Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
колик куралдарын багалау.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
08.05.2017
Размер:
840.19 Кб
Скачать

2.9. Машина жағдайын сараптамалау әдісі

Берілген әдіс машиналар мен жабдықтардың техникалық жағдайын бағалау үшін сараптамашыларды қатыстыру арқылы объектілердің физикалық тозу дәрежесін анықтау болып табылады. Бағалаушы жабдықтың техникалық жағадайын тексеру тәжірибесін пайдалана алады. Әдетте мұндай инспекциялық тексеруден өткізуді жабдыққа қандай жөндеу жұмысы қажет екендігін анықтау үшін өткізеді. Тәжірибелі мамандар жабдықтың тозу дәрежесін де бағалай алады, егер де олардың алдына сондай мақсат қойса. Бірақ та мұндай бағалаудың субъективті сипаттамасы нәтиженің құндылығын төмендетеді.

Сарапшылар бірыңғай тозудың бағалау өлшемдерін қолдану үшін арнайы бағалау шкаласын пайдаланады (1.4 - кесте).

Шындық дәрежесін жоғары растау үшін бірнеше сараптамашылар қатыса алады. Тозу коэффициентінің нәтижелі мәнін формула бойынша анықтайды:

, (2.25)

Мұнда, сарапшысының бағалаған тозуы;

сарапшысының салмақты пікірі;

сарапшының саны.

Сарапшылардың салмақты пікірін мына шарттан анықтайды:

(2.26)

Сарапшылық бағалаудың объективтілігін көтеруге болады. Егер де машиналар мен жабдықтардың техникалық жағдайын анықтағанда қазіргі заманға лайық әдістер мен арнайы техникалық диагностика аспабын пайдаланса.

Кесте 2.3

Тозу коэффициентін анықтау үшін пайдаланатын сараптамалық бағалау шкаласы

Жабдықтың жағдайы

Физикалық жағдайының сипаттамасы

Тозу коэф- фициенті, %

Жаңа

Жаңа орнатылған, пайдаланылмаған

өте жақсы жағдайдағы жабдық

0 – 5

Өте жақсы

Іс-жүзінде жаңа, аз уақыт жұмыс істе – ген, жөндеуді немесе бөлшектерін ауыстыруды қажет етпейтін жабдық

6 - 15

Жақсы

Жұмыс істеген,бірақ толық жөнделген,

өте жақсы жағдайдағы жабдық

16 - 35

Қанағаттанарлық

Жұмыс істеген, кейбір жөндеуді неме - се ұсақ бөлшектерін ауыстыруды қа - жет ететін жабдық

36 - 60

Шартты жарамды

Жұмыс істеген және істей алатын, бірақ белгілі бір жөндеуді қажет ететін немесе негізгі бөлшектерін ауыстыра - тын жағдай

61 - 80

Қанағаттандырылмаған

Жұмыс істеген, күрделі жөндеуді және

негізгі агрегаттарын ауыстыруды қажет ететін жабдық

81 - 90

Қолдануға жарамсыз

Сатылмайтын және жөндеуге келмей – тін жабдық

91 - 100

Мысал 2.13. Пилорама 5 жыл бойы пайдаланылды. Екі сараптамашының пікірінше - пилораманың жағдайы жақсы.Үшінші сараптамашының пікірінше–қанағаттанарлық. Пилораманың физикалық тозу коэффициентін анықтау қажет, егер де сараптамашылардың пікірі бірдей болса.

Шешімі: 1. 2.3 - кестеге сәйкес жақсы объектінің жағдайы 16 .... 35 % тозу коэффициентіне сәйкес келеді. Тозу коэффициентінің орташа мәні пайыз көрсеткіші бойынша мынаған тең:

.

2. 2.3 - кестеге сәйкес қанағаттанарлық жағдайда тозу коэффициенті 36 – 60 % мәнінде болады. Тозу коэффициентінің орташа мәні пайыз көрсеткіші бойынша мынаған тең:

.

3. Сарапшылардың пікірі бірдей болғандықтан, (2.26) – формуланың шартын есептейміз:

.

4. Тозу коэффициентін (2.25) - формула бойынша анықтаймыз: