Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Типовая программа по Истории Казахстана.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
05.12.2018
Размер:
426.5 Кб
Скачать

Қазақстан тарихы

Алғы сөз

Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым.

Тарих - ғылымы бір-біріне сәйкес көп жақты, ол тарихи білімнің жеке салаларынан қалыптасады, дәлірек айтқанда: экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық, әскери, мемлекет пен құқық, дін т.с.с. Тарихи ғылымдарға халықтардың тұрмыс-салтын зерттейтін этнография, және ежелгі дәуірдің заттай деректер - еңбек құралы, үй жиһаздары, әшекей заттар, қоныстар, молалар т.б. зерттейтін археологияның да қатысы бар.

Тарихты оқып үйрену - оқушыларды дербес зерттеу кызметіне талаптандыратын, олардың өз тұжырымдары мен пайымдауларын талдауға ынталандыратын, өз ойын білдіру кабілетін дамытатын белсенді процесс. Адамдардың бұрынғы ұрпақтары жинақтаған тәжірибесін пайдалану тарихтың негізгі әлеуметтік міндеті болып табылады. Дүниемен карым-қатынаста жинақталған білім тәжірибеде шығармашылык тұрғыда жүзеге асырылады. «Адамзаттың құндылықтарын зерттеу» міндеті тарихи білімнің мазмұнын, оны іріктеудің негізгі принциптерін өзгертуді талап етеді. Біздің ойымызша, педагогикалық аспектілерді ғана есепке алумен бірге, тәрбие берудің әлеуметтік-мәдени аспектілерін де бағдарлай алу қажет.

Қазақстан тарихын оқып үйрену дербес жұмыстың белсенді әдістерін, соның ішінде өр түрлі деректерді коса пайдалануды көздейді. Мүндай жұмыс студенттерге басты проблемалардың жергілікті деңгейде калай, кандай жағдайда қабылданатынын көруге мүмкіндік береді.

Қазақстан тарихы мәселелері басқа да гуманитарлық, әлеуметтік саяси пәндерімен сабақтасып жатады. Философия, құқықтану, саясаттану, мәдениеттану, экономика пәндерінің мәселелері Қазақстан тарихы курсында азды-көпті қозғалады. Тарих пәнінің мұғалімі әлеуметтік-гуманитарлық басқа да пәндердің бағдарламаларының мазмұнынан хабардар бола отырып, өз пәнінің материалдарын түсіндіргенде оларды әруақытта есінде ұстауы керек.

Қазақстан тарихы пәнін оқып-үйренудің міндеттері мен мақсаты:

Тарихи құбылыстарды жаңаша, творчестволық тұрғыда түсінуге қол жеткізу:

- объективтік ғылыми тұрғыдан қазақ халқының бұрынғы және қазіргі өмірдегі тарихи болмыстарды түсінуге жаңа әдістерді табуға студенттерге көмектесу;

- Қазақстан тарихын ежелгі дәуірі мен осы күнге дейінгі мәселелері туралы студенттерге мағлұмат беру, қазақ-халқының тарихын басқа халықтардың тарихы сияқты бірнеше ондаған ғасырлар бойы тамыр жайғанын дәлелдеп көрсету;

Қазақстан тарихын оқып-үйрену әрбір азаматтың міндеті екені және өз халқының тарихын білмеу немесе бұрмалау ұлтшылдыққа, шовинистік пиғылға және мәңгүрттікке соқтыратыны туралы студенттерге түсінік беру.

1. Блок Ерте замандағы Қазақстан Қазақстанның ежелгі тарихы

Адамзат баласының даму тарихын геологиялық кезеңдермен байланыстылығын көрсете отырып, оның тарихи кезеңдерге, дәуірлерге бөлінуін, ерекшеліктерін анықтап, адамзат баласы пайда болып, қалыптасуын, әлуметтік ұйым формаларының дамуын түсіндіру.

Қазақстан жеріндегі кезеңдердің ерекшеліктерін көрсету, ежелгі дәуірлердегі адам ашқан жаңалықтардың маңыздылығын, Қазақстаннан табылған тұрақтардың өзіндік ерекшелігі мен ортақ белгілерін анықтап, түсіндіру.

Қола дәуірінде Қазақстан аумағында көшпелі мал шаруашылығының дами бастағанын, сонымен жер шаруашылығының да дамығанын түсіндіру.

Кәсіп түрлерін, соның ішінде металл өндіру кәсібінің жоғары деңгейде меңгерілгенін көрсету. Қола дәуіріндегі қоғамдық қатынас пен діни наным-сенімдердің адам өміріндегі рөліне тоқталу.

Тарих ғылымының мәні мен мақсаты, мазмұны, міндеттері, оның маңызы. Негізгі кезеңдері, қарама-қайшылықтары. Қазақстан тарихының деректемелері, басқа әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің арасындағы орны.

Тас, қола және темір дәуірлері. Тас ғасыры (палеолит, мезолит, неолит).

Ежелгі тас ғасыры дәуірі-адам мен оның шаруашылығы қалыптасуының бастапқы кезеңі.

Алғашқы тобыр-бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін бірлесу. Ашель уақыты. Алғашқы қауым. Мустье дәуірі. Адамның жынысы мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі. Қауымның бастапқы нысандары. Табиғат жағдайлары және ертедегі гоминидтер мекендеген орта.

Ежелгі және соңғы палеолит. Мезолит. Жаңа тас ғасырындағы Қазақстан. Қаратау жоталары ескерткіштері. Арай өңірінен табылған заттар. Жоғарғы Ертіс қоныстары. Солтүстік Қазақстандағы тұрақтар мен қорымдар. Аналық ру (матриархат).

Қола дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы ескерткіштер. Қола дәуірінің кезеңдері және ерекшеліктері (малшылық-егіншілік шаруашылығы және дамыған металлургияның қалыптасуы). Археологиялық зерттеулер бойынша Андронов мәдениетіне тән ескерткіштер. Андронов мәдениеті кезеңіндегі жерлеу ғұрпы. Шаруашылық, мәдениет және қоғамдық қатынастар. Мал шаруашылғы мен егіншіліктің дамуы; кен ісі, металлургия; қоныстар мен тұрғын үйлер, үй кәсіпшілігі, діни нанымдар мен табынушылық.

Қазақстандағы Дәндібай-Беғазы мәдениеті және оның ерекшеліктері.

Қазақстан территориясындағы ерте дәуір

Б.з.д. VIII-VII ғасырларда Қазақстан аймағында мекендеген тайпалар туралы ғылыми деректерді, олардың археологиалық ескерткіштерін зерттеудің маңызын түсіндіру. Сақтардың қоғамдық құрылысы, кәсібі, бейнелеу өнерінің дамуы туралы түсіндіру. Діни наным-сенімдерін, дүние танымындағы мифологиялық пайымдауларын көрсету.

Ғұндар туралы Қытай жазба деректерінің маңыздылығын, Ғұн мемлекетінің күшейіп дамуындағы ішкі, сыртқы жағыдайларды көрсету. Б.з.д. II ғасырда басталған тайпалар мен халықтарды шығыстан батысқа қоныс аударынуының Қазақстан аумағына, этникалық құрылымына тигізген әсерін түсіндіру.

Үйсіндер мен қаңлылардың таралып қоныстануын, өзара және Қытаймен қарым-қатынастарын аша отырып, бұл мемлекеттердің саяси дамуын, гүлденіп, құлдырауын түсіндіру және осы мемлекеттердің Қазақ этногенезінің қалыптасуына қосқан орасан маңызын талдау.

Б.з.б. VII-IVғғ. Қазақстан жеріндегі тайпалар, олардың мекені жайлы ежелгі авторлар жазбалары (тарихи деректер, тайпалардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы. Персия, Рим, Греция). Сақтардың I Дарий Кир әскерімен және Александр Македонскийдің басқыншылық жорықтарына қарсы күресі. Сақ тайпаларының шаруашылығы, тұрмысы және қоғамдық құрылысы (Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы, мал шаруашылығының түрлері, қолөнер). Сақтардың мәдениеті мен өнері. (Тұрғын үйі, киімі, діни нанымдары мен ғұрыптары, бейнелеу өнері). «Аң стилі».

Ғұндар мен үйсіндердің этникалық және саяси тарихы. Ежелгі үйсіндердің әлеуметтік-экономикалық қатынастары, мал шаруашылығы, егіншілік және отырықшылық, әлеуметтік меншік қатынастары, көрші халықтармен байланыстары, жерлеу ғұрыптары, тұрғын үй, тұрмысы мен үй шаруашылығы.

Қаңлылар (этникалық және саяси тарихы). Шаруашылығы, қолөнер және саудасы.

Ғұндардың, үйсіндердің, қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті, діни сенімдері, бейнелеу өнері.

Б.з.б. I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Байкалдан Оңтүстікке қарай және Ордосқа дейін созылып жатқан дала және шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы б.з.б. ІV-ІІІ ғасырларда Солтүстік Қытайдың шекарасына дейінгі жерді мекеыдеген тайпалық екі одақ Сюнну және Дунху бірлестіктері еді.

Сюннулар хунну немесе ғұндар деп аталады, әсіресе, б.з.б. III ғасырда мейлінше күшейді. Тайпалардың бұл тобының аты қайдан шыққаны белгісіз. "Ғұн" деген атаудың өзі кейінірек сюнну (хунну) деген аттан шыққан деп бол-жам жасалынды. Ғұндар туралы тарихи деректер көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. Кюнердің еңбектерінде берілген. Ал олардың тарихын жазуда үлкен еңбек сіңірген ғалымдар А. Н. Бернштам, Л. Н. Гумилев, Н. И. Конрад. Ал Қазақстан ғалымдарының арасында ғұндардың тарихымен К. М. Байпақов және т. б. айналысып жүр.

Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе әлі анықталып болған жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайуы. Ғұндардың қүдіреті тасып тұрған кезде, олардың бірлестігіне басқа бірнеше тайпалар қосылған, сондықтан "ғұн" атауы этникалық болудан гөрі саяси одақ атауына қарай айналыңқырағандығы.

2. Блок. Қазақстан жеріндегі ерте ортағасырлык мемлекеттер

Қазақстанның ежелгі мемлекеттерінің қалыптасу ерекшеліктеріне тоқтап өтіп, сол мемлекетердің қазақ халқының қалыптасуына ықпалын көрсету, кейінгі қазақ хандығының мемлекеттік құрылымымен ұқсастығы мен айырмашылығын айқындау, көне дәуірдегі Қазақстан жеріндегі ежелгі этностық үдірістер туралы түсінік беру, ерекшеліктеріне тоқталу.

Қазақстан және көршілес аймақтардың орта ғасырлардағы этностық тарихының түркілер тарихымен байланысты болу себебін ашып көрсету. Қазақ этногенезінің түркілік кезеңі туралы мәлімет беру.

Көшпенділер өркениетін зерттеу мәселесі туралы, көшпенділіктің шығу тегі, қалыптасуының тариха маңызын ашу.

VI ғасырда Қазақстан жерінде құдіретті держава-билеушілері Түрік тайпасының әулеттік ашин руынан шыққан Түрік қағанатының билігі.

Түріктік этно- және глоттогенездік (этнос пен тілдің қалыптасқан жері) ежелгі ошақтары. «Түрік» этнонимі. Ашина түркілері-«Түрік елінің» негізін қалаушылар. Бумын қаған және көне түрік мемлекетінің құрылуы. Орталық Азия халықтарының тарихында ежелгі түрік империясының орны.

Батыс Түрік қағанаты. Оның Жегі қаған мен Тон-Жабғы қаған кезінде күшеюі. Қағанаттың әлеуметтік-этникалық тарихы және саяси құрылысы, қоғамдық қатынастары, олардың алғашқы феодалдық мәні. Көшпелі мал шаруашылық және отырықшы жер шаруашылық тұтастығы. Қағанаттың басқа елдермен-Иран, Византия, Қытаймен байланыстары. Батыс түрік қағанатының құлауы.

Түргеш қағанаты. Оның негізін қалаушы – Үш – елік қаған. Түрік-түргештер, олардың қоныстары және әлеуметтік ұйымдары. Соғды мен қарым-қатынасы. Арабтар мен қытайлар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда. Арабтарға қарсы күрес. Түргеш қағанатының құлауы. Мұсылман мәдениеті таралуының әсері.

