- •Isbn 9965-14-590-3 м.Ж.Қырықбаева, ж.А.Нұртілеуова
- •Кәсіби бағдарлы деңгей
- •Мамандық тілі деңгейі
- •Лексикалық тақырыптар
- •Тауар, тауар өндіру түрлері. Отандық тауар өндірісі.
- •Қазақ тілі курсының барлық деңгейінен өткен тіл үйренуші төмендегідей біліктілерді игеруі қажет:
- •Кәсіби бағдарлы деңгей.
- •Мамандық тілі деңгейі.
- •Ұсынылатын оқулықтар мен оқу құралдары
- •Сөздіктер
- •Оқу курсының пәндік мазмұны
- •Қазақ тілінің практикалық курсының деңгейлік құрылымы мен мазмұны
- •Пән силлабусы
- •Пәннің тақырыптық мазмұны бойынша сабақ жоспарлары
- •1. Л/т. Сәлемдесу. Танысу.
- •Сәлемдесу
- •Сәлемдесу мәдениеті
- •1.Танысу
- •2. Менің атым – Сәуле
- •4 . Танысайық
- •5. Таныс болайық
- •6. Танысып қойыңыздар
- •Фонетика. Қазақ тілінің төл дыбыстары
- •1. Соөж Мен және басқа адам. Қоғамның басты құндылығы – Адам.
- •2. Соөж Адам өміріне не қажет? Өзіңді өзің таны.
- •Л/т. Отбасы
- •Сұхбат: Адамның үш жұрты және жеті ата
- •3. Соөж Отбасы тәрбиесі. Отбасы дәстүрлері мен мерекелері.
- •Л/т. Отбасы мүшелерінің мамандықтары.
- •Төменде белгілі кәсіп аты берілген. Өз отбасы мүшелеріңіздің кәсібін тауып жазыңыз.
- •4. Соөж Қазақ отбасының салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптары
- •5.Соөж Үйдегі менің бөлмем. Мен тұратын көше тарихы.
- •6. Л/т. Менің досым
- •6.Соөж Досымның келбеті және мінезі
- •7. Л/т. Досынды бағалай білесің бе?
- •7. Соөж Менің досым
- •Жаман жолдас
- •8. Л/т. Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі
- •8. Соөж Асханада
- •9. Л/т Менің сүйікті тағамым
- •Үстеудің мағынасына қарай түрі
- •9.Соөж Базарда
- •10. Л/т. «Заңғар» әмбебап дүкені
- •Әмбебап дүкенінде.
- •10. Соөж Ұлттық киім үлгілері
- •12. Л/т. Тазалық - саулық негізі, денсаулық - байлық негізі. Дене мүшелері
- •Соөж Емдеу және сауықтыру орындары. Бурабайда.
- •13. Л/т. Дәрігер - денсаулық қорғаны
- •Денсаулық зор – байлық
- •Соөж Халықтық медицина салалары. Тән сұлулығы - жан сұлулығы Сұлу болудың да сыры бар
- •14. Л/т. Қоғамдық көліктер. Вокзалда. Әуежайда
- •Ұшақпен саяхат жасау
- •1.Үстеулердің тұлғасына қарай түрлері:
- •2. Үстеулердің құрамына қарай түрлері:
- •3. Үстеулердің мағынасына қарай түрлері:
- •14.Соөж. Қазіргі заман көліктері. Қоғамдық көліктер
- •15. Л/т. Қазақстан темір жолы.
- •Пойызбен саяхат жасау
- •15. Соөж Ең жылдам көліктер
- •16. Л/т.Менің жұмысым. Менің жұмыс күнім.
- •Қарапайым деңгей Менің жұмысым
- •Менің әріптестерім
- •Менің міндеттерім.
- •Жаңа сөздер /Новые выражения
- •Біздің мақсатымыз Күнделікті жұмыс
- •Жаңа сөздер /Новые выражения
- •Жақсы хатшы не істейді?
- •Етістіктің шақтары
- •16. Соөж Менің жұмыс орным
- •17. Л/т. Менің ұжымым.
- •Қазақ тілі орталығында
- •17. Соөж Жұмыссыздық деген не? Еңбекпен қамтамасыз ету мекемелері Жұмыс бар, жалақы аз
- •18. Л/т. Бос уақыт және қызығушылық. Студенттің бір күндік уақыты
- •18. Соөж Сұхбат–мәтін: Бос уақытты қалай өткіземін
- •19. Л/т. Көрме, театр, кинотеатр, мұражай.
