- •Isbn 9965-14-590-3 м.Ж.Қырықбаева, ж.А.Нұртілеуова
- •Кәсіби бағдарлы деңгей
- •Мамандық тілі деңгейі
- •Лексикалық тақырыптар
- •Тауар, тауар өндіру түрлері. Отандық тауар өндірісі.
- •Қазақ тілі курсының барлық деңгейінен өткен тіл үйренуші төмендегідей біліктілерді игеруі қажет:
- •Кәсіби бағдарлы деңгей.
- •Мамандық тілі деңгейі.
- •Ұсынылатын оқулықтар мен оқу құралдары
- •Сөздіктер
- •Оқу курсының пәндік мазмұны
- •Қазақ тілінің практикалық курсының деңгейлік құрылымы мен мазмұны
- •Пән силлабусы
- •Пәннің тақырыптық мазмұны бойынша сабақ жоспарлары
- •1. Л/т. Сәлемдесу. Танысу.
- •Сәлемдесу
- •Сәлемдесу мәдениеті
- •1.Танысу
- •2. Менің атым – Сәуле
- •4 . Танысайық
- •5. Таныс болайық
- •6. Танысып қойыңыздар
- •Фонетика. Қазақ тілінің төл дыбыстары
- •1. Соөж Мен және басқа адам. Қоғамның басты құндылығы – Адам.
- •2. Соөж Адам өміріне не қажет? Өзіңді өзің таны.
- •Л/т. Отбасы
- •Сұхбат: Адамның үш жұрты және жеті ата
- •3. Соөж Отбасы тәрбиесі. Отбасы дәстүрлері мен мерекелері.
- •Л/т. Отбасы мүшелерінің мамандықтары.
- •Төменде белгілі кәсіп аты берілген. Өз отбасы мүшелеріңіздің кәсібін тауып жазыңыз.
- •4. Соөж Қазақ отбасының салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптары
- •5.Соөж Үйдегі менің бөлмем. Мен тұратын көше тарихы.
- •6. Л/т. Менің досым
- •6.Соөж Досымның келбеті және мінезі
- •7. Л/т. Досынды бағалай білесің бе?
- •7. Соөж Менің досым
- •Жаман жолдас
- •8. Л/т. Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі
- •8. Соөж Асханада
- •9. Л/т Менің сүйікті тағамым
- •Үстеудің мағынасына қарай түрі
- •9.Соөж Базарда
- •10. Л/т. «Заңғар» әмбебап дүкені
- •Әмбебап дүкенінде.
- •10. Соөж Ұлттық киім үлгілері
- •12. Л/т. Тазалық - саулық негізі, денсаулық - байлық негізі. Дене мүшелері
- •Соөж Емдеу және сауықтыру орындары. Бурабайда.
- •13. Л/т. Дәрігер - денсаулық қорғаны
- •Денсаулық зор – байлық
- •Соөж Халықтық медицина салалары. Тән сұлулығы - жан сұлулығы Сұлу болудың да сыры бар
- •14. Л/т. Қоғамдық көліктер. Вокзалда. Әуежайда
- •Ұшақпен саяхат жасау
- •1.Үстеулердің тұлғасына қарай түрлері:
- •2. Үстеулердің құрамына қарай түрлері:
- •3. Үстеулердің мағынасына қарай түрлері:
- •14.Соөж. Қазіргі заман көліктері. Қоғамдық көліктер
- •15. Л/т. Қазақстан темір жолы.
- •Пойызбен саяхат жасау
- •15. Соөж Ең жылдам көліктер
- •16. Л/т.Менің жұмысым. Менің жұмыс күнім.
- •Қарапайым деңгей Менің жұмысым
- •Менің әріптестерім
- •Менің міндеттерім.
- •Жаңа сөздер /Новые выражения
- •Біздің мақсатымыз Күнделікті жұмыс
- •Жаңа сөздер /Новые выражения
- •Жақсы хатшы не істейді?
- •Етістіктің шақтары
- •16. Соөж Менің жұмыс орным
- •17. Л/т. Менің ұжымым.
- •Қазақ тілі орталығында
- •17. Соөж Жұмыссыздық деген не? Еңбекпен қамтамасыз ету мекемелері Жұмыс бар, жалақы аз
- •18. Л/т. Бос уақыт және қызығушылық. Студенттің бір күндік уақыты
- •18. Соөж Сұхбат–мәтін: Бос уақытты қалай өткіземін
- •19. Л/т. Көрме, театр, кинотеатр, мұражай.
