Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7-Cөж Дінтанудан.docx
Скачиваний:
87
Добавлен:
08.05.2017
Размер:
29.21 Кб
Скачать

Буддизм діні

1.

Трипитака (үш себет) – палийлық канон , буддизм қасиетті мәтіндерінің толық жинағы. Ол үш бөліктен тұрады:

  1. Виная - питака (монахтарға арналған тәртіп жүйесі);

  2. Сутта питака (Будданың сүйікті шәкірті Ананда жазған уағыз)

  3. Абхидхамма-питака (Сутта питаканың жүйелік мазмұны).

Типитаканы (санскритте – Трипитака) құрайтын буддизмнің қасиетті жазбаларының мәтіні бекітілді және елдің әр бұрышына уағызшылар жіберу туралы шешім қабылданды.

  1. Кесте

махаяна

хинаяна

тантризм

(Ұлы күйме, Ұлы жол) — хинаянаның өте ертедегі буддизмінен біздің дәуіріміздің I—II ғасырларында бөлінген бағыт. Оның негізінде басты міндеті тіршілік иелерін жаппай қайғы қасіреттен құтқару болып саналатын көмекші-бодхиссаттвалар рөлі туралы мағлуматтар жатады. Махаянистік буддизмнің Орталық және , Шығыс Азияға тарауы, онда әр түрлі діндер мен сенімдердің тоқайласуы немесе өзара жарыса өмір сүруі нәтижесінде Будда ілімінің алғашқы мистикалық жағына, буддизмде әуелгі кезінде болмаған құдайлар мен тәңіриялардың пайда болуына айрықша бой ұру орын алды.

(Кіші күйме, Кіші жол)— буддалық қауымдар (сангхалар) біздің дәуіріміздің I—II ғасырларында бөлінгеннен кейін тараған ертедегі буддизмнің бұл ілімді махаянадан («үлкен шеңбер») айыру үшін алған атауы.

[санкср. тантра - орағыта айту, айла-әдіс; киелі мәтін; сиқыр] - өздерінің киелі мәтіндері ретінде тантраны танитыниндуизмнің секталары мен мектептерінің жалпы атауы. Тантризмге төмендегідей қасиеттер тән: секта құрамында төмен және ең төмен касталардың басым болуы; сектада арийлік емес тайпалардың өкілдерінің кездесуі; секталардың және олардың ғұрыптарының құпиялылығы; әдет- ғұрыптардың йогалық тәжірибемен байланыстылығы; брахмандық рәсімдермен және мораль ережелерімен шектелмеу.

Чань – буддизм

Дзен – буддизм

ламаизм

Қытайдағы философия мен діннің үшінші тармағы болған қытайлық буддизмді (чань-буддизм) құрады. Елдің әлеуметтік-мемлекеттіл құрылымының түбірлі өзгеруі нәтижесінде мемлекет басқаруға философтарды қатыстыру мен философтар академия құрудың өзі ертедегі Қытайда философияның мемлекеттік сипатта болғанын көрсетеді.

Діни философиялық ілім. 

Буддизм таралғаннан кейін Жапонияда осы атаумен белгілі.

Ваджраяндық буддизмнің бойына 

буддалық емес көптеген элементтерді жинастырған, Тибетте қалыптасып, одан Орталық және, Шығыс Азияның бір бөлегіне тараған түрі. Өнер тарихы үшін ламаистік иконографияның маңызы зор.

СӨЖ №7

Христиан діні

  1. Кестені толтыру

Православие

Католицизм

Протестантизм

(бұл - Құдайды дұрыс мадақтау дегенді білдіреді) - шіркеулердің бөлінуі нәтижесінде ХІ ғасырда бөлініп шығып ұйымдастырылып құрылған христиандықтың бір бағыты болып табылады. Православиенің сенім негізін Қасиетті жазу мен Қасиетті хикая құрайды. Православиенің негізгі қағидаттары сенім белгісінің 12 тармағында берілген. Православие сенімінің маңызды белгілері құдай бірлігінің догмасы (Құдай Әке, Құдай Бала және Құдай Қасиетті Рух) болып табылады. Иисус Христтің құдай кейпіне өтуі, күнәсін жууы, қайта түлеуі және жоғары көтерілуі болып табылады.

 (гр. тілінен аударғанда жалпыға ортақ, ғаламдық), католик шіркеуі, католиктер – христиан дініндегі үш тармақтың (православие және протестанттықпен қатар) бірі. Католиктердің діни сенімі православиелік діни сеніммен көп жағынан үндес келгенімен, айтарлықтай айырмашылығы да бар. Католиктік шіркеу басшысы Рим папасы болып табылады.

 (лат. protestatio, onis f [protestor] — қарсылық, келіспеушілік) — римдік католицизм және Шығыс Ортодоксалдық шіркеу‎мен бірге христиан әлемінің басты бөлімшелерінің бірі болып табылады. Протестанттық Реформация (Еуропадағы XVI ғасырдағы Рим-католик шіркеуінің қарсы қозғалысы) кезінде пайда болған христиан сенімі мен практикасының нысаны болып табылады.