- •Кино өнері туралы
- •19. Соөж Өнер ошақтарының тарихы
- •20. Л/т. Адам және табиғат егіз. Табиғи қоршаған орта.
- •Жыл мезгілдері
- •Жұлдызнама
- •20. Соөж Қазақстан экологиясы. Жануарлар әлемі
- •21. Л/т. Адамның табиғаттағы орны
- •21. Соөж Қоршаған ортаны қорғау. Экологияның адамға әсері
- •22. Л/т. Саяхат. Қазақстанның тарихи орындары
- •Орынбор
- •Қызылорда
- •Атырау – мұнайлы өлке
- •Сырға толы Сарайшық
- •22. Соөж Қазақстанның атақты көлдері.
- •Саяхатшылар назары – Астанада
- •23. Л/т Қазақ елі. Қазақ халқының тарихы
- •23. Соөж Қазақ атауының шығу тарихы.
- •Қазақтың алғашқы хандары, билері мен батырлары
- •Туған ұлдан не пайда?
- •24. Л/т. Қазақтың хандары,билері, батырлары. Шешендік өнер. Әдет-ғұрыптары.
- •Әйтеке би
- •Әдет-ғұрыптары
- •Шешендік өнер
- •Үргеніш шешен мен Сырым
- •24. Соөж. Қазақ халқының төл мерекелері. Бабалар сөзін тыңдайық Ораза айт
- •Мынадай ырымдар мен тиымдарды еске сақтап, орындап жүруіміз қажет.
- •25. Л/т. Қазақстанның көрікті жерлері
- •25. СоӨж. Қазақсанның көне тарихи қалалары
- •Қазақсанның көне тарихи қалалары
- •26. Л/т. Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан.
- •26. Соөж Қазақстан – көп ұлтты мемлекет.
- •Қазақстанның ата заңы
- •Ел межесі – елулікке ену
- •27. Л/т. Мемлекеттік рәміздер. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы,
- •Елтаңба
- •27 Соөж қазақстан республикасының мемлекеттік гимні
- •28. Л/т. Қазақтың өнері мен мәдениеті
- •1 . Есім сөзден етістік жасайтын жұрнақтар.
- •2. Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар
- •28. Соөж Халықтық қолөнері. Қолөнер түрлері
- •29. Л/т. Қазақстанның бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің шеберлері
- •Әбілхан Қастеев – қазақ сурет өнерінің атасы
- •Кірме сөздер
- •29 Соөж Қазақ халқының ән-күй, би өнері. Өнерлі ел. Қазақстаннның театр өнері
- •30. Л/т.Қазақ әдебиетінің алыптары.
- •30. Соөж Ұлы адамдар өмірінен.
- •Үш бақытым
- •31. Л/т. Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін фактор. Қоғам және тіл.
- •31. Соөж Тіл - жалпы адамзаттық құндылық. Өнер алды - қызыл тіл. Қазақ тілінің стильдік тармақтары. Тіл – әлем есігін ашатын кілт.
- •Ана тілім – ардағым
- •Тіл туралы
- •Тіл туралы
- •Тіл мәдениеті
- •Қазақ тілінің стильдік тармақтары
- •32. Л/т. Сөз мәдениеті. Тіл тазалығы.
- •32. Соөж Сөз өнерінің сұлулығы - жан сұлулығы.
- •33. Л/т. Менің мамандығым. Университет - білім ордасы.
- •Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті
- •33 Соөж Менің замандастарым. Өз ісінің маманы. Мамандық пен мінез. Мұрат Бидосов - өз ісінің маманы
- •34. Л/т. Мен таңдаған мамандық. Мамандық тарихы. К і м б о л а м ?
- •Мұғалім деген кім?
- •Білімді бала білімді ұстаздан, мінезді бала мінезді ұстаздан. Мамандықтар
- •2. Жұрнақ (суффикс) – Түбірден кейін тұрып, жаңа сөз тудыратын қосымшаны жұрнақ дейміз.
- •34. Соөж Мен таңдаған - мамандық.
- •Л/т. Қоғам және жастар. Жастардың қоғамдағы орны
- •35. Соөж Ел болашағы – жастардың қолында
- •Л/т. Жастар және «Болашақ» бағдарламасы
- •Сөз тіркесі
- •36. Соөж Қазіргі заман жастарының келбеті.
- •Л/т. Адамдармен қарым-қатынас. Әдептілік - мәдениет шыңы.