- •Кино өнері туралы
- •19. Соөж Өнер ошақтарының тарихы
- •20. Л/т. Адам және табиғат егіз. Табиғи қоршаған орта.
- •Жыл мезгілдері
- •Жұлдызнама
- •20. Соөж Қазақстан экологиясы. Жануарлар әлемі
- •21. Л/т. Адамның табиғаттағы орны
- •21. Соөж Қоршаған ортаны қорғау. Экологияның адамға әсері
- •22. Л/т. Саяхат. Қазақстанның тарихи орындары
- •Орынбор
- •Қызылорда
- •Атырау – мұнайлы өлке
- •Сырға толы Сарайшық
- •22. Соөж Қазақстанның атақты көлдері.
- •Саяхатшылар назары – Астанада
- •23. Л/т Қазақ елі. Қазақ халқының тарихы
- •23. Соөж Қазақ атауының шығу тарихы.
- •Қазақтың алғашқы хандары, билері мен батырлары
- •Туған ұлдан не пайда?
- •24. Л/т. Қазақтың хандары,билері, батырлары. Шешендік өнер. Әдет-ғұрыптары.
- •Әйтеке би
- •Әдет-ғұрыптары
- •Шешендік өнер
- •Үргеніш шешен мен Сырым
- •24. Соөж. Қазақ халқының төл мерекелері. Бабалар сөзін тыңдайық Ораза айт
- •Мынадай ырымдар мен тиымдарды еске сақтап, орындап жүруіміз қажет.
- •25. Л/т. Қазақстанның көрікті жерлері
- •25. СоӨж. Қазақсанның көне тарихи қалалары
- •Қазақсанның көне тарихи қалалары
- •26. Л/т. Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан.
- •26. Соөж Қазақстан – көп ұлтты мемлекет.
- •Қазақстанның ата заңы
- •Ел межесі – елулікке ену
- •27. Л/т. Мемлекеттік рәміздер. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы,
- •Елтаңба
- •27 Соөж қазақстан республикасының мемлекеттік гимні
- •28. Л/т. Қазақтың өнері мен мәдениеті
- •1 . Есім сөзден етістік жасайтын жұрнақтар.
- •2. Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар
- •28. Соөж Халықтық қолөнері. Қолөнер түрлері
- •29. Л/т. Қазақстанның бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің шеберлері
- •Әбілхан Қастеев – қазақ сурет өнерінің атасы
- •Кірме сөздер
- •29 Соөж Қазақ халқының ән-күй, би өнері. Өнерлі ел. Қазақстаннның театр өнері
- •30. Л/т.Қазақ әдебиетінің алыптары.
- •30. Соөж Ұлы адамдар өмірінен.
- •Үш бақытым
- •31. Л/т. Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін фактор. Қоғам және тіл.
- •31. Соөж Тіл - жалпы адамзаттық құндылық. Өнер алды - қызыл тіл. Қазақ тілінің стильдік тармақтары. Тіл – әлем есігін ашатын кілт.
- •Ана тілім – ардағым
- •Тіл туралы
- •Тіл туралы
- •Тіл мәдениеті
- •Қазақ тілінің стильдік тармақтары
- •32. Л/т. Сөз мәдениеті. Тіл тазалығы.
- •32. Соөж Сөз өнерінің сұлулығы - жан сұлулығы.
- •33. Л/т. Менің мамандығым. Университет - білім ордасы.
- •Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті
- •33 Соөж Менің замандастарым. Өз ісінің маманы. Мамандық пен мінез. Мұрат Бидосов - өз ісінің маманы
- •34. Л/т. Мен таңдаған мамандық. Мамандық тарихы. К і м б о л а м ?
- •Мұғалім деген кім?
- •Білімді бала білімді ұстаздан, мінезді бала мінезді ұстаздан. Мамандықтар
- •2. Жұрнақ (суффикс) – Түбірден кейін тұрып, жаңа сөз тудыратын қосымшаны жұрнақ дейміз.
- •34. Соөж Мен таңдаған - мамандық.
- •Л/т. Қоғам және жастар. Жастардың қоғамдағы орны
- •35. Соөж Ел болашағы – жастардың қолында
- •Л/т. Жастар және «Болашақ» бағдарламасы
- •Сөз тіркесі
- •36. Соөж Қазіргі заман жастарының келбеті.
