СӨЖ №1
Эссе
Қазақстанның дін аумағындағы саясаты
Қазақстан Республикасы негізінен, зайырлы мемлекет болып саналады, яғни дін мемлекеттік билікке араласпайды деген сөз.
Қазақстан тарихи тұрғыдан Шығыс пен Батыстың түрлі дін, мәдениет және өркениеттер кездесуі мен келіссөзінің қиылысқан жері болды. Қазақстан Республикасында 40-тан астам конфессия мен деноминация және 130 астам ұлт тұрады. Барлық азаматтарға олардың діни көзқарастарына қарамастан еркін діни бостандық берілді. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан барлық мұсылман, православиеліктер, католиктер, протестанттар, иудейлердің дін уағыздау еркіндігін қамтамасыз етті. Діни институттардың елеулі сандық және сапалық дамуы басталды. Бүгінгі күні діни қоғамдастықтар саны 4173, ал 1990 жылы олардың саны небәрі 670 болатын. Қазіргі уақытта Республикада 384 миссионер жұмыс істейді, олардың 20-нан астамы шет елдерден, ал 1990 жылы олардың саны 12 адам болатын. Құрбан айт пен Рождество Христово сияқты діни мейрамдар Қазақстанда демалыс күндері деп жарияланған.
Елімізде негізінен басты екі дін бар десек болады. Олар – ислам және христиан. Ислам дінін ұстанушылар халық санының шамамен 67-70 пайызын құрайтын 24 этникалық топ. Республика халқының 58 пайызы қазақтар және оларға қоса ойғыр, татар, өзбек, түрік, курд, дүнген, шешен, әзірбайжан, башқұрт, ингуш, балкар қатарлы бауырлас халықтар түгелдей ислам дінін және оның ішіндегі сүнни (суннит) жолын ұстанады. Тек, әзірбайжан және курд халықтарының бір бөлігі мен шағын ирандық топ ғана шиға (шиит) жолын ұстанады.
Қазақстандағы екінші орынды дін христиан. Біздегі христиан алуан түрлі конфессиялар мен секталардан құралған және бір діни орталыққа бағынбайтын бытыраңқы көрініс береді. Христиандардың басым көпшілігі славяндық православие бағытында. 1956 жылы республика көлемінде 55 православие жамағаты болса, бүгінгі күні 240 діни бірлестік 8 монастыр жұмыс істейді.
CӨЖ №2
Эссе
Дін
Дін – адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы. Адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс. Діннің басты белгісі — адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау.
Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында білімдер жинақтайды, арасында ол заттар мен құбылыстар неге олай , дүние неге бұлай құрылған , адамның тууы мен өлімнің , бақыты мен қайғы – қасіретінің себебі неде деген сияқты өзі-өзіне мың-сан сұрақтар қоя бастайды. Сөйтіп, әрбір адамның санасында біртіндеп сол сұрақтар жайында түрліше ой – пікірлер, көзқарастар қалыптаса бастайды. Адамның дүниетанымы дамып, тереңдеген сайын ақиқат айыруға болады. Ар, намыс, борыш, жауапкершілік, әділеттілік пен әділетсіздік, зұлымдық пен қайырымдылық дегеніміз не деген сияқты әлеуметтік сұрақтар да қалыптаса бастайды. Бұл сияқты сұрақтарға жауап беру үшін олар жайында дұрыс ұғым, дүниенің өзгерісі мен дамуы туралы кең көлемді көзқарас, ой – пікір болуы керек.
Дүниеге деген көзқарас адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бөлігі. Білім мен сенімнің, ой мен сезімнің, көңіл – күй мен мақсат – мүдденің, үміт пен ниеттің бірігуі болып табылады. Дүниеге көзқарас адамдардың дүние және өзі туралы біртұтас ұғымдарының жиынтығы деуге болады. Дүниеге көзқарас дегеніміз шындық дүние және адам туралы, адамның мінез – құлқы мен іс – әрекеттері туралы ең жалпы ұғымдарды айқындап беретін пікірлер мен тұжырымдардың жиынтығы болып саналады.
СӨЖ №3