- •Байлық – қанағат пен еңбекте. Ыбырай Алтынсарин
- •37. Соөж Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөз әдебі. Әңгімелесе аласыз ба?
- •Г/т. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
- •Мұқағали Мақатаев
- •Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
- •38. Соөж Ұлттық тәлім-тәрбие. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Отбасы тәрбиесі
- •39 Л/т. Қазақстан - әлемдік кеңістікте. Тәуелсіз Қазақстан.
- •Орта деңгей тапсырмаларының үлгілері:
- •Жоғары деңгей тапсырмаларының үлгілері:
- •Қорытынды бақылау.
- •Қазақстан әлемдік кеңістікте
- •Қазақ тіліндегі сөйлем мүшелерінің орын тәртібі
- •39. Соөж Егеменді және тәуелсіз Қазақстан Үшінші мыңжылдықтың басында. Алтайдан Атырауға дейін. Қазақстан Азия барысы.
- •40. Л/т. Қазақстанның білім беру жүйесі. Білім саласындағы жаңа бағыттар
- •40. Соөж Білім беру жүйесіндегі реформалар
- •Шетелдерде оқу
- •41. Л/т. Білім берудің кредиттік технологиясы
- •41. Соөж Білім де бәсекеге түседі. Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі.
- •Электрондық басылымдар залы
- •42. Л/т. Қазақстан мемлекетінің құқықтық негіздері.
- •Хабарлы сөйлем
- •42.Соөж Адам және азамат құқығы. Еңбек ету, білім алу бостандығы құқығы.
- •43. Л/т. Жеке тұлға, заңды тұлға құқығы
- •43. Соөж Адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларациялар
- •Адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларациялар
- •44. Л/т. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық
- •Негізгі деңгей бойынша тапсырмалар үлгісі:
- •Орта деңгей бойынша тапсырмалар үлгісі:
- •Жоғары деңгей бойынша тапсырмалар үлгілері:
- •44. Соөж Дүниежүзілік және халықаралық экономикалық қатынастар
- •45. Л/т. Тарихқа саяхат
- •Сөздердің байланысу тәсілдері
- •Сөздердің байланысу тәсілдері
- •45. Соөж Қазақстанның: кешегісі, бүгіні, ертеңі
- •46 . Л/т. Ғылым мен техника
- •Жай сөйлем
- •46. Соөж Ғылым мен техниканың дамуы тарихы. Ғылымның қиын жолы
- •47. Л/т. Ғылымдағы жетістіктер
- •Тұрақты сөз тіркесі
- •47. Соөж Ұлы ғалымдар және олар ашқан жаңалықтар. Ғалым-маман.
- •48. Л/т. Мамандық әлемі
- •Қазақтың тұңғыш өкілетті және төтенше елшісі
- •Негізгі деңгей бойынша тапсырмалар үлгісі
- •Орта деңгей бойынша тапсырмалар үлгісі:
- •Жоғары деңгей бойынша тапсырмалар үлгісі:
- •48. Соөж Мамандық түрлері
- •Мамандық
- •49. Л/т. Қазақ музыкасы - өмір айнасы
- •49. Соөж Қазақ өнері мен мәдениеті
- •50.Соөж Мәдениетті жастар қандай болуы керек?
- •Мәдениет туралы
- •51. Л/т. Дизайн тарихы
- •51. Соөж Бейнелеу және қолданбалы сән өнері
- •52. Л/т. Туризмнің даму тарихы
- •52. Соөж Қазақстандағы туризмнің дамуы
- •Қазақстандағы туризм - табыс көзі бола ала ма?
- •53. Л/т. Қазақстан экономикасы
- •Сөйлем мүшелері
- •53. Соөж Базаршы жігіт пен ақылды қыз
- •54. Л/т. Банк тарихы
- •Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
- •54. Соөж Жақсы өмір сүргіңіз келсе...
- •4. Сөздікпен жұмыс жасаңыз.