Қарлұқ қағанаты. Оның этникалық және тайпалық құрамы. Қарлұқтардың Жетісу жерінде билігінің орнауы. 751ж. Талас жанындағы қырғын шайқасқа қарлұқтардың қатынасуы. Қарлұқ мемлекетінің құрылуы және оның сыртқы саясаты. Қарлұқтардың ұйғырлар мен саманилармен күресі. Саманилердің Исфиджаб және Тараз қалаларын басып алуы. Қарлұқ тайпаларының арасында ислам дінінің таралуы. Шаруашылығы, сауда және қалалар.

Оғыз мемлекеті. Этникалық қауымдастығының қалыптасуы. Оғыз тайпаларының Сырдария өңірінен жартылай көшпелі печенег – қаңғар тайпаларын ығыстыруы және ерте феодалдық мемлекетін құруы. Хорезм, Хазар мемлекеттері және олардың оғыз көшпелілерімен қарым-қатынастары. IX-XI ғғ. Оғыз мемлекеті. Оғыз-Қыпшақ қатынастары. Шаруашылығы әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, діні. «Қорқыт ата дастаны».

Солтүстік, шығыс және орталық Қазақстандағы Қимақ қағанаты. Қағанаттың сыртқы байланыстары. Қимақтардың шаруашылығы мен мәдениеті.

Қыпшақ хандығы. Қыпшақ қауымдастығының қалыптасу кезеңдері. Қыпшақтардың этникалық құрамы және қоныстануы. Қазақстан жеріндегі қыпшақ даласы – «Дешті Қыпшақ». Қыпшақ конфедерациясының мемлекеттік құрылысының ерекшеліктері. Қыпшақтардың шаруашылығы. Хорезммен, Киев Русімен, Византиямен, Грузиямен, Египетпен, Индиямен байланыс. Қыпшақ сұлтандарының Ұлы даладан сырт жерлердегі үстемдігі. Ежелгі Русь жылнамаларындағы «половецтер» (құмандар). Қыпшақтардың қазақ және басқа да түрік халықтарын қалыптастырудағы рөлі.

Орта ғасырлық мемлекеттердің қалыптасу ерекшеліктерін айқындай отырып, сол мемлекетердің қазақ халқының қалыптасуына тигізген ықпалын көрсету.

Ерте дамыған орта ғасырларда құрылған Қыпшақ мемлекетінің дамуын, өз шекарасын Қара теңізге дейін жеткізгенін, мемлекеттің әлуметтік, экономикалық жағыдайын және ыдырауын түсіндіру.

VI-XII ғасырлардығы қазақ жеріндегі рухани мәдениеттің дамуын,оның бағыттарын көрсету. Қазақ жерінде жазу-сызудың пайда болуы туралы толық мәлімет беру. Орта ғасырлардағы ғылым мен әдебиеттің дамуына өз үлесін қосқан ғалымдар,әдебиет өкілдері туралы мәліметтер беріп түсіндіру.

942 жылы Қарахан мемлекетінің құрылуы. Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Боғра-хан. Мұндағы әскери-үлестік жүйе және феодалдық жер иеленушіліктің түрлері. Қағанатта исламның мемелекеттік дін болып жариялануы. Абу-Насрдың басшылығымен қараханидтердің Орта Азияда үстемдігінің орнауы. Қарахан мемлекетінің Батыс және Шығыс қағанаттарға бөлінуі. Феодалдық қырқыстар. Салжұқтардың көтеріліп шығуы. Кидандардың (қарақытайлардың) басқыншылығы және Қарахан мемелекетінің ыдырауы.

Кидандар (қарақытайлар) мемелекеті (1128-1213 жж.). Елюй-Даши басқарған кидан тайпаларының Жетісу жеріне қоныс аударуы. Олардың Орта Азия салжұқтарымен жүргізген соғыстары. Кидандардың (қарақытайлардың) басқару жүйесіндегі ерекшеліктер.