- •Л/т. Адамдармен қарым-қатынас. Әдептілік - мәдениет шыңы.
- •Байлық – қанағат пен еңбекте. Ыбырай Алтынсарин
- •37. Соөж Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөз әдебі. Әңгімелесе аласыз ба?
- •Г/т. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
- •Мұқағали Мақатаев
- •Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
- •38. Соөж Ұлттық тәлім-тәрбие. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Отбасы тәрбиесі
- •39 Л/т. Қазақстан - әлемдік кеңістікте. Тәуелсіз Қазақстан.
- •Орта деңгей тапсырмаларының үлгілері:
- •Жоғары деңгей тапсырмаларының үлгілері:
- •Қорытынды бақылау.
- •Қазақстан әлемдік кеңістікте
- •Қазақ тіліндегі сөйлем мүшелерінің орын тәртібі
- •39. Соөж Егеменді және тәуелсіз Қазақстан Үшінші мыңжылдықтың басында. Алтайдан Атырауға дейін. Қазақстан Азия барысы.
- •40. Л/т. Қазақстанның білім беру жүйесі. Білім саласындағы жаңа бағыттар
- •40. Соөж Білім беру жүйесіндегі реформалар
- •Шетелдерде оқу
- •41. Л/т. Білім берудің кредиттік технологиясы
- •41. Соөж Білім де бәсекеге түседі. Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі.
- •Электрондық басылымдар залы
- •42. Л/т. Қазақстан мемлекетінің құқықтық негіздері.
- •Хабарлы сөйлем
- •42.Соөж Адам және азамат құқығы. Еңбек ету, білім алу бостандығы құқығы.
- •43. Л/т. Жеке тұлға, заңды тұлға құқығы
- •43. Соөж Адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларациялар
- •Адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларациялар
- •44. Л/т. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық
- •Негізгі деңгей бойынша тапсырмалар үлгісі:
- •Орта деңгей бойынша тапсырмалар үлгісі:
- •Жоғары деңгей бойынша тапсырмалар үлгілері:
- •44. Соөж Дүниежүзілік және халықаралық экономикалық қатынастар
- •45. Л/т. Тарихқа саяхат
- •Сөздердің байланысу тәсілдері
- •Сөздердің байланысу тәсілдері
- •45. Соөж Қазақстанның: кешегісі, бүгіні, ертеңі
- •46 . Л/т. Ғылым мен техника
- •Жай сөйлем
- •46. Соөж Ғылым мен техниканың дамуы тарихы. Ғылымның қиын жолы
- •47. Л/т. Ғылымдағы жетістіктер
- •Тұрақты сөз тіркесі
- •47. Соөж Ұлы ғалымдар және олар ашқан жаңалықтар. Ғалым-маман.
- •48. Л/т. Мамандық әлемі
- •Қазақтың тұңғыш өкілетті және төтенше елшісі
- •Негізгі деңгей бойынша тапсырмалар үлгісі
- •Орта деңгей бойынша тапсырмалар үлгісі:
- •Жоғары деңгей бойынша тапсырмалар үлгісі:
- •48. Соөж Мамандық түрлері
- •Мамандық
- •49. Л/т. Қазақ музыкасы - өмір айнасы
- •49. Соөж Қазақ өнері мен мәдениеті
- •50.Соөж Мәдениетті жастар қандай болуы керек?
- •Мәдениет туралы
- •51. Л/т. Дизайн тарихы
- •51. Соөж Бейнелеу және қолданбалы сән өнері
- •52. Л/т. Туризмнің даму тарихы
- •52. Соөж Қазақстандағы туризмнің дамуы
- •Қазақстандағы туризм - табыс көзі бола ала ма?
- •53. Л/т. Қазақстан экономикасы
- •Сөйлем мүшелері
- •53. Соөж Базаршы жігіт пен ақылды қыз
- •54. Л/т. Банк тарихы
- •Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
- •54. Соөж Жақсы өмір сүргіңіз келсе...
- •4. Сөздікпен жұмыс жасаңыз.