- •55. Л/т. Экономика тарихы
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •56. Л/т. Әлем тілдері мамандығы
- •Ағылшынша және қазақша сөйлесейік
- •57. Л/т. Қазақстан бейнелеу өнері
- •57. Соөж Айша Ғалымбаева
- •58. Л/т. Спорт туралы. Азия ойындары
- •Азия ойындарының туындауы
- •Федерацияның түрленуі
- •Қысқы Азия ойындары
- •Қысқы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары жеңіп алған медальдар саны
- •58. Соөж Күш атасы – Қажымұқан
- •59. Л/т. Кино өнері туралы
- •59. Соөж Асанәлі Әшімов
- •60. Л/т. Қасиетті іс
- •Құрмалас сөйлем
- •60. Соөж Семей полигоны
- •61. Л/т. Рекреациялық ресурстар
- •61.Соөж Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар
- •Ботаникалық бақша
- •62. Л/т. Қазақ тіл ғылымының теориясын қалыптастырған алғашқы тілші ғалым Сәрсен Аманжолов
- •62.Соөж Менің сүйікті жазушыларым
- •Toefl жүйесі бойынша тест тапсырмалары
- •050202 – Дипломатия
- •45 (Тестке берілетін уақыт)
- •Дипломатиялық қатынастар.
- •Лексика-грамматикалық тест
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •Мәліметтер:
- •Қазақ тілінің практикалық курсы пәні бойынша
37. Соөж Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөз әдебі. Әңгімелесе аласыз ба?
(Кәсіби жағдаяттарға қарай)
Дұрыс сөз дегеніміз әдеби тіл нормасы сақталған сөз. Тілдің нормасы – бұл коғамдық сөйлеу тілі тәжірибесінде қабылданған жалпы тілдік сөйлеу, грамматика, сөз қолдану ережесі. Ойын жеткізуде дәл әдіс таба білу ғана емес, сондай-ақ орынды сөйлеу» -деп тұжырымдайды. Тіл мәдениеті ұғымына Қазақ Совет энциклопедиясында мынадай анықтама берілген: «Тіл мәдениеті - кісінің бойындағы мәдени қасиеттердің бірі, қоғамдық мәдениеттің бір компоненті. Тіл мәдениеті ауызекі тілдің орфоэпиялық нормасын, сөз қолдану, сөздерді тіркестіру заңдылықтарын, сөйлем құрау ерекшеліктерін дұрыс пайдалану және жазба тілде емлеге, тыныс белгілерін қолдануға байланысты ерекшеліктерді толық сақтап, сауатты жазу мәселелерін де қарастырады».
201-тапсырма. Өз мамандығыңызға байланысты жағдаяттар құрастырып, әңгімелесу үлгісін құрыңыз.
38. Л/т. «Сіз» және «сен»
Г/т. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Жақсыдан жаман туады,
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады,
Адам айтса нанғысыз.
Отбасы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ат немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.
Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. «Бала-адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қай ата-ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қай халық болса да, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ал тәрбиенің көзі ата-бабамыздан қалған ақылда, дана сөздерде.
Тәрбиеге күш-жігер салып көп,
Сыйластықты ата дәстүр қалып деп,
Сол ата-ана ұялатар санаға,
Қастерлеуді ұлттық салтты дәріптеп.
202-тапсырма. Берілген мәтінді пайдалана отырып «Сіз»және «Сен», сыйластық, ата-ананы, сыйлау, өзіңді сылау мазмұнында шығарма жазыңыз.
Мұқағали Мақатаев
Дос болам десең, Досымды сыйла, қымбаттым! Досыңа сонда, Досыммен ғана қымбатпын Дос болам десең, Мендегі доспен достасқын, Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын Достарың көп пе? Апырау неткен жақсы едің? Досым аз менің… Досым-ау менің, тапшы емін? Достарыңменен достастыр мені, асылым Достастыр мені? Болайын құлың нақ сенің! Достыққа жүрмін, Достыққа жүрмін құмартып! Өлгелі жүрмін, Өзіме-өзім мін артып… Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан, Достардың барып, ауласында өлген мың артық.
