Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

4. Сөздікпен жұмыс жасаңыз.

Өмір, ақша,есепшот,дос,сыйлық,қамқорлық,құндылық.сүйіспеншілік,күш- куат,ықыласын сезіну, қабілеттілік, билік, ықпал, адалдық , жақсы өмір, сенім.

Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

Мәдениет,достық,сыйластық,сенімділік,құрбы-құрдастар,отбасы,әке, махаббат,сүйіспеншілік.

55. Л/т. Экономика тарихы

Г/т. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал шаруашылығына негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. 90-жылдардың басында экономиканың тежелуi экономикалық дағдарыстың ушығуы, соның салдарынан тұрмыс деңгейiнiң төмендеп кетуi одақтас республикаларды тәуелсiздiк жолындағы белсендi қимылға бастады. Саяси саланы демократияландыру күшейген сайын экономикалық жағдай күрделiлене түстi. Қоғамды демократияландыру социалистік теңгермешiлiкпен жарасым таба алмады. Экономиканы түбiрiмен реформалау — мемлекеттік меншiкке негiзделген социалистік жоспарлы экономикадан нарықтық көп меншiктi экономикаға көшу қажеттiгi туды. Мұның өзi бiр сәттiк iс емес және қиындықсыз болмайтын үдерiс едi. Одақтас республикалардың егемендiгiн кеңейтуге байланысты бiрнеше экономикалық маңызды заңдар қабылданды. “Қазақ КСР-iндегi меншiк туралы” Заң социалистік экономикадан нарықтық экономикаға көшудiң негiзiн салды. Осы заңға сәйкес өндiрiс құрал-жабдықтарын меншiктенудiң мемлекеттік меншiктен басқа түрлерiнiң де болуына рұқсат етiлдi. Сөйтiп, әлемдiк экономикалық кеңiстiктiң 1/3-iне жарты ғасырдан артық уақыт бойы үстемдiк еткен социалистік өндiрiс тәсiлi бiржола күйредi.

Қазақстан экономикасында, басқа одақтас республикалардағы сияқты, нарықтық қатынастар орнай бастады, әр түрлi кооперативтер, жеке меншiк фирмалар мен шағын кәсiпорындар пайда болды. 80-жылдардың аяғына қарай орталықтың республиканы бақылауының әлсiреуi салдарынан, шет елдермен тiкелей экономика және сауда байланыстарын орнатуға мүмкiндiк туды. Қазақстан бұрын да өз өнiмдерiн шетке шығарып отырған, оның 97%-ы шикiзаттар, материалдар мен жартылай шикiзаттар болатын.

Қазақстан экономикасынан капиталистік қоғам туады деген қағида шындыққа жатпайды. Себебі, республика халық шаруашылыгы, оның өндіргіш күштері, ғылыми-техникалық мүмкіндіктері, халықтың тәжірибесі, ой-пікірі капиталистік жолға түсуге жол ашпайды. Демек, біздің экономикамыз әлеуметтік бағыт алған аралас рыноктық экономика болуға тиіс. Мұңдай қоғамды не капиталистік, не социалистік қоғам деп атауға болмайды.

Капитализм дегеніміз тарихи-табиғи калыптасқан, рыноктық тауар-ақша қатынасына жан-жақты дамыған қоғамдық құрылыс.    Еркін   бәсеке    зандылықтарын   зерттеген   аса көрнекті экономистер Адам Смит, Давид Рикардо, Джон Стюарт   Милль,   Карл   Маркс   болса,   бұл   қоғамның   XX ғасырдағы ерекшеліктерін талдауда В. И. Лениннің, Джон Мейнард Кейнстің, тағы басқа зерттеушілердің енбектері ерекше рөл атқарды.

277-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып баяндаңыздар.