқа, езгі- қанауға қарсы ұлт-азаттық күресінің басты екі орталығы. Халық батыры Амангелді Иманов. Патша әскерлерінің Жетісу жеріндегі көтерілісті күшпен басып жаншуы. Торғай өлкесіндегі көтерілістің өрістеуі. Көтерілісшілердің патша әскерлерімен шайқасы.

1917 ж. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы кезіндегі Қазақстан. Ресейде патшаның тақтан құлатылуы. Қос өкіметтің орнауы. Жергілікті жерлерде Уақытша Үкіметтің халыққа қарсы жүргізген саясаты. Байлар мен буржуазиялық ұлтшылардың Қос өкімет тұсындағы реакцияшыл рөлі. Өлкені басқару жөніндегі құрылған Түркістан комитеті. “Бірлік туы” газеті. “Алаш” партиясының құрылуы және оның жетекшілері. Партияның бағдарламасы. Алашорда үкіметі. Саяси партиялар мен қозғалыстар. Тау-кен жұмысшылары мен жастардың революциялық -демократиялық ұйымдарының одағы. “Верный қаласының мұсылман еңбекшілерінің біріккен одағы”. “Омскідегі демократиялық жастар” және “Жас қазақ” (Ақмола), “Жас жүрек” (Спасск), “Талап” (Петропавл), “Жанар” (Семей), “Қазақ жастарының революциялық одағы” (Мерке) және т.б.

“Үш жүз” партиясы және оның саяси бағыты. Бірінші (1917ж. шілде және) екінші жалпы қазақ съезі (1917 ж. желтоқсан). Қазақ ұлттық автономиясының құрылуы. Алаш Орда үкіметінің қызметі.