Наймандар одағы-ежелгі түркі тілдес ұлыстардың бірі. VIII ғ. наймандардың Ертіс пен Орхон өзендері арасындағы мекені. Наймандардың шаруашылығы, саяси құрылысы. Наймандардың Шыңғыс әскерімен қақтығысы және олардың Шығыс Қазақстан мен Жетісу жеріне қоныс аударуы.

Керейттер (X ғ. басы), этникалық құрамы. Керейттердің алғашқы мекендеген жерлері-қазіргі Монголия мен Алтай аймағы. Керейттердің Қазақстан жеріне қоныс аударуы.

Жалайырлар-Шин-жехан әулеті кезінде Монголиядағы белді ұлыстардың бірі. Қоныс тепкен жерлері жоғарғы Орхонның Селенга өзеніне құятын беткейлері.

Жоғарыда аталып өткен ұлыстардың шаруашылық-экономикалық жағдайы. Көрші халықтармен өзара қатынастары. Тайпалық және этникалық құрамы.

VI және IX ғасырдың бірініші жартысындағы Қазақстан жеріндегі отырықшы және көшпелі мәдениет. Көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара байланысы. Қалалар мен қалалық қоныстар. Ұлы Жібек жолы және оның тарихи рөлі. Көшпелілердің материалдық мәдениеті-қолөнер, сауда шаруашылығы, архитектура және өнері. Рухани мәдениет: әдет-ғұрып, салт-дәстүрі.

IX ғ. екінші жартысы – XIII ғ. басындағы дала мен отырықшы қала халқының мәдениеті. Қалалар санының өсуі. Қала құрылысының өзгеруі. Сауда мен қолөнердің дамуы. Сәулет өнері. Қолданбалы өнер. Діні мен мәдениеті. Айша-бибі, Қарахан мазарлары. Исламның таралуы. Тіл, ғылым әдебиет. IX-XII ғғ. Қазақстанның ғалымдары мен ұлы ойшылдары: Әбу-Наср Әл-Фараби, Жүсүп Баласағуни, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Ясауи, Сулеймен Бақырғани т.б. Олар қалдырған мұралардың дүние жүзі мәдениетіндегі маңызы.

Қазақстан аумағында XVI-XV ғасырларда құрылған хандық мемлекеттердің құрылымын, олардың әлеуметтік, әкімшілік құрылысын түсіндіру.

Көшпелі және отырақшы мәдениеттердің өзара байланысы туралы айта отырып, олардың өзара әсерін, ықпалын көрсету.

Көшпелі қоғамның өзіне тән белгілерін, шаруашылықтың, оның ішінде мал шаруашылығының қалыптасу ерекшеліктері туралы түсінік беру.

Алтын Орда мемлекетінің әлемдік этникалық процестердің қалыптасуына еткен әсері.

Монғол шапқыншылығы қарсаңындағы Қазақстанның экономикалық және саяси жағдайы. Шынғысханның мемлекеті және оның жаулап алу саясаты. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуы. Қазақстан халқының монғолдарға қарсы күресі. Отырар, Сығанақ қалаларының қорғануы, Қазақстанның монғолдар иелігіне кіруі. Жошы, Үгедей және Шағатай ұлыстарының құрылуы. Батыйдың жорықтары және көп-ұлттық Алтын-Орда мемлекетінің құрылуы, оның саяси құрылысы, билік жүйесі, әскери құрылымы. Монғол шапқыншылығының Қазақстан шаруашылығы мен мәдениетіне тигізген зардаптары. Қалалардың қирауы. Қолөнер және егін алқаптарының қысқаруы. Қазақ халқының халық болып қалыптасу процесінің тежелуі.

Алтын Орданың этникалық-саяси құрылымы және мемлекеттік-әкімшілік құрылысы. Шартты феодалдық жер иелену. Сойырғал. Алтын Орда мемлекетіндегі ұлыстық жүйенің қалыптасуы. Монғол империясындағы феодалдық алауыздықтар және монғолдық қанауға халық қарсылығының күшеюі. Алтын Орданың әлсірей бастауы.