- •55. Л/т. Экономика тарихы
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •56. Л/т. Әлем тілдері мамандығы
- •Ағылшынша және қазақша сөйлесейік
- •57. Л/т. Қазақстан бейнелеу өнері
- •57. Соөж Айша Ғалымбаева
- •58. Л/т. Спорт туралы. Азия ойындары
- •Азия ойындарының туындауы
- •Федерацияның түрленуі
- •Қысқы Азия ойындары
- •Қысқы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары жеңіп алған медальдар саны
- •58. Соөж Күш атасы – Қажымұқан
- •59. Л/т. Кино өнері туралы
- •59. Соөж Асанәлі Әшімов
- •60. Л/т. Қасиетті іс
- •Құрмалас сөйлем
- •60. Соөж Семей полигоны
- •61. Л/т. Рекреациялық ресурстар
- •61.Соөж Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар
- •Ботаникалық бақша
- •62. Л/т. Қазақ тіл ғылымының теориясын қалыптастырған алғашқы тілші ғалым Сәрсен Аманжолов
- •62.Соөж Менің сүйікті жазушыларым
- •Toefl жүйесі бойынша тест тапсырмалары
- •050202 – Дипломатия
- •45 (Тестке берілетін уақыт)
- •Дипломатиялық қатынастар.
- •Лексика-грамматикалық тест
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •Мәліметтер:
- •Қазақ тілінің практикалық курсы пәні бойынша
47. Соөж Ұлы ғалымдар және олар ашқан жаңалықтар. Ғалым-маман.
Әбу Абдолла Мұхаммет ибн Мұса әл-Хорезми әл-Мәжуси
Адамзат ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан түркілердің ұлы тұлғаларының бірі - әбу Абдолла Мұхаммет ибн Мұса әл-Хорезми әл-Мәжуси. Ол шамамен 780 жылы Хиуада туып, 850 жылдары Бағдатта қайтыс болады. Жиырма жасында ғылым қуып, Бағдатқа жеткен әл-Хорезми елу жасында математиканың екі ірі саласының бірі алгебраның негізін салды. Астрономияда, арифметикада ұлы жаңалықтар ашты. Әлемдік математика ғылымындағы ең ірі жаңалықты, ұлы төңкерісті жасаған да біздің бабамыз еді. Ол қандай жаңалық? Хорезмиге дейін әлемдік математикада қарапайым есептеуден бастап, күрделі теңдеулерді шешу үшін вавилон, не рим цифры пайдаланылған. Мәселен, 48 санын жазу үшін ХХХХҮІІІ цифрын, ал, 3834 санын жазу үшін МММДСССХХХІҮ цифрын пайдалануға мәжбүр болған. Ал бұларды төрт амалға салып алып-қосу, бөліп-көбейту, тіпті қиямет қайымға айналған. Бұл ғылымның дамуына өте қолайсыз, адам түсінбейтін, тек білімді адамдар, ғалымдар ғана қолдана алатын ұзақ сонар есеп-қисаптың туындауына себеп болған. Барлық техникалық ғылымдардың негізі математикалық есептеу болғандықтан, бұл жағдай әлемдік ғылымның тоқырауына ұрындырған. Ғаламдық ғылымды осы тұйықтан түркі топырағының ұланы, «алгебраның атасы» атанған Мұхаммет әл-Хорезми алып шығып, сандар жүйесін қазіргі қалыпқа келтірді. Бұл - адамзаттың ақыл-ойы жеткен ұлы жетістіктердің бірі еді. Қазіргі біз қолданып жүрген 1,2,3,4,5,6,7,8,9 цифрларын ғылымда «араб цифрлары» деп атайды. Арифметикаға Хорезми енгізген бұл сандар жүйесі араб-ислам ғылымының әлемдік өркениетке қосқан ірі үлесі болғандықтан, осылай аталып кетеді. Хорезми араб цифрларын енгізіп қана қойған жоқ, санның мәнін цифрдың орналасу ретімен байланыстыру арқылы бірлік, ондық, жүздік, т.