Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

Орта деңгей тапсырмаларының үлгілері:

208-тапсырма. Тақырыптық жағдаяттар бойынша сөйлесейік.

  1. «Туған жердің ауасы да шипа»

  2. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас»

  3. «Егеменді елің болсын, мемлекеттік тілің болсын!» тіркестерінің мәнісін түсіндіріп, әңгімелеңіз.

209-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Кім қайда тағайындалды? Кім қайда жіберілді? Жақшадағы сөздерді тиісті орнына қойып, сөйлемді толықтырыңыз. (Елші, мәмілегер, кеңесші, өкіл, елшілік, өкілдік, мекеме, ұйым).

................ тағайындалды

................ жіберілді

................ тағайындалды

................ жіберілді

210-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Тәуелсіз мемлекет, көпұлтты ел, тұңғыш президент, ұлттық теңге.

Жоғары деңгей тапсырмаларының үлгілері:

211-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқыңыз.

Пай, пай, пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүбірлеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Сарылып сал-сері кеткен жер.

Бас иіп, иіскеп топырағын

Тағзым жасамай өтпеңдер! ( М. Мақатаев )

а.) Өлең жолдарын топ болып талқылаңыздар.

ә.)Асты сызылған сөздердің мағынасын түсіндіріңіз және сұрақ қойыңыз.

б.) Тыңдаңыз, жаттығыңыз, қайталаңыз. Өлеңді жаттап алыңыз.

212-тапсырма. Өлең мазмұнын өзіңіз білетін мәліметтермен толықтырып, хабарлама жасаңыз. «Қазақстанның кешегісі, бүгіні, болашағы» тақырыбына көршіңізбен сұхбаттасыңыз.

213-тапсырма. Мына сөз тіркестерінің контекстегі мағынасына түсініктеме беріп, сөздік дәптерге жазыңыз. Киелі неткен жер, дүбірлеп өткен жер, дүбірлеп төккен тер, бір-бірін өпкен жер, сарылып кеткен жер, иіскеп топырағын.

«Қазақ елі – менің Отаным» тақырыбына бұқаралық ақпараттар мәліметтерін қатыстыра отырып, шығарма жазыңыз.

Отан, туған жер туралы тақпақ, мақал-мәтелдер жаттайық.

Қорытынды бақылау.

Төмендегі лексико-грамматикалық тест тапсырмасын орындаңыз.

1. Тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы.*

A) Синтаксис

B) Морфология

C) Фонетика

D) Лексика

E) Фразеология

2. «Человек без Родины соловей без леса» мақалының қазақшасын нұсқадан көрсет.

A) Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

B) Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

C) Туған жердің жуасы да тәтті.

D) Туған жердің ауасы да шипа.

E) Туған жердің қадірін,

Шетте жүргенде білерсің.

3. Қазақстан қай жылы өз тәуелсіздігін алды?

A) 15 қазан 1991ж.

B) 16 желтоқсан 1991ж.

C) 4 маусым 1992ж.

D) 15 қараша 1993ж.

E) 16 қаңтар 1994ж.

4. Термин сөзді табыңыз.

A) баяу

B) қызыл

C) толықтауыш

D) бағдаршам

E) қылқалам