Алтын Орданың ыдырап Қазақстан аймағында жаңа феодалдық мемлекеттердің құрылуы. Этникалық тұрғыдан пайда болған Ақ-Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының (Көшпелі өзбектер мемлекеті), Ноғай Ордасының саяси тарихы. Орыс хан (1361-1377), Тоқтамыс (1378-1395), Барақ хан (1423-1428). Әмір Темірдің Қазақстан жеріне жорығы. Әбілқайыр хандығының Мәуеренахр және Моғолстанмен қарым-қатынасы. Әбілқайыр хандығының құлауы.

Шағатай мемлекетінің ыдырауы. Моғолстанның құрылуы. Территориясы, халқы. Билеуші хандары: Тоғылық-Темір (1348-1362), Есен-Бұға (1433-1462), Жүніс хан (1462-1486).

Ноғай Ордасының бөлініп шығуы және нығаюы. Әмір Едіге (1396-1411). Едіге мен Тоқтамыстың қақтығысы. Нұр-ад-ды (1426-1440). Ноғай Ордасының әлсіреуі және ыдырауы.

XIV-XV ғғ.. Қазақстанның экономикасы мен мәдениеті. Шаруашылық- тағы жанғыру процесі. Мал мен жер шаруашылықтары. Қалалардың қалпына келтірілуі, сауда мен қолөнердің өсуі. Сауда байланыстарының дамуы. Ақша айналымы, феодалдық қатынастардың дамуы. Тұрғындардың әлеуметтік құрылымы. XIV-XV ғғ.. Қазақстан мәдениетінің дамуы. Құрылыс және сәулет өнері. Тіл, әдебиет және дін. “Кодекс куманикус” және тағы басқа да жазба ескерткіштер.

Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын , XV-XVIII ғасырлардағы оның дамуын түсіндіру, хандардың саяси бағыттарын көрсету,сыртқы жаулардан елін,жерін қорғап,тәуелсіздігін сақтап қалуын түсіндіру

XVI ғасырдың басында қазақ хандығының өрлеуінде Қасым хан рөлін , ішкі қоғамдық қатынастар мен сыртқы саясатты шебер жүргізе алатындығын көрсете отырып, билік құрған хандардың XVI ғасырдың екінші жартысынан XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ мемлекетін нығайтудағы рөлін, олардың саясатын талдау, тарихи маңызын ашып көрсету..

Қазақ халқының құрылуының тарихи алғы шарттары. Қазақ халқының қалыптасуының басты кезеңдері және этникалық құрамы. Қазақ этногенезінің қалыптасуын археологиялық-этнографиялық және антропологиялық материалдар негізінде зерттеу. Қазақ халқының фольклорлық және эпостық аңыздары-қазақ этногенезін зерттеудің қайнар көзі «Қазақ» терминінің шығу тарихы.

Қазақ жүздерінің құрылуы. Қазақ жүздерінің қалыптасуындағы әлеуметтік-экономикалық алғы шарттар. Қазақ жүздерінің құрамына кіретін рулар және олардың территориялық орналасуы. XVғ. екініші жартысында Әбілқайыр хандығы құрамынан Жәнібек пен Керей сұлтандардың Шу-Талас өзендерінің аралығына көшуі. Қазақ хандығының құрылуы және оның Шайбани әулетімен күресі. Шайбани әулеті ханы Шайх-Хайдардың жеңілуі және қаза табуы. Қазақ хандары Керей мен Жәнібек билігінің өзбек - қазақ ұлысында беки түсуі. Бұрындық ханның билігі (1480-1511жж.).

ХІV-ХV ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық соғыстар мен тартыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу процестері барған сайын белең алуы. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің тарихи-жағрафиялық, экономикалық және саяси оқшаулануының тарихи қалыптасқан жағдайларына /түрлі тайпалық одақтар мен ертедегі феодалдық мемлекеттерге кіруі/ байланысты этникалық жағынан біртұтастық пен бүтіндікке ұмтыла отырып, үш негізгі этникалық - шаруашылық топқа бөлінуі. Яғыи, жағрафиялық жағдайына байланысты үш жүз қалыптасуы. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүздің орталығы - Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Орта жүздің орталығы - Орталық Қазақстанда және Кіші жүздің қалыптасуы.

Қазак хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы аса маңызды оқиға . Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ ру-тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде маңызды рөл атқарды. Қазақ хандығының қалыптасуы қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып бірігу жолындағы күресін біржолата аяқтауда шешуші кезең болуымен ерекшеленеді. Сол кезеңдерде Қазақ хандығының егеменділігін сақтауының тарихи маңызы. Қазақ хандарының саясаты мен халықаралық қатынастарының маңызы.

XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының басқару жүйесін, ұлыстық құрылымын, әкімшілік-құқық нормаларының ерекшеліктерін көрсету. Сот жүйесін, салықтар мен міндеткерлік түрлерін түсіндіру.

Қазақ халқының шығармашылық дәстүрлерін, ауыз әдебиетінің бай мұраларын таныстырып, олардың тарихи маңызын түсіндіру.

Ауыз әдебиетінің жастарға беретін тәрбиелік мәнін ашу,жастарды еңбекке, Отанына деген үйіспеншілікке,достыққа,адамгершілікке тәрбиелеу

Қазақтың ата-бабаларынан келе жатқан дәстүрлі дінге объективті көзқарас қалыптастыру, орта ғасырлардағы Қазқстан жеріндегі діни идеологиялық ахуал туралы, қазақтың ілім-білімдері жайлы мағлұмат беру.

Қазақ хандығының көтерілуі. Сырдария бойындағы қалалар үшін қазақтардың Мұхаммед Шайбани мен күресі. Қасым-хан мен Хақ - Назар хан тұсында Қазақстан жерінің ұлғаюы. Мұхаммед Шайбанидің Бұқараға кетуі. Көшім тұсындағы Сібір хандығы. Қазақ-орыс қатынастары. Тәуекелдің Сібір мен Бұхар хандықтарына қарсы күресі. Тәуекелдің Ресей мемлекетінен әскери көмек сұрауы. Қазақ даласына ойрат феодалдарының шапқыншылықтары. «Салқам Жәңгір» ханның қалмақтармен соғысы. Есімхан мен Тәуке - хан тұсындағы Қазақ хандығы.

XVI-XVII ғғ. қазақтардың шаруашылық және саяси-қоғамдық құрылысы. Қазақ хандығы қоғамдық-саяси құрылысының ерекшеліктері. Сот және қазақ заңдары. “Жеті жарғы” заңы. Қазақтардың материалдық-рухани мәдениетінің дамуы. Тұрғын үй, сәулет өнері мен қол өнер. Киім мен тағам. Қолданбалы өнер. Дін. Ауызша және жазбаша әдебиет. Музыкалық өнер. Тұрмыс-салттық өлеңдер, эпостар, ертегілер. Ұлттық мейрамдар, ойындар. Күн тізбегі. Қазақ хандығы кезіндегі ғылымның дамуы. Мұхаммед Хайдар Дулати “Тарихи-Рашиди”, Қайырғали Жалайыр “Жами-ат-Тауарих”.

ХVI-XVII ғасырларда қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында "жерді біріктіру" процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен казақ хандарының бірі - Жәнібек ханның ұлы Қасым. (Туған жылы 1445 ж.). Іс жүзінде Қасым хан елді Бұрындық кезінде-ақ басқара бастады. Қасым ханның басқаруынан бастап елде билік жүргізу тек Жәнібек ұрпақтарының қолына көшті. Қасым ханның тұсында /1511-1523 жж. билік құрған/ қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жан-жақты нығая түсті. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығына тойтарыс беріп, әскери күштерді нығайтты, өз билігіндегі жерлерді кеңейтті. Қасым хан билік құрған кезде қазақ халқы өзінің осы күнгі мекен тұрағының негізгі аймақтарын біріктірді. Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік-батыста Сырдың оң бойындағы бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі /Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері/ қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалып, Орыс мемлекетімен қатынас қалыптасты. Қазақ хандығымен елшілік байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі - ұлы князь III Василий /1505-1533 жж./ билік жүргізген кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Осы тұста қазақтар өз алдына дербес халық ретінде батыс Еуропаға мәлім болды, осы мәселелерді толық қамтып жауап беру.