б. түсініктерді анықтап, осы жаңа цифрлардың көмегімен арифметикалық амалдарды орындаудың әдіс-тәсілдерін де ойлап тапты. Қазіргі кез келген қазақ баласы бірлік, ондық сандарды пайдаланып, төрт амалды орындауды бірінші сыныпта-ақ меңгереді. Ал ортағасырлық оғлан мұндай деңгейге жету үшін математиканы он бес жыл бойы оқуы керек еді. Адамзатты осы азаптан құтқарған да - түркілердің топжарғаны әл-Хорезми бабамыз. Геометрия тарихы ең көне замандардан басталса да, алгебраның тарихын әлемдік ғылым әл-Хорезмиден бастайды. «Алгебра» атауының өзі атамыздың атақты еңбегі «Әл-китаб әл-мұхтасар фи хисаб әл-джабир уәл-мукабаладағы» «әл-джабир» сөзінен шыққан. «әл-джабир» көне ассирия тілінде «екі заттың теңдігі, теңдеу» мағынасын берген. Хорезмиден жүз жыл соң еуропалықтар оның кітабын осы атаумен аударып, өз тілдеріне бейімдеп, «алгебра» терминін қалыптастырып жіберді. Шындығы сол - ортағасырлық Еуропа есеп шығаруды әл-Хорезмиден үйренді. Оған дейін әлемде алгебра ғылымы, теңдеулер шешу әдістері болмаған. Ғалымның «Әл-джабирін» көне құрлық математиктері 1145 жылдан бастап латын тіліне бірнеше рет аударады. 1524 жылы еуропалық ғалым Адам Ризе Хорезми еңбегі жайлы: «әрі сан ғылымына, әрі есеп өнеріне жетік бір ғалым арабтың «Алгебр мен әлмукабал» деген кітабы бар. Ешбір ғалым одан әлі асқан емес, келешекте де одан асатын ғалымның тууы екіталай» деп жазды. Ақиқатын айтқанда, Мұхаммет әл-Хорезми болмаса, адамзаттың дәл мұндай ғылыми прогреске қол жеткізуі мүмкін емес еді. Ортағасырлық Еуропада әл-Хорезми еңбегінің атақты болғаны соншалық, қазіргі математикада қолданылатын «алгоритм», «алгорифм» терминдері де ғалымның ныспысынан шыққан. Әл-Хорезми «алгоритмге» айналған. Хорезми ізінде математикалық еңбек жазған сол дәуірдегі еуропалық ғалымдардың бәрі де кітабын «Алгоритми айтады…» деп бастағанынан-ақ оның есімінің ғылыми ортаға қаншалықты танымал болғанын көруге болады. Алгоритмі, теориялық негізі жасалмаса, қазіргі сандық технологияға негізделген компьютер, теледидар, байланыс құралдарынан бастап спутникке дейінгі заманауи заттардың бірде-бірі жұмыс істей алмайтыны анық. Демек, адамзат ғылымының, өркениетінің бүгінгідей дәрежеге жетуіне алғаш негіз қалаған да, кіндігі қазақтың көне жұртында кесіліп, бүтін мұсылманның мақтанышына айналған Мұхаммет әл-Хорезми бабамыз екен. Ұлы ғалымның «Әл-джабирден» басқа математикалық тағы бір атақты еңбегінің аты «Китаб әл-джам уә-т-тафриқ би хисаб әл-һинди» (Үнділер есебі бойынша қосу мен азайту кітабы). «Үнділер есебі» де 1150 жылы латын тіліне аударылып, әлем математиктерінің айналып өте алмайтын сүйікті шығармасына айналды. Осы кітабында ол қазіргі сандық жүйенің негізіне пайдаланған көне санскрит он цифрлы позициялық жүйесі туралы іргелі зерттеу жасады. Хорезми тек математика саласында ғана емес, астрономия, география, тарих, медицина салаларында да бірнеше ірі жаңалықтар ашты. Бес жұрттың тілін білген білімпаз 35 жасында атақты Бағдат обсерваториясын басқарды. Осында жүріп, әйгілі «Астрономиялық таблицалар» атты жинағын жарыққа шығарды. Оның араб-ислам астрономия ғылымын бірнеше ғасырға ілгерілеткен бұл еңбегі Ньютонға дейінгі еуропалық астрономдардың ең негізгі құралына айналды. Сол кезде-ақ ол Жер меридианының ұзындығын анықтауға ұмтылыс жасады. Ешқандай өлшеуіш құралдарын пайдаланбай-ақ, математикалық есептеу арқылы Хорезми жасаған меридиан өлшемі ғылым-білімі жетіліп, жаңа технологияларға сүйеніп, қазіргі заман есептеуіш құралдарымен жасалған өлшемнен бір пайызға ғана жаңылысыпты. 