Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ф-ПР-02.3.2-05-2014-03 ДКБСиллабус каз..docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
40.85 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

«АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕББМ

Оқу-әдістемелік Кеңес шешіміменбекітілген

Кеңес төрайымы

____________ Н.Дүйсенғұлова

«___ » _________2014 ж., № ___

Білім беру бағдарламасы- бакалавриат

Шифр 5В050900- «Қаржы» мамандығы

Оқу түрі - күндізгі

СИЛЛАБУС

«Ақша, несие, банктер» пәні бойынша

Курс: 2

Семестр: 3

Кредит саны:2

Оқытушы: э.ғ.к., доцент К.Мадыханова

(дәреже, атағы, аты-жөні)

Телефоны: +7 (727) 302 21 56 № 123 бөлме

Алматы, 2014

Құрастырған: ___________________________________ К.Мадыханова

э.ғ.к., доцент (дәрежесі, атағы, аты-жөні)

Силлабус 5В050900 – Қаржы мамандығыныңстуденттерінеарналған

«Ақша, несие, банктер» жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырылған

Силлабус кафедра отырысында қарастырылған

«__27__»_______08________ 2014ж. № 1 хаттама

Кафедра меңгерушісі___________________________П.Исахова

Кіріспе

«Ақша, несие, банктер» курсы – теориялық курс. Ол болашақ қажыгерлер мен банкирлерді кең профильді маман ретінде дайындауға негіз береді. Бұл курс экономикалық теория, макро және микро деңгейдегі экономика, қаржы, бухгеалтерлікесепжәне аудит, менеджмент жәнесолсияқтыбасқаоқупәндеріменқосылып, ақша – несие қатынастарының, банктік қызмет теориясының және ұйымдастыру негіздерінің мәні туралы білімді қалыптастырып, олардың маңызы мен экономикадағы қолдану механизмін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Аталмыш пәнді оқыту әдісі төмендегідей:

  • дәріс (лекция) оқу;

  • практикалық сабақтар жүргізу;

  • ОБСӨЖ;

  • СӨЖ.

«Ақша, несие, банктер» оқу пәні келесі мақсаттарды көздейді:студенттерге ақшаның, несиенің және банктердің теориялық аспектілері бойынша, ақша және несие жүйелерінің қызмет істеу негіздері, халықаралық несие – есептесу және валюта қатынастары, бағалы қағаздар нарығының негіздері бойынша біртұтас білім жүйесін қалыптастыру;

«Ақша, несие, банктер» оқу пәнінің міндеттері:студенттерге ақшаның, несиенің, банктердің теориясы бойынша теориялық білімнің белгілі – бір қажетті минимумын беру; оларға банк аясында қызмет істеу үшін қажетті практикалық әдістерді дарыту;банк қызметінің болашақ профессионалдарына мүмкін болатын банктікжаңалықтар, Интернет – технологиялар және басқаларды қоса алғандағы жұмыстың негізгі бағытын белгілеп қою.

Алдыңғы деректемелер: «Экономическая теория», «Макроэкономика».

Соңғы деректемелер:«Қаржы нарығы және делдалдар», «Банк ісі», «Бағалы қағаздар нарығы», «Төлем жүйесі», «Валюталық операциялар».

Пәнді оқу барысында студенттер бакалаврдың біліктілік моделіне сйкес төмендегідей біліктітіліктерді меңгеруі керек:

  • білу: ақша, несие, банк нарықтарын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің негізін; ақшаның, несиенің және банктердің теориялық аспектілері бойынша, халықаралық несие – есептесу және валюта қатынастары, бағалы қағаздар нарығының негіздерін.

  • істей алу: өзінің әлеуметтік және кәсіби қызметінде білім мен машықтарын қолдану; кәсіби қызметтерін жүзеге асыру байланысты, мақсаттар мен міндеттерді бекіту;практикалық қызметинде бағалы қағаздар бойынша алған білімдерін қолдану.

  • дағдыны меңгеру: төлем жүйесінде қолданылатын ақпараттарды электронды өндеу үшін компьютерлік әдістерді;валюта нарығында кәсіби білімді.

Пәндік мамандандырылған:

- білу: ақша, несие, банк нарығын ұйымдастырудың және олардың жұмыс істеуінің шарттары мен тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; қор биржадағы сауда ұйымдастырылуын және оның жұмыс істеуін; бағалы қағаздар бойынша табыстылықты есептеу; бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының қызметін тексеруді жүзеге асыруды.

  • істей алу: болашақ қызметінде алған білімдерді қолдану; ақша нарығына қатысушылардың қарым-қатынастарын болжау және модельдеу.

  • дағдыны меңгеру:бағалы қағаздардың табыстылығын қамтамассыз ету; ақша-несиелік саясатты оңтайлы құруды ұсыну.