XVII ғасырдың басындағы қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуін, «Ақтабан шұбырынды» жылдарын, тәуелсіздік жолындағы азаттық күресін түсіндіру. Елдің ішкі жағдайындағы алауыздықтар мен жеке тұлға – би, сұлтан, батырлардың бірігу жолындағы күресін көрсету.

Студенттермен Қазақстанның сол кездегі ішкі-сыртқы жағдайларын талдап, қорытынды жасауға дағдыландыру.

VIII ғасыр басындағы қазақ хандығы. Үш жүзге бөлінушілік. Қазақ қоғамындағы таптық қайшылықтар. Феодалдық бытыраңқылық және феодалдық жіктердің билік үшін таласуы. VIII ғ. басындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы.

Жоңғар әскери-феодал мемлекетінің көтерілуі және қазақ жеріне Жоңғар агрессиясының басталуы. 1723 ж. Жоңғар қалмақтарының басқыншылығы. “Ақтабан шұбырынды” оқиғалары. 1726 ж. Орда басындағы жалпыхалықтық құрылтай. Үш ұлы-Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің халықты бірігуге шақыруы. Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларымен күресі. 1727ж. Бұланты жеріндегі және 1729ж. “Аңырақай” шайқастары, олардың тарихи маңызы.

Жоңғарларға қарсы соғыстағы халық батырлары – Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Наурызбай, Баян, Қарасай, Есет, Райымбек, Саурық, Тайлақ, Хангелді, Қойгелді және т.б.

1730ж. аға хан-Болатханның өлуі. Жалпы қазақтың аға хан сайлау үшін хандар мен сұлдтандар арасындағы алауыздық. Әбілмәмбеттің аға хан болып сайлануы. Біртұтас қазақ жасақтарының ыдырауы.

1740-жылдардағы жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі. Абылай сұлтанның көтерілуі. Оның әскери ерліктері. Жоңғарларға тұтқынға түсуі және құтқарылуы. Абылайдың 1745 және 1750 жылдардағы жоңғарларға қарсы соғыстары. Абылайдың Жоңғариямен, Қытаймен және Ресеймен қарым-қатынасы. Қазақ жерлерін азат ету. Қалмақтар күшінің әлсіреуі. Қытай империясының оған басып кіруі. 1758 жылы Жоңғар мемлекетінің құлауы.

1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін Абылайдың Орта жүз ханы болып сайлануы (1771-1781 жж.) Абылайдың мемлекеттік, әскери және дипломатиялық қызметі. Оның Ресей мен Қытай империясы арасындағы “Екі жақты бодандық” саясаты. Абылайдың өлімі және ұлылығы. Абылай ханның қазақ тарихындағы орны.

Ақтабан шұбырындыда ауа көшкен жұрт көптеген қалалар мен елді мекендердегі отырықшы халықтарды жұтқа ұшыратты. Оның нәтижесінде Самарқанд, Бұқар, Хиуа, Ферғана сияқты қалалар қаңырап калды

Жаппай босу, аштық, елді, жерді сағыну қазақтардың қайрат-жігерін ұштады, оларды ортақ жауға ұйымдасып қарсы шығуға жұмылдырды. 1726 ж. Шымкентке таяу Ордабасы деген жерде Үш жүздің басшылары, билері жиын өткізіп, онда қазақ жасақтарының қолбасшысы болып Обілхайыр хан және Бөгенбай батыр сайланды. 1727 жылы халықтың қаһарлы қарсылығының алғы шебінде болып, калмақ әскерлерімен үш жылдай ұрыс жүргізген Әбілхайыр бастаған Кіші жүз жасақтары, ондағы айтулы батырлардың бірі Тайлақ және оның жиені Ұлы жүздің Ошақты руындағы Тасжүрек тайпасынан шыққан Саңырық батыр Ырғыздың оңтүстік-шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында "Қара сиыр" деген жерде қалмақтарға есеңгірете соққы берді. 1729 жылы көктемде Балқаш колінің маңында қазақ пен қалмақтардың арасында тағы бір қатты қырғын соғыс жүрді. Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Бөкенбай, Малайсары сияқты атақты батырлар оастаған қазақ қолдары меи жасақтары қалмақ әскерлеріне екінші рет күйрете соққы берді. Осы оқиғалардың тарихи маңызын сипаттау.