99 пайызы сәйкес!!! Түркі топырағынан шыққан Мұхаммет әл-Хорезми жасаған «Китаб сурат әл-ард» (Жер бедері туралы кітап) өз заманында араб- ислам географиялық ғылымының шырқау шыңына баланды. Бұл еңбегінде ол грек ғалымы Клавдий Птолемейден (б.э.д 147-70 жылдар) бастап, әлемдік географияның мыңжылдық жетістіктерін толық қамтыды. Араб, парсы, түркі халықтары мекендеген территориялардың картасын жасап, ондағы жер-су аттарын жергілікті тілдерде де жазып шықты. Ол Еділ бойына, Хазар мемлекетіне, Кавказға, Азов теңізіне, Византия империясына саяхаттар жасап, Араб халифаты үшін құнды мәліметтер жинады. Ғалым медицина, тарих, этнография саласында кітаптар жазып, күн сағаттары, календарь хақында да ізденіс жасады. Әрине, бұл бағыттағы еңбектерінің барлығы бүгінгі күнге жеткен жоқ. Тек «Истихрадж тарах әл-яхуд» атты күнтізбе туралы кітабы 1940 жылы Үндістаннан табылып, жарияланды. Міне, түбі бір түркі халықтарының ортақ мақтанышы, ортағасырлық ғалым Мұхаммет әл-Хорезмидің бір өзінің әлемдік ғылымға қосқан үлесі осындай. Қазақтың көне тарихы ғасырлардың шаңы көміп, аты белгілі, заты белгісіз болып қалған қадау-қадау тұлғаларға кенде емес. Көбінің еңбектері бізге жеткен жоқ. Жеткенінің өзі көшірмелер деңгейінде. ХІІ ғасырдан бастап, мұсылмандар билігі сауатсыз, дүмше молдалардың қолына көшті де, өз жерінде қадірі болмаған ұлы ғалымдар жасаған ірі мұралар еуропалықтардың тіліне аударылып, солардың ғылымының, өркениетінің дамуына, солардың ұрпақтарының озуына қызмет етті. Сөйтіп, бір кезде дамудың жаңа сатысына түсу үшін кәрі құрлық ұлдары біздің аталарымыздың еңбектерін аударуға мәжбүр болса, бүгін біз сол озық теорияларды дамытып, қайта жаңғыртқан еуропалықтардың кітабын аударуға, технологиясын қабылдауға мұқтажбыз. Ұлыларының ұлағатын алға апара алмаған ұрпаққа тарихтың тартар сыйы - осы…. (“Айқын” газеті)
Отырарда ұлы ғалым Әбу Наср әл-Фараби дүниеге келді. Ол аса зор ғылыми мұра - жүзден астам ірі еңбектер қалдырды. Орта Азия мен Қазақстан қалаларынан Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Абдаллаһ әл-Хорезми, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Жафар ат-Туси, Рудаки және басқа көптеген ғалымдар шықты. Хорезмимен бірге әйгілі астрономиялық кестелерді жасауға қатысқан астроном әрі математик – Ғаббас әл-Жауһари (9 ғ-дың 1-жартысы, сондай-ақ оның замандастары – Ысқақ әл-Фараби және 40 мың сөзден тұратын араб тілінің түсіндірме сөздігін жасаушы Исмаил әл-Жауһари әл-Фараби танымал болды. Ертісжағалауында қимақтар арасынан географ әрі тарихшы Жанах ибн Хақан Қимақи шықты. 10-11 ғ. Қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген Қарахан әулеті мемлекетінде тамаша ақын әрі ойшыл Жүсіп Баласағұни өз шығармаларын жазды, оның 1069 ж. жазылған «Құтадғу білік» кітабы дүние жүзінің көптеген елдеріне тарады және оны ғалымдар бүгінге дейін зейін қоя зерттеуде. Ортағасырлық өркениеттің дамуында Ежелгі Грекия мәдениетінің елеулі ықпалы болғаны сөзсіз. Шығыстың озық ойшылдарының ғылым мен мәдениетке қосқан баға жетпес үлесін сол кездің өзінде-ақ Еуропа ғалымдары да мойындаған болатын.
242-тапсырма. 1. Терминдерді жалғастырып жазыңыз:
-
Заң, сот, құқық, қылмыс т.б.
-
Молекула, Шолпан, Темірқазық.
-
Өз мамандығыңыз байланысты терминдер.
-
Түсініксіз сөздерге сөздік жасаңыз.
-
Мәтіндердің мазмұнын баяндаңыз.