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Сөйлем мүшелері Члены предложения |
Сұрақтары Вопросы |
Жасалуы Образуется |
Айтылады Выражается |
Толықтауыш (Дополнение) |
Атау мен іліктен басқа бес септіктің сұрақтарына жауап береді. Отвечает на вопросы пяти падежей кроме им. и род. |
Тура толықтауыш табыс септіктен жасалады. Жанама толықтауыш табыс септігінен басқа жанама септіктерден жасалады. Прямое дополнение выражается винительным падежом. Косвенное дополнение выражается косвенными падежами кроме винительного падежа |
Дәуренді кеше театрдан көрдім. Сен айтқан кітапты оқыдым. Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол. Туған елдің тау, қырын аралаймыз, шарлаймыз
|
Анықтауыш Определение |
Қандай? (Какой?) Неше? Қанша? (Сколько?) Нешінші? Қаншасыншы? (Который?) Кімнің?(Чей? Кого?) Ненің? (Чего?) |
Сын есімнен, сан есімнен, есімдіктен, зат есімнен, есімшеден жасалады Прилагательными, числительными, местоимениями, существительными, причастями |
Мен жетінші қабатта тұрамын. Дұшпанға тастай қатты бол, Досыңа балдай тәтті бол. Олар жаңа үйге кірді |
Пысықтауыш Обстоятельство |
Қайда? (Где?) Қашан? (Когда?) Қалай? (Как?) Қанша? (сколько?) Не мақсатпен? (С какой целю?) |
Көбінесе үстеуден жасалады. Чаще всего выражается наречиями |
Халқымыз наурыз мейрамын қуанышпен қарсы алды. Бала ұзақ уақыт ұйықтай алмады. Аздан соң екеуі де сыртқа шықты. |
155-жаттығу. Сөйлем мүшелеріне талдаңыздар.
Ерлік – табиғат сыйы емес, ұзаққа созылған тәрбиенің жемісі. Халықта: туа батыр болмайсың, жүре батыр боласың деген нақыл бар. Ерлік деген әр түрлі болады. Ерлік дегеніміз үлкен мақсаттар жолында жасалған ерекше қадам, ол осындай қоғамдық маңызды қадам болғандықтан, мұндай қадам қоғам тарапынан өзіне құрмет те табады. (Б.Момышұлы.)
156-жаттығу. Өлеңнің тақырыбын анықтап, сөйлем мүшелеріне талдаңыз. Өлеңді жаттап алыңыз.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал
Жалбаңдасар өзінің құрбысымен.
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
Түйе боздап, қой қоздап – қорада шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады су.
157-жаттығу. Баяндауыштары зат есімнен жасалған сөйлемдер құрыңыздар.
Үлгі: Заман жастардікі (кімдікі?) –нікі қосымшасы жалғанып, баяндауыш болып тұр.
158-жаттығу. «Досыңды сыйлай біл» деген тақырыпқа қысқа әңгіме құрыңыздар.
159-жаттығу. Абайдың өлең шумақтарынан тура және жанама толықтауыштарды ажыратыңыздар.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегіңде болсын көз.
Жақсыға айтсаң, жаны еріп,
Ұғар көңіл шын беріп,
Дертті ішіне ем көріп
Неге алтынды десін жез.
160-жаттығу. «Менің өмірдегі мақсатым» деген тақырыпқа қысқа шығарма жазыңыздар. Ιшінде мақсат пысықтауыш болсын.
161-жаттығу. Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелеріне синтаксистік талдау жасаңыз.
Жабайы торы атын бір күн тынықтырып, Ержан бүгін тағы да аңға шығып кетіп еді. Талма түс кезінде тобылғы түбінен қоян ыршып шықты. Секіріп, атқылап, қалай қарай қашарын біле алмай, азғана бөгеліп те қалды. Әйелінің – бүгін бір-екі қоян әкелмесең, кешке қазанның астына от жағылмайтын шығар дегені де есіне түсті. Дағдылы қолмен томағасын сыпырып алды да, Ержан бүркітін қоянға қарай сермеп қалды. Қыран қоянға қараған жоқ. Қанаттарын кере серпіп жоғарылай берді, жоғарылай берді.
162-жаттығу. Қазақтың өзіңізге белгілі көрнекті ақын, жазушысы не өнер, ғылым қайраткері туралы қысқа баяндама жазыңыз. Сөйлем мүшелеріне талдау жасаңыз.
163-жаттығу. Сөйлем ішінен бастауышты тауып, оны қай сөз табынан болғанын айтыңыздар.
1.Қабілеттілік – табиғаттың әрбір адамға сыйлайтын ғажап сыйы. 2.Талант дегеніміз не? 3.Ол – бір нәрсеге, мысалы, музыкаға, әдебиетке, сурет өнеріне деген зор қабілет. 4.Әрбір адамның өзіне тән қабілеті болады. 5.Ол еңбек пен әрекет үстінде дамиды. 6.Т.Бигелдинов Ақмола қаласы іргесіндегі Майбалық ауылында 1922 жылы туылған. 7.Сабырлылық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады. 8.Сөздері білімдардың қартаймайды, ағысты мөлдір бұлақ ортаймайды.
164-жаттығу. Мына сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықшаның қойылу себептерін түсіндіріңіз.
Азапты көріп жылаған - осалдық, азапты көріп шыдаған - мықтылық. Студенттердің басты мақсаты - оқу. Ел намысы - ер намысы. Абай – ақын, әнші композитор. Көп оқу - білім алудың негізгі шарты. Ән – халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы. Жақсы - ісімен жақсы. Бұл – Ақбаяннан күтпеген сөзім.
165-жаттығу. Мәтіннен баяндауыштарды тауып, олардың қай сөз таптарынан болғанын, қандай сұраққа жауап беретінін айтыңыздар.
Бүгін сен бізге таң қалмайсың. Біз бейбітшілік уақытта керемет істес болдық, бізге бүкіл дүние таң қалды. Әбіш биыл жазғы демалысқа елге қайтқан. Көкбайда Абылай жайын сыр етемін деген ой көптен бар-ды. Оның жүзінде қазір анық көтеріңкі шабыт бар.
166-жаттығу. Мына сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықшаның қойылу себептерін түсіндіріңіз.
Машинада отырғандардың бірі - орта бойлы, толықша келген адам. Білетінің - бір тоғыз, білмейтінің - тоқсан тоғыз. Бес жерде бес-жиырма бес. Алдыңа келген адамдарға қолыңнан келген жақсылығыңды жасау - дәрігерлік міндетің. Бәрінен ақылдысы - үлкеннің сөзін тыңдаған.
167-жаттығу. Мәтіннен баяндауыштарды тауып, олардың қай сөз таптарынан болғанын, қандай сұраққа жауап беретінін айтыңыздар.
Ажар ағасы екеуі жидек теруге барды. Бізден кейін де келетіндер бар. Бұтаны таптама, -дейді ағасы. Ажар бұрын мұны неге ойламаған. Енді, әр бұтақты абайлап көтереді. Нарттай боп қызарған жидектер көп-ақ екен. Балалар оны теруге ерініп, сабағы мен қоса жұлып алатын. Бұл обал дегенді білмей келіпті ғой. Оларға да айтып қойған артық болмас, - деп ойлайды ол.
168-жаттығу. Тұрлаулы мүшелерді тауып, астын сызыңыз, тиісті жеріне тыныс белгісін қойыңыз.
Көзге түсетін жан иесі жоқ. Ана әйелдің біреуі келіні, біреуі сол келіннен туған немере қызы. Төр дегені екі-үш кез ғана жерде жайылған ескі құрым киіз. Жартыны жарып жеген- татулықтың белгісі. Ілім бұлақ, білім шырақ. Ата- асқар тау, ана -бауырындағы бұлақ, бала -жағасындағы құрақ. Өлең- сөз қолдаудың ең асыл әдісі. Оның бағасын кетіріп жоқтан өзгеге жұмсау- күнә да, ұят та. Ол араның қысы- қыс, жазы- жаз. Қайғы- қайғы да, өмір- өмір ғой.
169-жаттығу. Сөйлем ішінен бастауышты тауып, оны қай сөз табынан болғанын айтыңыздар.
Мақта - аса бағалы өсімдік. Одан тамаша талшық алынады. Мақта ежелгі заманнан-ақ мәдени өсімдік болып есептелінген. Оны ең әуелі Үндістанда, Қытай мен Египетте өсіре бастады. Үнділер басқалардан бұрын матадан жеңіл де жұқа маталар тоқуды үйренді. Ол жылылықты, құнарлы топырақты және ылғалды қатты ұнататын өсімдік. Гүлдері ірі, ұрығы қауашақты. Пісіп жетілген кезде, қауашағы ашылып, үлпілдек ақ мақта көрінеді. Мақта әрі мәдени, әрі өте маңызды техникалық дақыл болып саналады.
170-жаттығу. Мына сөйлемдердегі дара баяндауыштар мен күрделі баяндауыштардың айырмашылықтарын түсіндіріңіздер, баяндауыштардың қалай жасалғанын айтыңыздар.
Бүгін сен жаралысың, туған жер бірақ жауға бас имейсің. Біз дүние жүзінің жастарының алдыңғы қатарында болдық. Өмірдің биік шыңына қол созамыз. Мен қазақ өнерімен бірінші рет танысып отырмын. Ай сәулесі терезеден дірілдей түсіп тұр. Жазғы жылы желдің әлсіз ғана ызыңы естіледі. Әнуар бірде осы үнге құлақ түреді. Бірақ бұған да аялдамай, көңілі бөтен жаққа тарта береді. Тағы да Балқияның сөзі есіне түсті.